Шеткері мотонейронның зақымдану симптомдары



бет5/45
Дата26.12.2023
өлшемі145,55 Kb.
#143912
түріТопик
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
неврология эталон полный-2

Зерттеу әдістемесі. Наукаска тілін шыгаруды усынады, осы кезде тілдін жан-жакка ауыткуы, артофия, фибриллярлык жыбырлау, діріл бар-жоғын тексереді. ХII жуптын ядросында ауыздын айналасындағы булшыкетті иннервациялайтын талшыктар шыгатын жасушалар орналаскан, сондыктан ХII жуптын ядролык закымдану кезінде жұқару, еріннін катпарлануы пайда болады, наукас ыскыра алмайды.

  1. Беттің вегетативті түйіндері: қанаттаңдай түйінінің орналасуы, атқаратын қызметі.

Қанат-таңдай түйіні, ganglion ptreygopalatinum, қанат-таңдай шұңқырында, жоғарғы жақсүйек нервінің астында орналасады. Түйінді екінші парасимпатикалық нейрондар құрайды.
Жоғарғы сілекей бөлетін ядроны, n. salivatorius superior, түзетін бірінші парасимпатикалық нейрондардың аксондарынан түзілген түйінгедейінгі тармақтар, тастық үлкен нервті, n. petrosus major,түзеді. Тастық үлкен нерв қанат-таңдай өзегінде ішкі ұйқы өрімінен бөлінетін симпатикалық тастық терең нервпен, n.petrosus profundus, қосылып, қанат-таңдай өзегінің нерві, n. canalis pterygoideiдеп аталады. Осы нервтің құрамындағы парасимпатикалық түйінгедейінгі тармақтар қанат-таңдай түйініндегі екінші нейрондарға синапс арқылы нервтік импулсті жеткізеді. Жоғарғы жақсүйек нервінен келетін сезімтал талшықтар түйін арқылы үзілмей өтіп, қанат-таңдай түйінінен шығатын тармақтар құрамында жалғасады.
Сонымен, қанат-таңдай түйінінен кететін нервтердің құрамында сезімтал, парасимпатикалық және симпатикалық нерв талшықтары өтеді. Түйіннен кететін тармақтар:
1) Мұрындық артқы жоғарғы медиалды және латералды тармақтар, rr. nasales posteriores superiores mediales et laterales, сына-таңдайлық тесік арқылы мұрын қуысының шырышты қабығын және бездерін нервтендіреді.
2) Мұрын-таңдай нерві, n. nasopalatinus, сына-таңдайлық тесік арқылы мұрын қалқасының шырышты қабығына өтеді, әрі қарай күректістік өзек арқылы қатты және жұмсақ таңдайлардың шырышты қабығына енеді.
3) Таңдайлық үлкен және кіші нервтер, n. palatinus major et nn. palatini minores, аттас өзектер арқылы қатты және жұмсақ таңдайлардың шырышты қабығын және бездерін нервтендіреді.
4) Мұрындық артқы төменгі тармақтар, rami nasales posteriores inferiores, таңдайлық үлкен өзек арқылы жүріп, мұрын қуысы түбінің шырышты қабығын нервтендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет