8-сынып № 1-есеп. Азот қышқыл натрий мен натрий хлоридінің 3,72 қоспасы 21,28мл суда ерітілген. Осы ерітіндінің азот қышқыл күміс тұхымен әрекеттестіргенде 2,86г тұнба түзілген. Қоспаның проценттік құрамын және даярланған ерітіндідегі тұздардың проценттік мөлшерін есепте.
Шешуі: Ерітіндінің мөлшерін есептейміз:
21,28мл немесе 21,28г су
21,28+3,72=25г ерітінді.
Азот қышқыл күміс тұзымен ерітіндідегі натрий хлориді ғана реакцияланады:
NaCI+AgNO3=AgCI↓+NaNo3 Түзілген тұнбаның мөлшері бойынша ерітіндіде қанша натрий хлориді болғанын есептейміз:
Х1 2,86г
NaCI+AgNO3=AgCI↓+NaNO3 143.5г
Х1:2,86г=58,5г:143,5г бұдан
Х1=2,86*58,5/143,5=1,17г NaCI
Қоспадағы азот қышқыл натрий тұзының мөлшері:
3,72-1,17=2,55г.
Қоспадағы тұздардың проценттік құрамын есептейміз.
%NaCI=1.17/3.72*100≈4.68%
%NaNO3=2.55/3.72*100≈68.55
Ерітіндідегі қоспаның жеке-жеке проценттік мөлшерін есептейміз:
25г ерітіндіде 1,17г NaCI,
100г ерітіндіде-Х2;
бұдан Х2=1,17/25*10≈4,68%
25г ерітіндіде – 2,55г NaNO3, 100г ерітіндіде-Х3;
Х3=2,55/25*100≈10,2%
2-есеп. Д.И.Менделеевтің периодтық системасында бір периодқа орналасқан екі элемент А2В2 қосылысын түзеді. А элементі оксидінің құрамында 47 процент оттегі бар, ал екінші элемент сутегімен қосылысының құрамында 94,1 процент В элементі бар. А және В элементтерін ата.
Шешуі: Есептің шарты бойынша А2В3 қосындысында А элементі үш валентті, ал В элементі екі валентті. Оттегінің проценттік молшері бойынша А элементі оксидінің молекулалық массасын есептейміз:
100г оксидте (А2В3)-47г О бар,
Х1 г оксидте -48 г О бар.
(Мұндағы 48г – оттегінің үш атомының массасы)
Х1=48*100/47=102г.
Бұл оксидтің құрамына А элементінің 2 атомы кіретінін ескеріп, оның мөлшерін табамыз:
2А=102-48=54
А=54:2=27г.
Бұл алюминийдің массасына сәйкес келеді де, оның оксидінің формуласы АІО3 болады.
В элементі екі валентті болғандықтан, оның сутекті қосылысының Н2В молекулалық массасын есептеу үшін сутегінің проценттік мөлшері:
100-94,1=59% болатынын есептейміз.
100гН2В қосылысында 5,9гН, х2 қосылысында 2г Н бар (2 атомына сәйкес):
х2=2*100/5,9=34г Н2В
В элементінің массасы 34-2=32г болады, бұл-күкірт элементінің массасына сәйкес келеді. Күкірттің сутегімен қосылысының формуласы Н2S
Жауабы: АІ және S