Шұғаның белгісі


Айбала. Жасаған-ай, сәтін бергей де! Бүгін ғана теріміз кеңігендей болып отырғанда.. Шоңмұрын



бет12/25
Дата15.02.2023
өлшемі450 Kb.
#68147
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
Айбала. Жасаған-ай, сәтін бергей де! Бүгін ғана теріміз кеңігендей болып отырғанда..


Шоңмұрын. Мынаған айтпасақ болмас... (Антоновтың жанына келіп.) Господин Антонов! Біз тағы бір қақпан құруға кірістік...


Антонов. Кет, пожалуйста. Каждый шиповкаңмен келіп...


Жақып. Тиме оған, ұйықтасын. Қысылғанда көмегі тиеді деген адамымыз ғой. (Көзінің қиығымен Айбалаға қарайды. Ол шығады, Жақып дауыстап.) Есікте кім бар? Мұнда кел! (Кенжеғара кіреді.)


Кенжеғара. Мен бір хабар есіттім, рас па?


Жақып.Тағы бір жұмысқа кірістік. Сендермен ақылдасуға асығыс болды. Болышевикше киіндіріп он шақты адам жібердік қарсы алуға, бұл тұзаққа іліксе, іс оңға айналды. Әйтпесе, білмеймін... Әскердің көбі мас, тәртіпсіз... (Антоновты көрсетіп.) Бастық дегеніміздің қылжиып жатқаны анау...


Кенжеғара. Мұның да бір тапқан жұмыс екен. Сәтін сұра. Әскерді тас-түйін иіру керек. (Антоновқа.) Мына шіркінді жауапқа тарту керек қой, шалжандатпай. (Телқозымен Төреғазы кіреді.)


Жақып (қызып). Кенжеғара, Телқозы, Төреғазы! Үшеуіңе өте жауапты жұмыс тапсырылады.


Үшеуі (бірден). Орындауға әзірміз!


Жақып (бұйрық есебінде). Бірінші – Қостанай жолындағы барлық қарауылшы солдатты алып, о жақтағы, көшедегі солдаттың бәрін казармаға тығындар! Екінші – ол көшелерге қызыл жалау іліңдер; үшінші – бүкіл Шыршық қаласында кешеде бос жүрген бір солдат болмасын; төртінші–осы үйдің қорасына 20 солдаттан әскер жасырыңдар; бесінші – казармадағы солдаттар екі минут ішінде далаға шыға келуге әзір тұратын болсың; алтыншы – түрменің ішкі күзетін нығайтындар... Тарандар қалаға кіре бергенде, осы әскер сол сағатында бас салатын болсын!


Үшеуі (бірден). Мақұл! Жан барында орындаймыз!


Жақып. Он минуттың ішінде орындадық деген хабарларыңды жеткіз! Бәріңнің жұмысыңа Кенжеғара жауапты... ( Үйдегілер шығады. Біраз тыныс. Кенет телефон шылдырлайды.)


Жақып (телефонды алып). Кім! Телқозы?.. Казармаға жиналды? Жүзге толмайды?.. Құдай атсын сені!.. Бүйтіп істеген ісі құрсын! Әй, мыңқылдама, жетер. Қолдағы әскеріңді тәртіпке сал! Қарауылдағы солдаттарды большевикше киіндір, төсіне қызыл тақ!.. Орындаған хабарыңды дереу білдір!.. (Телефонды тастайды. Үй ішінде асығыс жүріп, терезеден қарайды. Айбалаға келіп, иығына қол салып.) Айбала, ақылыңа кел! Біздің сүйеніп отырғанымыз Колчактың күші. Оның жіберген бастығын төбеге көтермей амал жоқ. ( Телефон шылдырайды. Жақып телефонға бара жатып.) Осыны анық түсін!.. (Телефонды алып.) Кім? Төреғазы?.. Ия... Жиырма солдат жібердім... Сергеевті бас қылып жібердім... Жалауды қайда ілдім дейсің?.. Жақсы, жақсы... Батыр, сен қимылдаңқырамасаң...


Шоңмұрын (кіріп). Төреғазы жіберген жиырма солдатты жайластырып жатқыздым. Сергеев басында. Өзім қасында болам. Көшедегі солдаттарды үйді-үйге қамап жүр... Істің барысы жақсы.

Далада шу, айқай, үйдегілер селт етіседі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет