Шерубай Құрманбайұлы мемлекеттік тілдегі терминология



бет25/34
Дата20.08.2023
өлшемі280,11 Kb.
#105419
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34
Байланысты:
терминология книга

Терминнің заманауилығы (современность термина) – көнер- ген терминдерді қолданыстан шығарып, олардың қазіргі заманғы
терминдерімен алмастыру арқылы жүзеге асырылатын терминге қойылатын талаптардың бірі. Бірақ терминтанушылардың бар- лығы бірдей бұл талапты міндетті түрде орындалуға тиісті басты талаптар қатарына қоса бермейді.
Терминнің халықаралықтығы (интернациональность тер- мина) – бірнеше ұлттық тілдердегі (кемінде үш тілде) тұлғалануы жақын немесе бірдей және мазмұндары сәйкес келетін термин- дердің болуы. Терминге қойылатын бұл талапты ұсынушылар оның себебін ғылыми зерттеушілердің оның халықаралықтан- дыру үрдісінің жанданып, мамандардың халықаралық байланы- сын жасауға деген сұранысының артуына орай туындап отыр деп түсіндіреді. Екінші қырынан қарағанда, терминологияны халықа- ралықтандыруға қарсы – деинтернационализация, яғни терми- нологиялық лексиканың ұлттық сипатын арттыру үрдісі де бар. Әлемнің бірқатар елдері осы бағытты ұстанады. Терминдерді өз тілінде жасауға басымдық береді. Сондықтан да бұл талапты да терминге қойылатын негізгі талаптар қатарына қосудың негізі берік емес.
Терминологиялық жұмыстардың негізгі, түпкі мақсаты – жүйеге түскен, жетілдірілген терминжүйе қалыптастыру екендігі белгілі. Сол терминжүйе белгілі бір арнаулы саланың ұғымдық жүйесін тілдік тұрғыдан да реттеп, жүйеге түсіріп тұрған термин- дер (сөздер) жиынтығы.
Терминжүйе құрастырылып, қалыптанғаннан кейін, ондай са- ланың терминологиясы сөздік түрінде рәсімделіп, мамандарға ұсынылады. Бұл орайда қазіргі терминография мүмкіндіктері мол. Сала терминжүйесін түрлі типтегі сөздіктер түрінде қол- данысқа ұсынуға болады. Мәселен, қалыптанған терминдер сөздігі, сөздік-стандарт, қолданысқа ұсынылған терминдер сөздіктері ең жиі жасалатын сөздік түрлері болып саналады.
Сондай-ақ салалық ұғымдар жүйесінің ішкі байланысы мен олардың өзара қатынасын әрі тілдік жүйелілікті де қоса көрсету мақсатында біріздендірілген терминжүйедегі терминдердің түр- лік-тектік жіктелісін мейлінше дәлірек бейнелейтін терминология-
лық сөздікті ұялық әдіспен де жасауға болады. Егер ұғымдар жүйе- сі бізге жақсырақ таныс тіл білімі терминологиясын мысалға алар болсақ, оны мына төмендегідей үлгілер арқылы көрсетуге болады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет