Шетелдік білім беру жүйесі Швециядағы білім беру жүйесі


Сингапурдағы білім беру жүйесі



бет3/6
Дата24.12.2023
өлшемі22,21 Kb.
#143145
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Шетелдік білім беру жүйесі

Сингапурдағы білім беру жүйесі
Мектепке дейінгі білім беру
Балабақшалардың барлығы дерлік жеке меншік. Олар діни ұйымдар жəне бизнес қорлармен басқарылады. 3-6 жас аралығындағы балалар санау, оқу, қарым-қатынас негіздерімен қатар үш тілді — қытай, малай, ағылшын тілдерін меңгереді.

Бастауыш мектеп
Бастауыш мектеп, керісінше, толығымен тегін жəне міндетті болып табылады. Ол екі кезеңнен тұрады: негізгі жəне бағдарлы. 1-4 сыныпта негізгі пəндерді оқиды. Бізден айырмашылығы — құқық негіздерін де меңгереді. 5-6 сыныптарда бала өзіне қажетті бағдарды таңдай алады. Аяқтаған соң міндетті түрде емтиханнан өту арқылы ғана келесі сыныпқа жіберіледі.
Орта мектеп
Емтиханнан кейін оқушылардың орта мектепте оқитын бағыты мен бағдарламасы таңдалады. Ол бағыттар төмендегідей:
— арнайы
— жылдам/экспресс-бағыт
— академиялық
— техникалық
Ал, білім бағдарламасы біріктірілген жəне кəсіби болып бөлінген. Орта мектеп 4 жылға созылады, тек академиялық бағыт 5-6 жыл бола алады. Арнайы бағыт толыққанды орта білімді аттестат береді. Жылдам бағыт тереңдетілген ана тілін оқытумен сипатталады. Осы екеуінің аттестаттары О-деңгейі деп аталады. Ал, қалған екеуінікі сəл төмендеу N-дəрежесі деп аталады.Осыдан кейін оқушылар колледждерде, техникумдарда, т.б. білім ала алады. Жалпы, Сингапурдағы мектептер ЖАН-ЖАҚТЫЛЫҒЫМЕН ерекшеленеді. Балаларға таңдауға мүмкіндік жасалған.
Францидағы білім беру жүйесі
Мектепке дейінгі бала тәрбиесі
Бала тәрбиесімен айналысатын француздық ана өзге мемлекет әйелдерінен ерекшеленеді. Балаға еш уақытта қол көтермейді. Бала айыпты болса, тәтті тағам жеуге тыйым салады. Керісінше жағдайда жазалауды тоқтатып, ақша ұсынады. Мұнымен қатар, әр бүлдіршіннің міндетті түрде ақша жинайтын сандықшасы болады.
Ата-ана басқа іспен айналысып отырған кезде баланы тыңдауға, еркелетуге уақыт бөлмейді. Бұл – қоғамға тән әрекет. Осылайша баланы ата-анасымен сөйлесу үшін дұрыс уақыт таңдауға үйретуге болатындығын айтады. Француз аналардың балаларына үнемі талғамға, тәртіпке, киімге қатысты ескерту айтып отыратындығын Полли Плат өзінің «Француз немесе дұшпан» атты кітабында баяндайды.
Балалар ата-анасының рұқсатынсыз тоңазытқыштан азық-түлік алмайды, отбасылық көлікті айдамайды.
Білім жүйесі
Францияның мемлекеттік білім жүйесі 4 блоктан құрылады:
- бастауыш мектеп (6-11 жас аралығындағы оқушылар);
- орта мектеп (11-14 жас аралығындағы оқушылар);
- жоғарғы мектеп (14-16 жас аралығындағы оқушылар);
- ең жоғарғы мектеп (университеттер).
Олардың білім жүйесі еңбекқор адамдарды мадақтауға бағытталған. Кейбіреуі мұндай жүйенің сабақты жаттап айтуға мәжбүрлейтіндігін айтады. Мысалы, көп оқушы 3/6=1/2 теңдігін түсінуден, жаттап айтуды жөн көреді екен.
Франциядағы білімнің 3 принципі:
- діни сауат ашуды жоққа шығару;
- мемлекеттегі 6-16 жас аралығындағы балаларды білімге баулу;
- 16 жасқа дейінгі оқушыларды тегін кітаппен қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет