Шет тілін оқыту әдістемесі пәні



бет5/6
Дата30.11.2022
өлшемі115,98 Kb.
#53908
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Осы жолмен мұғалім оқушыларының жаңа грамматикалық құбылысты қолдануын автоматтандырады. Оқушылар бір үлгінің көптеген нұсқаларын меңгергеннен кейін грамматикалық құбылысты қорытып, оларға ереже ұсынылады. Әдетте ол жоғары сыныптарда болады. Грамматикалық құбылысты іс жүзінде меңгерген оқушыларға грамматикалық ереже шығару онша қиынға түспейді. Оқушылар өздері үйренген үлгілерін ұмытып қалмау үшін оларды әлсін – әлсін қайталап отыру керек.

  • Осы жолмен мұғалім оқушыларының жаңа грамматикалық құбылысты қолдануын автоматтандырады. Оқушылар бір үлгінің көптеген нұсқаларын меңгергеннен кейін грамматикалық құбылысты қорытып, оларға ереже ұсынылады. Әдетте ол жоғары сыныптарда болады. Грамматикалық құбылысты іс жүзінде меңгерген оқушыларға грамматикалық ереже шығару онша қиынға түспейді. Оқушылар өздері үйренген үлгілерін ұмытып қалмау үшін оларды әлсін – әлсін қайталап отыру керек.

ә) Грамматикалық материалды түсіндірудің индуктивтік жолы. 5-сыныптың соңында және одан жоғары сыныптарда грамматикалық материал ереже түрінде түсіндіріледі. Оқушыларға жас ерекшеліктеріне байланысты және ортаңғы сатыда өтетін грамматикалық материалдың сипатына сай 6-7 сыныптарда грамматикалық материалды индуктивтік жолмен түсіндірген жөн. Шетел тілінің грамматикалық құбылысына сәйкес келетін құбылыс ана тіліне бар болса, оны түсіндіру үшін индуктивтік тәсілді пайдаланған өнімді. Грамматикалық материалды индуктивтік жолмен түсіндіру дегеніміз - мұғалімнің жетекшілігімен көптеген нақты мысалдарда бақылау нәтижесінде грамматикалық ережені оқушылардың қорытуы. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі, бақылауы, ережені қорытуы, олардың белсенділігін арттырып, ойлау қабілетін дамытады, талдау жасауға дағдыландырып, салыстыруға үйретеді. Демек индуктивтік жолдың үлкен тәрбиелік маңызы зор.

  • ә) Грамматикалық материалды түсіндірудің индуктивтік жолы. 5-сыныптың соңында және одан жоғары сыныптарда грамматикалық материал ереже түрінде түсіндіріледі. Оқушыларға жас ерекшеліктеріне байланысты және ортаңғы сатыда өтетін грамматикалық материалдың сипатына сай 6-7 сыныптарда грамматикалық материалды индуктивтік жолмен түсіндірген жөн. Шетел тілінің грамматикалық құбылысына сәйкес келетін құбылыс ана тіліне бар болса, оны түсіндіру үшін индуктивтік тәсілді пайдаланған өнімді. Грамматикалық материалды индуктивтік жолмен түсіндіру дегеніміз - мұғалімнің жетекшілігімен көптеген нақты мысалдарда бақылау нәтижесінде грамматикалық ережені оқушылардың қорытуы. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі, бақылауы, ережені қорытуы, олардың белсенділігін арттырып, ойлау қабілетін дамытады, талдау жасауға дағдыландырып, салыстыруға үйретеді. Демек индуктивтік жолдың үлкен тәрбиелік маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет