Шерубай Құрманбайұлы мемлекеттік тілдегі терминология



бет28/34
Дата20.08.2023
өлшемі280,11 Kb.
#105419
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34
Байланысты:
терминология книга

«микрорельеф»; улэмж урцэг «макроспоры», улэмж бутэц «ма- кроструктура»; нисэх зам «авиатрасса», нисэх шугам «авиали- ния», агаар судлал «аэрология»; агараарын эмчйлгээ «аэротера- пия», ганц сэдэвт «монография», ганц утгат «моносемия»;шинэ иг хэллэг «неологизм», шин сийвэн «неоплазма» т.б. [Пюрбеев Г.Ц. Современная монгольская терминология. –М., 984. – C.103-106.] Әртүрлі тілдердің термин жасауда ұстанған бағыттары, тер- минжасам тәжірибелері оларда біздегідей «халықаралық тер- миндер» деп аталатын аударуға, ұлт тілінің ерекшелігіне сәйкес өзгертіп жазуға болмайтын айрықша мәртебесі бар «киелі» сөз- дер тобының қалыптасқанын көрсетпейді. Алайда ұлт тілдерінде халықаралық терминдердің орнын алмастыра алатын терминдер жасаумен бірге халықаралық терминологиялық қор құруға деген ұмтылыстың да бар екенін айтпасқа болмайды. Әзірге дүниежүзі халықтарының барлығына ортақ ресми мойындалған терминдер
қоры қалыптаса қойған жоқ. Тек бірнеше тілде сол тілдердің фо- номорфологиялық заңдылықтарына сәйкес түрлі деңгейде өз- геріске ұшырау арқылы қолданылып жүрген терминдер тобы –
«халықаралық терминдер» деп аталынып жүр. Бұл қатарға әсіресе грек, латын терминдік элементтерімен келетін терминдер көбірек кіреді. Өйткені терминтанушы ғалымдар дұрыс көрсетіп жүр- геніндей, ондай терминдік элементтердің қазіргі ұлт тілдерінің ешқайсысына қатыссыздығы, бірнеше тілге ортақтығы, ұғымдар жүйесін бірізділікпен беруге бейімділігі сияқты артықшылықта- рының бар екендігі pac. Қазақ терминологиялық лексикасының елеулі бөлігін осындай терминдер құрайтыны белгілі. Ондай тер- миндерді «аударуға болмайды», «ондай терминдермен таңбала- натын ұғымдарды біздің өз сөздеріміз бере алмайды» немесе «ха- лықаралық терминдерсіз ғылымымыз дамымайды, өркениеттен шеттеп қаламыз» деген пікірлердің біржақтылығы сияқты «бір- де-бір шет тілінің сөзін қалдырмай тап-таза ұлттық терминология жасаймыз» деген пікірді де терең зерттеу барысында қол жеткен түбегейлі ғылыми тұжырым деп тану қиын. Сондықтан да ха- лықаралық терминдер мәселесін арнайы зерттеп, оларды қабыл- дау, аудару және жазу тәртібін белгілеу қазақ терминологиясының даму бағытын айқындау үшін өте қажет. Осы тұста «Сөздің ха- лықаралық терминдер қатарына енуі немен байланысты?», «Қа- зақтың төл сөздері қандай жағдайда халықаралық қолданысқа түсуі мүмкін?» – деген сұрақтардың туындауы заңды.
Түркі халықтарының үстемдігі орнап тұрған замандарда біздің сөздеріміз де өзге тілдерге жүздеп, мыңдап енгені тарихтан бел- гілі. Мәселен, Е.Н.Шипова 1976 жылы жарық көрген «Словарь тюркизмов в русском языке» деп аталатын сөздігінде бір ғана орыс тілінде екі мыңдай түрік сөзі қолданылып жүргенін көрсе- теді. Кейіннен тарих аренасындағы иеленген орнымызға қарай біздің тіліміздің ықпалы да әлсіреді. Ал КСРО құрамында болған 70 жылда термин шығармашылығын дамытудан гөрі дайын тер- миндерді қабылдау дәстүрге айналды. Терминологияны халықа- ралықтандыру бағытын ұстанып келгендіктен, терминқорымыз-
дың басым бөлігі орыс тіліндегі қалпын сақтап қабылданған кірме терминдерден тұратын болды. Терминтануда осы терминқорды халықаралықтандыруға қарсы «деинтернационализация» деген процестің бар екендігін жоғарыда айттық. Бұл – бұрын тарихи, саяси-экономикалық немесе басқа да жағдайларға байланысты өзге тілдерден дайын терминдерді шектен тыс көп қабылдап кел- ген халықтардың сол кірме терминдердің орнын өз тілдерінің сөздерімен жаппай алмастыру процесі. Мұндай процесс әдетте қабылдаушы тілдердің иесі болып табылатын халықтың ғылым- білімі, экономикасы дамып, ұлттық мемлекеттің негізі нығая бастаған уақытта қылаң береді. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі ке- зеңде бізде де бұл құбылыс көрініс бере бастады. Ұлттық мем- лекетіміздің сипаты мен тіліміздің қоғам өмірінде алып отырған орнына, яғни елдегі тілдік ахуалға сәйкес деинтернационализа- ция процесі бізде өте әлсіз, мардымсыз түрде жүріп жатқаны бай- қалады. Терминолог ғалым В.А.Татаринов бұл жөнінде: «Деин- тернационализация терминологии – это понятийный рост на национальной почве. (қою әріппен ерекшелеген біз – Ш.Қ.) Ин- тернациональная терминология не бывает наднациональной, с ее помощью можно проследить особенности технологической кон- куренции между культурами и сделать выводы о жизнестойкости той или иной национальной культуры». [Татаринов В.А. Теория терминоведения. Том 1.С. 226-227.].
Ғалым пікіріне сүйенсек, біз ұғымдарды ұлт тілінде атау арқылы ұғымдар жүйесін өз тілімізде игере бастаған болып шығамыз. Алайда әлеуметтік лингвистикалық факторларға сәйкес бұл про- цестің жандануына қарсылық та бар. Ұлт тіліндегі термин шығар- машылығы жандана бастаса оны пуризмге жол беріп жатырмыз деп дабырайта көрсетуге құмар немесе объективтік, субъективтік түрлі себептерге байланысты соған мүдделі адамдар да жоқ емес. Түптеп келгенде, осының өзі ұлттық негізі берік қалыптасқан елге тән нәрсе емес. Кез келген ұлттық мемлекет өз тілінің кең тара- луын көздейді, мүмкіндігінің жеткенінше сол бағытта мақсатты жұмыс жүргізеді. Олар терминологияда деинтернационализация
процесінің өз тілдерінің ішінде жүзеге асып, халықаралықтандыру процесінің өздері тарапынан өзге тілдерге қатысты жүргізілгенін қалайды. Оны терминологияны халықаралықтандыру ғылым қа- жеттілігі деп сөз жүзінде өзгелерге қатысты ғана айтқанымен, өз- дері керісінше бағыт ұстанып отырған көптеген дамыған ұлттық мемлекеттердің әрекетінен көруге болады. Айталық, француздар неге ағылшын сөздерін тіліне қабылдаудан қашады? Біз нелік- тен көршісі әрі туыстығы жағынан бізден гөрі әлдеқайда жақын француз тілі іргесін аулақ салып отырған сол ағылшын сөздерін қабылдауға тиіспіз? Ұлттық мемлекетіміздің іргесі бекіп, оның экономикасы мен ғылым-білімі өркендеп, тіліміз өз еліміздегі және халықаралық дәрежедегі қолданысын орнықтырған кезде біздің сөздеріміз де өзге тілдерге енетіндігіне күмән келтірмеуге болады. Бірақ мұның бәрі оп-оңай, өздігінен бола салатын нәрселер емес. Отандық ғылым мен технологияның дамуымен, ел экономикасы- ның өркендеуімен байланысты шешімін табатын мәселелер. Әр ұлт өз тілінің өркендеуін, кең таралуын көздейді. Сол ұлттық тіл мемлекеттік тіл болып саналатын ел тіл саясатын өз жұртының тіл- дік мүддесін, оның бүгіні мен болашағын жан-жақты ойластыра отырып белгілейді. Белгілеп қана қоймайды, мемлекет сол өзі бел- гілеген бағытта мақсатты түрде жұмыс жүргізеді.
Терминологияны біріздендіру мен стандарттау кезінде тер- минқорымызға ертеректе еніп «халықаралық терминдер» деп аталып келген терминдердің кейінгі жылдары қолданысқа енген ұлттық баламаларын қалыптау мен жаңаларын тілге қабылдау мәселесін де шешуге тура келеді. Мәселен, 90-жылдарға дейін аударуға болмайды делініп келген көптеген кірме атаулар әуе- жай, жеделхат, бағдарлама, бейнетаспа, қаржы, қаржыгер, заңгер, елтаңба түрінде аударылып, тілде кеңінен қолданылып жүр. Кірме атаулардың бәрін «халықаралық термин» деп танып, оларды орыс тілі арқылы толассыз қабылдауды жалғастыра беру ұлт тілінің нығайғандығын емес, үстем тілдің шылауына шыға алмаудың белгісі. Қазір бұл мәселе жаңа әліпби мен емле ереже- лерін жасаумен байланысты қарастырылып жатыр. Тілдің дыбыс-
тық жүйесін дәл бейнелейтін әліпби мен тіл табиғатына сай емле ережелері жасалса, өзге тілдерден енген терминдерді дұрыс жазу және оларды тілге бейімдеп қабылдау мәселесі де қоса шешіледі.



Терминологияны стандарттау қашан және қалай жүзеге асуға тиіс?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет