Шет елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру



бет8/8
Дата23.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#26160
1   2   3   4   5   6   7   8
АҚШ Заңдар жинағының 18-тарауында. АҚШ-та лауазымды тұлғалар сыбайлас жемқорлығы ұғымына Заңдар жинағының 18-тарауындағы төрт бөлімінде қарастырылған құқыққа қарсы әрекеттер жатады: 1) 11-бөлім «Парақорлық, арам табыстар, лауазымды адамдардың қызметтік жағдайын теріс пайдалану»; 2) 93-бөлім «Лауазымды тұлғалар және жалданған қызметкерлер»; 3) 41-бөлім «Күштеп алушылық және қорқыту»; 4) 29-бөлім «Сайлау және саяси қызмет». Федеральды лауазымды қылмыстарға федеральды банк жүйесіне зиян келтіре алатын банк қызметкерлерінің әрекеттері де жатады. Федеральды резервтік жүйеге жататын немесе Федеральды сақтандыру корпорациясымен, Ұлттық ауылшаруашылық несие корпорациясымен сақтандырылған кез келген банктің лауазымды тұлғалары, директорлары немесе жалданған қызметкерлері банк инспекторына несие немесе шай-пұл ұсынса, олар қылмыс жасады деп есептеледі, оларға 5000 долларға дейін айыппұл салынады немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Егер банк инспекторлары ұсынған несиені немесе шай-пұлды алатын болса, олар да дәл осылай жазаланады.  Мелекеттік қызметке тағайындау кезінде ықпалын пайдалану мақсатымен параға сатып алу лауазымдық зиян келтірудің өзгеше түрі болып табылады. Мұндай жағдайда пара алу тура мағынасында емес, сыйақы келешекте тек өз ықпалын пайдалануға сөз бергені үшін ғана беріледі немесе алынады. Бұл қылмыстың субъектісі тек жеке тұлға ғана емес, сондай-ақ фирма да, корпорация да бола алады. Келешекте лауазымға тағайындау кезінде қолдау көрсету немесе ықпал жасау үшін ақы төлеген, ұсынған немесе төлеуге сөз берген адамдар да жауапкершілікке тартылады. Федеральды заң қызметтік жағдайын теріс пайдаланушылыққа: - Мемлекеттік қызметкерлердің негізгі лауазымдық қызметтеріне сәйкес келмейтін іспен айналысуы;  - шенеуніктердің мемлекеттік қаражат, ақпаратты пайдалану және алыпсатарлық арқылы баюға бағытталған әрекеті жатады. 
  • Пайдаланылған әдебеттер
  • 1. Назарбаев Н. Ә. Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам // Егемен Қазақстан. – 2012. – 10 шілде.
  • 2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері //Астана.-2016-.
  •  3.Хонг М. Сингапур – страна, победившая коррупцию // К обществу без коррупции. – 2004. – № 2 (19).
  • 4.Sweden to the EU Anti-Corruption Report, Brussels, 3.2.2014, European Commission


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет