Шет нерв жүйесі. Вегетативті нерв жүйесі. Симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдер



Дата28.04.2023
өлшемі0,81 Mb.
#87721

Шет нерв жүйесі. Вегетативті нерв жүйесі. Симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдер.
Шеткі жүйке жүйесі — адам мен жануарлар ағзаларында орталық жүйке жүйесінен тыс орналасқан жүйкелер жиынтығы.

Шеткі нерв жүйесі миды, жұлынды дене органдары, тканьдерімен байланыстырады. Адам мен омыртқалы жануарлардың( бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүт қоректілер) миынан 12 жұп нерв шығады. Бұлар;1 иіс сезу,2 көру,3 көз қозғағыш, 4 блокты, 5 үш тармақты, 6 ортадан тепкіш, 7 бет, 8 есіту, тіл-жұтқыншақ,10 кезеген, 11 қосымша, 12 тіл асты нервтер. Балықтар мен қос мекенділерде тек алғашқы 10 жұп қана нервтер болады. Адам жұлынынан 31 жұп нерв шығады. Бұлардың әр жұбы дененің белгілі бір бөлеміндегі эффекторолар мен рецепторларға барады, сондықтан олардың 8 жұбы мойын, 12-сі кеуде, бесеуі бел, бесеуі сегізкөз, біреуі құйымшақ нервтері деп аталады. Бұл нервтер жұлыннан екі түбір түрінде шығады. Бұдан кейін бұл екі түбір бірігіп, жалпы, аралас баған құрады. Жақын орналасқан бірнеше нервтер нерв талшықтары арқылы өзара байланысып, нерв шумағын түзеді. Мұндай торлардың басты 3 түрі бар. Олар- мойын, иық және бел-егізкөз торлары [1].


Организмде шеткі жүйке жүйесі екіге бөлінеді: Функцияларды анималдық (жануарлық) немесе соматикалық және вегетативтік (өсімдіктік) деп бөлінеді.Соматикалық функцияларға сыртқы әсерлерді қабылдау және қаңқа бұлшықеттері іске асыратын қозғалу реакциялары жатады.Ал вегатативтік функцияларға бүкіл организімдегі зат алмасуды іске асыратын жүйелер қызметін (ас қорыту, қан-айналу, тыныс алу сыртқа шығару т.с.с.), сондай – ақ өсумен көбеюді жатқызады. Функцияларды осылай бөлуге орай оларды реттеуді іске асыратын арнайы соматикалық және вегетативтік нерв жүйелерін ажыратады. (Ағылшын формакологы Дж Ленгли вегатативтік нерв жүйесін автономды жүйе деп атауды ұсынған, 1905).

Соматикалық нерв жүйесі экстерорецептивтік сенсорлық және моторлық функциялардың орындалуын қаматамасыз етеді. Вегетативтік нерв жүйесі ішкі органдардың, тамырлардың, тер бездерінің қызметін және қаңқа бұлшықеттерінің, рецепторлардың, нерв жүйесінің өзінің трофикалық интервациясын қамтамасыз етеді. Вегетативтік нерв жүйесінің өзіне ғана тән болатын мофологиялық ерекшелігі бар. Оның ядролары орталық нерв жүйесінің арнайы бөлімдерінде орналасады, сондықтан талшықтары да тек сол ошақтардан шығады; талшықтардың шеткі бөлімдерде бөлініп орналасуында сегментарлық болмайды. әр талшық диаметрі өте жіңішке болады. Осылармен қатар, вегетативтік нерв жүйесінің талшықтары мидан ішкі мүшелерге қарай бағытталған жолында міндетті түрде үзіліс жасайды. Мұндай үзіліс жасалатын орындарды шеткі вегетативтік ганглийлер деп атайды. Ганглий нейтрондары мен мидан келетін талшықтар арасында синапстық байланысы болады. Ганглий нейтрондарының аксондары тиісті ішкі мүшелерге жетіп, оларды жабдықтайды (иннервациялайды).


Ганглийлер түрлі мүшелермен ұлпаларға орталық нерв жүйесінің импульстерін жеткізушілер ғана емес, олар шеткі рефлекторлық орталықтар да болып есептеледі. Сондықтан белгілі дәрежеде ОНЖ – нен тәуелсіз түрде, өз шеңберінде, ганглийлерде тұйықталатын рефлекторлық доға арқылы әр түрлі релекстерстерді іске асырып, ішкі мүшелер функцияларын реттей алады. Вегетативтік нерв жүйесі симпатикалық (Sympathes – сезімге ортақтасу) және парасимпатикалық ( грекше para – маңы, қасында) бөлімдерден тұрады.


Симпатикалық нерв жүйесінің орталықтары жұлынның жоғарғы кеуде сегментімен ІІ – І\/- інші бел сегменттерінің сұр затының бүйір мүйіздерінде орналасады (тораколюмбальдық орталықтар). Бұлардан басталатын прегенгиионарлық (ганглийге дейінгі) деп аталатын талшықтар жұлыннан алдыңғы түбірлердегі соматикалық талшықтармен бірге шығады. одан әрі шекаралық симпатикалық бағанға бағытталады. Баған ганглийлердегі нейтрондардан постганглионарлық (ганглийден кейінгі) талшықтар шығады. Бұлар организмнің барлық ішкі мүшелердің, сондай-ақ қан тамырларын жабдықтау арқылы қаңқа бұлшықеттерін, теріні, миды, т.б. инвервациялайды. Біраз преганглионарлық симпатикалық талшықтар шекаралық баған ганглийлерінен үзіліссіз өтіп, шеткі ганглийлерде (сәуле тәрізді, шажырқай түйіндерінде) аяқталады. Бұлардағы нейтрондардан шығатын постганглионарлық талшықтар өз тарапынан құрсақ бөліміндегі мүшелерге бағытталады.


Парасимпатикалық нерв жүйесінің орталық бөлімдері ортаңғы мида (мезэнцефальдық орталықтар), сопақша мида (бульбарлық орталықтар) және жұлынның сегіз көз сегменттерінде (сокральдық орталықтар) орналасады. Көзді қозғалтатын нервтің, бет, тіл-жұтқыншақ, кезеген және жамбас нервтерінің құрамына кіретін преганглионарлық парасимпатикалық талшықтар өздері жабдықтайтын мүшелердегі интрамуральдық ганглийлерде немесе оларға жақын маңдағы ганглийлерде аяқталады. Ал бұларда постганглийлік талшықтар шығатын нейтрондар орналасады.


Көңіл аударатын бір жайт, симпатикалық нерв талшықтары парасимпатикалыққа қарағанда организмнде әлде қайда кең тараған. Егер симпатикалық нервтер барлық дерлік мүшелер мен ұлпаларды жабдықтаса, парасимпатикалық нервтерқаңқа бұлшықеттерін, ОНЖ – ін, қан тамырларының басым бөлігін және жатырды жабдықтамайды (иннервацияламайды). Олар тек ішкі мүшелерді және бас мүшелерін жабдықтайды.


Вегетативтік нерв жүйесі инневациялайтын көпшілік мүшелерге симпатикалық және парасимпатикалық талшықтар қарама-қарсы әсер етеді. Мәселен, кезеген нервті тітіркендіруден жүрек қызметі әлсіреп, соғуы сирейді, ал симпатикалық нерв, керісінше, оның қызметін күшейтіп, соғуын жиілетіледі; парасимпатикалық әсерлер тілдегі, сілекей, бездеріндегі, жыныс мүшелеріндегі қан тамырларды кеңейтеді, симпатикалықтар – оларды тарылады; парасимпатикалық нервтер қарашықты еішірейтсе, симпатикалық нервтер – үлкейтеді; парасимпатикалық әсерлер бронхыларды тарылтса, симпатикалық – кеңейтеді; парасимпатикалық нервтер қарын бездерінің қызметін, ішектің жиырлып – босауын күшейтеді, ал симпатикалық нервтер оларды тежейді, т.с.с. Тұтас организімде бұл жүйелердің қызметтері өзара келіскен, “теңдестірілген” күйде іске асады. Нақты жағдайда, организм қажетіне лайықтанған бағытта керек болса, бірінің қызметі (тонусы) күшейгенде, екіншісінікі төмендейді және керісінше.


Бірақ, кейде бір жүйе тонусының жоғарылауынан белгілі бір дәрежеде екіншісінің де тонусы жоғарлайтыны байқалған. Сонымен бірге, мәселен сілекей безінің қызметін симпатикалық та, парасимпатикалық та әсерлер күшейте алады. Организмдегі барлық мүшелер мен ұлпалардың бұл нервтермен жабдықталуы ылғи да қосарленбайтындығы жоғарыда айтылып өтті.


Вегатативтік нерв жүйесінің барлық деңгейлері аралық мида (гипаталамус пен жалақ денеде орналасқан жоғарғы вегатативтік орталықтарға бағынады. Бұл орталықтар организмдегі көптеген мүшелер мен жүйелердің функцияларын үйлестіреді. Ал олар өз тарапында үлкен ми сыңарлары қыртысына бағынады. Ми қыртысы самуатикалық және вегатативтік функцияларды біріктіріп, бірыңғай іс — әрекеттік актыларды тудыру арқылы бүкіл организмнің біртұтас жауабын қамтамасыз етеді.


Ерекшелік ретінде айта кететін нәрсе, организм реакцияларының соматикалық құрамдас бөліктері вегатативтіктерден өзгеше адам еркіне тәуелді түрде орындала алады, яғни оларды ерікке бағындырып, күшейтуге немесе тежеуге болады. Басқаша айтқанда олар сана бақылауында болады. Вегатативтік құрамдс бөліктер әдетте мұндай бақылаудан тыс орындалып жатады: кәдімгі күнделікті өмірде адам қалаумен ішкі мүшелер қызметін өзгерте алмайды (арнайы, ерекше тәсілдермен жаттығулар жүргізу нәтижелерін еске алмағанда). Сондықтан да кейде вегатативтік нерв жүйесін автономды немесе ерікке тәуелсіз деп атайды. әрине бұлай атау өте шартты екені түсінікті. Бұған акад. К.М. Быковтың зертханаларында көптеп жүргізілген зерттеулер куә. Бұлар көрсеткендей, кез келген ішкі мүшенің қызметін шартты рефлекторлық жолмен қалаған бағытта өзгертуге болады. Ендеше вегатативтік нерв жүйесі ми сыңарлары қыртысының бақылауында қызмет атқаратынын атап көрсету керек.


Вегатативтік нерв жүйесі арқыла қозу өту процесі де түрлі медиаторлардың қатысуында жүреді. Парасимпатикалық нервтердің сондай-ақ симпатикалық вазодиля таторлардың, (тамыр кеңейткіштердің), тері бездерінің симпатикалық нервтерінің ұшында ацетилхолин түзіледі, симпатикалық нервтердің постганглионарлық бөлімдерінің ұштарында (тері бездері мен симпатикалиқ визоделяторлардан басқаларында) норадреналин ( бір метил тобына айрылған адреналин) түзіледі.


Вегетативтік нерв талшықтарынаң ұштарында түзілетін медиаторлардың өздері жабдықтайтын клеткаларға саматикалық нервтерде түзілетін медиаторларға (ацетилхолинге) қарағанда әсер ету уақыты ұзақ болады. Себебі; бұларда, шамасы, медиаторларды бұзатын ферменттер белсенділігі төмен болса керек.


Медиаторлар вегатативтікнерв жүйесі ганглийлеріндегі синаптардың преганглионарлық талшықтары терминальдарында да түзіледі. Мұны алғаш байқағандардың бірі А.В.Кибеков (1933) болды. Ол мысықтың жоғарғы мойын симпатикалықтүйініне келетін преганглионарлық симпатикалық талшықтарды тітіркендіргеннен соң, сол түйіннен ағып шығатын Рингер – Локк ерітіндісінің құрамынан адреналин тәрізді затты тапқан. Кейін преганглионарлық талшықтар түзетін синапстарда пайда болатын қоздырушы медиатордыңацетилхолин екені анықталады. Ал адреналин симпатикалық ганглийлер нейрондарында тежелу тудыратын медиатор болып шыққан. Ганглийлер синапстарындағы ацетилхолин әрекетінің бір ерекшелігі – оның әсері түйінді атропинмен уландырса, ол әсер жойылады. Осыған байланысты олардаацетилхолин әсерін сезетін құрылымдардың екі типі бар деп есептеледі. Бірі – М-холинрецепторлар — сезгіштігі атропин әсерінен жоғалтады; екіншісі – Н-холинрецепторлар – сезгіштігін никотиннің және кейбір басқа ганглиоблокаторлардың (гексонийдің) әсерінен жоғалтады. Вегатативтік нейрондар аксондарының ұштарында қай медиатордың түзілетініне қарай ол нейрондардыхолинергиалық және адренергиялық деп бөледі. Біріншілерінің аксондарының ұштарында ацилхолин жасалады, ал екіншілерінде норадреналин жасалады. Аксон терминалдарынан босап шыққан медиаторлар ацетилхолин мен норадреналин – постсинапстық мембранадағы (жарғақшадағы) спецификалы белокпен өзара әрекетке түсіп, комплексті қосылыс түзеді. Ацетилхолинмен өзара әрекеттесетін белок холинрецептор деп, ал адреналинмен немесе норадреналинмен өзара әрекеттесетін белок адренорецептор деп аталады. Адреналин мен норадреналин әсер ететін адренорецепторлардың да екі негізгі түрі бар: α және β. Бұлардың әр түрлі органдарда орналасуының өзіндік ерекшеліктері бар. Кейбір органдарда оның екеуі де бар, олар бір біріне қарама – қарсы бағытты реакциялар тудырады; ал екінші біреулерінде олардың тек біреуі ғана кездеседі. Мәселен, қан тамырларында екі адренорецептор да бар. Осындағы α – адренорецепторлармен қосылыс түзетін симпатикалық медиатор артериолдарды тарылтады, ал β – адренорецепторлар оларды кеңітеді. Ішекте де α және β – адренорецепторлар болады және олардың екеуі де ішектің бірыңғайсалалы еттерінде тежелу тудырады. Жүректе және бронхыларда α — адреноцепторлар болмайды. Мұнда адреналин мен норадреналин тек β — адренорецепторлармен өзара әрекеттесіп, жүрек жұмысын күшейтеді және бронхыларды кеңейтеді. (Бұл материалды толықтыру және симпатикалық нерв жүйесінің адаптациялық – трофикалық маңызы туралы айту нейро – моторлық аппарат физиологиясын баяндағанда жалғасады.) [2].


Нерв жүйесінің жалпы физиологиясы. Нерв (жүйке) жүйесі — ақпаратгы жылдам жеткізетін және баскаруды жүзеге асыратын күрделі үйымдасқан өрі жоғары дәрежеде маманданған жүйе. Оның негізгі құрылымдық бірлігі — нерв клеткасы — нейрон.

Адам организмі күрделі де өзара тығыз байланысқан жүйелерден, мүшелерден және ұлпалардан тұратьн жоғары ұйымдасқан биологиялық супержүйе болып есептеледі. Осы күрделі қүрылымда ерекше ролді орталық нерв жүйесі — ми мен жұлын атқарады. Ол адам организміндегі барлық клеткаларды, ұлпаларды, мүшелерді, бұлардың жүйелерін өзара байланыстырып, функциональдық біртұтастықта ұстайды. Орталық нерв жүйесінің қызметтері арқылы барлық мүшелер мен ұлпаларда болатын рецепторлар тітіркенген кезде туатын афферентті (орталыкқа тепкіш) импульстер қабылданады, олардың анализі мен синтезі жүреді (өңделеді) және түрлі шеткі мушелердің әрекетін тудыратын немесе тоқтататын, болмаса олардыңтонусын сақтауға көмектесетін эфференттік (орталықтан тепкіш) импульстер пайда болады. Орталық нерв жүйесі жеке организмнің қоршаған ортаға бейімделуін, оның барлык қызметтерінің ең жетілген реттелуін және үйлесімді, бірлескен түрде іске асуын қамтамасыз етеді [2].


Орталық нерв жүйесінің түрлі мүшелер әрекетін нақты бақылауы нерв орталықтары мен шеткі органдар арасында екі жақты байланыс болғандықтан іске асады. Қандай да болмасын эфференттік импульстерден орындалатын өрекеттен жұмыс атқарушы мүшелердегі рецепторлар тітіркенеді де. афференттік импульстер туады; ал олар тиісті әрекеттің нәтижесі туралы орталық нерв жүйесін хабарлайды (кері афферентация). Адамның да психикалық өрекеті мен басқа да барлық әрекеттері орталық нерв жүйесінде жүретін процестерге негізделген. Айтылып отырған аса жауапты да құрделі қызметте билеуші рөл ми үлесіне тиеді.


Мидың осындай бүкіл организмдегі тіршілік процестерін ең жоғаргы және нәзік интеграциялаушы мүше ретіндегі көзқарастың қалыптасуында көптеген физиологтардың, олардың ішінде И. М. Сеченов пен И. П. Павловтың атқарған рөлдері айрықша.


И. М. Сеченов (Павлов оны «орыс физиологиясының атасы» деп атаған) организмнің қоршаған ортамен байланысы, оның түрлі әсерлерге қайтаратын барлық жауап реакциялары (рефлекстер) нерв жүйесі арқылы іске асатынын 1862 жылы «Ми рефлекстері» деп аталатын еңбегінде дәлелдеді. Осы жөне басқа еңбектерінде ол рефлекстің орталық буынындағы, яғни орталық нерв жүйесіндегі құбылыстар мен процестерді білу керек деген ғылыми идея ұсыңды.


И. П. Павлов И. М. Сеченовтың осы идеясын басшылыққа ала отырып, ми қызметін зерттеудің обьективтік өдісін (шартты рефлекстер әдісін) тауып, ғылымға ендірді. Әрі оны кеңінен қолдана отырып, жоғары нерв әрекетінің физиологиясьш жасап шықты. Түрлі мүшелердің шартты рефлекторлық реакцияларын бақылай, анализдей отырып, ол мидағы, оның ішіңде ми қыртысындағы нерв процестерінің (қозу мен тежелудің) ерекшеліктері, динамикасы, өзара әрекеттесуі туралы ғылыми нақты тұжырымдар жасады. Ми жұмысының принциптері мен заңдылықтарын анықтады.


Жоғары сатылы организмдерде осыншама аса үлкен рөлі бар нерв жүйесі ұзақ уақыттық тарихи дамудың жемісі. Эволюциялық дамудың ең ертедегі алғашқы этаптарында — бірклеткалы организмдерде нерв жүйесі болған жоқ. Оларда клетка ішіндегі өр түрлі процестерді реттейтін арнайы гуморальдық (сүйықтықтык) механизмдер ғана болады. Қарапайым көпклеткалыларда да клеткаішілік реттеу механизмдері сақталады және сонымен қатар химиялық заттар көмегімен іске асатын клеткааралық гуморальдық взара әрекеттесу қалыптасады. Бұл заттар — жеке клеткалардағы метаболизм процестерінің өнімдері. Олар клеткааралық кеңістіктерге өтеді де, басқа клеткалар мембранасының маманданған учаскелеріне әсер етіп, олардың (жарғақшасының) өткізгіштігін өзгертеді, клетка ішілік алмасу процестерін тиісті бағытқа реттейді.


Бірақ көп клеткалы организмдердің бұдан арғы күрделене түсуі ерекше, жылдам іске асатын реттеу мен басқару жүйелерінің қалыптасуын қажет етті. Міне осыдан нерв жүйесі пайда болды. Нерв жүйесінің эволюциясы қозғалу аппаратыньщ эволюциясымен қатар жүрді. Ол қозғалыссыз тіршілік ететін губкалардан басқа көпклеткалылардың бөрінде бар. Ең қарапайым нерв жүйесі диффуздық нерв торы болып есептеледі. Мұндағы озара тармақтары арқылы байланысқан арнайы нерв клеткалары рецепторларда пайда болған қозуды бұлшықет элементтеріне, ішкі мүшелерге жеткізеді. Диффуздық нерв торы әр түрлі тітіркендірулерге бөлшектенбеген біртұтас жүйе түрінде жауап қайтарады (мәселен, гидраның бүкіл денесі жиырылады).


Эволюция барысында қозғалу функциясының күрделенуі мен жетілуіне байланысты нерв жүйесінің бұл алғашқы типі кептеген өзгерістерге ұшырады. Соның бірі — әр түрлі маманданған нерв клеткалары белгілі бір орындарға жинақталады: қабылдағыш (сезгіш) нейрондар рецепторларға жақын манда, ал қозғағыш (мото) нейрондар өздері жабдықтайтын бұлшықет топтарының маңында орнығады. Осыдан түрлі нерв түйіндері (ганглийлер) түзіледі. Бұлар бір-бірімен нерв талшықтары арқылы байланысады. Құрттарда, буынаяқтыларда, моллюскаларда, тікентерілілерде болатын бұл жүйені ганглші, туйінді немесе тізбекті нерв жүйесі деп атайды.


Бұдан соңғы этапта хордалы немесе түтікті нерв жүйесі пайда болған. Хордалы жануарларда бүкіл орталық нерв жүйесі жануардың арқа жағында орналасқан түтіктен тұрады. Оның алдыңғы кеңейген жағы — миды, ал артқы цилиндр тәрізді болімі жұлынды құрайды. Омыртқалы жануарлар эволюциясындағы ерекшеліктің бірі — ми дамуы қарқыңды жүреді де оның ең жоғарғы бөлімі — ми сыңарларының қыртысы пайда болады.


Нерв жүйесінің эволюциялық дамып жетілу барысында басты рәлді ерекше элементтер — рецепторлар атқарады. Бұлардың дамуы негізіненекібағыттажүреді.


Олардың тітіркендіруді сезгіштігі жоғарылады;


Рецепторлардың белгілі бір топтары белгілі бір тітіркеңдірулерді қабылдауға бейімделді. Осыған байланысты түрлі сезцщүшелері пайда болды.
Нейрондар жіктелуі

Әр түрлі нейрондар денелерінен шығатын өсінділердің саны бірдей болмайды. Осыған орай оларды униполярлы, псевдоуниполярлы, биполярлы және мультиполярлы деп бөледі. Унипалярлы нейрондарда бір ғана өсінді болады. Мұндай нейрондар омыртқасыз жануарларда және омыртқалы жануарлардың эмбриональдық даму кезеңінде кездеседі. Псевдоуниполярлы нейрондарда да бір өсінді болады, бірак ол одан әрі екіғе тармақталып кетеді. Биполярлы нейрондарда екі өсінді бар. Мультиполярлы нейрон денесінен әдетте жуан, ұзын бір аксон және бірнеше дендриттер шығады. Бұлардың үлкендігі, пішіні, атқаратын қызметтері, орналасқан жерлері алуан түрлі болады.


Нейрондардың ең басты үш типін айырады: афференттк, қондырма (аралық, контактылық) және эфференттік. Алғашқы афференттік (рецепторлык) нейрондар биполярлы болады. Олардың ұзын тармағының ұшы тиісті шеткі мүшелерде қабылдаушы (рецепторлық) аппарат рөлін атқарады. Мұнда туған қозуды клетка денесіне жеткізеді. Ал одан әрі екінші өсінді ол қозуды жұлынға немесе сопақша миға жеткізіп, ол жерде қондырма нейронмен немесе эфферентгік нейронмен байланысқа түседі. Афференттік нейрондар орталық нерв жүйесінен тыс (жұлын ганглийлерінде, ми нервтері тұйіндерінде, т. б.) және орталық нерв жүйесінің шеңберінде де (мыс, көру темпешіктерінде) орналаса береді. Эфференттік нейрондар аксондары әдетте импульстерді орталық нерв жүйесінен түрлі шеткі мүшелерге, ұлпаларға жеткізеді (мысалы қаңқа бұлшықеттерін жабдықтайтын мотонейрондар). Бірақ, көптеген эфференттік нейрондар сигналдарды шетке бірден өздері емес, басқа, келесі нерв клеткалары арқылы жеткізеді. Мәселен, ми қыртысының моторлық зонасының моторлық, руброжұлын, ретикуложұлын және вестибуложұлын нейрондары импульстерді жұлындағы тиісті мотонейрондарға жеткізеді. Ал соңғылар оларды одан әрі мүшелерге карай бағыттайды. Вегетативтік (автономиялық) нерв жүйесінің эфференттік нейроңдары орталық нерв жүйесінен тыс, вегетативтік ганглийлерде орналасады. Аралық (қондырғы) нейрондар афференттік нейрондарды эфференттік нейрондармен байланыстырады. Саны жағынан орталық нерв жүйесіндегі клеткалардың ең көбі деп есептеледі.


Нейрондарды тудыратын эффектілері бойынша жіктеуге болады. Мысалы, қозгағыш (моторлық), сеқреторлық, трофикалық, тежеуші, қоздырушы, т. б. Кейде аксонның ұзындығына қарай қысқа, ұзын аксонды нейрондар деп те айырады.


Пішіндеріне қарай нейрондарды — пирамида тәрізді, жіп тәрізді, жұлдыз тәрізді, себет тәрізді, триангулярлық, бута тәрізді, т. б. деп те атайды.


Нерв клеткаларының қалыпты қызметтерінің іске асуында маңызды рөлді нейроглия атқарады. Нейрондарды барлық жағынан қоршай орналасқан нейроглия клеткалары (астроциттер, олигодендроциттер, т. б.) және оның өсінділері — олар үшін бір жағынан механикалық функция — тірек қызметін атқарады; екінші жағынан нерв клеткаларында электрлік изоляцияны (оқшаулауды) қамтамасыз етеді. Сондай-ақ нерв клеткаларындағы зат алмасу процесін реттеуге қатысады деп те есептеледі.


Синапс.

Бұл ұғымды ғылымға 1897 жылы ағылшын физиологы Ч. Шеррингтон енгізді. Синапс (грек. — байланыстыру, қосу, біріктіру) нерв клеткасы аксоньшың ұшын екінші нейронмен байланыстыратын морфофункциональдық құрылым.

XIX ғасырдың 60-жылдарында-ақ И. М. Сеченов клеткааралық байланыстардан тыс ен элементарлық нерв процесінің пайда болу тәсілін түсіндіру мүмкін емес деп есептеген болатын.


Нейрондар арасындағы синапстық контактылар алуан түрлі.


Олар бір-бірінен әрекет ету механизмі жағынан, клетка беткейінде
орналасу (локализациялану) ерекшеліктеріне қарай, функциональдық бағыты (қоздырушы немесе тежеуші) тұрғысынан, туған тиісті белсенділік аяқталғаннан соңғы модуляцияға қабілеті жағьшан, т. б. қасиеттерінен айырмашьшықтар көрсетеді. Дегенмен синапстардың барлығына да ортақ бола алатын кұрылымдық және функциональдық жалпы қасиеттер де бар. Синапс құрылымында 1-ден,пресинапстык буынды немесе пресинапсты (көпжағдайда ол аксонның ең ақырғы тармақтарынан тұрады); 2-ден, постсинапстық буыңды немесе постсинапсты (көбінесе ол келесі нейрон денесі немесе дендрит мембранасының учаскесі); 3-ден, пресинапс пен постсинапс арасындағы болар-болмас (10—50 нм-дей болатын) синапстық саңылауды айырады. Пресинапс пен постсинапс мембраналарының бір-біріне дәл (сай) келетін учаскілерін көп жағдайда пресинапстық мембрана және субсинапстық мембрана деп атайды.

Аксон талшыктарының клетка денесінде түзетін синапстарын аксосоматикалық, деп олардың дендриттермен түзетін синапстарын — аксодендриттік деп атайды. Бұлардан басқа аксонның ақырғы тармақтарын (терминальдарын) өзара байланыстыратын аксо-аксо налъдық, әр түрлі нейрондар дендритгерінің арасында дендро-дендриттік, нейрон денелерін бір-бірімен байланыстыратын сомато-сомдтикалық және клетка денесі мен дендриттер арасында сомато-дендриттіксинапстар да болады.


Пресинапс ұштары әртүрлі пішінді (түйме, сына, себет, шытра, тор тәрізді, т. б.) болып келеді. Нерв жүйесіндегі нейронаралық синапстардан басқа шеткі нерв-бұлшықет синапстарьн (ақырғы пластинкаларды) айырады. Бір нерв талшығының тарамдалған ұштары толып жаткан басқа клеткалардың денесінде не дендриттерінде 10000-ға дейін синапстар түзе алады, сондай-ақ бір нейронның денесі мен дендриттерінде көптеген басқа нейрондар түзетін мыңдаған синапстар жатады.


Синапстар арқылы қозу өтудің екі механизмін айырады: электрлік және химиялық. Нервтен етке қозу өтуде химиялық заттардың қатысуы мүмкін екендігіне алғаш назар аударғандардың бірі И. М. Сеченов болды. А. Ф. Самойлов (1925) нейронаралык синапстар арқылы қозу етуде де химиялық заттар қатысады деп болжау жасаған. Кейін, 1934 жылы К. Быковтың лабораториясында А. В. Кибяков иттің мойын симпатикалық нервін тітіркендіріп, сол нерв жабдықтайтын жоғары мойын түйінінің тамырларындағы сүйықтықты жинап алып, енді оған қайта жібергенде ондағы нерв клеткаларында қозу туғандығын байқады. Австрия фармакологі Леви ХХ-ғасырдың 20-жылдарында адреналинге ұқсас зат пен ацетилхолиннің симпатикалық және парасимпатикалық әсерлерді жүрекке жеткізудегірөлін көрсететін тәжірибелер жасады.


Кейінгі кезде жүргізілген микроэлектродтық зерттеулер арқасында қозу өткізу тәсілі жағынан алғанда синапстардың үш типінің бар екендігі белгілі болып отыр. Еңкөп тарағаны химиялық синапстар, содан соң — электрлік синапстар, ең азы — аралас синапстар. Электрлік механизмді синапстар қарапайым нерв жүйесі бар жануарларда басым болады. Жоғары сатылы организмдерде эмбриональдық дамудың барысында олар біртіндеп азая береді. Синапстардың қай механизм арқылы қозу еткізетіндігі көп жағдайда синапстық саңылаудың диаметріне байланысты болады. Химиялық синапстарда оның шамасы 10—20 нм-дей. Пресинапстық ток саңылауға жеткенде ондағы төменгі кедергіге байланысты жайылып, күші кемиді де, субсинапстық мембранаға оның небәрі 0,0001— дей бөлігі етеді. Ал бұл онда мембраналық потенциалдың қозу тууға жететіндей өзгерістерін жүргізе алмайды. Сол себептен де химиялық синапстар арқылы қозу өту үшін электрлік механизм жарамайды. Бұған химиялық заттар (медиаторлар) қатысады. Медиаторлар аксонның ең соңғы майда тармақтарының (терминальдарының) біраз кеңейген ұштарыңдағы диаметрі 30—50 нм шамасында болатын көпіршіктерде орналасады. Нерв талшығының бойымен келген импульстің әсерінен пресинапс мембранасындағы кальций каналдарының өткізгіштігі жоғарылайды да, ішке қарай өтетін Са иондарының ағыны күшейеді, везикульдер маңындағы кальций иондарының концентрациясы артады [3].






[4]

Жүйке жүйесі – ағзаның ішкі байланыс жүйесі. Ол дененің көптеген жүйке жасушаларынан тұрады. Жүйке жасушалары дененің сезім мүшелері арқылы ақпаратты қабылдайды: жанасу, дәм, иіс, көру және дыбыс. Ми дененің сыртында және ішінде не болып жатқанын түсіну үшін осы сенсорлық сигналдарды түсіндіреді. Бұл адамға өз денесін қоршаған ортамен әрекеттесу және дене функцияларын басқару үшін пайдалануға мүмкіндік береді.


Жүйке жүйесі өте күрделі. Деніміз сау және қауіпсіз болу үшін біз оған күн сайын сенеміз. Неліктен жүйке жүйемізді бағалауымыз керек?
Осы 11 қызықты фактіні оқыңыз және неге екенін білесіз:
1. Денеде миллиардтаған жүйке жасушалары бар. Әрбір адамның денесінде миллиардтаған жүйке жасушалары (нейрондар) болады. Мида шамамен 100 миллиард және жұлында 13,5 миллион бар. Дененің нейрондары басқа нейрондарға электр және химиялық сигналдарды (электрохимиялық энергия) қабылдайды және жібереді.
2. Нейрондар үш бөліктен тұрады
Нейрондар дендрит деп аталатын қысқа антенна тәрізді бөлікте сигналдарды қабылдайды және аксон деп аталатын ұзын кабель тәрізді бөлігі бар басқа нейрондарға сигналдар жібереді. Аксонның ұзындығы бір метрге дейін жетуі мүмкін. Кейбір нейрондарда аксондар оқшаулағыш қызметін атқаратын миелин деп аталатын жұқа май қабатымен жабылған. Ол жүйке сигналдарын немесе импульстарды ұзын аксонға беруге көмектеседі. Нейронның негізгі бөлігі жасуша денесі деп аталады. Онда жасушаның дұрыс жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін барлық маңызды бөліктер бар.
3. Нейрондар бір-бірінен өзгеше болуы мүмкін
Нейрондар денеде орналасқан жеріне және не істеуге бағдарламаланғанына байланысты әртүрлі пішіндер мен өлшемдерде болады. Сезімтал нейрондардың екі ұшында дендриттері бар және ортасында жасуша денесі бар ұзын аксонмен байланысқан. Қозғалтқыш нейрондардың бір ұшында жасуша денесі, екінші жағында дендриттері бар, ортасында ұзын аксон болады.
4. Нейрондар әртүрлі әрекеттерді орындауға бағдарламаланған Нейрондардың төрт түрі бар: Сенсорлық: Сенсорлық нейрондар дененің сыртқы бөліктерінен — бездерден, бұлшықеттерден және теріден — орталық жүйке жүйесіне электр сигналдарын жеткізеді.
Мотор: Қозғалтқыш нейрондар орталық жүйке жүйесінен дененің сыртқы бөліктеріне сигналдарды тасымалдайды.
Рецепторлар: Рецепторлық нейрондар қоршаған ортаны (жарық, дыбыс, жанасу және химиялық заттар) сезеді және оны сенсорлық нейрондар жіберетін электрохимиялық энергияға айналдырады.
Интернейрондар: Интернейрондар бір нейроннан екіншісіне хабарламалар жібереді.
5. Жүйке жүйесінің екі бөлігі бар. Адамның жүйке жүйесі екі бөлікке бөлінеді. Олар денеде орналасуымен ерекшеленеді және орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) және шеткі жүйке жүйесін (ПНС) қамтиды. ОЖЖ омыртқаның бас сүйегінде және омыртқа каналында орналасқан. Оған ми мен жұлынның нервтері кіреді. Дененің басқа бөліктеріндегі барлық қалған нервтер PNS бөлігі болып табылады.
6. Жүйке жүйесінің екі түрі бар еріксіз жүйке жүйелері де бар. Дененің ерікті (соматикалық) жүйке жүйесі адамның басын, қолдарын, аяқтарын немесе басқа дене бөліктерін қозғалту сияқты саналы түрде басқара алатын және білетін нәрселерді басқарады.
Ағзаның еріксіз (вегетативті немесе автоматты) жүйке жүйесі адам саналы түрде басқармайтын ағзадағы процестерді басқарады. Ол әрқашан белсенді және адамның жүрек соғу жиілігін, тыныс алуын, зат алмасуын және басқа да маңызды дене процестерін реттейді.
7.Еріксіз жүйе үш бөлікке бөлінеді
CNS және PNS екеуі де ерікті және еріксіз бөліктерді қамтиды. Бұл бөліктер ОЖЖ-де байланысқан, бірақ PNS-де емес, олар әдетте дененің әртүрлі бөліктерінде кездеседі. PNS-тің еріксіз бөлігіне симпатикалық, парасимпатикалық және ішек жүйке жүйелері жатады.
8. Ағзада денені әрекетке дайындау үшін жүйке жүйесі бар
Симпатикалық жүйке жүйесі денеге физикалық және психикалық белсенділікке дайындалу керектігін айтады. Ол жүректің соғуын күшейтеді және тезірек тыныс алу үшін тыныс алу жолдарын ашады. Сондай-ақ ол ас қорытуды уақытша тоқтатады, осылайша дене тез әрекет етуге назар аудара алады.
9. Тыныштықтағы денені басқаратын жүйке жүйесі бар.Парасимпатикалық жүйке жүйесі адам тыныштықта болған кезде дене функцияларын басқарады. Оның кейбір әрекеттеріне ас қорытуды ынталандыру, метаболизмді белсендіру және денені босаңсуға көмектесу кіреді.
10. Ішекті басқаратын жүйке жүйесі бар.Дененің ішекті басқаратын өз жүйке жүйесі бар. Ішек жүйке жүйесі ас қорытудың бір бөлігі ретінде ішек қозғалысын автоматты түрде реттейді.
11. Жүйке жүйеңізге шабуыл жасалуы мүмкін.Ғалымдар қазір ми жасушаларын жарық жарқылымен басқару мүмкіндігіне ие бола отырып, иммундық жүйеге «бұзу» жолдарын әзірлеуде. Жасушаларды генетикалық өзгерту арқылы жарыққа әрекет ету үшін бағдарламалауға болады.
Хакинг ғалымдарға нейрондардың әртүрлі топтарының функциялары туралы білуге ​​​​көмектеседі. Олар бір мезгілде бірнеше ми жасушаларын белсендіріп, олардың ағзаға әсерін бақылай алады.

Пайдаланылған әдебиеттер мен веб- сайттар:



  1. Иваницки й М. Ф.

И19 Анатомия человека (с основами динамической испортивной морфологии): Учебник для институтов физической культуры. - Изд. 7 е. / Под ред. Б.А. Никитюка,А.А. Гладышевой, Ф.В. Судзиловского. — М.: Олимпия,2008.-624 с


  1. Клиническая анатомия сосудов и нервов. Учебное пособие. Издание 6 е.И.В.Гайворонский, Г.И.Ничипорук. СПб.: «Издательство «ЭЛБИ-СПб», 2009.— 144 с. ил.

  2. https://stud.baribar.kz/8194/vegetativti-zhuyke-zhuyesi/

  3. https://kk.wikipedia.org/wiki

  4. https://stud.baribar.kz/8192/nerv-zhuyesininh-zhalpy-fiziologiyasy/

  5. https://meduniver.com/Medical/Anatom/447.html

  6. http://medqaz.com/96


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет