Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді.
Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балалардың ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.
Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн.
Мұғалім балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын)үш түрлі етіп өткізуіне болады.
Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Find similarity» «Салыстыр да, атын ата», «Compare and call», «Қай ағаштың жапырағы», «By what leaf of the tree», «Бірдейойыншықты тап», «Find similar toys», «Қайсысы көп, қайсысы аз» «Where more, where less», т.б.
Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «By what subject like?» «Қай суреттығылды?», «Which figure is hidden?», «Бір сөзбен ата», «Give one word», «Кімбайқағыш», «Who observant», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «Spot the difference» , «Есіңде сақта», «Remember» .
Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Remember the words», «make words», «Жұмбақ ойла», «Make a puzzle», «Жақсы-жаман», «Good or bad», «Жалғастыр», «Continue» .
Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Gallery of figure», «Remember the figure», «Қиын жолдар»,«Difficult road» , «Суретті жалғастыр», «Continue picture» «Биші адамдар», «Dancers »,«Көңілді таяқшалар» «Funny sticks» тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады.
Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.
Балалардың ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады.
Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.
Міне, сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы жан- жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұл менің ең негізгіалдыма қойғанмәселем.
Сонымен, баланың сөздік қорын дамытумен қатар, тілін дамыту да ойын арқылы жүзеге асады. Оны төмендегі ойын түрінен көруге болады.
Балалардың саусағын ойната отырып, тілін дамыту
Саусақ ойыны- бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.
Саусақ ойыны-саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады.
Саусақ ойыны арқылы балалардың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс- қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалардың екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.
Ал ағылшын тілі сабағында тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.
Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі.
Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі» ойынын алайық. Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді». Hello. How are you?
Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады. Мысалы, «Моншақ».
Қызыл-сары көк моншақ.
Мен жасаймын көп моншақ.
Red beads, bluebeads
I did a lot of beads
Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбектеп жасау балалар үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.
Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды.
Балаларға әр сабақтың жаңа сөздерімен сөз тіркестерінің сөздігін жасатуды қалыптастырдық. Бұл жұмыстың пайдасы зор. Бала әр сабақтағы жаңа сөздер мен сөз тіркестерін өз сөздігіне жазу арқылы ол сөздердің жазылуын, аудармасын қайталайды, оның есінде сақтау мүмкіндігі артады. Бала өз сөздігін кез келген уақытта пайдалана алады. Сөйлеуде, кітап оқуда, керек жағдайдың бәрінде өз сөздігінен керек сөзін тауып алып пайдалануына болады.
Сондай – ақ , баланың сөздік қорын тексеру әдістері бар.
Олар мыналар:
1.Әңгімелесу, әңгіме құрату - өзін қоршаған орта туралы:үй іші, мектебі, сыныбы, ата-анасы, оқу- құралдары, т.б.
2.Баланың күнделікті жиі пайдаланатын заттарын көрсету арқылы оны атату(киім-кешек, ыдыс- аяқ, үй жиһаздары т.б.).
3.Сөзді түсініп айту дәрежесін тексеру (таныс емес заттарды көрсету, т.б.).
Шет тілі болғандықтан біздің әрбір сабағымызда жаңа сөздердің болмауы мүмкін емес. Ал егер әрбір сабақтағы жаңа сөздерді бала жаттап алып отырса, онда біріншіден ол баланың сөздік қоры жаңарады, екіншіден, бұл әдіс баланың келесі сабақты да жақсы түсінуіне түрткі болады деп ойлаймын.
Яғни, бала сонда ауызшаға да, жазбашаға да дайындалып келетін болады. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты қағидасы - баланың лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, сөйлеу тілінде оларды бекітіп, сөйлеуде белсенді түрде қолдана білуге үйрету негізінде қалыптастыруды жүзеге асырамын. Ағылшын тіліндегі сөздер тек лексикалық түрінде ғана балаға меңгеріп қоймай, ол лексика-грамматикалық бірлікте іске асырылу қажет.Мысалы, «бала, оқы, кітап»деген сөздерді жеке бермей, оны сөз тіркесімен берген жөн.Бұл сөздік жүргізудің бір қағидасы болып саналады. Ұстаз жан-жақты ізденісті қажет етеді». Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді» деп ұлы ойшыл А. Дистерверг айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр- сыры мол, қиын да жауапты.
Өз білімімді үздіксіз көтеріп, үнемі ізденіс үстінде боламын деген үміттемін.
Балалардың сөздік қорын дамытуда , мен айтар едім, ақпараттық -коммуникациялық технологияның, түрлі қарапайым ойындар мен рөлдік ойындардың, диалогтың, яғни, коммуникативтілік әдістің ,сондай – ақ түрлі көрнекіліктерді қолданудың маңызы зор дер едім,
Сабақ барысында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану үлкен мүмкіндіктерге жол ашады деп ойлаймын. Тәжірибе көрсеткендей, мультимедияның ағылшын тілін үйретуде мүмкіндіктері зор. Педагогикалық зерттеулерге сүйенер болсақ, ағылшын тілін оқытуда мультимедиалық бағдарламаларды және ресурстарды пайдалану арқылы мынадай құндылықтарға қол жеткізуге болады
• әр түрлі тапсырмалар беру арқылы коммуникативтік шеберліктерін (тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу) қалыптастыру мүмкіндіктері;
• оқу ақпаратының көпқырлылығы және бір уақытта көру, тыңдау және сөйлеу мүмкіндігіне ие болу мүмкіндіктері;
• оқып жатқан тілде мәліметтерді тыңдау арқылы сол тілде сөйлеушілермен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді;
• Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану балалардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады. Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:
• лексиканы оқып үйретеді;
• сөйлеу ырғағын;
• диалог, монолог және рөлдік ойындарды;
• хат жазуға үйретеді;
• Ағылшын тілі пәні сабағында балалардың тілді дұрыс меңгеруі үшін әртүрлі рөлдік ойындарды қолдануға болады. Осы рөлдік ойындарды оқу үдерісінде қолданудың басты мақсаты – балалардың ой-өрісін кеңейту, өзіндік пікірін қорғауға, сөйлеу тілінің дамуына ,сөздік қорының қалыптасуына ықпал ету болып табылады. Шетел тілінде сөйлеуді, қарым-қатынас жасауды үйретуді мақсат еткен әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығулардың бірі ретінде осы рөлдік ойындарды қолданғаны жөн.
• Өз тәжірибемнен айтатын болсам мен, сабақ барысында баланың тілін дамытатындай, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратындай ойындарды қолданамын. Олар:
• «Доппен ойыны» - балалар допты бір-біріне лақтырып тез заттың атын немесе түсін, яғни жалғастыру керек.
• «Сұрақ қой» ойынында үстелдің үстінде бірнеше заттар жатады, балалар әр затқа сұрақ қою керек, «Затты тап» ойынында мұғалім әлдебір затты гаетпен жауып, сұрақтар қою барысында балалар ол не зат екенін шешу керек.
• «Сөз құра» - суретке қарап атын атау және осы сөздің бірінші әрпіне сөз құрау керек.
• «Түсті ата» ойынында мұғалім қызыл түсті карташаны көрсетіп « What colour is it ?” балалар It's red деп жауап береді .
• «Just the facts» Мұғалім тақтаға 3 сұрақ жазады, мыс: What kind of music do you like? Where do you usually listen to music? Who is your favourite singer? Әрбір бала 3 үлестірмелі қағаздан алып, оның әрқайсысына, әр сұраққа жауап жазады. Мұғалім барлық қағаздарды жинап алып, араластырады да, әр балаға 3-3тен таратады. Балалар топ ішінде сұрақ қоя жүріп, қолындағы карточканың иесін іздейді. Барлық карточкалар өз иесін тапқанда ойын аяқталады. Бұл ойынды Атамұра баспасынан шыққан, авторлары: Аяпова.Т. Әбілдаева.З. Ұқбаев. А. оқулығындағы «Music in our life» тақырыбын өткенде немесе музыкаға қатысты сабақтарда пайдалануға болады.
Әр ойын сабақ мақсатына сай қолданыс табады. Бұл ойындар оқушының сөйлеу тілін жаттықтырады. Қимылдары дамуымен қатар ойын барысында өлең, тақпақ жаттайды, мысалы: «colours”, “friends”, “ school”, “family” .
• Адамдар арасындағы қарым-қатынас ешқандай мотивсіз, яғни қызығушылықсыз болуы мүмкін емес. Дегенмен, сабақ барысында балалардың қызығушылығын ояту оңай емес. Сондықтан біз оқу үдерісінде балалар өздігінен сөйлейтіндей жағдай тудыруымыз керек.
Психологтардың көпшілігі балалар не айтқысы келеді, соны айтсын деген тезисті қолдап отыр. Балалардың коммуникативтік ойындарды қолдану барысында, өз ойларын жеткілікті дәрежеде жеткізе алмауы, олардың сөздерді айтуда қателесемін деген ойының туындауында, себебі кейбір балаларда ұялшақтық пен ұяңдық тән, олардың бойында өзгелермен жылдам қарым-қатынасқа түсу сияқты қасиеттер баяу. Міне, осы мәселені шешу үшін, ағылшын тілі сабақтарында балалардың коммуникативтік сөйлеу біліктілігін қалыптастырып, дамытуда ойын әдісінің ролі өте зор.Осы мақсатта рөлдік ойындарды қолдану – шетел тілін меңгертудегі ең жақсы амалдардың бірі.
Сөздерді дұрыс айту, сауатты жаза білу – тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі. Өйткені шын мәнісінде, сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейді. Балаларды өз ойын толық баяндай білуге үйрету, байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру – әр мұғалімнің парызы. Сөздік жұмысы да, көрнекіліктермен орындалатын тапсырмалар да балаларды байланыстырып сөйлеуге даярлайды.
Тиісті затты көзбен көру, қолмен ұстау немесе суретін көрсету арқылы жүргізілетін сабақ есте жақсы сақталады. Сабақ үстінде балалардың тілін ұстартуда сабақты құрғақ сөзбен түсіндіргеннен гөрі, көрнекі құралды пайдаланып түсіндірген тиімді.
Сөздік жұмысы да, көрнекілікпен жұмыстары да балаларды байланыстырып сөйлеуге даярлайды. Дидактикалық материалдарды тақырыптардың жүйесі бойынша тапсырмаларға бөліп беру ұтымды. Ағылшын тілінде сөйлей білмейтін балалардың сөздік қорын, сөйлеу тілін дамытуда көрнекілік пен ойын әдісін, сөйлеу үлгілерін қолдануға болады. Балалардың сөздік қорын дара суреттер не заттың нақтылы өзін көрсету, ойындар ойнату және өзара сөйлестіру жолдарымен байытып, сөздің дыбысталу жағын дұрыс айтуды, грамматикалық тәсілдерді, логикалық жаттығуларды орындату арқылы өткізу керек.
Соңғы жылдардағы тілші, әдіскер ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесіне жүгінсек, балалардың көпшілігінің сөздік қоры жұтаң, сөз тіркестерін, сөйлем және мәтін құрауда дәрменсіздік танытатындығын, ойын жүйелі түрде айтып бере алмайтындығын, ауызша сөйлеу дағдысының төмендігін байқауға болады. Мұның басты себебі, баланың сөйлеу формаларын игерудегі дағдысының әлі қалыптаспағандығынан, білімінің жеткіліксіздігі деп санаса, кейбір зерттеушілердің пікірінше, мектептегі тіл дамыту жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілмейтіндігінде деп санайды.
Қазіргі кезде балалардың ауызша сөйлеу әрекетін қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Сондықтан да ағылшын тілі сабағында мұғалімнің басты мақсаты ең әуелі баланың сөздік қорын қалыптастыру болып табылады.
Балалардың сөздік қорын қалыптастыру белгілі бір жүйемен үздіксіз жүргізіліп, оларды жүйелі сөйлеуге дағдыландыру кешенді жұмыстар мен жаттығулар негізінде ұйымдастырылса, оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы күтілетін білім нәтижелері балалардың ауызша сөйлеу дағдысын дамытуға негізделсе, онда оқушылардың тілін дамытудың, сөздік қорын байытудың нәтижесі мен мүмкіндігі арта түсер еді. Балалардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастырса, онда бала келешекте қоғамдық-әлеуметтік ортада ойын еркін жеткізуге, әдеби нормада жүйелі, шебер сөйлеуге дағдыланады.
Атақты американдық жазушы Е. Градин
Достарыңызбен бөлісу: |