Шетелдерде қазақ қауымдастығы қалыптасуының тарихи себептеріне талдау



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата03.03.2017
өлшемі348,96 Kb.
#5625
1   2   3   4

қазақтары»  деген  қоғамдық  құбылыс  пайда  болды.  Қытайға  «отырған 

жерлерімен  бірге»  қараған  қазақтардың  алғашқы  кезде  қоныстары  тек 

шекараның  арғы  бетінің  төңірегімен  шектелген  еді.  Бірақ  олар  қытай 

қоғамындағы  саяси-қоғамдық  жағдайды  пайдалана  отырып  Іле,  Тарбағатай 

және  Алтай  аймақтарына  өрлеп  қоныстанып  отырды  да,  1860-  жылдардың 

соңында  өздерінің  қоныстану  аумағын  қалыптастырды.  Қытай  Цин 

патшалығы өзінің басқаруында ұстаған шеткері өлкелерді  –провинцияларды 

әскери- әкімшілік жүйе арқылы билеп-төстеген болатын. Сондықтан Іле мен 

Тарбағатай  аймағына  орналасқан  қазақтарды  Іле  генерал-губернаторының 

басқаруында,  Алтай  аймағындағы  қазақтарды  Моңғолиядағы  Улиастай 

генерал-губернаторының  билігінде  ұстады.  Бірақ  қазақтардың  дәстүрлі 

қоғамдық  басқару  құрылымын  бірден  өзгертпеді.  Қазақтардың  өздерінде 

сақталып  келген  билік  түзімі  (режимі)  бойынша  олардың  өз  билеушілерін 

өздеріне басшы етіп тағайындап, солар арқылы өз саясатын жүреге асырды. 

Анығырақ  айтқанда,  Іле,  Тарбағатай  және  Алтайдағы  қазақтарды  осы  үш 

аймақ  бойынша  бөлшектеп  ұстап,  олардың  жоғары  жік  билеушілеріне 

Ақалақшы (Болыс), Мыңбасы, Үкіртай, Гун,  Тайжі деп ата- латын көптеген 

тең  дәрежелі  мансапқа  тағайындап,  солар  арқылы  қазақтарды  басқарды. 

Қытайға  қараған  қазақтардың  орналасқан  аймақтары  бойынша  рулық 

құрылымы  негізінен  мы-  надай  болды:  Іле  аймағына  қоныс  тепкендер  Ұлы 

жүздің  Албан,  Суан  рулары  мен  Орта  жүздің  Найман  ұлысының  Матай 

әулетінен  тарайтын  Қызай  рулары;  Тарбағатайға  орналасқандар  -  Орта  жүз 

Найманнан  тараған  Қаракерейдің  бірнеше  рулары,  Уақ  рулары  және  Абақ 

Керейдің  ішінара  рулары;  Алтай  аймағына  қоныстанғандар  -  Орта  жүздің 

Абақ  Керей  рулары  (Он  екі  Абақ  керей)  мен  Найманның  кейбір  рулары. 



Қазақ  халқының  бұл  бөлігі  Қытайда  қазақ  қауымдастығын  қалыптастырды. 

Одан кейінгі кездерде- гі тарихи саяси оқиғаларға байланысты, мысалы, 1916 

жылғы ұлт-азаттық қозғалысының жанышта- луынан Қытайға босып барған 

қазақтар  (бұлардың  көбі  кері  қайтарылса  да)  және  1931-1932  жылғы 

ашаршылықтан ауып барған қазақтар сондағы қазақтарды паналап, олардың 

қатарын  көбейтті,  негізін  нығайтты.  Қытайдың  Алтай  аймағындағы  ежелгі 

қонысына  барып  орын  тепкен  қазақтардың  біраз  бөлігі  тіпті  де  жайлы 

жайлым  жер  іздеп,  Алтай  тауының  теріскей  бетіндегі  моңғол  жеріне  барып 

тұрақтап,  қазіргі  Моғол  еліндегі  қазақ  қоғамдастығының  негізін  қалады. 

Моңғол  тарихын  және  Моңғолиядағы  қазақтардың  тарихын  терең  зеттеген, 

көрнекті  ғалым  Зардыхан  Қинаятұлының  пайымдауынша,  «Моңғол  үстіртін 

мекен еткен соңғы Түрік тайпалары ХІІІ ғасырдың басында Моңғол жотасын 

артқа тастап Қазақ даласына қоныс аударған кезеңнен бастап, ХІХ ғасырдың 

орта шеніне дейін бұл өлкеде қазақтар болмаған»[42,92-93-б.] екен. Ал Ресей 

ғалымы  Г.Е.Грумм-Гржимайлоның  тексеріп-зерттеген  еңбегінде:  «Керейлер 

қазақтың Орта жүзінің бір тайпасы, 1881 жылғы Петербург келісімі негізінде 

(Абақ  керей,  Ашамайлы  керейлерінің)  көлемді  бір  бөлігі  Қытайдың 

батысында  қалып  қойды.  Олар  Урианхайларды  ығыстыра  отырып,  Ертіс 

өлкесінен  мұнда  жуықта  қана  келген.  Олар  өткен  ғасырдың  алпысыншы 

жылдардың  соңына  қарай  Алтай  тауының  бөктеріне  жетіп,  қазір  олардың 

көшінің  алды  шығысындағы  Буянты  және  Қобда  өзеніне  дейін  жетіпті. 

Олардың  та-  бындары  шашырай  жайылып,  Қобда  қойнауына  жетіп  қана 

қоймай,  Жоңғар  құмынан  өтіріп  Қытай  үкіметінің  рухсатымен  Үрімжі 

қаласының батысы, шығысындағы иен-тегін қалған тау жайылымдарын игере 

бастады»[43,  12-б.]-деп  жазылған.  Ресей  патшасының  геограпиялық 

қоғамының  тапсырмасымен   экспедиция  жүргізген  Г.П.  Потанин  1876 

жылдың 

тамыз 


айында 

Алтайда 


болады. 

Ол 


«Қырғыздардың 

(қазақтардың)  бір тобы Алтай жотасының теріскей бетіне өтіп, Қобда бойын 

мекендепті.  Олар  (керей-  лер)  біздің  Қобдаға  келіуімізден  6-7  жыл  бұрын 

Алтай  жотасының  күнгей  бетінде  еді,  бұрын  біз  сонда  кездестірген  Көбеш 

ауылы  қазір  осында  (Қобда  бетінде)  көшіп  келген  екен»[44,  50-б.]  –  деп 

жазған  екен.  Осында  й  көштер  өз  жалғасын  тауып  отырғаны  тарихи 

деректерден  байқалады.  «Абақ  керей»  атты  еңбекте:  Елеш,  Көбеш, 

Самырхан,  Кәрібай  ауылдары  1879  жылы,  жылқышы,  Бардам  ауылда-  ры 

1880  жылдары  Қобдаға  қоныстанып  қалды»[45,  92-б.]  –деген  мәлімет  бар. 

Бұл  деректер  бірін-бірі  толықтырып,  тарихи  шындықты  аңғартады. 

Моңғолиялық  қазақ  тарихшылары  Ә.Мініс,  А.Сарай  Абақ  керейлердің  бір 

топ  ауылдары  алғаш  Алтайдың  теріскей  бетіне  мал  отарлата  келіп  жүріп, 

соңынан  1868-1869  жылдардан  бастап  біржолата  қоынс  теуіп  қалған  –  деп 

санайды. Бұл көзқарасты Зардыхан Қинаятұлы қолдайды. Бірақ ол «Алтайдан 

Қобда асқан қазақ көші бір жылдық немесе бір жолғы оқиға емес. Көш 1860-

1870 жылдардан 1930 жылдарға дейін жалғасты» деп санайды. Сондай-ақ ол 

саяси жағдайға байланысты Қобдадан Алтайға қайта көшу оқиғасы да орын 

алып  отырған.  Дамбийжанцан  лаңы  кезінде  қазақтың  1270  отбасы  Алтайға 



қайтып  көшіп  барған.  1932  жылы  Кенжебек  лаңы  кезінде  Ителі  ауылдары, 

1943  жылы  Хужирт  сомонының  Секел,  Ботақара  ауылдары  Алтай  асқаны 

белгілі» дейді. Алайда ол «... ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында 

«Моңғол  қазақтары»  деген  қоғамдық  құбылыс  пайда  болды»[46,53-54-б.]  – 

деп тұжырымдайды. Моңғол жеріне Алтайдағы бір бөлім қазақтардың көшіп 

барып  қоныстануі  және  олардың  үкімет  та-  рапынан  мойындалуы 

салыстырмалы  түрде  біршама  жеңілдеу  болды.  Өйткені  Моңғолдардың  да 

Цин  империясының  боданында  болу  және  моңғол  халық  санының  өте  аз 

болуы мен жайылым жердің аса кең болуы сияқты факторлардың септігі тиді 

деуге болады. Цин империясы Алтайдағы және Қобдадағы қазақтарды бірдей 

өзінің  Урианхай  генерал  мекемесінің  Қобда  амбаны  (уәзірі)  арқылы 

бақылауында  ұстады.  Сондықтан  олар  үшін  қоластындағы  қазақтардың 

Алтай  тауының  күнгейі  мен  теріскейіне  көшіп-қонып  жүруі  маңызды  емес, 

маңыздысы  -  қазақтардың  қоғамдық  тыныштықты  сақтап,  міндетте-  ген 

салығын  тапсырып  тұрғаны.  Сондықтан  Цин  империясы  Моңғол  жеріндегі 

қазақтарды да өздерінің дәстүрлі басқару жүйесі арқылы билеп-төстеп тұрды. 

Моңғолиядағы  «Қазақ  қауымдастығының»  негізін  Алтайдан  асып  барған 

Абақ  керей  рулары  құрады  десек,  оны  толықтырғандар  1914-1917  жылдары 

Қазіргі  Шығыс  Қазақстанның  Марқакөл,  Зайсан  қатарлы  аудандарынан  ары 

асып  барған  наймандар  болды.  Қазақстандағы  күрделі  саяси  жағдайдың 

қысымынан бір бөлім найман, арғын руларының (саны аз болса да) Моңғол 

жеріне  көшуі  1930  жылдың  басында  біржолата  аяқталады[47,  97-б.]. 

Сонымен  Моңғол  жеріне  орныққан  қазақтардың  саяси  және  әлеуметтік-

экономикалық  өмірі  сол  мемлекеттің  сипаты  және  тарихи  даму  үдерісімен 

өріліп  өзгеріп  отырды.  Ресейде  қазақ  қауымдастығының  қалыптасуы  – 

Патшаллық Ресейдің қазақ даласын отарлауы және оның жүргізген әкімшілік 

реформалары  мен  Кеңес  Одағының  ұлтық  автономиялы  әкімшілік  террито- 

рияларды  анықтауының  нәтижесімен  тікелей  байланысты  орын  алған 

қоғамдық  құбылыс.  Қазақстан  ХҮІІІ  ғасырдың  20-  жылдарынан  бастап 

Патшалық Ресейдің классикалық отарына ай- налды. ХХ ғасырдың басында, 

яғни  1917  жылғы  ақпан  және  қазан  айларында  Ресейде  орын  алған  ре- 

волюциялар,  Ресейдің  де  және  оның  отарындағы  елдер  мен  ұлттардың  да 

қоғамдық  өмірін  түбегейлі  өзгертіп  жіберді.  Өйткені  Қазан  төңкерісі 

орыстың  монархиялық  билік  жүйесін  жойып,  оның  орнына  В.И.Ленин 

басшылық  еткен  Большевиктер  партиясын  билік  басына  әкелді.  Бұл 

партияның  түп  мақсаты  -  Ресейде  және  әлемде  езілген  ұлттыр  мен 

халықтарды азат етіп социалистік қоғам құру деп насихат- талды. Ресейдегі 

тарихи  өзгерістер  қазақтардың орыстың  отарлық  езгісінен  азат  болып,  өзін-

өзі  басқару  құқығына  қол  жеткізуге  мүмкіндік  тудырды.  Сонымен  қазақ 

элитасы  1917  жылдың  шілде  айында  Орынбор  қаласында  Жалпы 

қазақтардың  бірінші  съезін  өткізіп,  Ресей  құрамында  ұлттық  автономия 

құруды  күн  тәртібіне  қойды.  Сондай-ақ  осы  мақсаты  жүзеге  асыратын 

«Алаш» саясаи партиясын және «Алашордасы» үкіметін құрылып, қоғамдық 

саяси  қимылға белсене  араласты.  Ол  кезде  «Ақпан революциясынан кейінгі 



кезеңде  өз  бостандығы  үшін  күреске  шыққан  отарлық  езгідегі  халықтарға 

боль-  шевиктер  партиясы  тек  кеңестік  негіздегі  автономия  беретіндігін 

мәлімдеген»[48,  458-б.]  еді.  Бірақ  большевиктік  билік  қазақ  өкілдері  құрған 

саяси  партия  мен  атқарушы  үкіметті  және  олардың  саяси-  әкімшілік 

ұстанымдарын мүлде қабылдай алмады, екі жақтың ұлттық құқық пен мүдде 

мәселесінде ұстанымдары алшақтау болғандықтан, олар саясаи келіссөздерде 

бір  мәмілеге  келе  алмайтындығын  байқайтты.  Сонымен  Сібірдегі  Уақытша 

Бүкілресейлік  үкімет  1918  жылдың  қазан  айында  Алашорда  Халық  Кеңесі 

үкіметін  таратып  жіберді.  Бірақ  қазақ  жерінің  шекара-шебін  анықтау  ісін 

Кеңестік  қазақ  билігіндегі  ұлт  өкілдері  жалғастырып  отырды.  Жалпы  алып 

айтқанда,  қазақ  халқы  және  оның  орналасқан  өлкелерін  әкімшілік  басқару 

аумағына  бөлу  және  оны  басқару  формасын  Бүкілресейлік  Орталық  Атқару 

Комитеті мен Халық Комиссары Кеңесі өздерінің қабылдаған Декреттерімен 

анықтап  отырды.  Мсыалы,  Бүкілресейлік  Халық  Комиссарлары  Кеңесінің 

төрағасы  В.И.Ленин  1919  жылдың  10  шілдесінде  «Қырғыз  (Қазақ)  өлкесін 

басқаратын  төңкеріс  комитеті  туралы  уақытша  Ережеге»  қол  қояды.  1920 

жылдың  24  тамыз  күні  оның  қол  қоюымен  Қырғыз  (Қазақ)  Автономиялы 

Кеңестік  Сотциалистік  Республика  (АКСР)  құру  туралы  Декрет 

жарияланады.  Содан  кейін  Бүкілресейлік  Орталық  Атқару  Кеңесі  және 

Халық Комиссары Кеңесі декретті жүзеге асы- ру барысында №354 қаулысы 

шықты.  Бұл  қаулы  бойынша  Қазақ  автономиясының  құрамына  Семей, 

Ақмола, Торғай, Орал облыстары мен Закаспий облысының Маңғышлақ уезі, 

Астрахан  губерниясынан  Синемор  болысы,  Бөкей  ордасы  және  тағы  біраз 

жер  берілді.  Декретте  Түркістан  құрамындағы  қазақ  жерлерінің  тағдыры 

ондағы  халықтың  қаулысы  бойынша  шешіледі  деген  көрсетілді[49,  385-б.]. 

1920  жылы  16  тамызда  Қырғыз  (Қазақ)  әскери  төңкеріс  комитетінің  Қазақ 

АКСР-і шекара- сын анықтау комиссиясын бекіту жөніндегі № 128 қаулысы 

шықты.  Комиисяның  міндеті  тарихи,  экономикалық  және  саясаи  жақтардан 

Қазақ  республикасына  тән  жерлерді  және  республиканың  шека-  расын 

анықтау  болды.  1920  жылы  22-қыркүйекте  Бүкілресейлік  Орталық  Атқару 

комитетінің  қаулысы  бойынша   ҚАКСР  құрамына  Орынбор  губерниясы 

кірді,  сондай-ақ  Орынбор  қаласы  Республиканың  астанасы  болып 

белгіленді.   Сонымен  сол  жылдың  4-12  қазан  күндері  Орынбор  қаласында 

өткен 


Автономиялы 

Қырғыз 


(Қазақ) 

Кеңестік 

Сотциалистік 

Республикасының бірінші съезі өтті. Съезде қабылдаған алда атқаруға тиісті 

басты  міндеттер  ретінде,  АҚКСР  территориясын  анықтау;  Көршілес 

республикалармен шекараны белгілеу мәселелері алдыңғы орынға қойылды. 

Жұмыс  барысында  Қырғыз  (қазақ)  Революциялық  Комитет  пен  Сібір 

Революциялық  Комитет  арасында  қазақ  жеріне  қатысты  күрес  күрделі 

жүргізілді. Ақыры Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті 1922 жылдың 26 

қаңтарында  «Кирғыз  (Қазақ)  Республикасының  шекарасы  туралы»  қаулы 

қабылдап,  тарихи  негізге  сүйене  отырып,  орыстар  таласқан  солтүстік-

шығыстағы ұлан-байтақ жерді Қазақстан құрамына беруге шешіп қабылдады. 

Бірақ  сонда  да  қазақ  жерінің  толық  қайтарылмағанын  соңғы  кездегі 


зерттеушілер  салыстырып  зерттеу  арқылы  анықтап  отыр.  Қазан  төңкерісіне 

дейін  қазақ  аймақтарының  көлемін  одан  кейін  ҚазАКСР-і  кезеңіндегі  жер 

көлемімен  салыстырғанда,  Орал,  Орынбор,  Қостанай  және  Ақмола 

облысарынан 11%-ға азайған[50, 24-25-б.]. Демек, біршама қазақтар отырған 

жерлерімен бірге Ресей құрамында қалып қойғанын байқаймыз. Кеңес Одағы 

бойынша  жүргізілген  Ұлттық-территориялық  межелеу  науқаны  барысында, 

қазақтың  билік  басындағы  ұлтжанды  азаматтардың  қатты  қарсылығына 

қарамастан, шекараны ректификациялау деген желеумен, кеңестік билік 1925 

жылы Орынбор губерниясы мен Орынбор қаласын  және Торғай облысының 

бір аз жерін РКФСР құрамына өткізіп берді. Онда отырған қазақтар отырған 

жерімен  бір-  ге  Ресейдің  қарамағында  қалып  қойды.  Сондай-ақ  қазақтың 

шекара  маңындағы  кең-байтақ  шұрайлы,  қазба  байлығы  мол,  өмір  сүруге 

ыңғайлы  жерлеріне  Ресейден  қара  шекпендіңлер  мен  мұжықтарды 

қоныстандырып,  орыс  тұрғындарының  санының  жергілікті  қазақтардан 

артуына  байланысты,  ол  жер-  лерді  әртүрлі  сылтаумен  Ресей  құрамына 

қосып отырды. Биліктің бұл тәсілі өте ұтымды түрде шекара өңіріндегі қазақ 

жерлері  мен  тұрғындарын  Ресей  құрымына  біртіндеп  қосып  отырды. 

Орынбор губерниясының Ресей құрымына өтуіне байланысты, КазАКСР-ның 

әкімшілік  астанасы  1925  жылы  Орынбор  қаласынан  Ақмешіт  қаласына 

көшті.  Сөйтіп,  Қазақ  автономиясының  алғашқы  астанасы  –  Орынбор 

осылайша  орыстардың  аумағын  айналды.  Бұнымен  де  қазақ  жерінің 

әкімшілік  шебін  анықтау  толық  анықалған  жоқ.  Содан  кейін  1939  жылға 

дейін Қазақстанның  Солтүстік-батыс шекара өңіріндегі жерлердің әкімшілік 

иелігі біресе Ресейге, біресе Қазақстанға тән болып, ақыры Ресейге өтіп кетіп 

отырған. Демек, Ресейде қазақ қауымдастығының қалыптасуы ерекше терихи 

үдерісті бастап кешті деуге болады. Яғни патшалық Ресей заманында жалпы 

қазақ  жері  орыс  билігі  тарапына  отарланды.  Ал  КСРО  кезінде  ұлттық 

автономиялы  әкімшілік  аумақтардың  анықталуына  байланысты,  РКФСР-дің 

құрамында  түрлі  себептермен  жерімен  бірге  қалып  қойған  қазақтар  – 

өздерінің  атамекенінде  отырып-ақ  өзге  елдің  қоғамдық  ортасында  қазақ 

қауымдастығын қалыптастырды. Жалпы  алып қарағанда, Ресейдегі қазақтар 

Қазақстанмен шекаралас обылыстарда шоғырлы қоныстанған. Белгілі ғалым 

А.Айталының  зерттеуінше,  Ресейдегі  қазақтардың  орналасуы  мен 

демографиялық жағдайы төмендегідей: Астрахан облысында  -140 мың, Обы 

облысында – 86 мың, Орынборда 11 мың, Волгогрод та – 41 мың, Саратовта 

– 74 мың, Түменде – 30 мың, Челябіде  - 34 мың, Кемеровада - 4 мың, Алтай 

өлкесінде – 11 мың, Башқұртстанда – 7 мың, Мәскеуде  – 9 мыңға жуық[51, 

77-б.]  қазақ  өмір  сүреді.  Бұл  ХХ  ғасырдың  соңындағы  санаққа  негізделген 

мәлімет.  Осы  деректің  өзінен-ақ  қазіргі  Ресей  Федерациясында  үлкен  бір 

қазақ  қауымдастығының  өмір  сүріп  отырғандығын  көруге  болады.  Қазіргі 

Орталық  Азия  республикаларында  қазақ  қауымдастығының  өмір  сүріп 

отыруы  –  аймақтағы  тарихи  дамудың  және  саяси-әлеуметтік  өзгерістердің 

нәтижесі.  Орталық  Азиядағы  жергілікті  байырғы  халықтар  -  қазақ,  өзбек, 

түркімен, қарақалпақ және қырғыз халықтарының этногенезі мен өсіп-өнген 



ортасы ұқсас. Сондықтан олардың тарихи мәдени дәстүрі ұқсас, тұрмыстық 

әдет-ғұрыптары, тілі мен ділі өте жақын бір типтес ұлттар болып саналады. 

Тіпті,  олардың  тарихи  тағдыры  мен  қазіргі  талайла-  ры  да  бірдей.  Олар 

осынау  кең-байтақ  Орталық  Азия  кеңістігінде  ертеден  аралас-құралас  өмір 

сүрді, өсті, өркен жайды, ұлт болып қалыптасты, ел болып мемлекет құрды, 

тарих саханасына көтерілді, этнотерриториялық аумақтарын қалыптастырды. 

Бірақ  олар  ХІХ  ғасырда  ілгерінді-кейінде  патшалы  Ресейдің  отарына 

айналып,  мемлекеттілігінен  айырылды.  Сондан  кейін  Ресей  империясы 

Орталық  Азия  аймағын  Жетісу,  Сырдария,  Ферғана,  Самарханд  және 

Закаспий  сынды  бес  үлкен  облысқа  бөліп,  отарлық  басқару  құрылымын 

орнатып, губернаторлық жүйемен билеп-төстеді. Ресейдің әкімшілік басқару 

бөліктері  (аудандарға  дейінгі)  халықтардың  этникалық  аумақтары  негізінде 

емес,  географиялық  бақылауға  қолайлығы  бойынша  жасалған.  Бұл  туралы 

отандық  ғалымдарымыздың  «Патшалық  Ресейдің  халықтарды  бір-біріне 

айдап салу мақсатымен құрылған әкімшілік басқару аудандары қазақтардың 

ежелден мекендеп отырған қоныстарымен сәйкес келмейді»[52, 14-б.] - деген 

тұжырымында ғылыми негіз бар деп санаймыз. Патшалық Ресей билігі және 

оның Орталық Азиядағы үстемдігі 1917 жылғы Қазан төңкерісінің жеңісімен 

біржолата  жойылды.  Орталық  Азия  тұтастай  Ресейдің  құрамындағы  аймақ 

ретінде бұрынғы әкімшілік басқару жүйесі бойынша жаңа сипатта құрылған 

Кеңес үкіметінің басқаруына өтті. Кеңестік билігінің құрылымдары алдымен 

Ташкентте  1917  жылдың  28  қазан  күні  орнады.  Содан  соң  Қазақстан  және 

басқада  Орталық  Азия  аймақтарында   ұйымдастырылды.  Кеңес  билігінің 

ұлттық  аймақтарды  басқаруындағы  басты  ерекшелігі  –  ұлттық  өңірлік 

автономиялы  әкімшіліктерге  бөліп  басқаруы  болды.  Ал  Орталық  Азиядағы 

ұлттық  әкімшілік  аумақтарды,  Кеңес  өкіметі  1924  жылы  жүргізген  зор 

көлемдегі  этникалық  территорияларды  анықтау  науқаны  арқылы  анықтады. 

Соның   нәтижесінде  қазіргі  Орталық  Азиядағы  елдердің  этникалық 

территориялық  шекара-шептерінің  негізі  анықталып,  аумақтық  көлемі 

тұрақтады. «Бірақ ХХ ғасыр бойы Қазақтан жері шекаралық және әкімшілік-

аумақтық  өзгерістерге  ұшырап  отырды»[53,107-б.].  Бұл  жағдайдан  қазақ 

халқының құрамдас бөліктерінің бақа елдің азама- тына айналып отырғанын 

көруге  болады.  Орталық  Азия  елдерінде  қазақ  қауымдастығының  үлкен 

шоғыры  Өзбекстанға  орналасқан.  Нақтылап  айтқанда  олар  Өзбекстанның 

шығыс  солтүстігіндегі  Ташкент,  Сырдария  және  Жызақ  обылыстарын  өмір 

сүреді. Бұл өңір - қазақардың тарихи тал бесігі болып табылады. Осы өңірде 

қазақтардың  (әрине, өзбектердің де) ұлттық құрамын қалыптастырған ежелгі 

үйсін, қаңлы, жалайыр, қыпшақ, қоңырат т.б. рулардың қазақ халқы ретінде 

өмір  сүріп  отыруының  тарихи  негізі  бар.  Б.з.д.  ІІ-І  ғасырларда  Қаңлы 

мемлекеті Орталық Азиядағы ірі мемлекеттердің бірі болды. «Атап айтқанда, 

қаңлы  мемлекетінің  иелік  жері  Талас  өзеннің  батысы  мен  оңтүстігіндегі 

Сырдария  өңірін  толық  қамтыған.  Сондықтан  қаңлы  патшасы  өзінің  иелік 

ететін  аумағының  барынша  кеңеюіне  байла-  нысты,  аймақтық  басқару 

құрылымына өзгеріс жасаған. Ол өзінің оңтүстігіндегі жазиралы аумақтарда 



қалыптасқан  қала-қыстақтарды  сол  аймақтардың  табиғи  шекаралары 

бойынша  жеке-жеке  иеліктер-  ге  бөліп,  оларды  өзінің  тағайындаған 

князьдары арқылы басқару жүйесін орнатқан. Сонымен қаңлы мемлекетінің 

аумағы  оңтүстіктегі  бес  иелік  аймақ  пен  патша  өзі  тікелей  басқаратын 

солтүстік  өлкені  қамтыды.  Сондықтан  қытай  жазбаларында  бес  князь 

түгелдей  қаңлы  патшасына  бағынады  –  деп  жазған»[54,  53-б.].  Өзбек 

тарихшысы  К.Шаниязов:  «ҮІІІ  ғасырдың  70-жылдарында  қарлұқ  және  оғыз 

тайпалары  мен  арабтардың  тегеуірінен  Сырдарияның  орта  ағысындағы 

қаңлылардың тәуелсіз бірігуі өзінің өмір сүруін тоқтатты. Олардың бір бөлігі 

Сырдарияның  орта  ағысының  оң  жақ  жағалауында  көшіп-қонын 

жалғастырып,  қазақ,  қарақалпақ  халықтарының  құрамына  кірсе,  енді  бір 

тобы  өзбектердің  құрамына  енді»[55]  –  деп  санайды.  Академик  Әбдуәли 

Қайдар:  «  Қытай  деректерінде  көп  айтылатын  иеліктің өздерін  сипаттайтын 

кейбір  деректер  олардың  өздері  де  қала  маңына  шоғырланған  кішікірім 

патшалықтар  мен  далада  қалыптсақан  хандықтар  болғандығын  көрсетеді» 

[56,100-б.]   -  деп  санайды.  Тек  қаңлылар  ғана  емес,  ерте-орта  ғасырларда 

Орталық Азиядағы ру-тайпалар тарихи этникалық даму барысында өздерінің 

өмір  сүру  салты  мен  тіршілік  формасына  қарай  ұлт  болып  ұйысу  үдерісін 

бастары-  нан  кешіріп  барып  жеке  дара  халық  болып  қалыптасып  кеткен. 

Бірақ  олардың  байырғы  қоныстарында  аса  үлкен  өзгеріс  бола  қойған  жоқ, 

бәрі  де  аралас  немесе  іргелес  отырған  жерінде  өмір  сүрді.  Бірақ  қоғамдық 

саяси  билік  күштеріндегі  өзгерістерге  байланысты,  атажұртында  отырған 

қазақтардың  өзбек  билігіне  тәуелді  болған  кездері  болды.  Атап  айтқанда, 

қазақ  халқының  кейбір  ру-тайпалары  Хиуа,  Бұқара   хандықтарына 

бағынышты  болып,  солардың  құрамымен  өзбек  немесе  түркімен  жерінде 

тұрып қалған жайы бар. Тарихи деректерде: «Хиуа ханы Мұқамед-Рахымның 

кезінде 27 мы қазақ отбасын бағындырды. Оның 10 мыңы әлімұлы, 7 мыңы 

жетру, 8 мыңы байұлы қазақтары болған» екен. Ал шұрайлы жайлымдарынан 

айырылып,  ашаршылыққа  ұшыраған  қазақтардың  бір  тобы  Қоқан,  Әдіжан, 

Бұқара  аймағына  да  қоныс  аударғанын  айғақтайтын  құжаттар  жетерлік[57, 

15-б.].  ХХ  ғасырдың  20-  жылдары  Хорезм  қазақтары  мен  қарақалпақтары 

Шөл-дала  (Мырзашөл)  ауданыа  беңбек  миграциясымен  барып,  Хорезм 

облысының  солтүстік  батысына,  Қызылқұм  қазақтары  Қаракөл  және 

Бұқраның далалы аудандарына барады, тіпті оңтүстік Тажікстандағы Қорған 

төбе  уәляты  жер-  леріне  дейін  жылжыпкөшіп  барған.  Осы  кезеңдерде 

Керемин  уәлятында  –  160  мың,  Қаршыда  –  100  мың,  Гузарда  –  100  мың, 

Бұқарада – 80 мың, Нұртаста – 5 мың қазақ болған[58]. 1924-1926 жылдары 

Орта  Азия  халықтарының  этникалық-территориялық  шекараларын  межелеу 

барысында  Шырышқ  өзеннің  батыснда  Ташкент  уезінде  орналасқан  алты 

отырышқы  қазақ  болыста-  рын  қазақтардың  наразылығына  қарамастан 

Өзбекстан  территориясына  енгізген.  Ол  кезде  Ташенттің  шығыс 

солтүстігінде қазақтар шоғырлы тұратығұн отырған. Ал  Бұқара аумағындағы 

қазақтардың  құқықтық  мәртебесе  жөнінде,  яғни  автономия  бер  туралы 

мәселе көтеріліп, тек бір ғана Кенимах ауда- нын құрылумен шектелген. ХХ 



ғасырдың  бірінші  жартысында  Өзбекстанда  демографиялық  өсімнің 

қарқынды  болуы  және  өзбектердің  отырықшы  егінші  ел  болуына 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет