Эстетикалық талаптарға сай келуі (соответствие эсте-тическим требованиям). Терминнің дыбысталуы айтуға қолай- сыздық туғызбай, естуге жағымды болуы. Құлаққа қораштау естілетін, айтуға ауыр қарапайым лексика қатарынан, жаргон, арго сөздердің термин ретінде таңдалмағаны жөн. Кейбір ғалымдар- дың «терминнің үндесімділігі» деп атап жүргені осы эстетикалық талапқа сәйкес келеді. Терминнің үндесімділігі (благозвучность термина) – терминге қойылатын бұл талаптың екі аспектісі бар. Оның біріншісі – терминнің айтуға қолайлы болуына байланыс- ты туындайтын орфоэпиялық тұрғыдан жағымды дыбысталуы. Мысалы, құқық және т.б. Екіншісі – термин өзі қолданылатын са- ладан тыс қажетсіз, жағымсыз ұқсастық (ассоциация) туғызбауы керек. Мысалы, боқша, қарайғыр, т.б.
Терминніңқолданысқаенгендігі(внедренностьтермина)
терминді мамандардың, ғылыми қауымның қабылдауы немесе оның жаппай бірізді қолданылатындығы.
Синонимдердіңболмауы(отсутствиесинонимов)– тер-
минологиядағы «бір ұғымға – бір ғана атау» қағидатына сәйкес синонимдердің болмауы талап етіледі. Мінсіз жасалған термино- логияға қойылатын бұл талап үнемі орындала бермейді. Алайда
«терминологияға да синонимділік тән» деп санайтын көзқарас- тың бар екендігіне қарамастан, терминологияда синонимділіктің болмауы үнемі талап етіліп келеді.
Инварианттылық(инвариантность)– фонетикалық, графикалық, морфологиялық, сөзжасамдық және синтаксистік варианттардың болмауы.
Терминнің уәжділігі (мотивированность термина) – тер- мин мағынасының ұғынықты, өзі белгілейтін ұғымы жөнінде анық мәлімет беруі.
Жоғарыда аталған талаптарды терминнің мағынасына, тұлғасы мен қолданысына қарай – семантикалық талаптар (1. мағыналық қайшылықтың болмауы, 2. бірмағыналылық, 3. терминнің толық- мағыналылығы, 4. синонимдердің болмауы), терминнің тұлғасы- на қойылатын талаптар (1.тілдік нормаға сәйкес келуі, 2.термин- нің ықшамдылығы (қысқалығы), 3. сөз тудыруға (деривациялық) қабілеттілігі, 4. инварианттылық, 5. уәжділік) және прагматика- лық талаптар (1. қолданысқа енгізілгендігі, жатық айтылуы неме- се жағымды дыбысталуы) деп үшке жіктеп қарастыру жиі ұшы- расады. Негізінен терминологиялық әдебиеттердің көпшілігінде жоғарыдағы талаптар аталады. Ол үш топтың ішіне жоғарыда біз көрсеткеннен өзге де кейбір талаптарды да қосатын ғалымдар бар. Кейде жекелеген ғалымдар тарапынан бұл талаптардан өзге талаптар да аталып жатады. Мәселен, прагматикалық талаптар- дың қатарына терминнің қазіргі уақытқа лайық болуы, зама-науилығы(современность),әлем ғалымдары арасындағы қа- рым-қатынасты жеңілдетуге қызмет ететін халықаралықтығы(интернациональность) және кейбір сала мамандарының (меди- цина т.б.) өздері ғана түсінуге тиіс құпиялығы (эзотеричность)жатады деп санайтын ғалымдар да бар.