Шұғаның белгісі


Жақып (отырып). Мен керістен аулақпын,бірақ кісі үлкенге бағыну керектігін Антонов офицер үнемі ұмыта береді. Антонов



бет10/25
Дата15.02.2023
өлшемі450 Kb.
#68147
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Байланысты:
Б.Майлин Шығармалар жинағы

Жақып (отырып). Мен керістен аулақпын,бірақ кісі үлкенге бағыну керектігін Антонов офицер үнемі ұмыта береді.


Антонов. Бағынудың да шегі бар. Орынсыз, әсіресе үкіметтің бағытына қайшы келіп қалғанда, менің де ескертуім керек... (Отырады.)


Шоңмұрын. Офицер Антонов! Полковниктің алдында ғапу өтінуіңізді сұрар едім. Сіз жас адамсыз. Дұрыс-қате деп тексерудің қажеті жоқ... Бізбен істескендігіңіз үшін, бас үкімет адмерал Колчак пен «Алаштың» бірлігін күшейту үшін мен сізден қатты өтінем!.. Өтінем, офицер Антонов!


Антонов. Жақсы... (Тұрып.) Господин полковник! Арамызда болған аз ғана көңілсіздікті ұмытайық. Қызғанда не демейді, беріңіз қолыңызды! (Қолын созады.)


Жақып. Мен ұмытып та болдым. (Қолын береді. Телефон шылдырлайды. Жақып тыңдап.) Ия... Телқозымысың? Ал... ал... Мәмбеттің жолдастары? Бесеу деймісің?.. Әкелме, түрменің жолын таба алмай тұрмысың? Ә?.. Кімдер дейсің? Неге үймелетесің, тарат, тез! Ат мылтықты!.. Ә?.. Қатын-бала болса ше! Әй, былжырама, бұйрықты мүлтіксіз орында, білдің бе!.. (Телефонды қойып, кейіп.) Оңбаған ит!..


Шоңмұрын. Телқозыма?


Жақып. «Есенгелді мен Мәмбетті шығарып бер деп орыс-қазағы жиналып жатыр, қайтем?» – дейді...


Антонов. Мұндай ақымақ, бос кісіні көргем жоқ, өзім барайын... (Шығады.)


Шоңмұрын.Телқозының бостығынан өлдік-ау, әйтеуір!..


Айбала. Қатын-балаға шейін жиналды дей ме? Өлермендерін қарашы!


Жақып. Осындай, пышағың түлкі алып тұрғанда адам деген желігіп кетер болар еді, біздің Телқозы былжырай түседі...

Қартай мен Әбіш асығыс кіреді.




Әбіш. Қостанайдан шыққан Таран отряды жақындап қалды. Бүгін кешке қалаға кіреді.


Жақып (шошынып). Қалай кіреді?


Әбіш. Соғыссаң соғысып кіреді; қашсаң қуып кіреді. Жүз елу әскері бар. Бес қару түгел... Біздің түріміз мынау: әскеріміздің жартысы мас, жартысы ел тонауға шығып кеткен. Олардың басын қосқанша Таран әскері қаланы алып та болады... Қызылдар біз секілді емес, тастай тәртіпті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет