Шешендік өнердің пайда болу тарихы



бет3/10
Дата06.01.2022
өлшемі53,65 Kb.
#16455
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Шешендік өнердің пайда болу тарихы

Алма мойын көк үйрек,

Көлден көлге қонысар.

Кедейден шыққан би болса,

Нашарды жақтап болысар.

Азаматы сай, аты сай

Көшсе, нуға жетеді,

Азаматы сай, шоты сай,

Қазса, суға жетеді.

Көлде жүрген қоңыр қаз

Шөл қадірін не білсін.

Шөлде тұрған дуадақ

Көл қадірін не білсін.

Атасы билік құрмаған,

Анасы үлгі көрмеген,

Сен сияқты занталақ

Ел қадірін не білсін.
Шешендік арнау әзіл-сын, сәлем, бата-тілек және шешендік жұбату (естірту, көңіл айту) түрінде айтылады. Қаз дауысты Қазыбектің әкесі қыз таңдап, біраз үйленбей жүріпті. Ойламаған жерден бір жиында аяғы ақсақ, көзі қыли бір жас қызға көңілі ауып, құда түсіп үйленеді. Келдібектің замандастары оның әйелінің кемістігін айтып әзілдей беріпті. Әзіл-қалжыңды түсіне білетін ақылды келіншек сыпайы ғана:
Көзім қыли, жасырмаймын, ақсақпын,

Келдекеңмен сондай тату, жақсы-ақпын.

Татулықтың белгісіндей тамаша

Төрт бошанды билейтін ұл таппақпын, –
деп жауап беріпті. Бұл – әзіл түріндегі сын.

Арнаудың бір түрі – шешендік сын. Шешендік сынның түрлері көп. Шешендік арнауды кейде сәлем түрінде жолдайтын болған. Борбас деген бай бүкіл үш жүзге сауын айтып той жасайды. Тойына Байдалы биді де шақырыпты. Тойға мінетін аты болмай қалған би байға:


Дұғай сәлем Борбасқа,

Көкірек бірге, жан басқа.

Сұлулығы өзіндей,

Жүйріктігі өзімдей,

Ат жіберген торы қасқа.

Байдалы мінер әр топқа

Даңқы кетер жан-жаққа, –
деп сәлем жолдаған екен.

Шешендік арнау жерге, малға, адамға байланысты айтыла береді. Соның ежелгі үлгілерінің бірі – Асан қайғының атынан жерге қатысты айтылатын сөздер. Асан қайғы Желмаяға мініп, желдіртіп жер аралайды.

Шідерті өзенін көргенде: “Мына ішркіннің топырағы асыл екен. Алты ай мініп арықтаған ат бір айда майға бітетін жер екен. Бос жылқы шідерлеп қойғандай тоқтайтын жылқының өрісі екен,” – депті. Ұзын аққан Сыр бойын көргенде: “басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен. Қаратауды жайласам, Сырдың бойын қыстасам, қоныс болуға сонда дұрыс екен,” – деп баға берген екен.

Көшпенді халық үшін төрт түлік, соның ішінде жылқы малының қадірі ерекше болған. Ел ішінде атқа байланысты айтылатын шешендік ділмар сөздер де сақталған. Солардың бірі – Досбай бидің айтқаны:


Қарабайыр қазан ат,

Қара жолда қалдырмас.

Қара жолда қалдырып,

Қанатыңды талдырмас.

Тобан аяқ торыны

Тойға мінбе, қойға мін.

Құлан аяқ құланы

Қойға мінбе, тойға мін.
Бұл аттың жүйрік, шабанын салыстыра айтқан сын.

Адамға қарата айтылатын шешендік арнаулар да көп. Онда жақсы мен жаман адамдарды қарама-қарсы қойып, әрбірінің өзіне лайық орны болатынын тағылым етеді. Шағырай шешен айтты дейтін мына сөзге назар аударайық. Ол:


Жүрегің соғып тұрғанда,

Қаның толық тұрғанда,

Миың істеп тұрғанда,

Майданға түс деп тұрғанда,

Серпілмеген адамды

Саңылаусыз наданды,

Болар ма екен жан деуге,

Отырмын жақын мал деуге, –

дейді.


Жалындаған жастықтың қадірін білуге, “Саңылаусыз надан” болмай, “майданға түс” өз орныңды тап деп тұрғандай болады.

Шешендік арнау адамдар арасындағы қарым-қатынасқа байланысты болып келетіндіктен, адам болмысындағы жақсылы-жаманды қасиеттерді санамалай отырып, таным-тағылым берерлік шешендік арнаулар да аз емес. Мысалы Төле бидің:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет