Шет тілдерін үйрену, әсіресе ағылшын тілі қазіргі заманның қажеттілігі



бет3/5
Дата27.05.2022
өлшемі164,5 Kb.
#35780
1   2   3   4   5
- сөздік арқылы тіл дамыту;
- мәтінге байланысты тіл дамыту;
- көрнекі құралдар арқылы тіл дамыту;
- үйірмеге және басқа жұмыстарға қатысу арқылы тіл дамыту.

Ағылшын тілінің негізгі мақсаты балаларға тіл үйрету болғандықтан, негізгі жұмыс сөз үйрету болып табылады. Ағылшын тілі сабағының негізгі арқауы – тіл дамыту жұмыстары болуы тиіс. Балалардың фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдар туралы мағлұматтар мен анықтамаларды, түсініктемелерді ағылшын тілінде дұрыс пайдалануды игеруі, өз ойын нақты, жүйелі түрде еркін жеткізе білу қабілеті тіл дамыту жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылып, талапқа сай жүргізілуіне байланысты.

Тіл дамыту жұмыстарының тәсілдері төмендегідей:
1. Грамматикалық тапсырмаларды түрлендіріп беру;
2. Мазмұнды суреттермен жұмыс ұйымдастыру;
3. Балаларды топқа бөліп, өзара сөйлестіру;
4. Белгілі бір тақырыпта берілген әңгімені жалғастыру;
5. Шағын көріністер даярлату;
6. Мәтінмен жұмыс жүргізу.

Осының ішінен ең басты орын алатыны – мәтінмен жұмыс.


Мәтінмен жұмыс жүргізу барысында қойылатын басты талаптардың бірі – берілген материалды түсіну. Себебі бала оқып тұрған әрбір сөздің, әрбір сөз тіркесінің беретін мағынасын, грамматикалық тұлғасын түсінбейінше сөйлемдегі айтылар ойды қабылдай алмайды. Сондықтан алғашқы сабақтардан бастап ағылшын тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтқыза отырып, әрбір оқылған сөзді, сөз тіркесін, сөйлемдерді, мәтінді түсініп оқуға баулу қажет. Егер мұғалім мәтін бойынша тек: оқу, аудару, сұраққа жауап беру, мазмұнын әңгімелету сияқты түрлерін пайдаланса, бұл бір сарынды болып келіп, балаларды жалықтырады және пәнге деген қызығуын төмендетеді.

Ал шығармашылықпен жұмысты мынадай тәсілдерді пайдалана отырып өткізуге болады:


-Мәтінді өзгертіп баяндату. Мысалы: “Менің ойымша”, “Мен өз тәжірибеме сүйеніп айтып отырмын”, сияқты сөз тіркестерін қолдану.


-Мәтіннен іріктеліп алынған сөздерге морфологиялық талдаулар жасата отырып, түбірлес сөздерді анықтату. Бұл жұмыс түрлері өтілген грамматикалық ережелерді есте сақтау, іс жүзінде пайдалана білуге жаттықтырады.


-Тілді жақсы білетін балалар үшін белгілі бір сөйлемнің құрамындағы сөздерді синонимдермен алмастыруды тапсыруға болады.


-Мәтіннің құрамындағы сөйлемдердің ретін алмастыра отырып, ауыстырылған сөйлемдерді орын, орнына қою арқылы әңгіме құрастыру.


Берілген сөйлемдерді оқиға желісіне сүйене отырып, әңгіме құрастыру.


Жұмыстың бұл түрі мәтін құрамындағы әрбір сөздің мән – мағынасын нақты түсінуге, яғни сөздікпен жұмыс істеуге ықпал етеді.


- Берілген мәтінге сүйене отырып диалог құрастыру.

Мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстың басқа түрлері де өте көп.


1. Оқылған әңгіменің мазмұнын қысқаша, тұжырымды түрде әңгімелету.
2. Мәтін ішінен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді табу.
3. Белгілі бір жоспар бойынша мазмұнын айту.
4. Мәтін бойынша сурет cалғызу.

Әңгімелесу әдісінің құндылығы балалардың бірлескен әрекетке тартылуымен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерінің өрістеуіне, зияткерлік қырларының дамуына ықпал етеді. Балалар әңгімелесуге, талқылауға белсенді тартылғанда олардың оқуы тиімдірек болады. Балалар әңгімелесуге тартыла отырып басқа құрбыларының көзқарастары арқылы өзінің тұжырымдамалық түсінігін тереңдетіп, дамытуына мүмкіндік алады.


№ 1.Төмендегі мəтінді мысал ретінде алуға болады


My friend Bill is a geologist. He does not stay in town in spring and summer. He goes on expeditions. There he lives in a tent and cooks his own meals. He thinks he is a very good cook and when he comes back to town he tries to teach his wife and mother in low the art of cooking. He tells everybody that canned meat and porridge are the best dishes. His wife in his opinion spends too much time on cooking. So he does not let her stay in the kitchen. Neither his wife nor his mother in low contradicts him, for he never stays long at home. When he lives his children are sorry to part with him but they are glad that grandmother will cook their meals again.


Соңғы кезде көп қолданылып келе жатқан жұмыс түрінің бірі — «Brainstroming» əдісі, яғни суреттеліп берілген белгілерді қолдану арқылы біртұтас əңгіме құрастыру, оны əңгімелеп айту болып табылады


№ 2. «Brainstorming» 2 əдісі.


Бұл əдісті ағылшын тілі сабағында қолдануға болады:
Describe the way something is said: whisper, cry, shout, yell, mumble,
Think of as many things as you can that are
How many methods of travel can you think of?
What if you were caught in an avalanche?
What if tobacco wasn’t brought to Europe?
Сабақта Интернеттен алынған əндермен қоса, əн туралы қызғылықты қысқаша деректер, əннің нотасын жəне фразаларды қолдануға болады. Əннің мəтінін қағазға шығарып балаларға таратып беру керек.
Мысалы: «Twinkle, twinkle little star», «If you`re happy», «Spring is green» т.б.

№ 3. «Spring is green» əнін толықтыру:


is green, spring is

is bright. Summer is


is yellow autumn, is


is white. Winter is


Қазіргі кезде ағылшын тілін меңгеруде (есту, тыңдау, оқу арқылы) оқу фильмдерін көру, үнтаспалар тыңдау жəне тағы басқа мүмкіншіліктері өте көп. Шетел мамандарының сөйлеуімен жазылған үнтаспалар, бейнефильмдер көптеп саналады. Тыңдау қабілетін үнтаспа көмегімен дамыту үшін арнайы бейнежаттығулар мен аудиомəтіндер қажет. Осы орайда мəтінді тыңдау, оқып отырудың мəні зор. Тыңдауға үйренуді сөйлеумен бетпе-бет отырып тыңдаудан бастаған жөн. Аудиториялық сабақтарда оқытушының сөйлеуі, бейнефильмді көрсете отырып, оқытушының оқуы бала үшін үлкен өнеге, үлгі болады. Ауызша сөйлеуге үйрету шетел тілім оқытудың ең қиын аспектісі болып саналатындықтан, ең негізгі мақсат — естігенін түсіне білуге үйрету. Түсінуді тексерудің ең басты бөліктерін — сурет арқылы, екіншіден — жазбаша жауап беру арқылы жүргізуге болады. Сурет арқылы үйрету кезінде қажетті суретті таңдау — алдымен айтылған фразаға, диалогқа, мəтінге, əңгімеге, одан соң тыңдалған материал мен суреттегі айырмашылықты табуға байланысты болады


№ 4. Сурет арқылы өзіннің сүйікті үй жануарын сипаттау:


Сурет арқылы өзіннің сүйікті үй жануарын сипаттау
Сурет арқылы үйрету кезінде қажетті суретті таңдау — алдымен айтылған фразаға, диалогқа, мəтінге, əңгімеге, одан соң тыңдалған материал мен суреттегі айырмашылықты табуға байланысты болады.
Сурет арқылы үйрету кезінде қажетті суретті таңдау

Көріп біткен фильм бойынша төмендегідей жұмыс түрлерін орындауға болады:


Бір кейіпкерді таңдап, диалог құру.
Жұмыстың мұндай түрі ағылшын тілін тыңдап түсіне білу мен сөйлеуге үйретеді. Ағылшын тілін тыңдап түсіне-білуге үйрену үшін тек ұнтаспа ғана емес, сонымен бірге бейне-фильм жəне диафильмдердің көмегіне сүйенуге болады. Ағылшын тілінде тыңдап түсіну қабілеттері дамып жетілгеннен кейін, радиобағдармаларды тыңдауға немесе көркем жəне деректі фильмдерді көрсету арқылы балалардың білімдерін нығайтуға болады.

Ағылшын тілі сабағында сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.


Балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде:


- балалардың сөздік қорларын дамыту;


- жаңа сөздерді меңгерту;


- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.


Ұжымдық, топтық білім беру технологиясы түрінде ауызша сөйлеуге үйрету балалар мен мұғалімдер, бала мен бала арасында іске асырылады. Біріншіден, олар бір-бірімен ауызша тілдесу арқылы қарым-қатынаста болса, екіншіден, ұжым арасында еңбек етуге үйренеді. Дегенмен əр ұстаз қандай технологияны таңдаса да ең алдымен өзі сол технологияны жете түсініп, меңгеруі тиіс. Өйткені техникалық құралдардың əрқайсысын жете білу жəне меңгеру — бала үшін ең қажетті шарт. Сонда ғана балалар ауызша сөйлеуге үйреніп, олардың сөйлеу дағдылары қалыптасып, сөйлеуге жаттығады.


Топтық жұмыстар балалардың бірлесіп жұмыс жасауына, бірге шешім қабылдауына жағдай жасады, өз ойларымен толық ақпарат алды. Әр сабағымда диалогтық оқытуды үнемі жүзеге асырып отырады, себебі ағылшын тілі пәні ауызша жеткізуді, оқығанын қандай да бір дәлелдемелерді қажет ететін пән. Постер жасау жаңа тақырыпты игеру мен түсіну үшін тиімді болды, себебі ағылшын тілі сабағында жұмыс жасау өте маңызды. Ал мәтінмен жұмысты постер арқылы, рөлдік ойын арқылы жүзеге асыру өте тиімді. Балаларды шапшаң жұмыс жасап, тез шешім қабылдауға дағдыландырады, сөйлеу мәдениетін қалыптастырады. Сыни ойлауын дамытады.


Күннен-күнге серіктестік жұмыстарында нақтылық, дәлдік пайда бола бастады. Ойлары да, өз шешімдерін қорғай алатындай тереңдей түсті. Бір – бірімен жұмыс барысында пікір алмасып, ой бөлісіп, ортақ шешім қабылдап үйренді, топтың атынан сөйлеу оларды жауапкершілікке жетеледі.


Деңгейі орташа бала да топтық тапсырма барысында өз үлесін қосты. Өзара оқыту арқылы дарынды балалар өз кластастарына көмектесті. Диалог арқылы ынтымақтастық пен серіктестікті тудырды, балалар бір-бірінің ойымен де есептесуге ұмтылды, рөлдік ойыны арқылы тілдері жаттығып, образда ойнауға үйренді. Топтар өзара зерттеушілік әңгіме жүргізді: «бәлкім», «мүмкін», «солай емес пе» және т.б. сөздерді қолданды.

Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Балалардың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.


Сонымен бірге топ ішінде ойнайтын ойындар мен іс-əрекеттер арқылы да тіл дамытуға болады . Мысалы, ойынды сабақ үстінде жаңа сөздерді қайталау үшін, өтілген жаңа сабақты еске түсіру үшін қолданған жөн. Ойындар балалардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің жан-жақты қалыптасуына, дамуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі. Ойындар балалардың танымын, ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, əрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пəнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды жəне балалардың зейінін, ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді жəне нақты міндеттерді шешеді. Ойынды сабақтың əр кезеңдерінде, тақырыбына қарай мұғалім өзі таңдап алып, қолданып отырады.
Топ ішінде мынадай ойындарды ойнауға болады: What’s in the bag? Around the world, Order Race, Question race, Bingo, Go fish т.б.

№ 5. Ойын арқылы ауызша сөйлеу қабілетін дамыту:


«What’s in the bag?» «Сумкада не бар?» ойыны.


Мұғалім алдымен балаларға бір сумка алып келеді. Балалардан сұрайды: Балалар, сумкада не бар? Балалар ішінде дəптер, қалам, кітап бар деп айта бастайды. Мұғалім бұл ойынды сабақ соңында қолдануына болады. Əсіресе жаңа сөздерді еске түсіру үшін қолданған тиімді. Мұғалім сумканың ішіндегі заттармен таныстырады. Сумкада не бар? Мұғалім балалардан What’s this? сұрағы арқылы затты көрсету арқылы сұрайды. Мысалы: pen, copybook, pencil, ruller, rubber деп көрсетеді. Содан соң балаларға жеке-жеке қайталатады. Сөздерді ұмытпау керек. Балаларға сумка ішіндегі заттарды таратып беріп, балалардан осы заттарды былай сұрауға да болады. Мысалы: Who has a pencil? Who has a ruller? жауап бергенде балалар кімде екенін табу керек. Балалар тапса Janatbek has a pencil деп табу керек. Бұл ойын баланың cабаққа деген қызығушылығын арттырып, сөздік қорын молайтады, сондай-ақ балалардың есте сақтау қабілеті арта түседі.

«Whose birthday is today?» ойыны.


Мұғалім балаларға «One of you has a birthday today. Guess who she is».

Балалар: What colour is her hear? What colour are her eyes?


What is her nose like? What is she wearing?


What is her hobby? — деген сұрақтарға жауап бере отырып, балалар кімнің туған күні екенін табу керек. Бұл жұмыс түрі де балаларды ағылшын тілінде сөйлеуге үйретеді.


Бұл ойындар балалардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі. Қазіргі замандағы мұғалімдер ағылшын тілінде еркін сөйлеу үшін «Interview» («Интервью») ойынын қолдану өте тиімді деп есептейді. Сұрақ–жауап жұмыстарында ойындарды қолдану да өте қызықты деп саналады.


Адамдар тілді қолданғанда «Нені?», «Қалай?», «Қайтіп?» деген сұрақтарға жауап беру үшін пайдаланады. Енді осыны үйрету мақсатында қолданса, үйретуші мен үйренуші үшін екеуара тиімді тəсіл болары даусыз. Үйретуші толып жатқан тілдік құбылыстардың қайсысын бірінші, қайсысын кейінірек оқытуда құрылым жəне мағына бойынша басымдыққа ие бола алса, үйренуші де дəл солай таңдау мүмкіндігіне ие бола алады.


Ауызша сөзді түсіну адамның естіген сөздерінің мағынасына талдау жасап, аяқталған ойды білдіруіне, ойша жинақтау қабілетіне байланысты болады.

Ағылшын тілі пəні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйретуде əлемдік озық тəжірибелерді, жаңа технологиялар мен əдістерді барынша қолдануда.


Ауызша сөйлеуді үйретуде əр түрлі технологияларды пайдаланған тиімді. Мысалы, қазіргі білім беру үдерісінде еніп жатқан инновациялық технологияларды басшылыққа алып, практика жүзінде ауызша сөйлеуді іске асыруға болады. Яғни, біз деңгейлеп саралап оқыту технологиясында білім алушыларға деңгейлік тапсырма беру арқылы əр баланы ауызша сөйлеуге үйретеміз. Балалар сөйлеу арқылы өз ойындағысын жеткізу үшін, ең біріншіден, балалардың сөздік қорын байытып, содан соң жаңа өткен сөздердің есте сақтап жəне де əр жағдайда қандай мағынаны беретінін түсіндіру қажет. Кейін осы жаңа сөздері бар фильмдер көрсету, өлеңдер тыңдату, диалог жəне монолог құрастыру арқылы жұмыстар жүргіздік.


Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орыналады. Балалардың бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын- сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет