Шы жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір


Қазақстанда орналасқан лагерлер



бет6/10
Дата23.04.2022
өлшемі186,4 Kb.
#31994
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2. Қазақстанда орналасқан лагерлер.



2.1 Қарағанды жеке еңбекпен түзету лагері (Карлаг)

Кеңестік жүйе орнай салысымен, саяси қудалау басталды. Болыневиктер өз саясатында адамдарды бағындыруды басты орынға қойды. Коммунистер XX ғасырда адамдардың қүқықтарын таптауға, қорлауға бағытталған қаныпезерлік саясат қолданды. Олар барлық саясатын өз азаматтарына қарсы жұмсады. Бұны кеңестіктердің биліккке келген алгашқы күндерінде қабылданған заңдық актілерінен көруге болады.

1917 жылғы 19 желтоқсанда «Революциялық трибунал туралы» нұсқауда алғаш рет «халық жауы» деген термин қолданылды. Бұл большевиктер революциясына қарсы адамдарды, яғни еркін ойлы, қоғамға адамзаттық құндылықтар түрғысынан қарайтын тұлғаларды өзіндік айыптаудың пай да болуының бастамасы еді.

Кеңес заңдары бір күнде пайда болған жоқ. «Революциялық трибунал» туралы нұсқаудан соң, 1918 жылғы 5 қыркүйекте «қызыл террор туралы» ХКК-нің қаулысы жарық көрді. Онда «концентрациялық лагерлер» және «ату жазасы» туралы айтылды. [13] Ал 1922 жылы РСФСР Қылмыстық кодексі мемелекеттік қылмыс тарауына контреволюциялық қылмыстар туралы арнайы баптарды енгізді. Мәселен, 58-бапты алайық. Онда былай делінеді: «контреволюциялық мақсатта қарулы көтерілістер немесе кеңес территориясына қарулы отрядпен немесе бандылармен басып кіруді ұйымдастыру, сонымен бірге осы мақсатта орталықтағы және жергілікті жерлердегі өкіметті басып алу әрекеттері немесе РСФСР-дан, оның қандай да болмасын территориясын күштеп тартып алу немесе онымен келісілген келісімшарттрады бұзу - ату жазасына жэне барлық мүлкін тәркілеуге болады, жүмсартылған жағдайда, барлық мүлкін тәркілеп бес жылдан темен емес мерзімде қатал оқшаулап, бас еркіндігінен айыруға дейін төмендетіледі». Міне осы бап Кеңес өкіметінің Қылмыстық кодексінің басты бабына айналып, көптеген адамдардың тағдырын шешуші рөл атқарды. Бап кеңестік жүйенің мәні мен мағынасын толық ашып берді. Осы дан кейін әртүрлі жылдарда қылмыстық кодекске өзгерістер енгізілді. Бірақ басты бағыт Кеңес өкіметіне қарсы жауларды анықтап, жазалау болып қала берді.

Кеңес өкіметінің бүкіл тарихы жауларды іздеу, табу, құрту, жою мақсатына айналды. Әрбір азаматтан жау іздеді. 1930 жылы мамырда КСРО ХКК-нің «қазақ еңбекпен түзеу лагерін құру туралы (Қазатлаг)» қаулысы қабылданды. 1931 жылы 15 қыркүйектегі ОГПУ бұйрығына сай ОГПУ Қазақстан еңбекпен түзеу лагері «Гигант» совхозы қүрамына кірмейтін барлық бөлімшелерімен қоса жойылды. «Гигант» совхозы тікелей ОГПУ ГУЛАГ-ына бағынатын жеке өз алдына Қарағанды еңбекпен түзеу лагері болып қайта құрылды.

Қарағанды жеке еңбекпен түзеу лагері (Карлаг) 1931 жылы 19 желтоқсанда қүрылды, лагерьдің орталығы Қарағанды қаласынан 45 км жерде «Долинка» селосында орналасты. Қараганды еңбекпен түзеу лагері ГУЛАГ филиалы болды, ол Қазақстанның территориясында өзіндік ведомоство болып табылды. 1938 жылдың басында Қарағанды еңбекпен түзеу лагерінің қүрылымына кіретін Ақмола арнайы бөлімшесі ашылды.

1930 жылдың мамыр айында КСРО ХКК «Қазақ еңбекпен түзету лагерлерін ұйымдастыру туралы» Қаулысы қабылданды. Құжатта: «саяси-шаруашылық және аграрлық-мәдени, Қазақстандағы ОГПУ-дың ерекше мақсаттағы лагерлері Қарқаралы окургіндегі мәжбүр ету арқылы жұмыс істету лагерлері жанындағы үлкен аралас құрылатын кеңшарларды ескере отырып, Халық комиссарлар кеңесі қаулы етеді:

Жер Халық Комиссариатының қорытындысына және ОГПУ-дің ерекше мақсаттағы Қазақстандағы лагерьлер басқарамасының Қоянды жәрмеңкесі аумағы мен құрылыстарынан басқа 110.000 гектар алаңды мерзімсіз тегін пайдалануға деген өтініші қанағаттандырылсын.

Қазақ КСРО Жер Халық Комиссариатына аталмыш лагерьлерге бөлінетін жерді дереу бөліп, жұмыс жүргізетін техникалық қызметкерлерді іріктеу тапсырылсын. Бүкіл жұмыстар Қазақстандағы ОГПУ ерекше мақсаттағы лагерьлер басқармасы күші мен қаражаты арқылы жүзеге асырылсын» деп айтылады.

Карлаг аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейінгі 300 шақырым, шығыстан батысқа дейінгі 200 шақырым жерді алып жатты. Оған қоса осы аумақтан сыртқары лагерьден 350 шақырым жерде Ақмола және 650 шақырым жерде Балқаш бөлімшелері құрылды. Карлагты құрудағы басты мақсаттардың бірі – сол кезде қарқыныды дами бастаған Орталық Қазақстандағы Қарағанды көмір бассейініне, Жезқазған және Балқаш мыс қорыту комбинаттарына аса ірі азық-түлік базасын жасау болды. Оған осы өнеркәсіп салаларын құрып, дамытуға жұмыс күші де қажет болатын.

Карлаг далада, Орталық Қазақстанның елсіз мекендерінде құрылды деген сөз дұрыс емес. Лагерьге бөлініп берілген ұланғайыр аймақта қазақтардың, орыстардың, немістер мен украиндардың елде мекендері болатын. Тарихтан белгілі, қазақтар бұл жерді ғасырлар бойы мекендеген, ал немістер, орыстар мен украиндар бұл жерге 1906-1910 жылдары қоныс аударған. Ақмола губерниясының 1909 жылғы 10 желтоқсадағы қаулысы бойынша Долинка ауылы дербес поселке атағына ие болған. 1911 жылы мұнда 2630 адам тұрған, олардың ішінде немістер, орыстар және украиндар болған.

Карлаг аумағында 80 мың тұрғыны бар 4 мың қазақ киіз үйі, 1200 неміс, орыс, украин үйлері болды. 1930-1931 жылдары халықты зорлап көшіру басталды. Бұл операциялар үшін НКВД-нің әскері пайдаланылды. Немістер мен орытар, украиндар негізінен Қарағанды облысының Тельман, Осакаров және Нұра аудандарына қоныс аударды. Қазақтардың тағдыры ерекше қайғылы болды: лагерьлерге берліген жердің солтүстік бөлігіндегі халықтың көпшілігі Қарағандыға, оған таяу жерлерге көшті. Бұның бәрі байлар мен кулактарды тәркілеп, олардың мыңдаған малын талан-таражға салумен тұтас келді. Тәркіленген малдың біразы «Гигант» кеңшарында арнайы ұйымдастырылған «Востокмясо» деген ұйымға берілді. Жергілікті халық көшірілгеннен кейін бос қалған жерлерді тұтықындардың сан мыңдаған топтары мекендеді. Олар лагерьдің бүкіл аумағына орналастырылды: теміржол салды, өздеріне барактар, мал қоралар, күзеттегі жауынгерлерге казармалар, бастықтарға тұрғын үйлер салды. Құрылысқа көбінесе ескі үйлердің материалдары пайдаланылды, «бейіттердің саман кірпіштерін пайдалануға тыйым салынды», алайда ол тыйым кейде сақталған жоқ. Бейіттердің бұзылу фактісі Қарағанды облысының Жаңарқа ауданында кездесті. Бұл туралы аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Ж. Сүлейменов Қарағанды обкомының бірінші хатшысы Галайдинге арнаулы хат жолдады. Хатта былай делінген: «Аудан аумағында Карлаг бөлімшелерін салу кезінде Ортау, Алабас, Жайдақсу шатқалдарында Карлаг қызметкерлері қазақтың атақты адамдарының бейітін бұзды. Атақты Жидебай Сыздықтың және басқа да кісілердің бейіттері бұзылды, мал қораға айналдырылды». Карлаг басқармасы тек қана ОГПУ (НКВД) ГУЛАГ-қа, Москваға бағынды. Республикалық және облыстық партия, кеңес органдары лагерь қызметіне ешқандай ықпал ете алмады. Бұл өзі тізгіні Москадағылардың қолында болған отарлық үлгідегі құрылым еді. Мәні бойынша ол мемлекеттің ішіндегі мемлекет болды. Оның өзіндік шынайы өкіметі, қару-жарағы, көлік-құралдары, поштасы мен телеграфы болды. Көптеген бөлімшелері – «нүктелері» бірыңғай шаруашылық тетікпен байланыстырылды, олардың өзіндік мемлекеттік жоспары болды.

