Осыдан 10 жыл бұрын сыбайлас жемқорлық Грузияның барлық салаларына дендеген болатын. Мемлекеттік қызметтердің барлығын дерлік алу үшін пара сұрайтын – жүргізуші куәлігін алу немесе мүлік пен бизнесті тіркегенге дейін паспорт алу, үй құрылысын мен жоғары оқу орнынан түсу. Үкімет «нөлдік төзімділік» саясаты шеңберінде қабылдаған шаралар әртүрлі мемлекеттік қызметтерде бейресми төлемдер ауқымын күрт қысқартты. Бүкіләлемдік банк сарапшылары бүгінгі күні көптеген көрсеткіштер бойынша «Грузия Еуропалық одақтың ең дамыған елдеріне біршама жақындады деп атап көрсетеді»
Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалып- тастырудағы тиімді тәжірибесі студенттер, оқушылар, ҮЕҰ және басқа- лар кіретін кең аудитория үшін оқыту семинар-тренингтерін жүргізу- мен түсіндіріледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша бұл тренингтерді практиктер, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл саласындағы заң шығару және үйлестіру қызметімен тікелей айналысатын адамдар жүргізеді, сонымен қатар шетелдік беделді сарапшылар шақырылады.