«Ой толғау» Қан топтарына есептер шығару
І-топ. Қан тобы І қыз, қан тобы ІІІ жігітке тұрмысқа шықты. Олардың балаларының қан тобы қандай болады?
ІІ-топ. Әкесінің қан тобы ІY, шешесі ІІ қан тобы бойынша гомозиготалы отбасындағы балалардың қан тобын анықтаңдар.
ІІІ-топ. ІІ қан тобы бойынша әйел де, еркек те гетерозиготалы болса, олардың балаларының қан тобы ІY, ІІІ, ІІ және І болуының ықтималдығы қандай ?
ІY-топ. Қаны І топқа жататын жігіт, қаны ІІ топқа жататын қызға үйленеді. Қыздың әкесінің қан тобы І . Осы некеден туатын баланың қанының І топ болуының ықтималдығы қандай ?
|
Оқушылар топта талқылай отырып есептерді шығарады
|
Жинақтау
(5 мин)
|
«Ой түйін».Интербелсенді тақта арқылы ауызша тест сұрақтарына жауап беру
1.Қан ұйымайтын ауру қалай аталады?
а) Пневмония ә) Гемофилия б) Холера
в)Дифтерия г)Скарлатина
2. Қан беретін адам
а)реципиент ә)донор б)фагоцитоз
в)пиноцитоз г)резус;
3. Универсалды донор деп қандай қан топтарын атайды?
а)ІІтоп ә)І топ б)ІІІ топ в) ІҮ топ
4. Адам қанының төрт тобын ашқан және осы еңбегі үшін Нобель сыйлығын алған ғалым кім?
а)Э.Дженнер ә)К.Ландштейнер
б)И.И.Сеченов в)И.И.Мечников
5. Өзіңнің қан тобыңды неге білу керек?
а)фагацитоз үшін ә)пиницитоз үшін
б)агглютинация болмау үшін
6. Адамда болатын қан топтарының саны
а)екі ә) үш б)төрт в)бес г)алты
7. Донордан қан алатын адам:
а)донор ә)фагоцитоз б)реципиент
в)пиноцитоз г)резус
Агглютинация деген не?
а)Тромбоциттердің бірігіп қалуы
ә)Лейкоциттердің бірігіп қалуы
б)Эритроциттердің бірігіп қалуы
в)Ерекше нәруыздық зат
|
Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді.
1-ә
2-ә
3-ә
4-ә
5-б
6-б
7-б
8-б
|
Бағалау
(2 мин)
|
ОҮБ және ОБ
Смайликтермен бағалау
|
Оқушылар жинаған смайликтерінің санына, сабаққа қатысына қарай алған бағаларын күнделікке қойғызады.
|
Кері
байланыс
(2 мин)
|
Не білемін?
Не білдім?
Не білгім келеді?
|
Кері байланыс парағын толтыру арқылы өздерінің бүгінгі сабақ бойынша түйгендерін және тапсырмаларды орындау кезіндегі қиындықтар мен оны қандай жолдармен еңсергендігімен бөліседі.
|
Үйге
тапсырма
(1 мин)
|
1. «Қан топтары және қан құю» тақырыбын оқу
2. Өз ата-аналарының қан топтарына байланысты мүмкін болатын жағдайдағы қан топтарына есептер шығару
|
Үй тапсырмаларын күнделіктеріне жазып алады
|