Шет тілдерін үйрену, әсіресе ағылшын тілі қазіргі заманның қажеттілігі


«You cannot effectively learn a foreign language until you make a million mistakes in that language. So hurry up and made your million mistakes»



бет5/5
Дата27.05.2022
өлшемі164,5 Kb.
#35780
1   2   3   4   5
Байланысты:
сөздік жұмыс

«You cannot effectively learn a foreign language until you make a million mistakes in that language. So hurry up and made your million mistakes» деп айтқандай, кез-келген адам ағылшын тілін сөйлеу әрекетінде миллиондаған қателерді жіберу арқылы үйреніп, шыңдалады.

Корытынды:


Балалардың сөздік қорын қалыптастыруда сабақта пайдаланатын көрнекі құралдардың маңызы зор деп айтар едім. Көрнекі құралдың мазмұнын балалар мұғалімнің ауызша түсіндіру арқылы біледі де, ал көрнекі құрал сол айтқандарын айқындай немесе нақтылайтүседі.
Қытай даналығында: «Маған айтсаң, мен ұмытып қаламын; маған көрсетсең, мен есімде сақтаймын; ал өзіме әрекет жасауға мүмкіндік берсен, мен үйренемін» деп айтылғандай, біз балаға бір ақпаратты тек айтып қана қойсақ, ол ұмытып кетуі мүмкін, көрсетсек есінде қалуы мүмкін

Көрнекі құралдарды пайдалану арқылы балалар алдымен сөз, содан кейін сөйлем ойланып, ойын жүйелі, тұтас айта білуге төселеді. Әр балаға жеке-жеке үлестіріліп берілетін карточкалар сөздік жұмысын игертуге, сөйлем ойлатуға мақсатталған. Ағылшын тіліндегі тақырыптарды қамтитын жаттығу жұмысына арналған үлестірмелерді балалардың тапсырманы өздіктерінен орындауына пайдалануға болады.


Сабақ үстінде балалардың тілін ұстартуда сабақты құрғақ сөзбен түсіндіргеннен гөрі, көрнекі құралды пайдаланып түсіндірген тиімді.

Білім беруде диалогтың маңызы зор, мұғалім балалармен тікелей байланыс жасайды, ой тастайды, әр түрлі деңгейдегі сұрақтар қояды.


Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат. Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Білім сапасы баланың білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей байланысты. Сабақ барысында оқудың белсенді әрекет әдістерін қолданудың нәтижелілігін осыдан көруге болады.


Ағылшын тілін оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, оқытушының көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады.


Қорытындылай келе, егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ол өркениетке жетуде жан- жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан- жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып отыр. Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты құбылыстар мен таныс объектілерді зерттеумен байланыстырудың маңызы зор.


Баланы ізденушілікке баулу оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.




Өзімнің практикам кезінде балалардың өзіндік ізденуге, шығармашылықпен, дербестікке ұмтылысына диалогтік окытудың маңызы зор болды деген шешімге келдім.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет