Шетелдерде қазақ қауымдастығы қалыптасуының тарихи себептеріне талдау



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата03.03.2017
өлшемі348,96 Kb.
#5625
1   2   3   4

байланысты,  олардың  жерге  деген  көзқарасы  қазақтардан  өзгеше  еді.  Олар 

жердің  мәнгілік  құндылығын  терең  түсетін-ді.  Сондықтан  болар,  өзбектер 

Қазақстаннан  жерді  жалға  алу  немесе  еншісіне  алуға  түрлі  тәсілдермен 

тырысып  бақты  және  айтарлықтай  нәтижеге  қол  жеткізді.  Осы  жөніндегі 

деректерге  жүгінер  болсақ,  «Жалпы  1924-1971  жылдары  Қазақстанна 

Өзбекстанға  5,1  млн  га  жер  (Қарақалпақстанды  қоспағанда)  өткен.  1963 

жылы  қаңтарда  Қазақ  КСР  Жоғары  Советінің  Жарғысымен  Өзбек  КСР-на 

Қызылорда  облысы  жерінен  1150,0  мың  га  жер  беріледі.  1963  жылы  19 

қыркүйектегі  қазақ  КСР  мен  Өзбек  КСР-нің  шекарасына  кейбір  өзгертулер 

енгізу  жөніндегі  жарлығымен  Мырзашөл,  Арнасай,  Достық  аудандары 

Өзбекстанға  өтеді»[59].  Кеңестік  кезеңде,  яғни  1924  жылғы  этникалық-

территорияны межелеу барысында құрылған Қарақалпақ Автономиялы облы- 

сы, 1925 жылы  сәуірде Қазақ АКСР-ның құрамына қабылданады. Ал «1926 

жылғы санақ бойынша облыс тұрғындарының 38,1% - қарақалпақтар, 28,5% - 

қазақтар,  27,6%  -  өзбектер,  3,2%  -  түркімендер,  2,7%  -  өзге  ұлттар 

құрайды»[60]  екен.  Осы  мәліметтер  Қарақалпақ  облысындағы  қазақтардың 

салмақты болғанын байқауға болады. Алайда Бүкілодақтық Орталық Атқару 

Комитеті  Төралқасының1930  жылы  20  шілде  күні  қабылдаған  «Қарақалпақ 

Автономиялы  облысының  бұрынғы  аумағын  сақтай  отырып,  Қазақ  КАСР-і 

құрамынан шығару және оны РСФСР Орталық органның тікелей қарамағына 

беру  жөніндегі»  қаулысы  атқарылады.1932  жылдың  науырыз  айында 

Қарақалпақ Автономиялы Кеңестік социалистік Республика болып құрылды 

да,  1936  жылы  Өзбекстан  КСР-ның  құрамына  кірді.  Қорытып  айтқанда, 

Өзбекстанда  қазақ  қауымдастығы,  өздерінің  тарихи  атамекенінде  отырған 

қазақтардан  және  кеңестік  кезеңде  әкімшілік-территорияларды  айыру  және 

оған  өзгерістер  енгізу  ба-  рысында  ежелден  бері  отырған  жерлерімен  бірге 

Өзбекстан  басқаруына  өткен  қазақтардан  құралған.  Түркіменстандағы 

қазақтар ежелден түркімендіктермен аралас-құралас отырып, тарихи мекенін- 

де  қалыптасқан  қауымдастық.  1851  жылы  Хиуа  хандығында  1000  үйдей 

адайлардың  болғаны  белгілі.  ХХ  ғасырдың  20  жылдары  жүргізілген 

этникалық-территорияларды 

анықтау 


кезінде 

Красноводск 

уезінде 

адайлардың  200  қожалығы  ұрақты  мекендегені  анықталады.  Сондай-ақ  7- 

Адай болысындағы Сүйіндік, Қосай руларынан тұратын 5 әкімшілік ауылдың 

773  қожалығы   да  Красноводск  уезінің  бір  шетінде  тұрақты  тұрған.  Міне, 

бұлар өздерінің ертеден қоныс тепкен атажұртында орнығып отырып қалған 

қазақтар. Оларға ХХ ғасырдың 50-60 жылдары еңбек миграциясымен барған 

қазақтар  қосылып,  Түркіменстандағы  қазақ  қауымдастығының  қарасын 

көбейте  түсті.  Қырғызстанда  қазақ  қауымдастығының  қалыптасуы  тарихи 

саясаи  оқиғаларға  тікелей  байланысты  болды.  1916  жылғы  Қазақстандағы 

ұлт-азаттық  көтерлісі  кезінде,  патша  үкіметінің  қарапайым  қазақ  халқын  да 

аяусыз  жаныштауынан  Жетісудағы  қазақтар  Қырғызстанға  және  Қытайға 

жансауғалап  кетті.  Тарихи  деректерде  1916  жылы  Қырғызстанға  қашып 



барған  қазақтардың  саны  100  мыңға  жеткен[61].  Ал  Қазақстаннан  Қытайға 

ауған босқын қазақтардың жалпы саны 250 мың болған[62, 225-б.]. Ресейдегі 

саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты 1918-1922 жылдары бұл қазақтарды 

елге  қайтару  қызметі  жүргізілді.  Бірақ  сол  қазақтардың  бір  бөлігі  бойды 

билеген үрейдің салдарынан кері қайтқысы кел- меді. Олар қазіргі Бішкектің 

төңірегінде,  Ыстықкөл  атырабында  қалып  қойды.  Өйткені  ХІХ  ғасырдың 

соңында  Ақмола  және  Қарқара  уезінен  жайлы  қоныс  іздеп,  Бішкек  маңына 

көшіп  келіп  орынтепкен  арғындар  болған.  Соларды  қара  тартып  баған  бір 

бөлім  албандар  да  сол  орында  тұрақтап  қалуды  жөн  көрген  екен.  Қазіргі 

таңда  олар  Бішкек  қаласының  маңындағы  «Манас»,  «Алтыбарақ» 

«Приозерное»,  «Раздольное»  және  басқа  да  елдімекендерде  өмір  сүреді. 

Демек, Қырғызстандағы қазақтар тарихи әлеуметтік және саяси жағдайларға 

байланысты  қоныс  аударып  барып,  өз  еріктерімен  сонда  тұрақтап  құрып 

қалғандардың  үрім-бұтақтары.  Ал  Тәжікстандағы  қазақ  қауымдастығының 

негізін   Кеңес  өкіметінің  өктемдікпен  жүргізген  ұжымдастыру  науқанынан 

жалтарған  қазақтар  құраған  екен.  Олардың  алды  1928  жылы  Өзбекстанның 

гали  (Бұқара)  жеріне  келіп,  ол  жерде  және  қоныс  аударып,  бір  бөлімі 

Ауғанстанға  асып  кетсе,  бір  бөлімі  Тәжікстанның  Қорғантөбе  облысының 

Пашрабад деген ауылды мекендеп қалады. Олардың қатарын 1960 жылдары 

еңбек  миграциясымен  барған  қазақтар  толықтырған.  Жоғарыдағы 

пайымдауымыздан,  шетелдегі  қазақ  қауымдастықтарының   ұзақ  тарихи 

үдерістегі  күрделі  саяси  және  әлеуметтік  жағдайлардың  салдарынан 

қалыптасқандығын  айқын  аңғаруа  болады.  Қазақ  халқы  Еуразиядағы  соңғы 

ұлы  көшпенді  ұлт  болғандтан,  оның  иеленген  этникалық  аумағы  да  ұлан-

қайыр  кеңістікті  қатып  жатты.  Алайда  таяу  заманда,  жалпы  тарихтың  алға 

басуы мен қоғамның ілгерлеуі Еуроазияның саяси жағдайды өзгерте бастады. 

ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында  қазақ  дала-  сынан  алдымен  Ресей  мен 

Қытайдың мемлекеттік шекарасы белгіленді. ХХ ғасырдың басында Ресейде 

Кеңестік  социалистік  өкімет  құрылып,  құамындағы  тарихи  этностардың 

аумақтық  территорияларын  анықтады.  Осы  барыста  Қазақстанның  шет 

аймақтарын мекендеген қазақтар, өздерінің отырған жерлері- мен бірге басқа 

елдің  құрамындағы  этникалып  топқа  айналды.  Сондықтан  Қазақстанның 

төңірегіндегі шекаралас мемлекеттерде өмір сүріп отырған қазақтардың қай-

қайсының  да  «өз  атамекенімізде  отыр-  мыз»  деуінде  терең  тарихи  шындық 

бар.  Дейтұрғанмен  ол  жерлер  кезінде  сол  елдің  территориясына  айналып 

кеткендіктен, олар да сол өздері тұрған мемлекеттің азаматтары. Бірақ олар 

қазақ  ұлтының  құрамдас  бөлігтері.  Қазақстан  Республикасы  «Халықтың 

көші-қон  Заңының»  анықтамасы  бойынша  айтқанда,  олар  «этникалық 

қазақтар»  болып  табылады.  Демек,  шетелдердегі  қазақ  қауымдастығының 

негізін  отырған  жерімен  бірге  өзге  елдің  құрамына  қосылған  қазақтар 

құрады. 

 


Әдебиеттер: 

 1. Қазақстан Републикасыныңы Ұлттық ғылым академиясы Ш.Ш.Уәлиханов 

атындағы  Тарих  және  этология  институты,  Ә.Х.Марғұлан  атындағы 

Археология институты. Қазақстан тарихы. – Алматы: Атамұра. – 2002. - 96- 

97 бб.  

2.Зиманов  С.З.  Общественный  строй  казахов  первой  половины  ХІХ  века.  –

Алма-Ата. – 1958. - 21 б.  

3.  Артықбаев  ж.О.  Қоғам  және  этнос  (ХҮІІІ  ғасырдағы  қазақ  қоғамының 

этноәлеуметтік құрылымы).- Павлодар. -2004, 282 б.  

4.  Қобладин  Қ.И.,  Меңдікұлова  Г.М.  Өзбекстандағы  қазақтардың  тарихы 

және бүгінгі дамуы. –Алматы: «Атажұрт». – 2009. - 74 б.  

5. Чиң (Цин) патшалығы Чэнзун патшаның орда естелігі.  Қолжазба. -183 т., 

54 б. 

 6.  Мендикулова  Гурнара.  Казахская  диаспора:  история  и  современность.  – 



Алматы: Атажурт. -2006. - С. 94.  

7.  Жолдасов  Сәбит.  Бірліктің  басы  болған  –  Ордабасы.  –Шымкент:  «Жібек 

жолы». -1996. -35 б.  

8.  Қоғам  және  этнос  (ХҮІІІ  ғасырдағы  қазақ  қоғамының  этноәлеуметтік 

құрылымы). 82 б.  

9.  Казахско-русские  отношения  в  ХҮІ-ХҮІІ  веках  (Сборник-докуметов  и 

материалов).  -1961.  -  №  79.  -  С.  186;  Абылай  хан  (өмірі  мен  қызметіне 

қажетті құжаттар мен матиалдар).-Астана: Астана баспасы. -2005. -81 б.  

10. 

Мұқаметханұлы 



Нәбижан. 

Дипломатиялық 

қатынастар 

және 


қытайтану  мәселелері. –Алматы: Тарих тағылымы. -2010. -95 б.  

11.  Златкин  И.Я.  История  джунгарского  ханства  (1635-1758).  –М.,  1964.  - 

С.438.  

12. Бұл да сонда.  

13. Бұл да сонда. - С.400.  

14. Фу Хың. Жоңғарды тыныштандырудың жалпы жобасы (Қолжазба). 1777, 

9 т., 29 б.  

15. Цин (Чиң) Гаозун патшаның орда естелігі (қолжазба бойынша).  - 481 т., 

15-16 б.  

16. Бұл да сонда. 7-8 б.  

17. Бұл да сонда. 512 т, 22-23 б.  

18.  Сейдін  Н.Б.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  шекарасы: 

қалыптасуы, мәселелері және айқындау барысы. –Алматы: Школа ХХІ века. -

2006, 10 б. 

19.  Зардыхан  Қинаятұлы  «Кенесары  ханды  екінші  рет  өлтіруге 

болмайды//Жас Алаш. -2012 ж. - 20 қыркүйек. - № 75 (15741). - 5 б.  

20.  Бекмаханов  Е.Б.Присоединение  Казахстана  к  России.  –М.:  АН  ССР.  -

1957. - С. 342.  

21.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  шекарасы:  қалыптасуы, 

мәселелері және айқындау барысы. 10 б.  



22.  Цин (Чиң ) Гаозун патшаның орда естелігі (қолжазба бойынша).  - 543 т. 

11 б.  


23. Чиң (Цин) Гаозун патшаның орда естелігі (қолжазба бойынша). - 606 т. - 

17-18 бб.  

24. Бұлда сонда. - 548 т., 9-10 бб.  

25. Бұл да сонда.  

26. Бұл да сонда. - 543 т. - 17 б.  

27.  Ш.Ш.Уәлиханов.Ұлы  жүз  туралы.  Шоқан  Уәлиханов  таңдамалы.-

Алматы: Жалын.-1985. 92 б.  

28. Чиң (Цин) Гаозун патшаның орда естелігі (қолжазба бойынша). -.550 т. - 

10 б.  

29. Мұқаметханұлы Нәбижан. Қытай қазақтарының қоғамдық тарихы (1860-



1920).- Алматы: ҚАЗақпарат. - 2000, 54 б.  

30. Цин (Чиң ) Гаозун патшаның орда естелігі (қолжазба бойынша). -609 - 18 

б..  

31. Бұл да сонда. - 793 т. - 20 б.  



32. Бұл да сонда. - 777 т. - 8 б.  

33. Шоқан Уәлиханов таңдамалы. - 92-93 бб.   

34.Международные отношения в центральной Азии. События и документы. - 

М.,2011.- 378 б; 382 б.  

35.Воскресенский  А.Д.  Дипломатическая  история  русско-китайского  Санкт-

Петербургского договора 1881 года. - М.,1981. - С.260.  

36.Дипломатическая  история  русско-китайского  Санкт-Петербургского 

договора 1881 года. 152 б.  

37.  Терентьев  М.А.  История  завоевания  Средней  Азии.  1906//Қытайша 

аудармасы. - Пекин. 1986.  

38.  Қытай-ресей  шекара  келісімдер  жинағы.  -  Пеккин.-1973//  Қытай 

қазақтарының қоғамдық тарихы (1860- 1920). - 99 б. 

 39.  Дипломатическая  история  русско-китайского  Санкт-Петербургского 

договора 1881 года. - С.127.  

40. Бұл да сонда.  

41.Баранова  Ю.Г.  К  вопросу  о  переселении  мусльманского  населенния  Из 

Илийского края в Семиречье в 1881-1883 гг. (1881-1883 жылдары мұсылман 

тұрғындарының  Іледен  жетісуға  көшу  проблемасы)//Қаақ  ССР  ҒА 

шығыстану бөлімінің еңбектер жинағы. – Алма-Ата. 1959. Бірінші кітап.  

42.  Зардыхан  Қинаятұлы.  Моңголия  қазақтары  //Қазақ  диаспорасы:  Бүгіні 

мен ертеңі. - Астана: «Елорда». -2005. -92-93 б.  

43.  Грумм-Гржимайло  Г.Е.  Западная  Монголия  и  Урианхайский  край.   -Л., 

т.3. – 1930; Зардыхан Қинаятұлы. Моңголия қазақтары, 2- кітап. - Алматы. -

2007. - 12 б.  

44.  Потанин  Г.Н.  Щчерики  Северно-Запалной  Монголии  (Путечествие  по 

Монголии). – М.; 1948. - С 38-39. -  Моңголиялық қазақтар. 3 кітап, Қобдалық 

қазақтар. –Алматы: Тарихи тағылым. -2012. - 50 б.  

45.  Абақ керей. –Күйтүн: Іле халық баспасы. -1994. - 92 б.  



46.  Зардыхан  Қинаятұлы,  Шілдебай  Қылаңбайұлы.  Моңғолдағы  қазақтар  3- 

кітап Қобдалық қазақтар. – Алматы: Тарихи тағылымы.-2012. - 53-54 бб.  

47. Зардыхан Қинаятұлы Моңголия қазақтары //Қазақ диаспорасы: Бүгіні мен 

ертеңі. –Астана: Елорда. - 2005. -97 б.  

48. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. –Алматы: Мектеп. -2008. - 458 б.  

49.  Покровский  С.Н.  Образавание  Казахской  АССР:  Сборник  докуметов  и 

материалов. - Алма-ата: Изд.АН КазССР. - С. 385.  

50.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  шекарасы:  қалыптасуы, 

мәселелері және айқындау барысы. 24- 25 б.  

51.  Айталы.А.  Ресей  қазақтары//Қазақ  диаспорасы:  Бүгіні  мен  ертеңі.  - 

Астана: «Елорда». -2005. -77 б.  

52.  Қалшабаева  Бибизия.  Орта  Азия  қазақтары  (тарихи-этнографиялық 

зерттеу) докторлық ғылыми диссертаицның Авторефераты. –Алматы. 2010. - 

14 б.  


53.  Құдайбергенова  Айжамал.  Қазақстандағы  көші-қон  үдерісінің  тарихи 

демографиялық  қыры  (1917-1991  жж.).  –Алматы:  Елтанм  баспасы.  -2011.  - 

107 б.  

54.  Мұқаметханұлы.  Нәбижан  Қаңлы  мемлекет  –  Қазақ  тарихының  өзекті 

мәселелері. – Павлодар: «Brand Print». -2010.53 б.  

55. Шаниязов К. К этнической истории узбекского народа. – Ташкент: Фан.-

1972. - С.92. 

 56. Әбдуәли Қайдар. Қаңлы. –Алматы: Дайк-Пресс. -2004. -100 б.  

57.  Орта  Азия  қазақтары  (тарихи-этнографиялық  зерттеу):  Автореферат  ... 

т.ғ.д. - 15 б. 

 58. ӨРОМА.P-1- тізбе, 721 іс, 314-315, 349-пп.  

59. Әділ Бек қаба. Қазақ Өзбек шекарасын айқындауда қай жылғы құжаттар 

негізге алынады // Жас Алаш. -200. -28 науырыз. № 38. 

 60. ҚырРОМА. 847-қор, 1- тізбе, 27 іс, 135-136 –пп. 62. Қытай қазақтарының 

қоғамдық тарихы (1860-1920 жж.). –Алматы: ҚАЗақпарат. – 2000. – 225 б

                                                                                                      



Н. Мұхамедханұлы т.ғ.д., профессор  

әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ 



 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет