Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі негізгі органы – ірі көлемді алаяқтыққа қарсы күрес басқармасы (SFO, Serious Fraud Office) – өздерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру күш-жігерінде британ бизнесіне негізделеді және Ұлыбританияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ауқымды науқанды іске асыра отырып, сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы алдын алу мақсатында әңгімелесу өткізеді.
Лейбористік партия қалыптастырған Ұлыбританияның алдыңғы үкіметі кәсіподақтардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімге ерекше көңіл бөлген. Премьер-министр Г. Браунның нұсқауы бойынша Ұлыбританияның СІМ-і кәсіподақ ұйымдарының басшылығы мен қатардағы мүшелері үшін тұрақты түрде арнайы тренингтер өткізіп отырған, тиісті ақпараттық материалдар басып шығарған.
Ұлыбританияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық қоғам институттары ерекше орын алады. Ұлыбританияның халқын сыбайлас жемқорлыққа қарсы хабардар ету деңгейін арттыру міндетін парламент, коммерциялық компаниялар, БАҚ пен үкіметтік емес ұйымдар атқарады. Британдықтардың бұқаралық санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы басымдықтарды тарату мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің аса тиімді тәсілі мен азаматтық белсенді ұстанымның көрінісі ретінде сөз жеткізудің жағымды келбетін қалыптасады.
Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлықты ғаламдық түп-тамырымен жою жөніндегі идеясын жақтаушылардың қатарына мыналар жатады: «Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумы», «Transparency International», «Кедейшілікке қарсы инженерлер», «Ғаламдық инфрақұрылымдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталық» және басқалар.
Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық санасын қалыптастырудың шетелдік тәжірибесін зерделеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік жағдайын қандай құралдармен, әдістермен, қандай нысанда жасауға және сыбайлас жемқорлық қылмыс дегейін азайтуға болатыны туралы ақпарат алудың маңызды тәсілдерінің бірі болып саналады. Шетел мемлекеттерінің практикасын танып-білу мен есепке алу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі қателіктер, қарама- қайшылықтарды болдырмауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясында дұрыс тәсілдерді таңдауға мүмкіндік береді.