Шетелдік білім беру тұжырымдамаларына шолу



бет2/3
Дата19.09.2022
өлшемі30,38 Kb.
#39472
1   2   3
Қазіргі заманауи
Қазіргі заманауи
Жоғары білім беруді нтернационализациялау.
Қазақстанның Халықаралық байланыстар аясының кеңеюі және оның сапалық жағынан қарқынды өзгеруі. «Білім беруді интернационализациялау» ұғымын пайымдалуы. Интернационализациялау ұғымның контекстінде университеттің интернационализациялануы ұғымы. Интернационализация-бұл тең құқықты және өзара тиімді ынтымақтастық негізінде түрлі елдердің жоғары оқу орындары мен басқа да оқу орындары арасындағы екіжақты және көпжақты байланыстары.Білім беруді интернационализациялаудың мақсаты-білім беру және ғылыми-зерттеу жұмысының тиімділігін арттыру.Жоғары білімді интернационалдандырудың негізгі формалары. Студенттердің ұтқырлығы. Оқытушылардың ұтқырлығы. Студенттердің мобильділігі. Оқу жоспарларының интеграциялануы.

Академиялық ұтқырлық-заманауи білім берудің дамуының шарты. Мобильділік ұғымының мәні. Академиялық ұтқырлық-жоғары білім берудің еуропалық кеңістігінің дамуының ажырамас шарты.
Ұтқырлықты жүзеге асыру құралдары, атап айтқанда, ECTS, дипломға қосымша, ENIC Network/NARIC Network желілері. Оқытушылардың, студенттер мен түлектердің ұтқырлығы Болон процесінің негізгі элементтерінің бірі. Ұтқырлықты дамытуға бағытталған Еуропалық Одақтың әртүрлі бағдарламалары (Erasmus, SOCRATES, Tempus) және экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (British Council, DAAD, CIBA, EduFrance). Академиялық ұтқырлықтың басты мақсаты: мобильділік тұжырымдамасын анықтау және оны демократиялық ету; университеттік ұтқырлықты қаржыландырудың тиісті нысандарын дамыту; академиялық ұтқырлықты кеңейту және ол үшін жағдайды жақсарту.

Замауи әлемдік білім жүйесіндегі өмір бойы білім беру» (LLL, Lifelong Learning).
Қазіргі уақытта ЕО-ның барлық елдерінің барлық деңгейлеріндегі оқу орындарының тиімді әріптестігіне негізделген өмір бойы оқытудың ұлттық стратегиясы. Өмір бойы білім беру мен оқытудың түрлерінің сипаттамасы: оқу орындары немесе оқыту құрылымдары ұсынатын, оқу мақсаттарына және оның ұзақтығына сәйкес реттелген және білім туралы куәлік берумен аяқталатынформальды оқыту; адамның күнделікті өмірі барысында, оның жұмысына, отбасындағы өміріне немесе бос уақытын өткізуіне байланысты және оқыту мен оқуда көмек көрсетудің мақсаттары мен ұзақтығы тұрғысынан құрылымдалмаған арнайы оқыту. Өмір бойы оқытуды дамыту басымдықтары. Өмір бойы оқыту стратегиясының негізгі элементтері. Өмір бойы оқытудың түрлері: формальды оқыту (жоғары оқу орындары, білім туралы куәлік беретін басқа да оқыту құрылымдары); өздігінен оқыту (адамның жұмысына, отбасына немесе бос уақытына байланысты күнделікті тіршілік әрекеті барысында); бейресми оқыту (оқу орнының шеңберінен тыс).

ЭЫДҰ елдеріндегі жоғары білім беру жүйесіне шолу. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (орысша ОСЭР, ағылш. Organisation for Economic Co - operation and Development, OECD) - өкілетті демократия мен еркін нарықтық экономика принциптері.
ЭЫДҰ елдеріндегі жоғары білім беру жүйесіндегі басымдықтар: - білім беру арқылы білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету және әлеуметтік бірлікке қол жеткізу; жаһандық, ұлттық, өңірлік әлеуметтік-экономикалық даму мүдделері тұрғысынан білім беруді басқару және қаржыландыру тетіктерін жетілдіру; өмір бойы оқытуға жәрдемдесу мақсатында ұлттық біліктілік жүйелерін жетілдіруге және салыстыруға бағытталған халықаралық ынтымақтастықты кеңейту; білім беру қызметін интернационалдандыру және студенттік және академиялық ұтқырлықты дамыту жағдайында білім беру сапасын, оның ішінде трансшекаралық білім беру сапасын арттыруға жәрдемдесу; ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлау мүмкіндігін қамтамасыз ететін білім беру саясатының ғылыми негізділігін, оқыту процесінің инновациялығын арттыру. жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің бірлескен қағидаттарын әзірлеу бойынша ЭЫДҰ мен ЮНЕСКО-ның бірлескен жобасының мақсаттары, құралдары мен перспективалары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет