Шеткері мотонейронның зақымдану симптомдары



бет4/45
Дата26.12.2023
өлшемі145,55 Kb.
#143912
түріТопик
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
неврология эталон полный-2

Қанат-таңдай түйіні, ganglion ptreygopalatinum, қанат-таңдай шұңқырында, жоғарғы жақсүйек нервінің астында орналасады. Түйінді екінші парасимпатикалық нейрондар құрайды.
Жоғарғы сілекей бөлетін ядроны, n. salivatorius superior, түзетін бірінші парасимпатикалық нейрондардың аксондарынан түзілген түйінгедейінгі тармақтар, тастық үлкен нервті, n. petrosus major,түзеді. Тастық үлкен нерв қанат-таңдай өзегінде ішкі ұйқы өрімінен бөлінетін симпатикалық тастық терең нервпен, n.petrosus profundus, қосылып, қанат-таңдай өзегінің нерві, n. canalis pterygoidei, деп аталады. Осы нервтің құрамындағы парасимпатикалық түйінгедейінгі тармақтар қанат-таңдай түйініндегі екінші нейрондарға синапс арқылы нервтік импулсті жеткізеді. Жоғарғы жақсүйек нервінен келетін сезімтал талшықтар түйін арқылы үзілмей өтіп, қанат-таңдай түйінінен шығатын тармақтар құрамында жалғасады.
Сонымен, қанат-таңдай түйінінен кететін нервтердің құрамында сезімтал, парасимпатикалық және симпатикалық нерв талшықтары өтеді. Түйіннен кететін тармақтар:
1) Мұрындық артқы жоғарғы медиалды және латералды тармақтар, rr. nasales posteriores superiores mediales et laterales, сына-таңдайлық тесік арқылы мұрын қуысының шырышты қабығын және бездерін нервтендіреді.
2) Мұрын-таңдай нерві, n. nasopalatinus, сына-таңдайлық тесік арқылы мұрын қалқасының шырышты қабығына өтеді, әрі қарай күректістік өзек арқылы қатты және жұмсақ таңдайлардың шырышты қабығына енеді.
3) Таңдайлық үлкен және кіші нервтер, n. palatinus major et nn. palatini minores, аттас өзектер арқылы қатты және жұмсақ таңдайлардың шырышты қабығын және бездерін нервтендіреді.
4) Мұрындық артқы төменгі тармақтар, rami nasales posteriores inferiores, таңдайлық үлкен өзек арқылы жүріп, мұрын қуысы түбінің шырышты қабығын нервтендіреді.
Төменгі жақсүйек нерві, n.mandibularis, аралас, үштік нервтің ең ірі тармағы. Үштік түйінге баратын сезімтал және үштік нервтің қозғалтқыш ядросынан шығатын тармақтардан түзілген. Бассүйек ішінен сопақ тесік арқылы шығып бірден қабықтық тармақты, r.meningeus, береді, ол қылқанды тесік арқылы бассүйек қуысына еніп, бассүйектің ортаңғы шұңқырының қатты қабығын нервтендіреді.
Төменгі жақсүйек нервінің тармақтары қозғалтқыш және сезімтал болып, екі топқа бөлінеді. Қозғалтқыш тармақтары, төрт шайнау бұлшықеттерін нервтендіреді. Олар:1) шайнау нерві,n.massetericus, – аттас бұлшықетті; 2) самайлық терең нерв, nn.temporales profundi, – самай бұлшықетін; 3, 4) латералды және медиалды қанаттәрізді нервтер, nn.pterygoidei lateralis et medialis – аттас бұлшықеттерді нервтендіреді.
Сонымен қатар : 5) таңдай пердесін керетін бұлшықет нерві, n.musculi tensoris veli palatini, – аттас бұлшықетті; 6) дабыл жарғағын керетін бұлшықет нерві, n.musculi tensoris tympani – аттас бұлшықетті нервтендіреді.
Сезімтал тармақтары:
1) Ұрт нерві, n.buccalis, ұрт бұлшықетінің сыртында орналасып, ұрттың терісі мен шырышты қабығында және езудің терісінде тармақталады;
2) Төменгі ұяшықтық нерв, n.alveolaris inferior, аралас, төменгі жақсүйек нерві тармақтарының ішіндегі ең ірісі. Төменгі жақсүйек өзегінің алдында, одан жақсүйек-тіласты нерві, n.mylohyoideus, шығып аттас бұлшықетті және қос қарыншалы бұлшықеттің алдыңғы қарыншасын нервтендіреді. Нерв, төменгі ұяшықтық артериямен бірге, foramen mandibulae, арқылы төменгі жақсүйек өзегіне енеді. Өзектің ішінде оның тармақтары төменгі тістік өрімді, plexus dentalis inferior, құрайды. Өрімнен төменгі қызыл иектік тармақтар, rr.gingivales inferiorеs, пен төменгі тістік тармақтар, rr.dentales inferiores, кетеді. Олар төменгі тістер мен қызыл иекті нервтендіреді.
Төменгі ұяшықтық нерв төменгі жақсүйектің өзегінен иек тесігі арқылы шығып иек нерві, n.mentalis, деп аталады. Иек нерві иек пен төменгі еріннің терісін нервтендіреді.
3) Тіл нерві, n.lingualis, аралас нерв (48-сурет), оны үш түрлі: жалпы сезімталдық пен дәм сезуді өткізетін және парасимпатикалық талшықтар құрайды.

  1. Көз қозғалтқыш нервтердің қызметін тексеру тәсілдерін түсіндіріп жазыңыз.

Көз алмасының қозғалысы ішкі үш жұп нерв талшықтарынан тұратын сыртқы бұлшықеттермен жүзеге асырылады : көз қозғалтқыш (III), блоктаушы (IV) және бағыттаушы (VI). Соңғы екі жүйке жүйесі тек бір ғана бұлшық етпен қамтамасыз етеді, көз алмасының қозғаласын қамтамасыз ететін бұлшықеттің үлкен бөлігі жүйке жүйесінің III жұбымен байланысты. Клиникалық зерттеу жүргізгенде бұл үш жүйке жүйесін бірге зерттейді, сол себепті оларды бірге қарастыруға болады. Көзқимыл нерві, N.oculomotorius — аралас нерв. Көзқимыл нервтің ядролары ми аяқшасы жамылғысында, мидың су құбырында, жоғарғы төмпешіктер деңгейінде жатады. Көзқимыл нерв ядроларының құрамына екі бүйір ядро , nuclei laterales, бір медиалді ядро, nucleus medialis; және жұп орталық парасимпатикалық
ядролар кіреді. Ми затынан көзқимыл нерві ми негізіне көпірдің алдыңғы жиегі маңында, ми
аяқшалары арасында, tossa interpeduncularis, аймағында көрінеді. Көз қимыл нервінің барлық үш жұбына (III, IV, VI) бір уақытта зерттеу жүргізіледі. Науқастан қосарлануып көріну бар немесе жоқтығын сұрайды. Көз саңылауларының енін, көз алмаларының
орналасуын, көз ұяшықтарының көлемі мен улкендігін , ұяшықтардың тітіркенгіштігін, жоғарғы қабақ пен көз алмасының қозғалыс көлемін анықтайды. Көз саңылауларының енін анықтау: птоз кезінде жоғарғы қабақтың
тарылуы(біржақты, екіжақты, симметриялы, симметриялы емес); көз саңылауларының кеңдігі жоғарғы қабақтың көтерілуіне байланысты. Көз алмасының орналасуындағы өзгерістерді анықтайды: экзофтальм (біржақты, екіжақты, симметриялы, симметриялы емес); энофтальм, қыликөздік (бір -, екіжақты, көлденең жинақталуы, тігінен жинақталуы— Гертвиг-Мажанди симптомы), бір бағытқа қарағанда күшейеді. Ұяшықтардың тітіркенгіштігін зерттеудің маңыздысы жарық болып табылады. Әрбір ұяшықтың жарыққа әсерін жеке жеке тексеріледі. Науқастың беті жарықтың түсуіне қарай бағытталады, көзі ашық, тексеретин адам науқастың екі көзін алақанымен жабады да, жылдам бір колын ашады. Осылайша ұяшықтардың жарыққа тітіркенгіштігін анықтайды; осы жолмен екінші көзінде тексереді. Қалыпты жағдайда ұяшықтардың жарыққа тітіркенгіштігі — физиологиялық улкейгенде 3-3,5 мм, қараңғылық ұяшықтардың 4-5 мм дейін кеңеюіне әкеліп соғады, ал жарық — 1,5-2 мм дейінгі тарылуға әкеледі. Конвергенциялық зерттеу жүргізу мақсатында дәрігер, науқастан, өзінен 50 см қашықтықта және ортада орналасқан балғаға қарауын сұрайды. Науқастың мұрнына балға жақындаған сайын көз алмасының конвергенциясы және мурыннан 3-5 см қашықтықта сол нүктеде ұстап қалу қажет. Ұяшықтардың конвергенцияға тітіркенгіштігі көз алмаларының көлемінің өзгерістеріне қарай бағаланады. Қалыпты жағдайда ұяшықтардың тарылуы бақыланады, 10-15 см дейін. Ұяшықтардың аккомодацияға тітіркенгіштігін зерттеу былай жүргізіледі: науқастың бір көзін жабады, ал екінші көзімен алыста немесе жақында орналасқан әріптерді корсету арқылы, ұяшщықтардың көлемінің өзгерістерін анықтайды. Қалыпты жағдайда алыстан қарағанда ұяшық кеңейеді, ал жақыннан қарағанда ұяшық тарылады.



  1. Үшкіл нерв және оның қызметі, зерттеу тәсілі.

үшкіл нерв, бассүйектің V жұп нервісі, аралас, қимылдатқыш және сезімтал талшықтардан тұрады. 4 ядросы бар: 2 сезімталдық және 1 қимылдатқыш ядролары мидың артқы бөлімінде, ал 1 сезімталдық ядросы мидың ортаңғы
бөлімінде жатады. Нервтің қымылдатқыш тармақтары Варолиев көпірінің алдыңғы бөліміндегі ядродан, nucleus motorius шығып, самай
сүйек пирамидасының алдыңғы-үстіңгі бетінің батыңқысында жататын Гассер түйінге барады.
Ушкіл нервтін козгалткыш болігін зерттеу а) Ауруды тістерін бірнеше рет сығып және босансытуын сурайды, сонымен бірге дәрігер шайнау булшыкеттеріне екі колдын саусактарын, сосын аурудын самай булшыкеттеріне де орналастырады. Солардын куштену және консистенсиясының денгейі бойынша онын жагдайына корытынды жасайды. Шайнау булшыкеттерінін закымдалган жагы әлсіз ширайды;
Аурудан томенгі жакты әртурлі жакка козгалтуын сурайды, ауызды ашу және жабу. Ауызды ашу кезінде жак закымдалган булшыкеттер жагына жылжып кетеді;
" в) Төменгі жак рефлекстерін зерттеу. Дәрігер емделушінің иек астына озінін сол жақ бөлігінің улкен саусағын кояды да (осы кезде ауызды жай гана ашылып турады) оң бөлігімен осы саусакпен жогарыдан томенге карай соккы береді. Калыпты жардайда бул рефлекс аз байкалады немесе болмайды. Псевдобульбарлык паралич кезінде лезде котеріледі (атеросклероз, балалардын церебральді параличі кезінде жоне т.б.).
2. У шкіл нервтін сезімтал функцияларын зерттеу.
а) Ушкіл нервтін нервтелу аймагында беттін сезімталдыктын кедергілерінін шекарасын аныктау. Ауруга козін жумуды талап етеді. Беттін симметриялык боліктерін инемен әлсіз тітіркендіреді, ол ушкіл нервтін 1-ші, 2-ші және 3-ші бутактарымен нервтеледі. Емделуші өткір әсерді сезініп жатыр ма, әлде оган бәрібір ме соган жауап береді. Сосын иненін ушкір жане догал боліктерімен алма-кезек жанайды. Осы кезде ауру: «өткір» немесе «өткір емес» деп жауап береді.
Үшкіл нерв қызметін тексеру.
Сезімділікті зерттеу тәсілдері: Үшкіл нервтің бетке шығатын тұстарын (көз үсті, көз асты, иек асты) басып көру. Үшкіл нерв тармақтарының беттегі нервтендіретін аймақтарында ауырсыну, жанасу және кинетикалық сезімталдықты анықтау. Қанттың, ас тұзының көмегімен тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінде дәм сезу
мүмкіндігін тексеру. Қозғалуды зерттеу тәсілдері: Ауызды ашқанда төменгі жақтың қалай тұрғанына назар аударылады. Шайнау бұлшықеттерінің жиырылуын зерттеу үшін науқастың жағын алақанымен басып тұрып, шайнауын өтінеді.

  1. Галлюцинация және иллюзияның турлерін жазыңыз.

Кейбір психоздар (аққызба, шизофрения өршуі, кәрілік алдындағы психоз, қан қорқыныш, үрей, мазасыздық, жақындаған қайғы қасіретті сезінуден басталады. Ауру өзіне төнген қауіпті сезінеді, істің мәні неде екенін түсіну үшін қоршаған ортаға күдікпен қарайды. Өткінші адамдардың сөз үзінділерін көше дыбысымен біріктіріп, өз көңіл-күйіне қатысты қабылдайды: соғыс басталды, оған қарсы шабуыл ұйымдастырылып жатыр; көшеде ойнаған балалар шуылын подвалда қиналып жатқан туыстарының дауысы деп ойлайды, оларды қинамауын өтініп, жылайды. Бұл аффективті иллюзия деп аталады, бұл кезде сандыраққа дайындық бар. Сезім жеткіліксіздігіне байланысты қабылдауда елестету рөлі өсе түседі. Қалыпты жағдайда пайда болған қабылдау қателіктері сау пікір көмегімен түзетуге келеді. Сандырақпен ауырған науқастарда елестету де, ойлау да патологиялық өзгерген болып саналады және де сандырақты елестету санада үстемдік етеді. Осылайша, тітіркендіру күшінің жеткіліктілігіне қарамастан сезім мүшелеріне түсетін ақпарат сандырақ ойлармен бұрмаланады. Шизофрениямен ауыратын науқас айнаға қарап отырып, бетінің төмендегі бөлігі алға қарай қозғалатындығын «қасқыр тұмсығына» ұқсайтынын көреді; пресенильді психозда өзін тірі өлік санайтын адам, денесінен жанының қалай шыққандығын, өлік дақтарын, өлім белгілерін «көреді». Осы тәріздес интерпретативті иллюзия жедел сезімдік сандырақпен, интерметаморфоза сандырағымен, оң және теріс егіздік сандырағымен науқастарда да кездеседі. Иллюзияның үшінші түрі — парейдолиялық деп аталады. Иллюзияның бұл түрінде қоршаған орта туралы ақпарат науқас санасының фантастикалық елестерімен бұрмаланады, сана күңгірттенуі жаңа басталып келе жатқан науқастар елестерінің таңғажайып ойынымен бейнеленеді. Қалтырау жағдайындағы балада сезім мүшелеріне түскен тітіркендіргіштер бір сәтте ертегі сюжеттеріне айналады, мысалы, тұсқағаздағы дақтар, қабырғалардағы жарықтар, шам көлеңкесі еденге түскенде қозғалатын жануарлар бейнесіне енеді, үйлер тәрізді қабылданады; бұлттар қорғандарға айналып, оның контурынан үлкен қалаларды, әдемі пейзаждарды көреді. Одан әрі науқас жағдайының ауырлауына байланысты шынайы қоршаған ортамен арадағы байланыс біртіндеп жойылады, елестер басым бола түседі.
Галлюцинациялар элементарлы, бұл кезде тек дыбыстар, шуыл, тарсыл (акоазмдар), жарық жолақтарын, дақтар көру (фотопсиялар) және аса курделі болуы мумкін, адамдардың сөздерін естиді (вербальды галлюцинация), бейнелер көреді. Кей жағдайларда галлюцинациялар тек ұйықтар алдында (гипногогиялық галлюцинация) немесе оянар кезде (гипнопомпиялық галлюцинация) пайда болады. Сирек байқалатын экстракампинді галлюцинацияларды жеке айтып өту керек: бұл кезде науқас көру аумағынан тыс нәрсені көреді мысалы, өз артындағы адамды көреді. Функциональды немесе рефлекторлы галлюцинация, бір нақты немесе өзге анализатор тітіркенген жағдайда пайда болады. Науқас желдеткішті қосқанда, оның шуымен қатар әңгіме естиді; желдеткішті өшіргенде, дауыстар жоғалады. Дөңгелек сартылымен қатар ән естиді, поезд тоқтағанда ән естілмейді. Иллюзияда шын мәнінде бар тітіркендіргіш басқа зат ретінде қабылданса, рефлекторлық галлюцинацияда тітіркендіргіш галлюцинациямен бірге қабылданады.

  1. Сандырақ – түрлері, клиникалық белгілері.

