Шетелдік білім беру жүйесі Швециядағы білім беру жүйесі


Ирландиядағы білім беру жүйесі



бет4/6
Дата24.12.2023
өлшемі22,21 Kb.
#143145
1   2   3   4   5   6
Ирландиядағы білім беру жүйесі
Ирландиядағы білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігінде өзіндік орны бар. Дамыған елдердің білім жүйесіне жүргізілген зерттеулер нәтижесі Ирландияның білім беру жүйесі алдыңғы дамыған мемлекеттердің қатарына кіреді . Сонау орта ғасырлардан бері Ирландияда білім беру ісі ең маңызды іс болған.Сондықтан болар Ирландияны «әулиелер мен оқымыстылар аралы» деп атаған.
Ирландиядағы білім беру ісі жақсы жолға қойылған.Европа елдері бойынша Ирландия мектептегі сабақтары саны көп, ағылшын оқушыларына қарағанда ирландықтар әр түрлі деңгейдегі емтихандарды көбірек тапсырады. Ирланд мұғалімдеріне қойылатын талаптар да жоғары. Ирланд мұғалімдерінің жалақысы өте жоғары. Мұғалім -мәртебелі мамандық иесі.
Қазіргі уақытта Ирландияда білім беру ісін басқару және жауапкершілік Білім және ғылым департаментіне (DES)жүктелген. Департамент білім беру аспектілерін қарастырып, оқу жоспарлары мен ұлттық сынақ байқауларын өткізеді.
Орта білім беру сатысындағы мектептер орта мектеп, кәсіптік мектеп,қоғамдық және бірыңғай мектеп бөлінеді. Мектептің типі қаржыландыру көзіне байланысты анықталады.
Ирландия елінде балалар бақшасы жоқ, себебі бала осы жасқа дейін отбасында тәрбиеленуі керек екен.
Ирландияда 12 жылдық білім беру жүйесі қалыптасқан. Міндетті білім алушылар 6-19 жас аралығындағы балалар қамтиды. Бұ елдегі барлық бастауыш мектеп 1999 жылдан жалпы мектеп бағдарламасы –The Primary School Curriculum- мен жұмыс жасайды. Бастауыш сыныпта оқушылар негізгі пәндер және ана тілі ,ағылшын тілі, дінтану, дүниетану пәндері бойынша тәлім алады. Бастауыш сынып оқушыларының сабақтары ойын түрінде және топтық жұмыстар негізінде жүргізіледі. Балалар жастайынан өзара әрекеттестікте, бір-бірімен қарым-қатынас жасау дағдысы қалыптасып, жастайынан қоғам өміріне бейімделе алатындықтарын зерттеу нәтижелерінен көрсетті.
Испаниядағы білім беру жүйесі
Қазіргі таңда Испанияның білім жүйесі 4 деңгейден құралады:
1. «La Educación Infantil» - мектепке дейінгі білім;
2. «La Educación Secundaria Obligatoria (ESO)» - базалық деңгей;
3. «El Bachillerato Unificado y Polivalente (BUP)» – бачилерато деңгейі;
4. «La Enseñanza Universitaria» - жоғарғы білім.
Мектепке дейінгі білім (Educación Infantil)
Испанияның білім жүйесіндегі мектепке дейінгі білімді де екі сатыға бөліп қарастырамыз:
1. Escuela Infantil - 0-3 жас аралығындағы балаларға арналған балабақша.
2. Aula Infantil en colegio de primaria – 3-6 жас аралығындағы колледждегі дайындық курстар.
Аталған мекемелердің мемлекетке тиесілісінде тегін, ал жекеменшіктерінде ақылы білім алуға болады.
Базалық білім ( Educación básica)
Испания заңына сәйкес базалық білім міндетті болып табылады. Мектепке дейінгі білім секілді тегін және ақылай түрі бар. Испанияның базалық білім жүйесіне мемлекеттік және жекеменшік колледждерден өзге діни сауат ашуға арналған арнайы мектептер бар. Оны шіркеу қаржыландырып отырады.
Испанияның білім жүйесін мемлекеттік Білім министрлігі қадағалап отырады. Методологиялық бағдарламалар, әр сыныптағы оқушылар саны, норматив, қаржы мәселесі дегендердің барлығын мемлекет ұйымдастырады. Оқушылар базалық білімді 6-14 жас аралығында алады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет