Шеткері мотонейронның зақымдану симптомдары



бет2/45
Дата26.12.2023
өлшемі145,55 Kb.
#143912
түріТопик
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
неврология эталон полный-2

Парестезия — денеде өздігімен бірнәрсе өрмелегендей, ұйу сезімінің пайда болуы .
Анестезия – Сезімталдықтың жоқтығы.
Гипестезия
 – Сезімталдықтың төмендеуі.
Гиперестезия – берілетін тітіркенгіш өте қатты сезіледі.
Дизестезия – сезімтал стимулдарды бұрмаланған түрде қабылдау: укол суық сезімі тәрізді қабылданады
Аллохейрия – ауырсыну тітіркендіргіш орналасқан жерде емес оған қарама-қарсы симметриялық аймақта орналасады
Полиэстезия –бір тітіркенудің көп болып сезінуі.
Перифериялық невралды – нерв зақымдалған кезде кездеседі. Бұл кезде зақымдалған нерв инервациялайтын зонада сезімталдықтың бүкіл түрі бұзылады.
Перифериялық полиневралды – симметриялы түрде көптеген нервтер зақымдалған кезде-полиневриттер немесе полинейропатия кезінде кездеседі. Сезімталдықтың бүкіл түрі аяқ пен қолдың дисталды бөліктерінде бұзылады «перчатки» және «носки» түрінде.
Перифериялық түбірлік — дерматомаға сәйкес аймақта сезімталдықтың бүкіл түрінің бұзылуы (артқы түбірлер зақымдалған кезде).
Спиналды-сегментарлы – жұлынның артқы мүйізі немесе алдыңғы сұр спайка зақымдалған кезде пайда болады – бұл кезде сәйкес дерматомда ауырсыну мен температуралы сезімталдық жоғалып, тактилды және терең сезімталдық сақталады.
Спиналды-өткізгіш – жұлынның артқы және бүйір бағандары зақымдалған кезде дамиды (немесе екеуі бірдей зақымдалса). Бұл кезде қай өткізгіш жолы зақымдалуына байланысты сезімталдық түрі бұзылады. Сезімталдықтың бұзылуы зақымдалған жерден төмен орналасады.
Церебралды-өткізгіш– көбіне ішкі капсуланың артқы саны зақымдалғанда дамиды. Бұл кезде сезімталдықтың бүкіл түрі қарсы жақта зақымдалады – гемитип, гемианестезия.
Церебралды-қыртысты – төбе бөліктің орталықтан кейінгі иірімде. Егерде ошақ орталықтан кейінгі иірімнің жоғарғы бөлігінде орналаса, онда сезімталдықтың бүкіл түрі қарсы аяқта бұзылады, ал егерде сол иірімнің ортаңғы бөлігінде орналаса , онда сезімталдық қарсы жақ қолда бұзылады.

  1. Эмоциялық жағдай, эмоциялық реакция, эмоциялық қарым-қатынас – айырмашылықтарын түсіндіріңіз.

Эмоциялық жағдай. Эмоциялық жағдай жөнінде айтқанда, ұзақ уақыт сақталатын белгілі бір жүйкелік-психикалық тонусты түсінеміз. Эмоциялық жағдайларға, ең алдымен, жалпы бейтарап сипаттағы, бірақ ағзадағы жайлылық немесе жайсыздық жағдайын бейнелейтін адамның көңіл-күйін жатқызамыз. Сонымен қатар, көңіл-күй қалыпты жағдайда адамның әрқилы күйзелістері мен әсершілдігіне байланысты тербелмелі болып келеді. Патологиялық жағдайда көңіл-күй кенет өзгеріп, көтерілуі немесе төмендеуі мүмкін; ол кенет өзгеріске ұшырауы мүмкін немесе ұзақ уақыт бірқалыпты болуы мүмкін және адекватсыз, ситуацияға, адамның психикалық немесе физикалық жағдайына сай болмауы мүмкін. Эмоциялық жағдайдың өзгеруі науқастың психикалық қызметіне мақсатты әсер етіп, мүгедектікке соқтыруы мүмкін. Эмоциялық реакция — биологиялық немесе әлеуметтік мәні бар тітіркендіргішке эмоционалды жауаптар. Көңіл-күймен салыстырғанда, эмоциялық реакция қашан да нақты болып келеді. Эмоциялық реакция эмоциялық жағдаймен салыстырғанда, қысқа және интенсивтілігі жоғары болып келеді. Эмоциялы жауап бергеннен кейін адам қалыпты эмоциялы күйге қайтып келеді. Интенсивтілігі бойынша шамадан тыс эмоциялық реакция аффект деп аталады. Аффект дәрежесіне дейін кез келген эмоция — теріс және оң, күшеюі мүмкін. Бұл — қаһар, ашу, қорқыныш немесе экстаз, энтузиазмның шегіне жеткен көрінісі болуы мүмкін. Эмоциялыц қатынастар — эмоциялық таңдамалылық, эмоцияның белгілі бір оқиғалармен, адамдармен немесе заттармен тұрақты байланысы. Біз өзімізді қандай да бір заттармен қоршаймыз, тек нақты адамдармен байланыс жасаймыз, бір нәрсеге талпынамыз және бір нәрседен қашқақтаймыз, симпатия және антипатия сезінеміз — осының барлығы эмоциялық қатынастарымыздың белгісі болып табылады. Эмоциялы қатынастардың күрт өзгеруі мысалы, жақын адамын жоғалту дертті күйлер — невроздар және реактивті психоздарды тудыруы мүмкін.

  1. Айқын және бұзылған сананың критерийлері.

Сана — бейнеге сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс ісәрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана бұзылуы клиникалық практикада сананың айқын патологиялық жағдайының 2 үлкен тобын айырады. 1. Есеңгіреу 2. Қарауыту Сананың есеңгіреу түріне өшу, сопор, кома жатады. Ал қарауытқан түріне делирий, онейроид, көлеңкелі бұзылу жатады. Сана өшуінің 3 сатысы бар: сомнолентті- өшудің әлсіз сатысы, ауру ұйқышыл, бағдары толық емес.Сопорөшуден комаға дейінгі өтпелі жағдай, қоршаған орта өзгерістеріне жауап бермейді, ауру тітіркендіргішке қысқа мерзімде жауап қайтарады (қолын дірілдету, бетін тыжырайту) Кома- сананың толық өшуі: физиологиялық рефлекс жоқ, тек қана өмірлік маңызды орталық дем алу және жүрек-қан тамыры қызмет атқарады. Сананың бұзылуы, критерийлері, Тұлғаның психикалық процестері, қалыптары және қасиеттері оның әрекеттері мен қылықтарын анықтап, басқа адамдармен қатынастарын реттеп отырады. Пациенттің психикалық ерекшеліктері мен өзгешеліктерін анықтаған жалпы практика дәрігері олардың табиғатын (психологиялық немесе патологиялық) сипаттап, емдеу-диагностикалық процесіне тигізетін әсерін, науқастың өз басы және айналасындағыларға қауіп төндіру деңгейін, көмек көрсету тактикасын таңдап алуы қажет. Сана мен өзіндік сананың ауытқулары.Клиникалық парактикада науқастың санасын бағалауға көп көңіл бөлінеді. Психикалық қалпын сипаттағанда санасының жағдайына міндетті түрде көңіл аударылады. Науқастың санасының бұзылуы онымен контактіге түсуді қиындатуы, бұрмалауы немесе жоққа шығаруы мүмкін, бірақ
бұл ауытқуларды талдау науқастың жалпы жағдайын бағалауға, себептерін анықтауға және динамикасынболжауға мүмкіндік береді. Деперсонализация – өз ойларынан, аффектілерінен, әрекеттерінен бөтенсіну. Оның жиі кездесетін түрі «дене схемасының» – бұзылуы, яғни адам өзінің денесінің жекелеген бөліктері мен мүшелерін дұрыс бейнелемейді. Олар «дисморфобия» деп аталады. Псевдодеменция. Сана бұзылысының бұл түрі үшін жалған кемақылдылық тән.. Түйсіну бұзылыстарының түрі: Гиперестезиялар – психикалық тітіркену табалдырығының төмендеумен, жоғары сезімталдықпен, үйреншікті тітіркендіргіштер өте күшті, ауырсыну деп қабылданады. Гипостезиялар – психикалық тітіркену табалдырығының жоғарлауымен, үйреншікті тітіркендіргіштер өте әлсіз деп Қабылдаудың бұзылу келесі түрлерге бөлінеді: Иллюзиялар – шынайы заттар мен қубылыстарды жалған, бұрмаланған түрде қабылдай. Галлюцинациялар – шынайы затсыз жалған қабылдау. Олар психоздың формалдық симптомы деп түсіндіріледі. Психосенсорлық бұзылыстыр – сенсорлық синтездің бұзылуымен, сезімдік танудың патологиясы. Оларға
1) метаморфопсиялар, яғни шынайы заттарды көлемі, саны, түсі бойынша
өзгертілген деп қабылдау:
· Микро-макропсия – объектілерді кішірейтілген немес үлкейтілген деп қабылдау.
· Диплополиопия – заттарды екі есе, үш есе көбеюі
· Порропсия – объектілерді шынайы қалпына қарағанда алста орналасқан деп
қабылдау
· Ксантопсия – барлығын сары түсті қабылдау
· Дисморфопсия – заттарды шынайыға қарағанда деформацияланған деп
қабылдау.
Дереализация – шынай орта жалған, жасанды деп қабылданады.
Естің бұзылуы келесі түрлерге бөлінеді:
Дисмнезиялар - естің динамикасының бұзылуы.
Пармнезиялар - мнестикалық процестердің патологиялық өнімдері.
Гипермнезиялар - естің еріксіз жылдамдауы.
Гипомнезиялар - естегі ақпатартты жекелеген түрде шығып кету. Амнезиялар белгілі уақытта болған оқиғалардың, естен шығуы.

  1. Экстрапирамида жүйесі туралы анықтама беріңіз.

Экстрапирамидалык жуйе - бас ми ядроларынын және пирамидадан тыс откізгіш жолдардын козгалыс координациясын, булшыкет тонусын реттеу, калыпты устау, эмоциялык козалысты уйымдастыру. Экстрапирамидалык жуйе курамына бас ми кыртысы кейбір болімдері, базальды ядро, ми баганы ядролык курылымдары жатады. Одан баска экстрапирамидалык әсер жулынга және бас ми нерв ядроларына арнайы жол аркылы өткізгіш импульстер аралык ми, ортангы ми жене сопакша мимен байланысады. Экстрапирамидалык жуйе закымдалган кезде козгалыс сферасынын бузылысы болады, бул кезде пирамидалык жуйе бузылысынын клиникалык белгілері жэне сезімталдык бузылысы аныкталмайды.
Экстрапирамидалык синдром патогенезінде манызды орын нерв импулстерін химиялык откізгіштер - медиаторлар аткарады. Патология кезінде
арнайыландырылган медиаторлардын - дофамин, АХ, ГАМК, серотонин және т.б сәйкес нейромоноаминергиялык жуйе бузылысы дамиды.Қызметтері: Бұлшық еттерді қозғалысқа дайындау Белгілі бір қалыпта тұруға, ұстауға қатысады. Еріксіз рекцияларды ерікті қимылға автоматтандыру. Автоматталған, стереотипті қозғалыстарды, және рефлекторлық қорғаныш қимылдарын құрауға қатысады. Эмоциялық қозғалыстар құруға қатысады.

  1. Сезім бұзылыстарының типтерін жазыңыз.

Сенсорлық жүйе (лат organum sensuum, лат organon- мүше ағза, лат sensuum- қабылдау сезу)- ішкі және сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдайтын сезім жұйесі талдағыштардың анализаторлардың шеткі бөлігі яғни рецепторлар.Рецепторлар денеге ісер етуші тітіркендіргіштердің белгілі бір нақты түрін ғана бейімделген.

  1. Беткей сезім- тактильді , ауырсыну, температура
    2. Меншікті және терең сезім – бұлшықет
    буын сезімі , вибрация , қысым, салмақ сезімі.
    3. Күрделі сезім- орналасу орны сезім,
    дискриминация, екі өлшемді кеңістік сезім,
    стереогнос сезімі, кинестетикалық сезім



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет