ШЕТЕЛ ТІЛІНІҢ ГРАММАТТИКАСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге сай ағылшын тілін оқытудың сапасын арттыру мәселесі бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Қазіргі нарық заманында Қазақстан көптеген шет мемлекеттермен достық қарым – қатынасты нығайтуда. Мемлекетіміздегі болып жатқан өзгерістер мен саяси – мәдени араласулардың көбеюі, біріккен өнеркәсіптердің пайда болуы, экономикалық қайта құрулар қазақтардың тілге деген қызығушылығы мен сұраныстарын тудырып отыр.
Ағылшын тілі – әлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен ойып орын алған тілдердің бірі. Тіл адамның қарым – қатынас құралы болғандықтан, ол адам баласы сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Сөйлеу әрекетінің ғылыми тұрғыда жан – жақты зерттелуі тіл білімінде ХХ ғасырда бастау алады. Тіл білімі үшін сөйлеу әрекетін зерттеу үлкен мәселелердің бірі екендігін швед лингвисі Фердинанд де Соссюр алғаш болып көрсеткен. Бала тілін зерттеген ғалымдар: А.Шахнарович, Л.Щерба, Е.Кубрякова, С.Канцельсон, Т.Аяпова және т.б. Лев Щерба: «Сөйлеу әрекеті дегеніміз – үздіксіз үрдіс және ол сөйлеу үрдісі мен тыңдаудан тұрады»,-деген [1].
Шетел тілі грамматикасына үйретудің басты мақсаты – оқушыда осы тілге тән ерекше механизмдерді қалыптастырып, осы механизмдердің кез – келген уақытта жұмыс істеуіне дайын болуына әсер ету. Басқа сөзбен айтқанда, мұғалімнің негізгі міндеті – грамматиканы оқушының басында қалатындай етіп ұғындыру.
Граммматиканы оқып үйренуде тілдің сан қилы сырларына жолығамыз. Тілдің түрлі құбылыстары, тіл ғылымының әр саласында қарастырылады. Мәселен, тілдегі сөздер, олардың барлығының жиынтығы – лексикология саласында, тілдің дыбыстық жүйесі – фонетика саласында, сөздердің формалары – морфология, ал сөз тіркестері мен сөйлем – синтаксис саласында қарастырылады. Ағылшын тілі әдістемесі ағылшын тілін зерттейтін тіл ғылымы деректеріне сүйенеді. Сондықтан, тілдің әдістемесі тіл ғылымымен, ғылыми грамматикамен өте тығыз байланысты [2].
Грамматика мен жазу әдістемесі тіл ғылымымен, психологиямен және педагогикамен тығыз байланысты. Оқытудың міндеті жаңа
сабақты түсіндіріп ғана қою емес, сонымен қатар негізгі анықтамалар мен ережелерді балалардың есіне берік сақтауға, тұрақтандыруға қалыптастыру. Ережені құр жаттап алған ұзаққа сақталмайды. Оны жаттығу кезінде меңгерсе ұзақ уақыт есінен шықпайды.
Қазіргі кездерде мектепте грамматиканы оқытудың мынадай үш әдісі қолданылады:
Мұғалімнің хабарлауы.
Оқушылармен әңгімелесу.
Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары.
Хабарлау әдісі кезінде грамматика сабақтарында керекті мәліметтерді мұғалімнің өзі баяндап айтып береді. Бұл кезде оқушылардың назарын, зейінін сол мұғалімнің айтқанына аудару керек. Мұғалім сабақты түсіндіру кезінде сол тақырыпқа көрнекілікті жеткілікті қолдану керек. Материалды түсіндіру кезінде өтіліп отырған тақырыпты жүйелі түсіндіріп, атап көрсету керек [3].
Шет тілінің грамматикасын оқыту бойынша білім берудің педагогикалық шарттары бойынша келесі әдіс – тәсілдер қолданылады.
Оқыту әдістерінің тиімділігін арттыру арқылы ұйымдастырылған сабақтарда үнемі біркелкі әдістерді қолдану емес, әр – түрлі бірнеше әдістерді ұштастырып қолдана білуге байланысты. Бақылау әдісі барлық пәндерді оқытуда кеңінен қолданылады. Бастауыш сыныпта дұрыс қолданған бақылау әдісі оқушылардың байқағыштық, логикалық ойлауын, танымын дамытады. Бақылау әдісін қолданудың тиімділігі мынадай тәсілдерді қолдана білуге байланысты:
-байқаудың мақсатын анықтау;
-қабылдайтын нәрселердің мөлшерін белгілеу;
-салыстыру арқылы олардың көптеген белгілерінің ішінен ең негізгі, бастыларын ажырату;
-содан кейін оларды топтастырып, қорытындылап тұжырымдар жасау.
Шет тілінің грамматикасын оқыту бойынша ұйымдастырылған шетел тілі сабағында берілетін оқу материалын оқушыларға жеткізу үшін әр түрлі оқыту әдістерін қолдануға болады. Тіпті, бір мазмұндағы оқу материалын түрлі әдістер арқылы оқушыларға ұғындыруға болады [4].
Шет тілінің грамматикасын оқыту берілетін өзіндік жұмыс түрлері – оқушылардың ой – өрісін дамыту үшін аса қажетті категорияларға талдау, жинақтау, салыстыру, ой қорытындыларын жасауға негізделгені дұрыс.
Шет тілінің грамматикасын оқыту сабағында оқушылардың танымдылық қабілеттерін арттыратын тиімді әдісі ретінде салыстыру орын алады. Салыстыру қосақтасқан екі үрдіс ретінде жүргізіледі: оқушы оны таным мақсатында пайдаланса, педагог оқушыға білім беруде қолданады. Бірінші кезеңде салыстыру ой операциясы ролін атқарса, екінші де дидактикалық әдіс орынын алады [5].
Салыстырудың мұндай жолдарын оқыту үрдісінде пайдалану оқушылардың жас ерекшеліктерінде, білім тәжірибене және сабақтың әр бөлімдеріне байланысты. Әсіресе салыстыру әдісін пайдалануға, мұғалім сұрақты нақты, түсінікті қоя білу керек. Салыстыру әдісін осылайша тиімді қолданған жағдайда ғана оқушылардың белсенді ойлау әрекетін жетілдіруге болады.
Ұқсас немесе ерекше қасиеттерін табу, топтастырып салыстыру анықтау, қарапайым ой қорытындыларын жасау, оны баяндап айтып беру, түсіндіру.
Шет тілін оқытуда тапсырмаларды беруде оқушылардың жасы мен оқу үлгерімін ғана емес, сонымен қатар сыныптағы (тілдік топтағы) оқушылардың санын да ескеріледі. Тілдік топта оқушы саны қаншалықты аз болса сабақ соншалықты қаныққан, жан – жақты өтілсе, көп мөлшерде оқушы саны бар тілдік топтарда тек жауап беру
«лидерлерінің» (ең белсенді оқушы) ауысып тұратындығы белгілі.
Тереңдетілген сыныптарда оқытылатын оқулықтардың әрбір тараулары оқушының барлық тіл дағдыларын қалыптастыруға немесе дамытуға бағытталған жаттығулар мен тапсырмаларды ұсынады [6].
Шет тілінің грамматикасын оқыту әдістемесіне жарқын мысал ретінде: «Ағылшын тіліндегі сын есім» тақырыбы таңдалып алынды. Осы тақырып бойынша педагогикалық тәжірибе өткізілді.
Шетел тілінен сын есімдердің классификациясын оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясының "Джигсо" әдісі қолданылады. Бұл әдіс бойынша оқушыларды 3 немесе 4 топқа ажыратылады. Кейіннен сол тақырып бойынша берілетін мәтін нұсқасы алдын – ала дайындалады. Ол бойынша мәтін не шатастырылған, не мәтіннің бас жағы соңына-соңы басына қойылып шатастырылады. Немесе мәтін бойынша кейбір сөйлемдерде көп нүктелер арқылы кейбір сөздер тасталып кетіледі. Кейін сол мәтіндегі сын есімдерді тауып, сын есімнің қайсы түріне жататындығын анықтау сұралады. Ал, оқушылар топтаса отырып, сол мәтінді өз қалрына келтіріп, сөздер қалып кеткен бөліктеріне өздері сәйкес келеді – ау деген сөздерді қойып, топтасып ақылдасып, кейіннен мәтін ішіндегі сын есімдерді табады, сын есімнің қайсы түріне- сандық, сапалық, салыстырмалы сын есімнің қайсысына жататындығын анықтап береді.
Соңында әрбір топтан 1 оқушы шығып, өздері құрастырған мәтінді оқып шығады. Кейін артынша мәтіннің түп – нұсқасы (дұрыс нұсқасы) ұсынылып, оқушылар өздері жіберген қателерін түзете алады. Осылайша «Джигсо» әдісі арқылы оқушылардың сыни ойлау қабілеттері артады [7].
Мысалы, Ағылшын тілі сабағындағы «Лондондағы кинотеатр» сабағы бойынша келесі қысқа мәтінді ұсынуға болады (1-топқа).
Миға шабуыл
Tell me about Cinema in London there are a lot of cinemas. Some of them show a large number of continental films. Cinema going is regular habit for many people in London.
Some cinemas show films in the afternoon, early evening and late evening. If they can not get to the cinema early enough to get tickets they can buy them in advance in most large stores and hotels.
Соңында толық мәтін мәнерлеп оқылады. Мәтінді мәнерлеп оқу барысында оқушылар қолдарына қалам алып, сөздікпен жұмыс істейді, яғни, Insertстратегиясын пайдаланды.
+- Мен үшін жаңалық. V- Білемін [8].
Мәтінді оқығанда олар өздері үшін түсініксіз, жаңа сөздерді белгілеп отырады. Мәтін бойынша оқушының пікірі бойынша мәтіндегі сандық, сапалы, салыстырмалы сын есімге жатады деп санаған сөздерді осы кестеге жазып, кестені толтырады.
Шетел тілінің грамматикасын оқыту оқушылардың сөздік қорын дамыту, ағылшын тілінің көркемдігін, әрі әралуандығының көрінісі болып табылатын сын есімдерді классификациялай алуға үйрену, сөздік қорын дамыту, оқушылардың грамматикалық іскерліктерін қалыптастыру, басты назарда болуды қажет етеді. Ал мұндай нәтижеге жету үшін Шетел тілі сабағында ойын арқылы оқыту технологиясын ерекше айтуға болады.
Шетел тілінің грамматикасын оқытуда Венн диаграммасын қолдану әдістемесі. Венн диаграммасы 1 тақырыптағы екі құбылыстық ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауда кеңінен қолданылады. Венн диаграммасы оқушылардың белгілі бір ұғымды жете түсінуіне, кейбір ұғымдардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ажырата білуіне өте үлкен септігін тигізетін, ең тиімді әдістердің бірі [9].
Грамматикалық қиындықтарды жеңуге бағытталған жаттығулар. 1.Сөйлемді тыңдаңыз және сол сөйлемде қанша сөйлем
мүшелері барын айтыңыз.
You can drive if you like.
You can stay here as long as you want.
Doesn't it matter to you what people do to me?
Сол бір грамматикалық құрылымы бар сөйлемді тыңдап, суреттеңіз:
Не speaks English very well.
He is always coming late. с) Не never writes letters.
He went to Italy 5 years ago.
He goes to the cinema on Sunday.
Бір-біріне ұқсас жұп сөйлемді тыңдаңыз және осы сөйлемдер бір-бірінен несімен ажыратылатынын айтыңыз:
It is a fast car. The car goes very fast,
He is a slow worker. He works slowly[10].
Шетел тілі грамматикасына үйретудің басты мақсаты – оқушыда осы тілге тән ерекше механизмдерді қалыптастырып, осы механизмдердің кез-келген уақытта жұмыс істеуіне дайын болуына әсер ету. Басқа сөзбен айтқанда, мұғалімнің негізгі міндеті – грамматиканы оқушының басында қалатындай етіп ұғындыру.
Грамматика ойлаудың ұзақ абстракциялық жұмысының нәтижесі болғандықтан, дерексіз жалпы ұғымдар көбірек кездеседі. Ондай дерексіз ұғымдар оқушылар сағылшынсына бірден қона қоймайды. Сондықтан оқыту ісінде грамматикадағы дерексіз ұғымдарға, дерексіз категорияларға деректілік, нақтылық беру мәселесін ойластыру грамматика сабақтарының басты міндеті болып саналады.
Шет тілінің грамматикасын оқыту бойынша ұйымдастырылған Шетел тілі сабағына мұқият дайындалу, оның мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін ойластыру жұмысын әрбір мұғалім өзінің ең басты міндетім деп сезінуі тиіс. Шет тілінің грамматикасын оқыту бойынша ұйымдастырылған Шетел тілі сабағында берілетін оқу материалын оқушыларға жеткізу үшін әр түрлі оқыту әдістерін қолдануға болады. Тіпті, бір мазмұндағы оқу материалын түрлі әдістер арқылы оқушыларға ұғындыруға болады.
Шет тілінің грамматикасын оқыту берілетін өзіндік жұмыс түрлері-оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін аса қажетті категорияларға талдау, жинақтау, салыстыру, ой қорытындыларын жасауға негізделгені дұрыс. Шет тілінің грамматикасын оқыту сабағында оқушылардың танымдылық қабілеттерін арттыратын тиімді әдісі ретінде салыстыру орын алады. Салыстыру қосақтасқан екі үрдіс ретінде жүргізіледі: оқушы оны таным мақсатында пайдаланса,