Шешендік сөздер қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі



Дата26.03.2022
өлшемі3,57 Mb.
#28896
Байланысты:
Назарова Жұлдыз . СӨЖ


 

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті

 

СӨЖ



Тақырыбы; Шешендік сөздер

Орындаған ; Назарова Жұлдыз

Қабылдаған ; Даутова Гүлназ

Шешендік сөздер қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі ерекше жанр. Шешендік сөздер қазақ халқының даналық үлгісі болып табылады. Шешендік сөздер тарихы бірнеше кезеңге бөлінеді:

 

1. ХІІ – ХІІІ ғасыр – Майқы би, Аяз би.



2. ХІV – ХV ғасыр – Асан қайғы, Жиренше шешен.

3. ХVІ – ХVІІІ ғасыр – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.

Қазақ шешендік өнері Майқы би мен Аяз биден басталады. Халық арасында «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» деген нақыл сөз содан қалған. Шешендер – «ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін», жауласқан елдің арасына бітім айтатын даналық сөздің иелері. Бөлтірік шешеннің айтуынша, тәтті де, ащы да сөз болған. Шешендік өнердің қиындығы туралы Бұқар жырау да ерекше айтып кеткен.

Қазақ шешендік өнерінің тарихынан ерекше орын алатын би – Төле би Әлібекұлы1663 жылы қазіргі Жамбыл облысына қарайтын Шу өзенінің бойындағы Жайсаң жайлау деген жерде дүниеге келіп, 1756 жылы дүние салған. Әз Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысқан, «Билер кеңесінің» мүшесі болған. Төле биді әділдігіне, парасаттылығына қарап «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» деп атаған. Төле биден қалған көптеген нақыл, өсиет, шешендік сөздер, толғаулар бар. 

Төле бидің шешендік сөздері ;

Жаңбыр жаумаса, жер – жетім,

 

Басшысы болмаса, ел – жетім,



 

Ұқпасқа айтқан сөз – жетім...

 

Атың жақсы болса – ер жігіттің пырағы.



 

Балаң жақсы болса – жан мен тәннің шырағы.



 

Қазақ халқының айтулы кемеңгер билерінің бірі – Қаз дауысты Қазыбек би.

Қалмақ ханына елшілікке барғанда жасқанбай өз ойын жалынды сөздермен бұршақтай жаудырып, мірдің оғындай өткір сөздерімен жоңғар ханының аузын аштырмай тұтқындағы ұл-қыздарды босатып алады. Қалмақ ханы Қазыбектің саңқылдағын даусына орай «Қаз дауысты Қазыбек» деген ат береді.

Қаз дауысты Қазыбек бидің толғаулары, нақыл сөздері, өмірдегі сыйластық, татулық, қадір-қасиет, адамдар арасындағы қарым-қатынастарға арналған. Мысалы, «Кім жақын, не қымбат, не қиын?» деген сұраққа Қазыбек би аса тапқырлықпен былай жауап берген екен:



Тату болса, ағайын жақын,

Ақылшы болса, апайың жақын.

Бауырмал болса, інің жақын,

Алдыңа тартқан адал асын – 

Қимас жақын қарындасың.

Сыбайлас болса, нағашың жақын,

Адал болса, досың жақын.

Жан серігің жас кезіңнен

Бәрінен де әйелің жақын.

Алтын ұяң – Отан қымбат,

Құт-берекең – атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат,

Асқар тауың – әкең қымбат.

Мейірімді апаң қымбат,

Туып-өскен елің қымбат.

Ұят пенен ар қымбат,

Өзің сүйген жар қымбат.

Арадан шыққан жау қиын,

Таусылмайтын дау қиын.

Шанышқылаған сөз қиын,

Жазылмаса дерт қиын,

Іске аспаған серт қиын,

Ақылыңнан адасып,

Өзің түскен өрт қиын!

 

Қазақ халқының әйгілі де айбарлыбилерінің бірі Әйтеке Бәйбекұлы 1644 – 1700 жылдары өмір сүрген. Әйтеке деген есіммен ел арасына танымал болған бидің шын аты – Айтық. Әйтеке би Тәуке ханның тұсында өмір сүріп, қазақ жұртының бір орталыққа бағынып, іргелі ел болуына ісімен де сөзімен де зор үлес қосқан. Әйтекенің ел мүддесін көздеп сөйлейтін, халықтың қамын ойлайтын ерекше қасиеті «Қасқакөл дауында» жан-жақты танылады. Оның дәлелі – Орманбет биге айтқан: «Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң, жауға найзаң тисін. Бай болып елге пайдаң тимесе, батыр болып жауға найзаң тимесе, елден бөтен үйің күйсін» деген сөздері. Әйтеке би өзінің шешендік сөздері арқылы өмірдің өтпелі екендігін баса көрсеткен. Мысалы,

 

Суалмайтын суат жоқ,

Тартылмайтын бұлақ жоқ.

Құйрығы суда тұрса да

Қурамайтын құрақ жоқ.

Дүние деген фәни бұл

Баласы жоқта мият жоқ.

Бәрінен қиын сол екен

Артында қалған шырақ жоқ!

Шешендік сөздер мазмұнына қарай үшке бөлінеді: 1) шешендік арнау; 2) шешендік толғау; 3) шешендік дау.

 

Шешендік арнауға шешендік бата, тілек сөз, көңіл айту сөзі, ақыл-насихат сөздер жатады.



Шешендік толғау мақал-мәтел, сұрақ-жауап, шешендік нақыл, қанатты сөз, шешендік жұмбақ, шешендік мысал түрінде келеді.

Шешендік дау мазмұнына қарай жер дауы, жесір дауы, құн дауы, ар дауы болып бөлінген.

Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет