1. «Өз орныңды тап» Оқушыларды қан топтары бойынша топтарға бөлу: I, II, III, IY топтары
2. Психологиялық ахуал орнату
Оқушылар қиылған қағаздарға І, ІІ, ІІІ, ІY қан топтары жазылған қағаздарды суыру арқылы топтарға бөлінеді
Үй тапсыр-
масын тексеру
(5 мин)
«Ой шақыру» 1. Организмнің ішкі ортасы неден түзілген?
Қан неден тұрады?
Қан қандай қызмет атқарады?
Қан плазмасының құрамын атаңдар.
Эритроциттер қандай қызмет атқарады?
Лейкоциттердің негізгі атқаратын қызметі қандай?
Фагоцитоз құбылысын кім ашты?
Тромбоциттердің қызметі қандай?
1.Адам организмінің ішкі ортасын ұлпа сұйықтығы, қан мен лимфа құрайды
2.Қан плазмадан және қан жасушаларынан тұрады
3.Қан тасымалдау, гуморальдық, жылу реттеу, қорғаныш қызметтерін атқарады
4.Құрамында 90-92% су, 7-8% нәруыздар, 2% глюкоза, майлар, минералды тұздар, т.б. болады.
5.Эритроциттер оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдайды.
6. Организмді ауру тудыратын бактериялардың, бөгде денелердің енуінен қорғау.
7. 1908 жылы И.И.Мечниковке осы жаңалығы үшін Нобель сыйлығы берілді.
8. Қанның ұюы және қан кетуді тоқтату процестеріне қатысу.
Білу
(3 мин)
«Ой қозғау» Оқушылардың жаңа сабаққа қызығушылығын ояту мақсатында «Қан топтары» бейнекөрінісі көрсетіледі.
Адам организміндегі қанның жалпы мөлшері қанша?
«Шеңбер» стратегиясы бойынша оқулық мәтінімен танысып, өз топтарына кезекпен түсіндіреді.
Қолдану
(12 мин)
Оқулық мәтінін және қосымша интернет материалдарын пайдаланып, әр топ өз тапсырмаларын постерге түсіріп, оны қорғайды.
І-топ: Қан құю
ІІ-топ: Қан топтары
ІІІ-топ: Резус-фактор
ІY-топ: Қан топтарын анықтау
1.https://wordwall.net/ru/resource/25619363/%D1%82%D0%B5%D1%81%D1%82-%D2%9B%D0%B0%D0%BD-%D1%82%D0%BE%D0%B1%D1%8B
2.https://quizizz.com/admin/quiz/60351498e1ed0f001bb7a00b/%D2%9B%D0%B0%D0%BD-%D1%82%D0%BE%D0%BF%D1%82%D0%B0%D1%80%D1%8B
Оқушылар оқулық мәтінін және қосымша интернет материалдарын пайдаланып, әр топ өз тапсырмаларын постерге түсіріп, оны қорғайды.
І-топ: Қан құю
ІІ-топ: Қан топтары
ІІІ-топ: Резус-фактор
ІY-топ: Қан топтарын анықтау