Карлагтың құрылымы да мейлінше күрделі еді. Оның көптеген бөлімшелері болды: әкімшілік-шаруашылық (ӘШБ), есепке алу, бөлу бөлімі (ЕББ), бақылау-жоспарлау бөлімі (БЖБ), мәдени-тәрбие бөлімі (МТБ), кадрлар, жабдықтау, сауда, жедел-чекистік, қаржы, көлік және саяси бөлімдер. Осы соңғы бөлім ГУЛАГ басқармасына ай сайын 17 түрлі есеп жіберіп отырды. Жоғары тиімділік (арзан жұмыс күші, оған қоса қорлар құнының, аммортизациялық шығынның төмендігі) өндірісті кеңейтуге жағдай жасады. Карлаг шаруашылығының негізгі бөлігі Қарағанды мен Ақмола облыстарының аумағында жатты. Егер 1931 жылы Карлаг аумағы 53 000 гектар болса, 1941 жылы 1 780 650 гектар болды. Егер 1931 жылы Карлагта 14 бөлімше, 64 учаске болса, 1941 жылы 22 бөлімше, 159 учаске, ал, 1953 жылы 26 бөлімше, 192 лагерь нүктелері болды. әрбір бөлімше өз кезегінде бірқатар шаруашылық бөлімшелеріне бөлініп, учаске, нүкте, ферма деп аталынды. Лагерьде 106 мал шаруашылығы фермасы, 7 бақша учаскесі мен 10 егістік учаскесі болды. Бөлімшелер мен учаскелердің лагерь орталығынан қашықтығы 5 шақырымнан 650 шақырымға жететін. Карлаг аумағы 1950 жылы 2 087 646 гектар, яғни 20 876 шаршы шақырым болды, соның ішінде егістік – 111 886 га, шабындық – 337 670га, жайылым – 1 378 999 га.

Лагерьдегі ауыл шаруашылығының үлес салмағы 58,5 пайызды, өнекәсіптікі -41,5 пайыз болды. Ауыл шаруашылғының екі бейіні болды: өсімдік шруашылығының үлес салмағы -51,8%, мал шаруашылығы -48,2 % болды. Карлаг тұтқындарының жалпы саны кейбір жылдар бойынша келесідей: бір кездері тұтқындар саны 75 мың адамға өсті. Бұл адамдар лагерьдегі барлық қиындықтарға төзіп бақты, моральдық және басқа да ауыртпалықтарды көтеріп, адамгершілік қасиеттерін сақтай білді.

ОГПУ-НВД-МТБ Спасск ерекше лагерь бөлімшесі Қарағандыдан 45 шақырым жерде орналасқан. Спасск – революцияға дейінгі Қазақстанға қоныстанған шетелдік ірі іскерлер компаниясының орталығы болған жер. 1931 жылға дейін Спасск Қарағанды ауданының орталығы болды. 1931 жылдың наурызынан Қарағанды еңбекпен түзеу лагерінің қарамағына берілді. Кейінірек мұнда Карлагтан бөлек «Песчанный» деген аса үрейлі, лагерь бөлініп шықты. Бұл жерден ешкім тірі қайтпайтын. Егер Қарабас Карлагтың қақпасы болса, Спасск оның бауырластар зираты болды. Сыртқаттанып қалған тұтқындарды өлу үшін Спасскіге жіберетін. Сондықтан да бүкілодақтық ерекше лагерьлердегі мүгедектер мекені деген атауға ие болды. Шәйт болған тұтқындардың төмпешікке айналған қабірлері әлі күнге дейін сақталып жатыр.

КСРО Ішкі істер министрінің орынбасары Чернышевтің 1941 жылғы 24 маусымдағы нұқауына сәйкес Спасскідегі соғыс тұтқындарына арналған арнаулы лагер ұйымдастырылды. Лагерь екі блімшеге – Орталық және екінші Көкөзек бөлімшесіне бөлінді. Соңғысы негізгі лагерьден бөлініп шығарылған, соғыс тұтқындарынан мүлде ажыратылған адамдардан құралды. Бөлімшелер арасының қашықтығы - 500 метр болды. Екі лагерь бөлімшелерінің қалыпты және барынша сыйымдылығы келесідей болды: а) әскери тұтқындарға арналған орталық бөлімшенің қалыпты сыйымдылғы 5000 адам, барынша сыйымдылығы - 6000 адам; в) «Көкөзек» бөлімшесі қалыпты сыйымдылғы - 650 адам, барынша - 1100 адам. Барлығы 19 әскери бекетте 259 әскери адам қызмет етті. Лагерьдің 100 шақырым айналысындағы елді мекендерде жергілікті іздестіру топтары болды. Жергілікті тұрғындар арасындағы белсенділерден қашқын тұтқындарды ұстауға көмектесетін бригадалар жасақталды. Осындай 46 бригадаға 214 адам топтастырылды.

Лагерьге 22 бөлімше қарады. Олар Қарағанды, Теміртау, Саран, Балқаш қалаларында болды. Сондай-ақ Қарағандыдан 360 шақырым жердегі Ақмола облысының Жолымбет кентіндегі бір бөлімше ұсталынды. Қалғандары Қарағанды қаласының ішіндегі: кірпіш зауытында, Майқұдықта, Пришахтискіде, Үлкен Михайловка станицясында болды. Соғыс тұтқындарының алғашқы эшелоны Спасскіге 1941 жылдың тамыз айында әкелінді. Бұлар 1436 адам еді. Екі жылдан кейін соғыс тұтқындарының саны екі есе өсті. Лагерь өмір сүрген он жыл ішінде мұнда 26 ұлттың өкілінен құралған 40 мыңға жуық соғыс тұтқындары ұсталынды.

Лагерьлерге әкелінген әскери тұтқындардың саны 1944 жылдың екінші жартысында күрт өсті. Егер 1944 жылдың қаңтар айында лагерьде 2529 әскери тұтқын ұсталса, онда қазан айында олардың саны 11583 адамға жетті. 1945 жылдың қазан-қараша айларында лагерьге жапон армиясының 11608 әскери тұтқыны бес эшелонмен әкелінді. Тұтқындарды жұмыс күші ретінде шахталарда, кірпіш зауыттарында, жөндеу-механика зауыттарында, құрылыс ұйымдарында пайдаланды.



«Қарағанды көмір», «Шахта құрылыс», «Тұрғынүй құрылыс», «Металлург құрылыс», «Теміржол құрылыс» тресттерінде және басқа ұйымдарда 1945 жылы 9537 адам, ал, 1946 жылы -18592 адам, 1949 жылы - 15 мың адам жұмыс істеді. Қарағанды көмір бассейнінде мысалы соғыс тұтқындарын шахта жұмысына даярлау жөнінде өте үлкен жұмыс жүргізілді. 1945 жылы 1162 адам курстық тәсілмен оқытылды, олардың ішінде: навалсоққыштар - 225 адам, тіреушілер - 452 адам, темір ұсталары-159 адам, қазба машинистері -85 адам, қазушылар - 11 адам және т.б. Бұдан басқа жеке-бригадалық тәсілмен 1753 адам оқытылды, оның ішінде: навалобойщиктер -800 адам, крепильщиктер - 200 адам, проходчиктер - 250 адам және т.б. күн сайынғы тапсырысты мүлтіксіз, артығымен орындау үшін лагерь басшылары мынандай нұсқау белгіледі: «егер әскери тұтқындар бригадасы 8 сағат ішінде тапсырманы орындамаған болса, онда олар қосымша үш сағат жұмыс істеуге тиіс». Нысандарға арнаулы күзет тағайындалды. Олар тапсырманы 100 пайыз орындалуын талап етуге құқылы болды. Карлагтағы сияқты, әскери тұтқындары да өндірістік жоспарларды артығымен орындаған үшін сыйақы алып отырды. 1946 жылдың қыркүйек айында 201 жұмысшы (150 сомнан 1200 сомға дейін), қазан айында -219 лагерь жұмысшысы сыйақы алды. Соғыс тұтқындары жұмыс істеген шахталарда тәртіп бұзушылықтар болды, еркімен жалданып істейтін жұмысшылар он күндік әскери тұтқындар есебінен жазып жіберу орын алды. 1945 жылдың 14 тамызында «Киров көмір» трестінің №3 шахтасында №2 учаскедегі ауысымдық тапсырма жоспары көмір шығару 88 тоннаны құрады, іс жүзінде 135 тонна немесе 153,4% шығарылды. 5 адам еркімен жалданып істейтін жұмысшы, 17 әскери тұтқын, олардың ішінде 10 навалсоққыштар жұмыс істеді. Бұл күні еркімен жалданып істейтін навалсоққыштар ауысымда болмаған. Десятник рапортты жұмыс істемеген еркімен жалданып жұмыс істегендер есебіне жазған. Осы шахтаның №7 учаскеде десятник 22 әскери тұтқын, 9 еркімен жалданып жұмыс істейтіндер еңбек еткен, көмірді шығару жоспарының орындалуын еркімен жалданып жұмыс істейтіндер есебіне жазған. әскери тұтқындар арасында өлім жоғары болды. Толық емес деректер бойынша 1942-46 жылдар арасында 7 мыңнан астам адам өлген. Тек 1945 жылы 2430 адам өлген. 1945-49 жылдары жапон тұтқындары арасындағы өлім былайша: 1945 жылы -49, 1946 жылы-228, 1947 жылы – 149, 1948 жылы – 92, 1949 жылы – 38, барлығы 556 адам. Негізгі қойылған диагноздар: туберкулез және аштықтан титықтау. Лагерьде тұтқындарды сауықтыру, өлімнен құтқарып қалу шаралары ұйымдастырылмады. Барактардың санитарлық жағдайы адам төзгісіз болды. Кей жағдайда лагерь бөлімшелерінде тұтқындарының жаппай уланып қалу оқиғалары кездесті. Мұндайда оларға жедел көмек көрсетілмеді. Мысалы, 12 және 15-ші лагерь бөлімшелерінде 96 адам дизентериямен лазаретке түскенде, оларға 3-4 күн бойы ешқандай дәрігерлік көмек көрсетілмеген. Лагерьде 10дәрігер, 8 медбике, 4 фельдшер және 11 санитарка жұмыс істеді. Олар лагерьдегі бүкіл ауруларға қызмет көрсетіп үлгере алмайтын. Себебі, арнаулы госпитальда бір мыңнан үш мыңға дейін науқас тұтқындар жататын.

Барактарда температура қалыпты болған жоқ, үнемі суық болды, қыста барактардың сыртқы есіктері жабылмайтын еді. 17 лагерь бөлімшелерінде 44 адамның үсіп кеткен оқиғалары орын алған, олардың ішінде І дәрежелі – 14, ІІ дәрежелі – 24, ІІІ дәрежелі – 6 адам. Лазеретке түскен ауру тұтқындардың бағалы заттары (сағат, сақина, ақша жән т.б) сақтауға қабылданбай, тұтқындардың өздерінде болғандықтан ұрлық жасау орын алған. Тіпті лагерь қызметкерлерінің өздері де олардан бағалы заттарды сатып алатын оқиғалар да тікелген. Соғыс тұтқындарының лагерьден қашу оқиғалары да кездесіп тұрды. 1944 жылы 5 адам қашып, 3 адам қашуға әрекет жасаған. Ал 1946 жылы лагерьден 41 адам қашқан. Солардың ішінде немістер – 8, румындар – 14, жапондар -13, венгрлер -4, молдавандар -2. Мереке күндері лагерь күзетін күшейту және қашу жағдайларының алдын алу мақсатында соғыс тұтқындарын зона аймағынан тыс жерлерге жұмысқа алып шығуға тыйым салынды. Сонымен қатар мереке күндері учаскелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және соғыс тұтқындарының қашып кету әркеттерінің алдын-алу үшін лагерь учаскелеріне қосымша вахтерлік посттар мен бақылаушылар қою арқылы күшейтілген күзеттер қойылған. Мереке алдында сақтауға тыйым салынған заттарды алып қою мақсатында әскери тұтқындардың жеке заттарын және тұратын бөлмелеріне тінту жүргізген. Спасск лагері Карлаг жүйесіндегі ерекше режимдегі лагерь деп есептегендіктен каторжниктерді, ерекше қауіпті қылмыскерлерді үнемі Карлагқа аттандырып отырды. Спасск лагері 1956 жылға дейін карлагтың құрамнда қалды.

1930 жылдар мен 1950 жылдардың басындағы кеңестік күштеп еңбек ету жүйесінің қалыптасуы мен күшеюі жаппай террор саясатының, яғни сталиндік жүйенің күрылуы мен орнығуының маңызды қозғаушы күші болды. ГУЛАГ деп аталатын белгілі аббревиатураға ат берген лагерьлердің бас басқармасы 1930 жылы қүрылған болатын, он жыл өткен соң өркендеген лагерлі-түрмелік жүйенің бір бөлімшесіне айналды. Бұған қарамастан, ОГПУ-НКВД-МВД лагерьлерінің бас басқармасы бүл жүйенің символы болып қала берді, ал ГУЛАГ бюрократиялық сөз құрылымы кеңестік өмір шындығының үлкен қабатын қамтитын саяси, адамгершілік, ғылыми түсінікке айналды.

1948 жылы Қараганды еңбекпен түзеу лагерінде (ЕТЛ) өте ауыр жагдайда қалыптасты. Бүл жағдай лагерь бастығы В.П.Соколовты 1948 жылғы 17 тамызда Ішкі істер министрі С.Кругловтың атына баяндау хат жазуға мәжбүр етті. Ол хатта 1948 жылдың 11 тамызына лагерьде 73750 адам үсталып отырганы, соның ішінде 61372 еркек жэне 12378 әйел, 165 жасөспірім бары көрсетілген. Контингент ішінде сотталгандар:

Контрреволюциялық қылмысы үшін - 34074

Лагерьден қашқаны үшін - 1634

Қарақшылық жэне қарулы тонау жасаганы үшін - 3434 Баукеспе үрылар - 13445 Басқадай қылмыс үшІн - 19692 Барлығы - 73750

Одан каторгалық жүмысқа кесілген немістерге көмектескендер - 4165

Сотталғандардың мерзімдері:

1 жылдан 10 жылға дейін - 58029

10 жылдан 15 жылға дейін - 6106

15 жылдан 20 жылға дейін - 6283

20 жылдан жоғары - 3332 В.П.Соколов өз хатында 1944 жылы Карлагты (Қарағанды лагерін) қабылдап алғанда онда 50403 адам болғанын, үш жыл ішінде түрған қорын тэртіпке келтіру жөнінде, үйшіктердің орнына типтік барактар салуға, әрсотталған адамды 2 шаршы метр орынмен қамтамасыз етуге тапсырма алғанын жазады. Өткен 4 жылда 30496 шаршы метр түрғын орын салынған, 1948 жылдың 11 тамызында лагерьде 73500 адам болган. Салынған түрғын қор жагдайды онша өзгертпеген. Соңгы 5 жылда Карлаг464 миллион сом таза пайда берген. 1 000 000 қамауга алынган адам сауықтырылып, еңбекке қайтарылган.

Карлаг бастығы КСРО ІІМ басшылыгының алдына бірнеше мәселе қойған. Карлагқа аса қауіпті континентті (отанын сатқандарды, көтеріліске және үлттық үйымдарға қатысқандарды, Украинадан одновтықтарды және Балтық жағалауынан «жасыл бауырларды»), диверсанттарды, каторгіде болгандарды жібермеу; қылмысты бандиттік элеметтерді жібермеу; Олар ішкі істер министрлігінің айрықша лагерьлерінде үсталуы керек. Әлсіреген контингенттер мен мүгедектерді экету; 1000 адам қылмыстық - бандиттік элеметтер мен қашқындарды Карлагтан тысқары жіберуге рұқсат ету; сотталған мерзімі 10 жылга дейінгі 3000 әйелді Карлагқа жіберу; түрғын қор салуға миллион сом ақша бөлу; контрагендік жүмысты алып тастау.

Баяндама - хат «жогарыдағыларга» ұнамай қалды ма, әлде, басқадай себеп болды ма, әйтеуір, жарты жылдан соң В.П.Соколов лагерьді жаңа бастыққа тапсырды. Бүл лауазымга полковник Василий Макарович Маевский ие болды. 1949 жылы Карлаг 26 әкімшілік - шаруашылық бірліктен (бөлімшелер, дербес лагерьлік пунктер) тұрды, соңғылардың қүрамында 169 ұсақ өндірістік бөлімшелер (учаскелер, фермалар) болды. (Қосымша 1)

Қатал тәртіпте қарулы күзетпен ұсталып отырған адам саны 34589 еді. Қалғандары жалпы тәртіп бойынша ұсталғанымен, оларды да күзетті. Қамаудағыларды жөнелтіп отыратын Қарабас пункті контингент сүрыптаудан әрең өткізіп отырды, өйткені, ол арқылы түтқынға алынғандар тобы әрі Карлаг, әрі Степлаг ЕТЛ-ларына жөнелтіп отырды. Қазақстан аумағында орналасқан лагерьлер елеулі түрде күрделеніп кетті. (Қосымша 2)

КСР ІІМ жүргізген тексеру нәтижесінде Карлагтағы тұтқындардың оперативтік есебінің жағдайы қанағаттанғысыз екені, түтқындардың түрмыстық жағдайы жэне олардың тұтқыннан босатуда заңдылықтың бұзылуына жол берілетіні анықталды.

Лагерьге келіп түсуші тұтқындардың есеп-тіркеу материалдары өз уақытында жасалмаған. Мамандардың және білікті жұмыс күшінің есебі өте салақ жүргізілген және нақты жағдайды көрсетпейді. Түтқындағылардың жеке басының ісі мезгілінде өңделмеген жэне жіберілген қателер түзетілмеген, соның салдарынан 1951 жылы сотталғандарды босату 7 рет өз мерзімінде жасалмай, 6 айға дейін кешіктірілген. Түтқындағылардың кешірім жасау туралы өтініштерін уақытында даярлау, сосын КСРО жэне одақтас республикалар Жоғарғы Кеңесінің Президиумдарына жіберу ісінде іскерлік көрсетілмеген. Мэселен, тексеру кезінде 1950 жылы келіп түскен 84 өтініш жэне 1951 жылдан қаңтар - мамыр айларында келіп түскен 714 өтініш сол уақытқа дейін дайындалмаған. Кейбір лагерь бөлімдерінде есеп жұмысына тұтқындагыларды пайдаланған.

КСРО ІІМ ГУЛАГ бастыгы Карлагтағы осындай кемшіліктер жайлы басқа лагерьлер басшыларына жеткізе отырып 1951 жылгы 31 шілдедегі №41 бүйрыгымен, бүл тәртіпсіздікке жауаптарды қатал жазалаган. Мэселен, Карлаг басқармасы бастыгының орынбасары подполковник Кожуковқа сөгіс жарияланган, лагерьдің арнаулы бөлімінің бастығы подполковник Матросов қызметіне толық сай еместігі жайлы ескертілген, ал оның орынбасары Григорьев жүмысын атқара жүріп, 5 тәулік үйде отыратын қамауға алынған.

Соғыстан кейінгі жылдары Карлагта түтқындар санының өсуі елдегі қылмыстың жалпы себептеріне байланысты. Соғыстан кейінгі жылдардың киындығы мемлекеттік және қогамдық мүліктерді, жеке азаматтар меншігін ұрлауды көбейтті. Бүл процестісыннан өткен эдіс - қылмыстық-құқықтық шараларды қолдану арқылы тоқтату эрекеті жасалды. Осы жолға түсе отырып, 40-жылдардың екінші жартысында КСРО Жогары Кеңесінің Президиумы біраз жарлықтар қабылдады: «Мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді үрлаганы үшін қылмыстық жауапкершілік туралы», «Азаматтардың жеке меншігін қорғауды күшейту туралы» (4 маусым 1947 жыл). Бүл жарлықтарда 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру сияқты аса қатал жазалар белгіленді. Бұл заң актілерін қолдану сотталғандар санын елеулі түрде көбейтті. (Қосымша3)

КСРО ИМ ГУЛАГ - тың бастығы генерал-майор Добрыниннің 1951 жылы 3 қаңтарда Берияның атына жазылган №14 сс/к хат анықтамасында КСРО ИМ Қараганды еңбекпен-түзету лагері бойынша айтқан кезде, 1951 жылгы 1 қаңтарга Карлагта 47028 түтқын қамауда отырғаны, оның ішінде 19246 адам контрреволюциялық қызметі үшін сотталғандар екені көрсетілген. 1948 жылдан бастап кеңес үкіметінің ерекше лагерьлер құру туралы шешімі жарық көргеннен кейін КСРО ИМ ГУЛАГ аса қауіпті мемлекеттік қылмыскерлерді Карлагқа әкелуді тоқтатты және контингенттерді ерекше лагерьлерге алып шығудың шараларын белгіледі. Мәселен, 1948-1950 жылдары контрреволюциялық қызметі үшін сотталган түтқындар саны лагерьде 11834 адамға, ондайларды ерекше лагерьлерге апару есебінен азайды. Осы кезде Карлагтан және Степвостлагтан, Ангарлагтан және орман лагерьлерінен, қатал бөлімшелеріне 7876 ауыр және орташа жүмысына жарамды қылмыскер бандит элементтер әкетілді.

Қазақстан аумағында орналасқан лагерьлердегі түтқындардың жыныстық қүрамын алып қарағанда еркектер санының елеулі түрде басым екендігі көрінеді. Алайда, 1948 жылдан Қазақстан лагерьлерінде әйелдер саны өскен, ал 50-жылдардың ортасынан бастап, әсіресе, 1953 жылгы кешірімге (амнистия) байланысты олардың саны азайган. (Қосымша 4)

Лагерь контингентінде жүмысқа қабілетті жастағылар (19-дан 60-қа дейінгі) басым болган жағдайда ең елеулі топ 26 мен 40 арасындагы адамдар. Олар - елге оралған солдаттар, саяси баптар бойынша мерзімін өтеп қамаудан босатылған түтқындардың қайтадан сотталгандары. Бүл жаңа буын, оның қалыптасуы репрессия (жазалау) кезеңімен жэне Ұлы Отан согысымен дәл келді.

50 - жылдары Қазақстан лагерьлеріндегі түтқындардың саны елеулі түрде қысқарды. Мәселен, 1951 жылдың соңында Карлагта 27295 адам қамауда болды, оның 20061-і еркек, 7234-і эйелдер.

Қылмыстың түрі бойынша қамаудагылардың сотталуы: а) контрреволюциялық қылмыстар үшін: барлыгы 12782, оның еркегі -10900, әйелдері- 1882;

ә) қарақшылық, тонау, қасақана кісі өлтіру, бандиттік үшін: барлығы: 3852; оның 3509 - і еркек, 343 - і әйел.

б) басқадай қылмыстары үшін: барлығы 10661, оның 5652 - і еркек, 4949 - і әйел. (Қосымша5)

Ұлттық құрамы бойынша Қазақстан аумағында орналасқан ЕТЛ - де қамауда отырғандар көп ұлтты болды. Мүнда тек Кеңес Одағы үлттары мен халыктарының өкілдері ғана емес, сондай-ақ, Еуропа мен Азия елдерінің өкілдері де отырды. Мәселен, тек Карлагта ғана 1947 жылы КСРО-дан 20-дан астам үлттық және 9 шетелдік мемлекеттің өкіддері болды. Саны ең көп болғандар: орыстар, украиндар, қазақтар, белорустар, эстондар. 1947 жылы шетелдік мемлекеттерден: немістер, поляктар, корейлер, жапондар, гректер, қытайлар болды.



Сөйтіп, зерттелген жылдары Қарағанды лагерінде қамауда отырғандар саны, сапасы, жыныс, жас құрамына қарай әртүрлі еді. Жасаған қылмысының сипатына (түріне) қарай қамауға алынғандарға жаза мерзімі тағайындалды. Шындығын айтсақ, қамауға алынғандардың барлығы бірдей контрреволюциялық қылмыс жасаған жоқ және оларға тағайындалған жаза мерзімі олар жасаған қылмысқа сай келмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет