71
қайсарлылығы, өздеріне және басқаларға талап қоя білуі,
достарының арасында беделді болуы,
ұйымдастыру
қабілеттері достарына деген қамқорлық, қоғамға деген
көзқарастар.
ә) Класс ұжымындағы басқа да сайланбаған «лидерлердің»
саны, олардың мінезі мен класс ұжымына әсері, олардың
тигізетін
әсерінің себептері, кластағы «шетке шығып
қалғандар» саны, шетке шығарудың себебі және оны
анықтау жолдары, оларға жолдастарының қарым-
қатынасы.
б) Ұжым ішіндегі қарым-қатынас (кластың ұйымшылдық
деңгейі, жеке топтарға
бөлінуі немесе оның болмауы,
олардың ішкі деңгейі мен кластың жалпы жұмысына
қызығушылық деңгейі, алма-кезек талап қоя білудің,
жолдастық қамқорлықтың, сыйластықтың көрінуі), өзара
сын. Ұлдар мен қыздардың арасындағы қарым-қатынастың
ерекшеліктері. Жолдастық және достық қарым-қатынастың
жеке ұжым арасында пайда болуы.
в) Класс жетекшісінің жеке
бас және оның класқа әсері
(білімділігі, оқушы психологиясын білуі, мәдениеті,
ұйымдастырушылық қабілеті және олардың қызығуларын
білуі т.б.) Класс жетекшінің класс оқушыларына қатынасы,
оның оқушылар арасындағы беделі.
3. Ұжымдық жұмыстың мазмұны мен сипаты:
а) Оқу әрекеті (жалпы оқу үлгерімі мен тәртіп, кластың
жоғары оқу үлгерім үшін күресі,
жеке оқушылардың оқу
үлгерімін қадағалау. Оларға деген класс жетекшінің, класс
белсенділерінің, ұжымның талабы, өзара көмек, оның
формасы мен ұйымдастырылуы, оқу әрекетіндегі кластың
тәртібі (сабақта және үй
тапсырмасын орындағанда, оқу
жұмыстарындағы зиянды нәрселер шпаргалкалар, көшіріп
алулар, жасырын көмек).
ә) Оқудан тыс кластың өмірі. Саяси жаңалықтарға, өнерге,
әдебиетке, спортқа, коллекция жинауға деген қызығулар.
72
Осы қызығулардың пайда болу формалары (оқу
конференциялары, театрға, киноға бару, КВН, диспут
өткізу, т.б.), класс
оқушыларының мектеп өміріне
араласуы.
б) Қоғамдық пайдалы жұмыс және оның кластан тыс
өмірдегі орны, еңбектің түрлері және оның орындалуында
қоғамдық еңбекке деген саналы тәртіптің пайда болуы.
4. Жалпы қорытынды. Класс оқушыларының дамуының
деңгейі.
Тәртіптілік сипаты. Ұжым өміріндегі кемшіліктер және
оларды жою жолдары.