ТІЛ БІЛІМІНІҢ ТЕРМИНЖҮЙЕСІН БІРІЗДЕНДІРУ
1-үлгі
ДЫБЫС
Дауысты дыбыс Дауыссыз дыбыс
Жалаң дауысты дыбыс Құранды дауысты дыбыс
Қатаң дауыссыз дыбыс Ұяң дауыссыз дыбыс Үнді дауыссыз дыбыс
Ашық буын Тұйық буын
Әдеби сөздер
Жергілікті сөздер Көне сөздер Төл сөздер
Еліктеуіш сөздер
Етістік Үстеу
СӨЗ ТАПТАРЫ
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Зат есім
|
Сын есім
|
Сан есім
|
Есімдік
|
|
Шылау Одағай (Модаль
сөздер)
Етістікті сөз тіркес Есімді сөз тіркесі
Жай сөйлем Құрмалас сөйлем
Хабарлы сөйлем Сұраулы сөйлем Бұйрықты сөйлем Лепті сөйлем Атаулы сөйлем
Салалас құрмалас сөйлем
Салалас құрмалас сөйлем
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
Бастауыш Баяндауыш
Анықтауыш Толықтауыш Толықтауыш
2-үлгі
Сапалық сын есім Қатыстық сын есім
Салыстырмалы шырай Күшейтпелі шырай
Есептік сан есім
Реттік сан есім
Жинақтық сан есім
Топтық сан есім
Болжалдық сан есім
Бөлшектік сан есім
Жіктеу есімдіктері
Сілтеу есімдіктері
Сұрау есімдіктері
Өздік есімдіктер
Белгісіздік есімдіктері
Болымсыздық есімдіктері
Біріздендіруде терминнің ұлттық үлгілерін қалыптастыру не үшін қажет?
ТЕРМИНОЛОГИЯНЫ БІРІЗДЕНДІРУДЕ ҰЛТТЫҚ ТЕРМИНҮЛГІЛЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ
Терминтану ғылымында терминүлгі (терминомодель) деген термин бар. Ол сала терминдерінің белгілі бір қалыптасқан сөз- жасамдық үлгісі бойынша біртектес болып жасалуына негіз бо- лып отырған үлгіні (моделді) білдіреді. Терминологиясы жақсы жүйеленген кейбір тілдерде көптеген арнаулы салалардың өзіне тән терминүлгілері бар. Ғалымдар мұны жақсы жүйеленгенді- гінің көрінісі деп те атайды. Терминологиямызды реттеу, біріз- дендіру кезінде бұл мәселені де ескерусіз қалдырмаған дұрыс.
Тілімізде бар байырғы сөздеріміздің есебінен терминқорымыз- ды толықтыру кезінде немесе кез келген арнаулы саланың жаңа терминдерін жасау барысында белгілі бір үлгіні сақтаудың тер- минология үшін маңызы зор. Бұл ең алдымен терминологиядағы жүйелілікті бұзбау үшін қажет. Ал терминологиядағы жүйелілікті кейбір терминолог ғалымдар терминологияның басты қағидаты деп санайды. Осы уақытқа дейін бізде көбінесе шетелдік, оның ішінде, латын, грек тілдерінен енген терминдік элементтерді пай- далана отырып термин жасасақ, терминологиядағы жүйелілік сақталады деген пікірге иек артып келдік. Ал ұлт тіліндегі тер- мин шығармашылығын дамытып, өз тіліміздің ішкі мүмкіндігін пайдалана отырып та ұлттық терминқорымызды жүйелі қалып- тастыруға болатындығын ғылыми негіздеп, терминологияның практикалық жұмыстарын сол бағытта жүргізуге көп көңіл бөлін- беді. Cалалық терминологиялары жүйеленген бірқатар тілдерде әр саланың өзіндік ерекшелігін, ұғымдар жүйесінің өзара байла- нысын дәл таңбалай отырып жасалған терминқорлары бар. Олар мұндай жүйеленген терминқор қалыптастыру үшін негізінен өз тілдерінің немесе қажеттілігіне қарай өзге тілдердің қосымшала- рын, терминдік элементтерді пайдаланады. Біздің кеңестік кезең- дегі терминжасам тәжірибемізде өзге тілдік элементтерді пайда- лану, дәлірек айтқанда, өзге тілде жасалған терминдерді дайын қалпында қабылдау дәстүрі орныға бастаған еді. Терминқорымы- здағы микро-, макро-, ультра-, гидро-, аэро-, авиа-, авто-, нео-, контр-, моно-, анти-, архи-, транс-, супер-, гипер- сияқты грек, латын негізді терминдік элементтер соның көрінісі.
Кейінгі ширек ғасыр көлемінде ұлт тілінде термин жасау ісі де біршама жандана бастауына байланысты терминжасамның ұлт- тық үлгілерін (модельдерін) қалыптастыруға деген ұмтылыс та айқын аңғарылып отыр. Тіліміздегі кейбір қосымшалардың арнау- лы салалардың терминдерін жасау барысында өнімді пайдаланы- ла бастағандығын көруге болады. Бір айта кететін нәрсе – қазір- гі термин шығармашылығының өткен ғасыр басындағы термин жасау тәжірибесіне табан тіреп отырғандығы. А.Байтұрсынұлы
бастаған қазақ зиялыларының термин жасау үлгісімен туындап жатқан көптеген жаңа терминдер соның дәлелі бола алады. Мұны үзіліп қалған ұлттық терминжасам дәстүрінің араға 60-70 жыл салып барып қайта жалғасын табуы деуге де болады.
Жүйеленген салалық терминологияны қалыптастыруда сол саланың терминдерін белгілі бір сөз тудырушы морфемаларды немесе терминдік элементтерді пайдалана отырып жасау тәжіри- бесі бар. Бізде де кейбір арнаулы сала терминдерін жасауда соңғы жылдары біршама өнімді жұмсалып жүрген жұрнақтардың бар екенін аңғаруға болады. Мәселен, ісжүргізу саласында -ма/- ме, -ба/-бе, -па/-пе анықтама, хаттама, баяндама, мінездеме, мәлімдеме, көшірме, баянжазба т.б. Тіл білімінің фонетика са- ласында -м, -ым/-ім айтылым, алмасым, естілім, жасалым, ек- шелім, жалғаным, қатынасым т.б. Синтаксис саласында кезінде Ахмет Байтұрсынұлы жасап тілімізге енгізіп кеткен бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш термин- дерін туғызған -уыш, -уіш (-ыш/-іш) жұрнағы бар екені белгілі. Әскери іс саласында -уыл/-уіл, -ауыл/-еуіл үлгісімен жасалған шабуыл, айдауыл, ереуіл, жасауыл сияқты көне атаулар қолда- нысқа ене бастады. Мұндағы бір айта кететін жайт соңғы үлгімен жасалған атаулар тілде дайын қалпында қолданысқа ене бастаға- нымен, терминжасамда бұл үлгі алдыңғы жұрнақтар сияқты жаңа терминдер тудыруда пайдаланылмай келеді.
Энергетика саласында кейінгі жылдары -қыш/-кіш, -ғыш/- гіш жұрнағы арқылы жасалған терминдердің молайғандығы бай- қалады. Мәселен, ажыратқыш – выключатель, электроқозғал- тқыш – электродвигатель, араластырғыш – сместитель, қыздырғыш – нагреватель, жайтартқыш – молниеотвод, ауа жинағыш – воздухосборник, ауабаптағыш – кондиционер, ауа үрлегіш – воздуходувка, бу таратқыш – парораспределитель, вагонаударғыш – вагоноопрокидыватель, жерлендіргіш – зазем- литель, көбейткіш – умножитель, күлтұтқыш – золоуловитель, ағытқыш – расцепитель, оқшаулатқыш – изолятор, сақтандыр- ғыш – предохранитель т.б. терминдер.
Бұл морфеманың көмегімен жасалған терминдер осы мысал- дардан көрініп тұрғанындай, негізінен орыс тіліндегі -тель суф- фиксімен жасалған қосымшаларға сәйкес келеді. Біріншіден, мұн- да бірізділік бар. Екіншіден, тіларалық сәйкестік сақталған. Орыс тіліндегі құрал-саймандар мен жабдықтардың, механизмдердің атауын жасауда жиі қолданылатын суффикс арқылы жасалған терминдер біздің тілімізде дәл сондай мағына беретін жұрнақ арқылы туындаған. Терминдерді тіларалық біріздендіруде осын- дай сәйкестіктердің маңызы ерекше. Үшіншіден, бұл көмекші морфема арқылы жасалған терминдердің ықшамдылығымен, қолдануға қолайлылығымен де ерекшеленетіндігін айту керек. Біздіңше, бұл терминжасам үлгісін тек энергетика саласында ғана емес жалпы техника, механика, машинажасау, сәулет және құрылыс сияқты өзге де көптеген салалардағы заттық, нақты ұғымдарды атауда пайдалануға болады. Тек қазіргі терминжа- сам тәжірибесінде орын алып жүргендей белгілі бір жұрнақтарға салмақ салып, барлық арнаулы салалардың терминдерін жасау кезінде соларды ғана жаппай жалғай беруге жол бермеу жағын да ойдан шығармаған жөн. Ұлт тіліндегі термин шығармашылығы- ның жандана бастауына байланысты бұрын бірен-саран термин- дерді жасауға ғана қатысып, аса өнімділік таныта қоймаған жұр- нақтарды пайдалану арқылы жаңа терминдерді жасау үрдісі де байқалады. Оған Ахаң ізімен жасалған мына төмендегі инфор- матика және есептеуіш техника терминдерін мысалға келтіруге болады. Талдауыш – анализатор, жабдықтауыш – поставщик, жүктеуіш – загрузчик, қосындылауыш – сумматор, құжатта- уыш – документатор, жинақтауыш – накопитель, шоғырлауыш – концентратор, шектеуіш – ограничитель, өңдеуіш – обработчик, модульдеуіш – модулятор, маршруттауыш – маршрутизатор, құрылмалауыш – конструктор, жөндеуіш – отладчик, жоспарла- уыш – планировщик, сипаттауыш – описатель, вычислительная, вычислительный (-ная) – есептеуіш, кодтауыш – кодировщик т.б.
Берілген мысалдардан көріп отырғанымыздай информати- ка және есептеуіш техника терминологиясында қазақ тіліндегі
бір ғана -уыш/ -уіш жұрнағы орыс тіліндегі -атор/-ятор/-тор,
-щик,-чик, -тель, -н/ая, -н/ый суффикстері арқылы жасалған терминдердің қазақша нұсқасын жасауда пайдаланылған. Бұл үлгімен жасалған терминдердің ішінде -атор/-ятор/-тор суф- фиксіне сәйкес келетіндерін ғана сәтті терминдер қатарына қо- суға болады. Өзгелері ұғым мазмұнын дәл беру тұрғысынан да қосымшаларды мағынасына қарай ұтымды пайдалану жағынан да кемшіліктен ада емес. Бұл арада термин жасаушы салалық мамандар терминжасамның лингвистикалық қырына және тер- минтанудың жүйелілік сияқты маңызды талаптарына жете мән бермегені байқалады. Терминжасамда сөздің лексикалық мағы- насына тән нәзік реңктерін, мағына көлемін дәл ажырата білу де оңай емес. Ал қосымшалардың ерекшелігін, грамматикалық мағына сияқты ұғымдарға сала мамандарының мән бере берме- уі жиі кездесіп жататын жайт. Оған мысалды салалық термино- логиялық сөздіктердің кез келгенінен дерлік келтіруге болады. Мұндай кемшілікке жол берудің ұлт тіліндегі термин шығар- машылығына үлкен нұқсан келтірері сөзсіз. Бұл тіл маманда- ры, терминтанушылар тарапынан ерекше назар аударуды қажет ететін маңызды мәселе.
Біз сияқты ұлт тіліндегі термин шығармашылығы ұзақ мерзім шектеліп келген тілдің терминологиясын біріздендіру кезінде ұтымды жасалған ұлттық терминүлгілерді нормативтік сөздіктер- ге енгізіп қалыптап, стандарттау мәселесін де ұмытуға болмайды. Қайта бұл мәселеге ерекше мән берген орынды.
Халықаралық біріздендіруің мақсаты не?
Достарыңызбен бөлісу: |