Сандырақ ойлар — аурудың санасын толық жаулап алатын және түзетуге келмейтін қате ой түйіндеулер. Осындай сандырақты көңіл-күй дамуымен сандырақтық қабылдау бірге жүреді: айналадағылардың барлығы шындық емес, жасанды немесе бір қауіпті құпия тұнып тұрғандай көрінеді. Сандырақтық қабылдау сандырақтық елестетулер түзілуімен тікелей байланысты, осының негізінде аурудың өткен өмірінің кейбір сәттері жаңа мәнге ие болады. Сонымен, сандырақтықтау пайда болады — бұрын түсініксіз болған құбылыстардың интуиция арқылы айқындала түсуі. Осы сәттен бастап сандырақ нақты мазмұнға ие болады, бұл субьективті жеңілдену сезімімен, эмоционалды тынышталу жағдайымен бірге жүреді — сандырац кристаллизациясы. Соңына тусу сандырағында науқас, белгілі бір адамдар немесе ұйымдардың өзін құпия немесе ашық түрде соңына түсіп, жоюға әрекет жасап жүргендігіне сенімді. Эсер ету сандырағы соңына түсу сандырағының бөлігі немесе оның бір түрі болып табылады: сол аталған ізге түсушілер науқасқа моральді немесе физикалық әсер етеді, ол үшін күрделі тәсілдер және қазіргі жаңа техникалық құралдарды қолданады деп есептейді. Науқас өзінде гипноз, телепатиялық әсерді сезінеді, электр тоғы, сәуле, магниттердің әсері жөнінде айтады. Уландыру сандырағы да соңына түсу сандырағының құрамына кіреді; науқас уландырудың негізгі көзі құрамында улы заттары бар дәрі, су, ауа, тамақ деп санайды. Қызғаныш сандырағы кезінде науқастың жолдасының әрекеті, сыртқы келбеті мен жүріс-тұрысы, жолдасының сөздері, қоршаған ортадағы түрлі оқиғалар жұбайлық көзге шөп салу белгілері түрінде көрінеді («дәлелдер»). Ипохондриялық сандырақ тақырыбы — ауыр, дауасы жоқ дерттің бар екендігіне сенімділік. Өзін-өзі кінәлау жзне өзін-өзі кемсіту сандырацтыц идеялары ипохондриялық және депрессиялық күймен бірге жүреді. Науқастың пікірі бойынша, оның бүкіл өткен өмірі күнәға толы деп санайды; өздерін кінәлайды, өкінеді

  1. XI,XII жұп нервтері: атқаратын қызметтері және тексеру тәсілдері.

Косымша жуйке жуйкесінін 1-кимылдаткыш нейрондары орталык иірімнің төменгі бөлімінде орналаскан, сол жерден ішкі капсулага өтеді де, одан ми жұлыннын негізгі бөліміне, кейін косымша жуйкенін ядросында аякталады. Онын ядросы узын, мотонейроннан турады. С5 сегментінен ауыз куысы багытына карай сопакша мига көтеріледі. Ядрода екі бөлім болады: жулын ми және церебральді. Онын ядросы жулыннын 1-сегментінен 7 ші мойын сегментеріне дейінгі алдынғы бөлігі сопакша миға кіреді. Косымша жуйке екі төс - бұғана-емізіктік ( m. sternodeido-mastoideus) және трапеция тәрізді (т. trapecius) булшык еттерді жуйкелендіреді. Олар басты онга және солга бұрады, алга карай енкейтеді, шынтакты көтереді, жаурынды ортага карай козгайды. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Мойынды және иык белдеуін карап коргенде бастын орналасуына, сонымен катар атрофиянын бар немесе жок болуына және осы аймакта булшыкеттін
Фасцикулярлі козгалуына назар аударады. Дәрігердін колы аркылы төс-бугана-емізіктік булшыкеттінің функциясын тексереді. Трапеция тарізді булшыкеттерін иыктык козгалту аркылы және жауырындарын козгалту аркылы тексереді.

Тіл асты жуйке жуйкесінін орталык және перифериялык Козғалткыш нейроны бар. Онын орталык нейрон торшалары алдынгы орталык ми кыртысы-ядро жолымен томен туседі де сопакша мидағы тіласты жуйке ядроларынан жогарырак тегіс айкасады. Тіласты жуйке ядролары сопакша ми какпагындагы ромб тәрізді шункыр тубінің ортасына таяу орналаскан. Бул ядроларда сырткы неврон торшалары бар, олардын аксондары тіласты жуйкесін курастырады.


Жуйке бірнеше тубіршектерімен төменгі олива мен пирамида арасындагы сала аркылы сопакша мидын табанына шыгады.Жуйке бас суйек куысынан қарақұс сүйегінің буын өсіндісі түбіндегі тіласты өзегі аркылы өтеді. Тіласты жуйкесі тіл булшыкеттерін жуйкелендіреді. Тіл ауыз қуысындағы тамакты алмастырады, сөздің дыбыс ырганын реттейді. Тіл асты жуйкесінін функциясы - тілдін өзінің булшыкетінің, тілді алға, төмен, жоғары және артка булшыкетін иннервациялайды. Бул булшыкеттін барлығында клиникалык тәжірибеде тілді алга және астыга козгалтканда иек-тілдін булшыкеті манызды орын алады. Тіл асты жуйкесі жогарғы симпатикалык жуйке туйіні және төменгі кезбе жуйкенін төменгі туйінімен байланыс курайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет