Пайдаланылған әдибиеттер тізімі................................................................62
Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда XX ғасырдағы Қазақстан тарихының беттері қайтадан жазылуда және көркейтілуде. 70 жылдан астам уақыт өмір сүрген кеңес үкіметінің кейбір фактілері интерпретацияланып, ал оның негізгі бөлімдері ғалымдардың көңілінен тыс қалды. Себебі Қазан революциясынан кейін халықтың мәдениетін көтеруде, әсіресе ағартушылық салада, халыққа білім берудің жаңа жүйесі қалыптасты. Бері келе тоталитаризмнің идеялық саясаты қазақ жерінің тарихын, негізгі тарихы болып келген КСРО - ның тарихының қосымша құралы ретінде оқытып, санамыздан ата - бабаларымыздың мәдени - рухани тарихын мүлдем өшіруге тырысты. Себебі Голощекиннің Сталинге жазған хатында: «Мына қазақтың интеллигенциясы өте күшті қауіпті» деп жазған. Олар егер қазақтарға тендік беріп қойылса басқадан айырылып қалатынын білген. Сол себепті қазақ интеллигенциясын құрбандыққа шалған. Ресей екі халықтан қорыққан. Бірі біз екіншісі Украиндер. Сталин қазақтардың оңайлықпен берілмейтінін білген. Сол себепті Сталин тарихқа көз жүгіртіп тарихта Американдықтардың Үндістерді отарлау үшін алдарындағы бизондарды қырып аштықтан әлсіретіп халқын тізе бүктірген. Кейбір деректерде Американдықтар жүз бес миллион Үндістің тоқсан екі миллионын өлтіргені айтылады. Осы саясатты ұстанған Сталин Украиндықтардың бидайын Қазақтардың малын тартып алып аштықтан қырған. Бас көтерген қазақтардың жүз жиырма бес мыңын репрессияға ұшыратып жиырма бес мыңын ату жазасына бұйырған. Кезінде Ресейді мойындатқан әр бір Алаштың арыс азаматтары елім жерім деп көз жұмған. Ал, ол үшін ең алдымен, халықтың бет тұтарлары болып табылатын зиялыларымыздың санын жоюды мақсат етті. Елі үшін, халқы үшін қызмет еткен қазақ зиялыларының өз халқының тэуелсіздігін қалай алу керектігін ойлап, сол үшін күреске түсіп, «халық жауы» аталып, өмірден қыршын кеткен зиялыларымыздың Республикада болып жатқан оқиғалардан шет жүрмеуінің өзі Сталиндік зүламат заманның бұғауына қарсы күрескенін көрсетеді. Дегенмен де, қазақ халқының тағдырында кеңестік үкіметтің тәлкегін тарту тарихи тағлым болып жазылды...
Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі түңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Қазір тарих бетін ақтарып қарасақ, қазақтар біздің ғасырдың 20 - 30 жылдарында да айдалада бостан босқа қырыла бермепті, саяси жүйеге қару алып күресіпті. Сталиннің бұғауына қарсы Қазақстанның шекарасына ашықтан ашық күреске шығыпты. Бірақ күштері тең келмепті. Титықтаған халықтың бір бөлігі амалсыз көніпті, бір бөлігі туған қонысын тастап, шетке ауып кетіпті. Қазақтар талай жерде түтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге құштарлық, азаттыққа құштарлық қайтадан жығылған еңсені көтеріп, тәуекелге бел буғызды...» [1].
Қазақстандағы лагерьлер жүйесі XX ғасырдың ең зұлым да қайғылы кезендерді қамтиды. Қызыл империяның дәуірі қазақ халқына оңай тимеді. Ел аман, жұрт тынышта екі дүркін аштық болды. Арыстарымыз қырып-жойылды. Қуғынға түсті. Қазақ жері НКВД лагеріне айналды: Карлаг, Степлаг, оның толып жатқан нүктелері. «Халық жауларының» әйелдері де жазықсыз сотталып, «АЛЖИР» - ге жіберілді. Келімсектер, еріксіз жер аударылғандар қаптады. Ұлттық ар-намыс аяққа басылды. Ата дінінен, ана тілінен айырылуға шақ қалдық... Мұндай зұлымдықты айта берсең, жүрегің қан жылайды. Бүған кінәлі жалғыз Сталин бе? Мұндай зорлық-зомбылыққа неге жол берілді? Оның занды негіздері болды ма? Бола қалса, қалай жүзеге асырылды? Бүйрық бергендер, төрелік айтқандар, оны орындағандар кімдер еді? Олардың кейінгі тағдырынан не хабарымыз бар?
Сұрақ көп, жауап аз. Әйтсе де, осы мәселе төңірегінде ой-пікір өрбітіп, қолға түскен кейбір деректерді ортаға салып, талқылау мәселесі ең өзекті мәселе болып табылады.
Сталиндік қуғын-сүргін деп тарихқа енген 1937 жылғы нәубетке 71 жыл болып қалыпты. Дей тұрсақ та, халықты жаппай қырып - жою одан әлдеқайда ерте басталған. Бұған кезінде кім назар аударды дейсіз. Байтақ елге керемет үрей әкелген, жан түршігерлік зұлымдықты бастаған дүниежүзі пролетариатының көсемі Лениннің өзі болатын. Күн көсемнің басқа қызметінде шаруамыз жоқ, ал жазалау саясатын жүргізудегі рөлін ерекше атап айтуға тұрарлық. Өйткені «қызыл қырғын» оның көзі тірісінде басталып, тікелей басшылығымен жүзеге асырылды. Бұл тарихи факт.
Большевиктер жазалау шараларын өздерінің кібіртіктеп, істері алға баспай жатқан бағыттарында, елді қорқытып-үркіту, еріксіз ырқына көндіру үшін «біліп қойыңдар» дегендей ескерту есебінде де кеңінен қолданды. Қырып-жою ең алдымен «революцияның тап жауларына» бағытталды, оның құрамына «үсақ буржазияшылдар», «ұлтшылдар», «партияда жоқтар», «тоғышарлар», «жексұрын-интеллигенттер», тағы басқалар кірді. Патша армиясында қызмет атқарған офицерлер, «большевиктік пиғылдан тыс элементтер» тап жауы ретінде қүртылды. Киев большевиктердің бақылауында болған 1918 жылдың қаңтарында орыс офицерлері он - ондап емес, 200 300-ден тарта тұрғызылып, пулеметпен атылған. Бүл «совет өкіметінің салтанатты шеруі» деп аталған кезеңнен бір ғана мысал.
Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың арнайы Жарлығымен «1997жыл-Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандары еске алу жылы» деп жарияланды. Оған да жиырма бес жыл өтті. Содан бері осы көкейтесті мәселе төңірегінде газет-журналдар көп әңгіме қозғады, талай радио-телехабарлары берілді, тарихи-танымдық еңбектер жеке кітап болып шығып жатыр. Көне тарихымыздың қасіретті беттерінің бірі болғандықтан бұл тақырып алдағы уақытта да ел назарын аудара беретіндігі сөзсіз.
Таптық қоғам жаратылғаннан бері адам баласы теңдікті, әділдікті, бостандықты аңсап келеді. Ата - бабаларымыз «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» күнді аңыз етті. Ал бұл деген жан дүниесі мен табиғаттың үйлесімі - гармония емес пе? Асан Қайғы жерұйықты іздеді. К.Маркс пен Ф.Энгельс, міне, болашақ Жерұйықтың - социализмнің принциптерін негіздеп «Коммунистік манифесті» жариялады. Ұлы Қазан социалистік революциясының туында «Бейбітшілік», «Бостандық», «Теңдік», «Жер», «Әділдік» сияқты гуманистік ұрандар жазылып қана қойған жоқ, іс жүзіне асырыла бастады. Алайда, В.И.Ленин социализм принциптерін қалыптастырып, ой-арманын бір ізге салып үлгермей кетті. Оның мұрагері болып партия басшылығында қалған И.В.Сталин теорияда саяздық көрсетті, іс жүзінде революциялық шыдамсыздыққа салынды, таққа, баққа талас барысында білім емес білек жұмсады. Әділ ел ағасы, халық ағасы болу қолынан келмей қара күшке айналады. Ұлы идея үшін сан ғасыр күрескен халық белшесінен қанға малынды, Ленин ілімі бұрмаланып, социализм құру ісі тығырыққа тірелді.
Ғалым Д.Волкогонов өзінің «Даңқ пен қасірет» деген еңбегінде сталинизмнің құрбаны болып, 3,5-4 млн адам репрессияға ұшырады, оның 600-650 мыңы атылды, - деп мәлімдейді. М.Р. Медведев болса, атылғандары бір млн-нан астам, - деп жобалады. 1938 жылы 5 мамырды «Правда» газеті абақтыға жабылғандар санын 5 миллионнан астам екендігі туралы ақпарат береді. Ал егер сталиндік жалпылама террор 1940 жылы 1 сәуірде Ежовтың атылуымен аяқталды деп санасақ, онда бұл фактілердің әлі де тек болжам екендігін байқауға болады. Патшалық Ресейде 1905-1912 жылы 6107 адам атылып, 1 217 672 адам (қылмыскерлерді қоса есептегенде) түрмеде отырыпты. Ендеше, сталиндік жалпылама террор ғасырларда болмаған жауыздыкпен ұштасады. Сталинизмнің көрсеткен жапа, қайғы-мұңы тек 1937-1938 жылы аяқталмайтынын айтпасақ та болады [2].
ГУЛАГ (главное управление исправительно-трудовых лагерей, трудовых поселений и мест заключений ), Еңбекпен түзеу лагерьлері мен жер аударылғандар қоныстарының және қамау орындарының Бас Басқармасы - КСРО - да 1934 - 1956 жылдардағы айыпталушылардың жазасын өтеу орындарына басшылық еткен Ішкі істер халық комиссариатының (1946 жылдан Ішкі істер министрлігі) бөлімі. Қарамағында 53 лагерь болды. Оның 20-дан астамы Қазақстан жерінде орналасқан. Олардың ішінде Карлаг пен Степлаг ең ірі лагерьлер қатарына жатады. АЛЖИР Карлагтың 26-бөлімшесі ретінде ашылды. 1939 жылы ГУЛАГ лагерінде өз жазасын өтеушілер 1 млн 317 мың 195 адам құраған. Осы адамдардың 830 мыңы орыстар, 181 мыңы украиндар, 44 мыңы белорустар, 25 мыңы татарлар, 24 мыңы өзбектер, 20 мыңы еврейлер, 18 мыңы немістер, 17 мыңы қазақтар, 16 мыңы поляктар, 12 мыңы грузиндар, 11 мыңы армяндар, 9 мыңы түрікмендер, 5 мыңы башқұрттар, 4 мыңы тәжіктер, ал қалғандары 100 ден астам ұлттардың өкілдері болған. Бұлардың басым көпшілігі «халық жаулары» саналып, саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар еді. 1956 жылға дейін ГУЛАГ лагерьлерінде 22 млн - ға жуық адам өз «жазасын» өтеген. Лагерьлерде адам құқықтары аяқасты етілді. Тәртіп бұзушылар қатаң жазаланып отырды. ГУЛАГ тұтқындары тегін жұмыс күші ретінде Солтүстік өңірлерді, Сібірді, Қиыр Шығысты игеруге пайдаланды. 1941-1945 жылы олардың күшімен 640 зауыт жұмыс істеді, 842 аэродром, 8 мың автомобиль жолы, көптеген домен, мартен пештері т.б. салынды. Тұтқындар соғыстан кейін атом, сутегі, бомбаларын шыгаруға және оларды сынайтын орындарды жасау қарастырылды [3].
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Қазақстандағы мәдени революцияның жүзеге асырылу барысы, Қазақстан интеллигенциясының қалыптасуының даму ерекшеліктері, Республика мәдениетінің қалыптасуы мен дамуын зерттеп жазуда Кеңестік тарих ғылымының табысы айтарлықтай. Ал Қазақстан территорясындағы лагерьлер жүйесі, оның мақсат - міндеттері, сталиндік репрессия кезеңдері туралы зерттеулер де жетерлік.
Бұл жұмыста М.Қ.Қозыбаевтың «Ақтандақтар ақиқаты» еңбегі пайданылған. Онда ол қазақ халқының үнемі бостандық пен бейбітшілікті аңсаған және еңбек сүйгіш халық екені туралы жазды. С.Д. Шаймухановтың еңбегі Карлаг лагеріне арнап жазылған. С.Дильмановтың «Исправительные - трудовые лагеря на территории Казахстана (30 - 50 - е годы XX века» атты докторлық диссертациясы Қазақстандағы лагерьлер жүйесіне арналған. Сонымен қатар А.Р.Кукушкинаның да «История создания и функционирования Акмолинского лагеря жен «изменников Родины» /30-40-е годы XX века/» атты докторлық диссертациясы әйелдер лагеріне арналған. Солженицын еңбегі ГУЛАГ тақырыбына арналган. Ол еңбегінде лагерьлерде болған адамдардың естеліктерін пайдаланып жазган.
Сонымен қатар біз диплом жазу барысында дерек көздері ретінде жүйелі түрде шығып түратын мерзімдік баспасөз кұралдарының материалдарын (Социалистік Қазақстан, Комсомольская правда, Егемен Қазақстан, Вопросы истории) сараптап талдап пайдаландық.
Достарыңызбен бөлісу: |