б) Грамматикалық материалды түсіндірудің дедуктивтік жолы. Дедуктивтік жол дегеніміз - ережені мұғалім мүмкіндігінше қысқа, дәл түсіндіреді де, грамматикалық құбылысты бекітуге жаттығулар жасайды. Бұл әдісті көбінесе, жоғары сыныптарда қолданады. Дегенмен ортаңғы сыныптарда да, осы тәсілді қолдануға болады.

Грамматикалық материалды түсіндіргенде кездесетін қиыншылықтар:
Грамматикалық материалды түсіндіргенде тек оқушыларға таныс лексиканы қолдануға болады. Мұны бір ғана қиындық ұстанымы дейді.
Грамматикалық материалды мәтін оқудан бұрын оқу керек. Бұл ұстанымның аты-материалды алдын – ала ауызша өту ұстанымы.
Грамматикалық материал орта мектепте ана тілінде түсіндіріледі. Шетел тілінің грамматикалық терминдері ана тілінде оған сәйкес құбылыс болмағанда ғана қолданылады.
Грамматиканы түсіндіргенде, жоғарыда айтылғандай қызметтік қағидасын қолдану қажет, яғни бұл құбылыс өз ойын айту үшін репродуктивтік сөзде немесе оқып отырған мәтінді түсіну үшін рецетивтік сөзде қолданыла ма, соны ескеру керек. Демек грамматикалық ережелер өз ойын айту немесе мәтінді түсіну үшін нұсқау түрінде берілуі тиіс.