Шы жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір


Қазақ зиялы қауымының тағдыры



бет5/10
Дата23.04.2022
өлшемі186,4 Kb.
#31994
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дипл.жумыс-3,2

1.2 Қазақ зиялы қауымының тағдыры

Өзге халықтар секілді тарихта қазақтардың да елінің, жерінің бет-бейнесін, болмысын, қадір - қасиетін, өзіндік ұлттық ерекшеліктерін айшыктап тұратын жұртының мақтанышына айналған көп аяулы перзенттер аз болмағаны ақикат. Олар өздері өмір сүрген кезеңдерде халқының бетке үстар зиялылары болды. Мәдениеттің әр саласының өкілдері болған олар өз халқының мақтанышына айналғаны тарихта, ел аузында қалған олардың есімдері дәлел. XX ғасырдың басында қазақтардың 20 пайызынан астамы оқи да, жаза да білген. Мұның ішінде мұсылманша оқығандары да бар, олардың біразы Стамбулда, Францияда, Петерборда, Қазанда, Уфада, Омбыда оқығандар еді, олардың көбі фарсы, араб, орыс жэне басқа да шет тілдерін білді. Ал 1926 жылғы халық санағы мәліметі бойынша республика халқының 25 пайызы сауатты болған.

Сол кездегі Орталықтан жүргізілген большевиктер саясатының түпкі мәнін түсіне білген, оның халыққа ешбір жақсылық әкелмейтіндігін сезген ұлт зиялылары оған қарсылық білдіруге тырысты. Елді экономикалық және рухани дағдарыстан шығару жолын іздестірген зиялыларды тоталитарлық жүйе «оңшылдық», «ұлтшылдық», жікшілдік» деп негізсіз айыптап, «халық жауы» ретінде құрту саясатын жүргізді. Жаппай қуғын-сүргін ешкандай сотсыз жүзеге асырылды. Соның салдарынан мыңдаған адамдар зардап шекті. Қазақстан тарихында ұзақ жылдар бойы комунистік партия саясатына сай біржақты, ақикаттан алшақ баға беріліп келген «сәдуакасовшылдык», «қожановшылық», «рысқұловшылдық», «сейфулиншілдік» қазіргі заман талабына сай, тарихи объективтілікпен зерттелінуде.

Елдегі мәдени саладағы қайта қүрулар социалистік құрылысты орнатудың маңызды буыны деп есептелді. Оның ішінде әдебиет пен өнер саласындағы өзгерістердің жаңа қоғамның адамдарын тәрбиелеудегі рөлі баса көрсетілді. Сол кездегі Кеңес елінің, оның ішінде Қазақстанның идеялық өмірінде БК(б)П Орталық Комитетінің 1925 жылғы 18 маусымдағы қаулысының ықпалы күшті болды. «Көркем әдебиет саласындағы партия саясаты туралы» деген бүл қаулыда жат идеологияға қарсы күресті күшейту қажеттілігі айтылды. Қаулыда «пролетариат жазушылардың үстемдігі жоқ, партия бұл жазушыларға осы үстемдікті алудың тарихи құқығын иемденуге көмектесуі керек» - делінген.

Қазақстан партия үйымдары мәдени мекемелері, оның ішінде баспасөз бен баспа ісін дереу өз ықпалында ұстау мақсатында шаралар жүргізді. 1925 жылы желтоқсандағы V Өлкелік партия конференциясының қарарында былай деп көрсетілді: «Баспа қызметкерлерінің қүрамының сан жэне сапа жағынан да қанағаттанарлықсыз деп есептеп, «конференция баспа қызметкері қатарындағы партия мүшелерінің процентін ұлғайтуды ұсынады, баспа кызметкерлерінің біліктілігін көтеру үшін қысқа мерзімді курстар үйымдастырып, әсіресе қазақтарды көптеп тарту үсынылды».

1937-1938 жылдардағы қанды оқиға жаңғырығы мәңгі ел жадында. Нақақтан-нақақ ұлтымыздың көзі ашық, көкірегі ояу азаматтары «ұлтым» деймін деп – «ұлы қылмыс» жасап, «халқым» деймін деп – «халық жауы» деген жала жабылып атылып кетті. Талай бейбіт отбасыларының оты өшіп, ана жесір, бала жетім қалды. Түптеп келгенде, саяси қуғын-сүргін, аштық, өзге ұлттардың депортациясы барлығы тоталитарлық жүйенің орыстандыру-шоқындыру,   бүтіндей бір ұлтты жою саясатының нәтижесі.

Мәселен, Қазақстанға 1936-1957 жылдары 800 мың неміс, 102 мың поляк, 19 мың кәріс, 507 мың Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері жер аударылды. Қырым татарлары, түріктер, гректер, қалмақтар мен басқалар да өз еркімен келген жоқ. Барлығы 1,5 млн адам көшіп келді.

Ол заманда солақай саясат шындығын айтуға болмайтын, ал қара халықтың тілек-мүддесі мүлде ескерілмейтін. Оны төменде берілген эпизодтан да көре аламыз.

Бірде ел-жұртты 32-ші жыл зұлматы күңірентіп тұрған кезде пойызбен Мәскеуге, әлде Алматыға өтіп бара жатқан Филипп Голощекин Ақтөбе вокзалында «контрреволюционер-байлардың малды қырып тастаған зымиян әрекеті» туралы әшкере-сөз айтып тастауға ниеттенсе керек. Бірақ, ол вагонынан түсер-түспестен, алдынан алғашқы Қазревком мүшесі, әділет комиссары, қызыл партизан ретінде кеңес өкіметін қорғауға көп еңбек сіңірген қалжыраңқы ардагер Бақытжан Қаратаев жайдақ арбамен шыға келеді. Тізесі қалт-құлт етіп, тарантас үстінде бойын түзейді. Сосын дімкәс қарт алаңда жиылған халықтың көз алдында, баяғы 2-Дума мінберінде тұрғандай өжеттікпен Голощекинге ашына түйіліп, сөйлеп береді. Ол большевик-патшаны елді аштан қырып жатқан қылмысы үшін айыптайды. Сонда Голощекин: «Шал шаршап қалыпты», – деген күбірмен вагонына кері кіріп кетеді…

Бас көтергендерге жазалау шаралары жүргізіледі. 1929-1931 жылдары көтерілістер мен толқуларға қатысқаны үшін НКВД органдары 5551 адамды соттап, оның 883-ін атып жібереді. Жалпы алғанда, күштеп ұжымдастыру кезінде 10 мыңнан астам адам жазаланады.

Осылайша, қазақ халқы атажұртында отырып-ақ ана тілінен, ұлттық ерекшелігінен, дінінен айырмақшы болған қауіпті қара сызықтың келесі жолағын аттаған болатын.

Голощекин Қазақстанға бірінші хатшы боп келгеннен кейін бұл процесс ашық түрде жүргізілді. «Голощекин геноциді» жөнінде айтқан кезде 1928 жылы басталған ашаршылыққа ерекше назар аударған жөн. Оған 1926-27 жылдардағы ауқатты шаруа мен байлардың мал-мүлкін кәмпескелеу және халықты ұжымдастыру науқаны түрткі болған. Малды тартып алған соң, халық қынадай қырылған. Тіпті бір-бірінің етін жей бастаған.

1932 жылғы тамызда ҚАКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы Ораз Исаев Сталинге хат жолдаған. Онда қазақтардың аштан қырылу, босып кету деректерін бүкпей баяндап, өлкелік комитеттің көзбояушылыққа жол беріп, аштыққа апарған әсіре науқаншылдығы мен оны үстей түскен ауылдардағы шолақ белсенділікті жасырмай әшкереледі. Бар айыпты бір адамға үйіп-төгуге болмайтынын ескертті. Күйзеліске өлкеком бюросы түгел, оның ішінде, басшы қызметкер ретінде, өзінің де белгілі дәрежеде жауапты екенін мойындай отырып, басшылықты жаңарту қажеттігін айтты. Бірінші хатшының айрықша рөлі баршаға белгілі екенін атап көрсете келе, О. Исаев Голощекинді өз қателіктерін түзетуге қауқарсыз деп ойлайтынын да жазды. Ол Бас хатшы И.В. Сталиннің тікелей өзіне осындай пікірін ашық жолдап, Қазөлкекомның бірінші хатшысы Голощекинді ауыстыру қажеттігін тұңғыш та дара, әрі жалғыз көтерді.

Әрине оның ондай пікірі бірден қош алына қойған жоқ. Сонымен бірге, О.Исаев қазақ ауылы мен мал шаруашылығы жөнінде шұғыл атқарылуға тиіс ұсыныстарды да тұжырымдап, сол мәселелер жөнінен Орталық Комитеттің арнайы шешім шығаруын сұраған-ды. Бұл өтініші қанағаттандырылды. 1932 жылғы 17 қыркүйекте БК(б)П Орталық Комитеті Қазақстанның ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы жөнінде қаулы қабылдады.

Алайда, оның орындалуы да мардымсыз болды. Голощекиннің партактивте «Орталық Комитет 17-қыркүйектегі қаулысымен мақұлдаған Қазөлкекомның ауылды қайта құрудағы ірі жетістіктері» жөнінде айтқан өтірікке толы бөспе-сөзінен қайран болмады. Халық аштық, індет зардаптарын тарта берді, қырылу, босқындық тыйылмады. Ол жайында Сталинге 1932 жылғы 29 қыркүйекте РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұлов хат жазды. Ақыры, жағдай тым асқынып, Алматы көшесі аштық құрбандарынан аяқ алып жүргісіз болған 1933 жылғы қаңтарда, «адал лениншіл-сталиншіл» Филипп Голощекин Мәскеуге, Жоғары Төрелік Сотты басқаруға шақырып алынды. Автономиялық республиканың басшылығы ауыстырылды.

1933 жылғы 9 наурызда Т. Рысқұлов көсемге Қазақстандағы ауыр жағдай мен оның себептерін баяндап, тұйықтан шығарар ұсыныстар қорытқан екінші хатын берді. Ұзамай республикада Левон Мирзоянның басшылығымен, шетелдерге асып кеткендер мен аштықтан қырылғандарды ауызға алуға тыйым салулы ахуалда, ашаршылық зардаптарын мал шаруашылығындағы жағдайды жақсарту арқылы жоюға бағытталған жұмыстар жүргізіле бастады…

Тарихшылардың бағалауынша, одақ бойынша 1927-1953 жылдары 60 миллион адам, оның ішінде Қазақстан бойынша 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 мыңы атылды. Тізімдегі 631 атылған адамның 80 пайызы қазақтың белгілі адамдары болған. Көбі алаштың арыстары.

1929-1933 жылдары Қазақ АССР ОГПУ саяси өкілінің үштігі 9 805 іс қарап, 22 933 адам жөнінде шешім қабылдаған, соның ішінде 3 386 адамға ең жоғары жаза – ату жөнінде үкім шығарған. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысы бойынша 1937 жылы 853 адам қуғынға ұшырап, оның 335-і атылған, қалғандары әр түрлі мерзімдерге еңбекпен түзеу лагерлеріне жіберілген. 1938 жылы 936 адам тұтқындалып, 690-ы атылған, 246-сы сотталған.

Сталиндік қуғын-сүргін жылдарында бүкіл елде 953 лагерь мен қоныс мекендері болған. Қазақстанда ГУЛАГ-тың 11 лагері орналасқан. Олар: Алжир, Қарлаг, Дальний, Степной, Песчаный, Қамыслаг, Ақтөбе, Жезқазған, Петропавл, Кеңгір және Өскемен лагерлері.

1937 жылдың үшінші шілдесінде НКВД-ның Батыс Сібір бойынша басқармасының бастығы Миронов пен Қазақстан Ішкі істер халық комиссары Залин бір мезгілде шұғыл құпия тапсырма алған. Онда күзеті күшейтіліп, қатаң тәртіптегі тікенек сыммен және биік дуалмен қоршалған концентрациялық лагерь ұйымдастыруға пәрмен берілген. Мұнда қанқұйлы қылмыскер немесе кәнігі ұры емес, нәзік жанды әйелдер – аналар, қыздар, балалар ұсталуға тиіс болған. Қарағанды ГУЛАГ-ының құрамына енгізілген бұл тозақ мекемесінің атауы да құлаққа тосын естілетін – АЛЖИР. Оны қазақ тілінде тарқатып айтқанда, «Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагері» деген сөз болып шығады. Бұл шифрограммаға ГУЛАГ бастығы Берман қол қойғанмен, оның әміршісі – сол кезеңдегі НКВД бастығы Ежов болды. Әйелдерді сырқаты, екіқабаттығы, сәбилі болуы да темір тордан құтқара алмады. Тіпті, «отанын сатқандар» делінген қара күйе жағылған адамдардың бұрынғы әйелдері де тұзаққа ілікті. Өкіметтің пайымдауынша, әйелдер күйеулерінің көзқарастарын қолдайды, сондықтан олар да – қауіпті адамдар болып саналады.

1937-1938 жылдары мұнда 20 мың әйел жазасын өтеді. Олардың арасында бұрынғы көрнекті партия-кеңес қайраткерлерінің Әзиза Рысқұлова, Зинаида Тухачевская, Дәмеш Жүргенова, Әбиша Қабылова сияқты әйелдері болды. Мыңдаған жазықсыз жандар Ақмола маңындағы Малиновка ауылына Мәскеуден, Ленинградтан, Одессадан, кең байтақ Кеңес Одағының барлық түкпірінен ағылды. 1938 жылдың жиырма сегізінші ақпанында алғашқы этап келді: аяқтарына жеңіл аяқ киім киген, сәнді де кербез әйелдер Ақмоланың сыз басқан қытымыр табиғатына аяқ басты. Олар мал бақты, бақшада жұмыс істеді, қырқыншы жылдары майдандағы әскерге киім тікті, қамыс шапты.

Отанын сатқандардың балаларын балалар үйіне апарды. Соның ішінде туыс адамдар мен таныстардан да қасақана бөліп жіберді. Алайда, балаларымен кездесу үміттерін АЛЖИР-дің қатаң тағдыры үзе алмады. Бостандыққа шыққаннан кейін де олардың барар жері, басар тауы қалмады. Бұрынғы тұтқындар лагерь маңындағы қоныстардан алысқа кете алмады. Өйткені төлқұжаттарында елдің 39 қаласына баруға тыйым салынған белгісі болатын.

Қазақ зиялыларының жікке бөлінуі қолдан жасалған және бірнеше кезеңге созылған күрделі процесс. Ең алғаш большевиктер Әлихан Бөкейхан бастаған Алашорда қайраткерлерін биліктен ығыстырып шығарды. Одан кейін бұл үрдіс 1925-1930 жылдары қайта жалғасты. Үшінші кезеңде 1937-1938 жылдары шарықтау шегіне жетті. Осы жылдары қазақ зиялылары: Тұрар Рысқұлов, Әлихан Бөкейханов, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Абдулла Розыбакиев, Магази Масанчи, Ілияс Жансүгіров, Левон Мирзоян, Сәкен Сейфуллин, Санжар Асфендияров, Халел Досмұханбетов, Жаханша Досмұханбетов атылды.

Бүгінгі таңда саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «АЛЖИР» мұражай-мемориалды кешенінде жыл сайын еске алу шаралары аталып өтіледі. Зерттеушілердің мәліметтері бойынша, 1921-1954 жылдар аралығында Кеңес Одағының үш миллион жеті жүз елу мың тұрғыны оның құрбанына айналған.

Қазақ тарихында Алаш идеясы, Алаш қозғалысы, Алаш автономиясы сан қырынан таразылайтын тың тақырып. Әлі де оның қайраткерлері толықтай зерттеліп болған жоқ. Мәңгілік Алаш идеясын жүзеге асырудағы қазақ зиялыларының рөлін тарихи саралап, өткенге көз жіберсек, Алаш идеясының ХХ ғасырдың бас кезіндегі уағыздаушы әрі жүзеге асырушы қайраткерлері ұлт ісіне ерте есейген есті санамен, жалындап тұрған жастық жігермен құлшына кіріскендіктерін байқауға болады.

Алаш қозғалысының басты мақсаты – Қазақ елінің өзін-өзі басқару, ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал шаруашылығын өркендету, сонымен қатар егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, нарықтық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқығын және басқа демократиялық принциптерді қадір тұту, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды. Қазақты «ұлт» ретінде сақтап қалу болды. Солардың бірқатары туралы нақтылы деректер келтіре кетсек.

Алашордалықтарды ұлтшылдар ретінде 1929-1931 жылдар аралығында құрта бастады. Олардың ішінде Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Шәкәрім Құдайбердиев, Жүсіпбек Аймауытов, Жаһанша, Халел Досмұхамедовтар секілді алаштың арыстары болды.

Халел Досмұхамедов – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш көсемі, энциклопедист-ғалым, күллі Түркістандағы оқу-ағарту, ғылым, баспа ісі және денсаулық сақтау салаларының ұйымдастырушы. Ол 1883 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданындағы Тайсойған құмында дүниеге келген. Кішкентайынан ауылдағы молдадан хат танып, одан соң жергілікті орыс-қазақ мектебіне оқуға түскен. 1894 жылы, он бір жасында Орал қаласындағы әскери реальды училищенің дайындық класына қабылданып, зеректігімен танылған. 1902 жылы оны үздік бітіріп, тағы бір дайындық класында оқып, 1903 жылы Петербордағы Императорлық Әскери-медициналық академияға латын тілінен қосымша емтихан тапсырып түскен. Кейін ол қазақ тарихы, тілі мен әдебиет саласында ізашар еңбектер жазып, тұнғыш рет медицина, биология, зоология, табиғаттану оқулықтарын ана тілімізде дүниеге әкелген. Батыс Алашорда қайраткерлерінің бірі, Жаһаншаның серіктес жолдасы. 1930 жылдары ҚазПИ-дің проректоры болып жүрген жерінен, тұтқындалып, Воронежге жер аударылған. Сонда жүргенде, «Алашордашыл» деген айыппен қайтадан тұтқынға алынып, Мәскеу, Алматы түрмелерінде отырған. 1939 жылы ату жазасына кесілген.

Міржақып Дулатов (1885-1935) – Алаш қозғалысының қайраткері, 20-шы ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі, ақын, драматург. Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған. Алғашында ауыл молдасынан хат танып, кейін Торғайдағы Ы.Алтынсарин ықпалымен ашылған 2 сыныптық орыс-қазақ мектебінде білім алды. Ауыл мұғалімі деген куәлік алып, ауылда бала оқытты. 1904 жылы Омбы қаласына қоныс аударып, онда А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейхановпен танысты. Омбы, Қарқаралы, Орал, Петербор қалаларында көрнекті қоғам қайраткерлерімен пікірлесу, саяси қозғалыстарға араласу оның саяси-әлеуметтік көзарасының қалыптасуына ықпал етті. Ол 1905 жылы қазанның 17-інде Ресей үкіметіне қазақ халқы атынан жолданған Қарқаралы құзырхатын дайындаушылардың бірі болды. 1906 жылы Конституциялық демократтар партиясы делегаттары қатарында Петерборға барады. Түрлі сипатты жиындар мен саяси күштер ұйымдастырған көше шерулеріне, ереуілдерге қатысады. Осы кезден бастап Ресей үкіметі құпия полициясының саяси сенімсіз адамдар тізіміне ілінеді.

1928 жылдың желтоқсанында қамауға алынып, екі жылдан кейін ату жазасына кесіледі, кейін он жылға абақтыға ауыстырылады. Беломор-Балтық арнасының құрылысы бойында Сосновск стансысындағы лагерьде жазасын өтейді. 1935 жылы қазанның 5-інде осы лагерьдің лазаретінде ауыр науқастан қайтыс болды. Сүйегі 1992 жылы қыркүйектің 1-18 аралығында Торғай өңіріндегі өз есімімен аталатын ауыл бейітіне әкелініп, қайта жерленді.

Ахмет Байтұрсынов – қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы.

1873 жылы, қаңтар айында Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келді.

Әділетсіз орыс оязының зорлығына қарсы тұрған әкесі Байтұрсынның 15 жылға Сібірге жер аударылуы он үш жасар бала Ахметтің жүрегіне өшпестей жара салады.

1 886-1891 жылдары Торғай қаласындагы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды.

1895-1909 жылдары ұстаздықпен айналысып, бала оқытады.

1905 жылы жер меселесі, казақтың өз жерін өзіне кайтару жөнінде патшаның атына хат жазушылардың бірі болады. Патша өкіметіне наразылығы үшін 1907, 1909 жылдары абақтыға қамалады. 1910 жылы қазақ жерінен қуғындалып, Орынбор қаласына жер аударылады.

1913 жылдан 1917 жылға дейін М.Дулатовпен бірге «Қазақ» газетін шығарады. Саяси бағыттағы мақалалары патша үкіметі орындарына жақпаған басылымның редакторы ретінде А.Байтұрсынов бірнеше рет түрмеге жабылады.

Патша тақтан түскен соң Ахаң қазақ зиялыларымен бірігіп, ұлттық «Алаш» партиясын құрады. Кеңес үкіметі орнаған соң А.Байтұрсынов Қазақстан үкіметінің мүшесі, Халық ағарту Комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы болып сайланады.

Орынбор, Ташкент, Алматы қалаларындағы педагогикалык жоғарғы оқу орындарында сабақ береді. Голощекиндік асыра сілтеу саясатына қарсы болғаны үшін 1929, 1937 жылдары екі рет саяси репрессияға ілігіп, жазықсыз атылды.

Сарығожин Сабыр – Қаратөбе ауданында дүниеге келген. Әскери қайраткер, генерал-майор. Көп жылдар Ресей патшасы әскерінде қызмет еткен. 1918-19 жылы Жымпитыдағы Алашорда үкіметінің әскери комиссары болды. Репрессия қуғындалуынан 1919 жылдың соңында Қара теңіз арқылы Англияға өтіп кетті. 1925жылы Ұлыбританияда Лондон қаласында қайтыс болған.

Жұмат Шанин – режиссер, драматург, актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі. 1937 жылы Орал музыкалық-драмалық қазақ театрын ұйымдастырып, басшылық жасаған. 1938 жылы театр репертуарында байлықты уағыздайтын «Айман –Шолпан», «Хан Кене» пьесаларын қойып, театр труппасына байдың қыздарын актриса ретінде алғаны үшін және театр ғимаратында өрттің шығуына байланысты тұтқынға алынған. 1938 жылы ату жазасына кесілген.

Бисенов Бақтығали – Тайпақ ауданының №3 ауылында туған. Батыс Алашорда қайраткері. Дәрігер. 1937 жылы Жымпиты аудандық аурухананың дәрігері болған. 1938 жылы Үштік шешімімен тұтқынға алынып, ату жазасына кесілген.

1927-1953 жылдарға дейін саяси қуғын-сүргін құрбаны болған адамдардың қаралы тізімін әрі қарай жалғастыра беруге болады… Ұзақ жылдардан кейін ғана көптеген алаштың ардақты азаматтарының есімдері халқымызға қайта оралды.

Өлкелік партия үйымы «буржуашыл идеологтарына» қарсы жас ақын-жазушылардың, Сейфулиннің, Майлиннің, Жансүгіровтыц, Мұқановтың қазақ кедейін білімге, өз қанаушыларына күреске, социализм қүруға шақырған шығармаларын бастырып, шебер пайдаланды. Жаңа қоғамға жатырқап, оның келешегіне күмәндана қарағандар «ұлтшыл буржуазия» өкілдеріне қосақталды. Ал еңбекші халықтың мүддесін көздеушілер жарқын болашаққа жеткізетін жаңа қоғамда өз шығармалар арқылы насихаттай бастады. Алғашында жаңа өмір жақсылық әкелер, әділеттілік орнап, ел мен ел теңелер деп үміттеніп, Б.Майлин өзінің Жалбыр, Айша, Раушан, Азамат Азаматыч сияқты кейіпкерлері, есімі мәтелге айналып кеткен атақты Мырқымбайы арқылы жаңа өмірді бірге құруға шақырды. Бірақ басқалар сияқты Бейімбет халқына, ел азаматтарына опасыздық жасай алмады, өмір шындығынан да аттап кете алмады. Басын бәйгеге тіге жүріп замана сырын ашып берді. Сол кезеңдегі қазақы мінездердің қайталанбас, ғажап галереясын жасап кетті.

Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңдегі қазақ әдебиетіндегі ағымдар туралы мәселеге келгенде идеологияның ығына жығылған С.Мүқанов оны төмендегідей үш бағытқа бөледі. Ең бірінші, бастысы - коммунистік партияны, кеңес үкіметін, қазақ еңбекшілерін қорғап жазған жазушылар мен ақындар. Ұлтшылдар мен отаншыларға қарсы шығып, қазақ еңбекшілерінің тағдырларын кеңес үкіметімен байланыстырғандар жатқызылды. Ұлтшыл жазушылар үсынған әдебиетті С.Мүқанов ірі байлардың, молдалар мен ақсақалдардың мүддесін көздейтін «Кеңес өкіметіне қарсы бағыт» деп бағалады. Олардың жақтастары панисламизм мен пантюркизмді ақтаушылар, коммунистік партияға, барлық орыстарға қарсы деп жазықсыз кінәлап екінші бағытқа жатқызды. Нақты, тұрақты көзқарастары, принциптері жоқ күш, билік кімдер жақта солардың соңынан еруші жазушылар мен ақындарды С.Мүқанов үшінші бағытқа жатқызады. Осылай, қазақ әдебиетіндегі әртүрлі ағымдарға баға бере келіп С.Мүқанов, Т.Тоғжановқа қарағанда үлтшылдарға қарсы дәйектілік көрсетіп, үлкен ымырасыздық танытты. Атаққа еріп, үлттың атын жамылып, өз қандастарының сорын қайнатқандар да аз болмады. Олардың басым көпшілігі басқару-әкімшілік биліктерде және әдебиет саласында отырып, ауызды аштырмады, адамның мысын басып түратын бір дүлей күшке жанталаса қызмет етті. Ол күш-империялық саясаттың идеологиясы болатын .

Партия үйымдарын жат элементтерден тазартуға ауыл кедейлерін саяси белсенділікке шақырумен қатар идеологиялық майданның барлык учаскелерінде пәрменді шабуылдар басталды. Бүл қадам 1929 жылы өткен өлкелік партия комитетінің V пленумының шешімінде ашық айтылды: «Қазақ пролетариаты әдебиетін нығайту мен дамыту және барлық ұлттық көркем әдебиетте жетекшілік рөлді жеңіп алу үшін коммунист-қазақтар мен шығыс ұлттарының арасындағы осы дәуірде пролетарлық көркем әдебиеттерді кұру мүмкіндігі туралы күдік пен сенімсіздікті батыл жеңу» талап етілді. Пленум партия және шығармашылық үйымдардың маңызды міндеті - әдебиет пен өнердің басқа да саласында «барлық ұлтшыл­-буржуазиялық» (Алашорда) ықпалдарға қарсы аяусыз күрес жүргізу деп есептеді. ҚазАПП-қа өз мүшелері арасында топшыл элементтердің күшін жою бағытында қызметін кеңінен өрістету қажет екендігі, пролетарлық жазушылар арасындағы өз жүмыстарын олардың революциялық көзқарастарын қалыптастыруда мәдени жэне саяси жүмыстарды соған бейімдеу керектігі айтылды. Алайда бүл идеологиялық бағыт бұдан былай партияның жіті бақылауымен жүргізіліп отырды. Оған қазақтың пролетарлық жазушыларының 1932 жылғы сәуірде өткен өлкелік I съезіндегі «Қазақтың көркем әдебиетінің жағдайы және ҚазАПП-тың міндеттері туралы» деген тақырыпта жасалған Қайып Назаровтың баяндамасының қарары дәлел. Қапар сол кездегі большевиктер партиясының осы саладағы жүмысының бағытына жан-жақты нүсқау берді. Социализм кезеңінде пролетарлық әдебиет бұрын-соңды болмаған пролетариаттың тап күресіндегі Кеңестер Одағының барлық еңбекшілеріне коммунистік тәрбие беретін қуатты құралы болуы тиіс делінді. Қазақтың пролетарлық әдебиеті өзінің алғашқы қадамынан бастап алашорда мен байлардың әэдебиетін біртіндеп, ойдағыдай ығыстырып шығара отырып көпшілік әдебиетіне айналды. Сондай-ақ «казақ пролетарлық әдебиеті алдындағы таяу арадағы міндет - барлық қазақ әдебиетіндегі үстемдікті жеңіп алу» деп, өзінің идеологиялық сүрыптауын да жүзеге асырып отыруды үмытпады. Біраз жазушылардың шығармаларында бай-феодалдардың идеологиясы, жергілікті ұлтшылдық, контрревволюциялық троцкизм сияқты белгілер пайда бола бастады (Сейфуллин). қазақ шаруалары ескіліктің сарқыншақтары шеңберінен, ұсақ буржуазиялық идеализм пиғылынан шыға алмауда (Жансүгіров, Майлин, Түрманжанов және басқалар) және көркем әдебиетке топшылдык күресті таратуы байқалады. Сондай-ақ қазақ әдебиетіндегі жолбике жазушылар тарапынан сын жэне өзара сын дегенді желеу еткен, кеңес аппаратына, коммунистерге, колхоздарға тоғышарлық сындар айтылуда деп атап көрсетті (М.Даулетбаев, Шанин және басқалар).

Ахмет Байтүрсынов бастаған 10 адам алғашкыда өлім жазасына кесіліп, бірақ кейін ол үкім он жылдық мерзімге жазалау лагерінде отырумен алмастырылды. 1932 жылғы 28 ақпандағы екінші сот үкімімен М.Тынышпаев, Х.Досмүхамедов, Ж.Досмүхамедов бастаған Алаш қозғалысы басшыларының екінші тобы бес жылдық мерзімге Ресейдің Орталық қаратопырақты облысына (қазіргі Воронеж облысы) жер аударылды. ОГПУ-дің осы екі үкімі құрбандарының тірі қалып, елге оралғандары 1937-1938 жылдары түгелге дерлік «үлтшыл» деген айыппен ату жазасына кесілді. Оларға негізінен «революцияға қарсы қызмет» дегенді білдіретін 58-бап бойынша айып таққан. Осы екінші топқа іліккендердің барлығы таныс есімдер, қаза халқының болашағы үшін аянбай қызмет жасаған, еліміздің мақтаныштары. Оларға алдын ала тергеу материалдарынан көрсетілгендей төмендегідей айыптар тағылған:



  1. Кеңес үкіметін құлату мақсатымен 1921-1922 жылдары астыртын контрреволюциялық ұйым қүруға қатысқан;

  2. Шығыс Бүхарадағы басмашыларға, кейіннен Қорданға басшылық жасаған Заки Валидовпен байланыс орнатқан;

3. Ферғанадағы басмашылармен байланыс орнатқан;

  1. Жауапты қызметкерлер үстінен террорлық акт жасауға жауынгер жастар тобын ұйымдастырған және осы актілерді дайындаған;

  2. Жастардан әскери кадр дайындаған, байлармен байланыс орнату мақсатында «Алка» үйірмесін үйымдастырған;

6. Қазақстан Советтерінің жерге орналастырушылық, бай мүліктерін тәркілеу, шаруашылықтарды ұжымдастыру және мал, ет дайындау шараларына кедергі жасауға және осы мақсатқа совет аппаратыныц басша қызметкерлерін пайдалануға тырысқан;

7. Совет үкіметін құлату мақсатында оған қарсы қарулы көтеріліске

дайындық жасаған;

8. Антисоветтік насихат жүргізген.



Ұлт зиялыларын қуғынға үшыратқаннан бастап қазақ ұлты тұтасымен Ресейге тәуелді болып қалды. Fылым мен мәдениеттің дамуы да партияның жіті бақылауында жүзеге асырылып отырды. Бүдан былай қазақ балалары тек орыс тілінен аударылған оқулыктармен ғана білім алатын болды. Олар өз тарихын үмытты, барлық оқиғаларды бұрмаланған қысқа тарих курсын оқып өсті. Әкімшілік - әміршіл жүйе әуел бастан - ақ бәрін «аға халықтың» мақсат - мүддесін жүзеге асыруды бірінші кезекке қойды. Сол үшін жүртты бір шыбықпен айдайтын әдіс - айла ойлап табу қажет еді. Өйткені большевиктерге халықтың мұңын жоқтайтын өзіндік айтар ойы бар, пікір сайысына түсе алатын арыстары - зиялы қауымының қажеті жоқ болатын. Міне осындай саясатты жүзеге асырудың ең тиімді әдісі - «ұлтшыл уклондықпен» күресу науқаны болды. Өлкелік бақылау комиссиясы С. Сәдуақасов, Ж. Сұлтанбеков, С. Қожанов ісін айрықша қарай келе, оларды, ұлтшылдықпен ауырған зиянды топтың өкілдері дей келіп, партияның сара жолына қарсы шыққан троцкистік оппозициямен ауыз жаласқандығын дәлелсіз айыптады. С. Сәдуақасов «оңшыл» көзқарасқа бағаланып, байлардың қамқоршысы, ұлтшыл ағымның топ жетекшісі де, ал С. Қожанов, Ж, Мыңбаев, Ж. Сұлтанбеков және тағы басқалар оның жақтастары ретінде айыпталды. Кейбір мәселелер бойынша көзқарастарының ортақтығынан Т. Рұсқылов та осы «оңшылдарға» жатқызылған. Қазақстандағы «солшылдардың» жетекшісі ретінде С. Мендешев аталған да, ол топқа С. Сейфуллин, О. Жандосовтар кіргізілген.

Қазақстаннан «оңшыл» ағым өкілдері атанылған азаматтар билік басынан кетірілген, яғни С. Қожанов 1926 жылдар да - ақ Қазақстандағы басшылық қызметтен куылды. С. Сәдуақасов қызметінен төмендетіліп, Ташкентке ректорлык жүмысқа жіберілді. Н. Нүрмақов 1929 жылы Мәскеуге партиялық окуға жіберіліп, оқуын бітірген соң сонда қалдырылды. Ж. Сұлтанбеков тағы басқалар «қателіктерін» мойындауға мәжбүр болды.

Еліміздің осы аяулы азаматтарының алдына қойған мақсаттары ұлттық намысты жоғары ұстау, елдіктен айырылмау, туған халқының көзін ашып, мәртебесін көтеру еді. Сол жылдардағы социастік құрылысты орнатудағы лениндік принціптің бұзылуын уақытында көре білсе де, бұл азаматтар арнайы топтар құрып, батыл іс-әрекеттер жүргізбегенін, оның мүмкін де болмағанына көз жеткізіп отырмыз. Сол кезде өздеріне айып болып тағылып, оның өңі айналдырылып халқына жаман атты етіп көрсетілген пікірлері мен көзқарастары бүгінде, керісінше олардың халқы үшін қажетті болған келешекті болжағана көрегендік жасағанын дәлелдеп отыр. Бірақ, өкінішке орай, билік, басындағылардың қалауы бойынша, сол кездегі қызыл идеологияның ықпалымен шындықтың бәрі қарсылыққа карамай бұрмаланып отырған.

1925 жылы 1 - 7 желтоқсан аралығында Қазақстанның V Өлкелік партия конференциясында Ф. Голощекин орыс ұлтшылдығы мен жергілікті ұлтшылық туралы сөз сөйледі. 1926 жылы наурыз айында Өлкелік партия комитетінің «Қазакстан Өлкелік партия комитетінің Қазакстандағы ұлт аралары мен партия үйымдарының ішіндегі жіктер туралы» нүсқау хаты барлық губерниялық партия комитеттеріне таратылды. Партиялық пленумдар, конференцияларда үлт зиялыларының «жікшілдігі», «ұлтшылдығы» туралы мәселе қозғалмай қалмайтын болды. Сонымен бірге оларды үш топка бөліп жіктеу, осылайша олардың жүмыстарына теріс баға беру орын ала бастады. Нақтырақ айтқанда: бірінші топ - Алашорда оқығандары, екінші топ - жас ұлтшылдар, үшінші топ - қазіргі үкімет басында отырған комунистер. Ал демократиялық бағыт ұстанғандарды қолдайтын жастар, оқу орындарының студенттері мен үстаздары да қалыптасып келе жатқан әкімшіл - әміршіл жүйенің құрығынан құтылмайды. 1931 жылы «Қазакстан болыпевигі» журналының №4 санында Өлкелік партия комитетінің «Қызметшілер даярлау майданындағы үлыорысшылдық пен үлтшылдыққа қарсы» деген Қазақстандағы барлық партия үйымдарына хаты жарияланып, жастардың қоғамдағы саяси белсенділігін шектеуді мақсат еткен партия белсенділері тарапынан ұлыорысшылдық пен ұлтшылдыққа қарсы күрестің ең елеулі жері дәл қазіргі уақытта мәдениет майданы, әсіресе оқу орындары болып табылатындығы туралы арнайы нүсқау да берілді.[8] Ф. Голощекиннің өзі атап көрсеткендей, ең басты күрес жергілікті ұлтшылдыкқа, партия ішіндегі демократиялық буржуазия ағымына және қанаушы тапты қорғаушы «сәдуақасовшылдыққа» қарсы бағытталды. Жас та болса ел басқару сияқты саясат ісінде іскерлік көрсете білген Смағүл Сәдуақасов РК(б)П қатарына өткеннен кейін партия, кеңес жұмыстарына араласып, жастар арасында тәрбие жүмыстарын жүргізді. С. Сәдуақасов идиология саласындағы және үлт мәселесіндегі жолсыздыктарды ашық айтты.[9]

С.Сәдуақасов «Қазіргі дәуір - іс дәуірі» деген мақаласында төменгідегідей бағалы пікірлер айтады: «Қазақстанның Кеңес одағымен жолы бір, бірақ сол жолмен жүргенде өз тізгінін өзі үстап түруы керек. Бізге өз тұжырымымызға лайықталған шара қолдану керек. Жер мәселесі, мекемені қазақтандыру мәселесі, халық ағарту жұмыстары...».[10]

С. Сәдуақасовтың Ф. Голощекинмен келісе алмаған негізгі мәселелері: қазақыландыру, оқығандарға көзқарас, байларға көзқарас, өндіргіш күштерін дамыту жолдары еді. Жиырма бес жасында мемлекеттік ірі істерге белсене араласқан ойы терең, сөзі салмақты, тура сөйлейтін С. Сәдуақасовты республика басшылығының тізгінін үстаған Ф. Голощекин ойдан шығарылған жалалары мен қолдан жасалған қудалаулары арқылы туған еліне кетуге мәжбүр етті. Ол 1927 жылы 22 маусымда Халық Ағарту комиссары қызметінен босатылып, Ташкенттегі ҚазПИ - дің ректорлығына жіберілді. [11]

Осы жылдары «ұлтшылдық» пен «жікшілдікке» айыпталған басқа да кайраткерлердің ішінде Сүлтанбек Қожанов 1920 жылы Коммунистік партия қатарына өтіп, осы жылдан бастап, Түркістан Совет Республикасы Орталык атқару комитеті төрағасының орынбасары, оның міндетін атқарушы және Ішкі істер Халык Комиссары болып қызмет етеді. 1926 жылыдың ақпан айынан марксизм - ленинизм курсын бітіріп алды. 1927-1929 жылдары БК(б)П Орталық Комитеті Орта Азиялық бюросы үгіт -насихат, баспасөз бөлімін басқарушыларының бірі, 1929 - 1931 жылдары Орта Азия мақта шаруашылығы - ирригациялық институтының директоры болып тағайындалды. 1932 - 1933 жылдары Сүлтанбек Қожанов Москвада Бүкілодақтық мақта дайындау басқармасы бастығының орынбасары, 1933 -1934 жылдары Орталык партия бақылау комиссиясы мен жүмысшы шаруа инспекциясының топ жетекшісі, 1934 жылы жазда КСРО жер - су халык комиссариатының Орта Азиялық өкілі, ал 1934 жылдың декабірінен 1937 жылдын, май айына дейін, яғни «халық жауы» деген жаламен жазаланғанша Өзбек ССР бойынша Советтік бақылау комиссиясы өкілінің орынбасары болды.

С. Қожанов секілді алғыр, жігірлі, халыктын қамын ойлайтын, тілі өткір, бетті, беделді басшы қызметкерлерді доптай домалатып, бір орында көп отырғызбайтын мықты күштің болғандығы ақиқат. Ол күшті Сталиннің өз ойлауға негіз бар. Өйткені ол өзімен тайталасқан адамдарды партия, мемлекет атынан бүқтыра берген. Сталинге үлт еңбекшілерінің қамын ойлайтын, өзіндік дербес пікірі, терең ойы бар мықты қызметкерлер керек емес, тек өзінің айтқанын істеп, шыбындап, бас шүлғып түратын шаш ал десе бас алатын қатыгездер, мансапқорлар керек еді. Со л себепті де Қазакстанды өз үлтының білгір басшыларына басқарттырмай, халыктың тілін, тарихын, дәстүрін, мәдениетін, салт - санасын, тіршілік - кәсібін білмейтін асыра сілтеуші Голощекин, Ежов секілділерге басқартты. Тек Т. Рысқүлов, С. Сәдуақасов, С. Қожанов қана емес, білімпаз Н. Төреқүлов та Москваға алдырылып, одан кейін ол Арабияға Жіберілді, профессор С. Аспандияровты да үзақ уақыт Москвада үстады.

Сүлтанбек Қожанов голощекиншілер 30 - жылдардың басында ойлап шығарған «қазақ ұлтшылдарының астыртын контрреволюциялық үйымына» кірді деп негізсіз айыпталып, кейініректе 30 - жылдардың соңына қарай «антисоветтік үлтшыл үйым» қүруға қатынасты» деген айыппен халқымыздың асыл үлдары Т. Рысқұлов, С. Сәдуақасов, С. Қожанов, Н. Нүрмақов, Ү. Қүлымбетов, О. Жандосов, А. Асылбеков, Н. Диваев жазықсыз жапа шекті. [12]

20 - жылдардың екінші жартысында И. Сталин орын алған кемшіліктердің бетін бүркемелеу мақсатына барлық майданда күрес жүргізді. Бүл майданның Қазақстандағы ошағының отын үрлеп өршіте түскен «көсемнің» қолшоқпары Голощекин тарапынан үлттық шаруашылықтың дамуын сақтауға байланысты Ә. Бөкейханов бастаған алаш зиялыларының, кеңестік кезеңдегі қазақтың біртуар азаматтары С.Сәдуақасовтың, С.Қожановтың, Т. Рысқүловтың ұсыныс-пікірлері «ұлтшылдық», «байшылдык» болып айыпталып, олардың өздері ашық қуғын-сүргінге үшырады.

БК(б)П ОК-нің қаулысы қабылдануына байланысты 1932 жылы 29 қыркүйекте РСФСР ХКК - і төрағасының орынбасары Т. Рысқұлов Сталинге баяндаматхатпен өтініш жасады, онда ол казақ ауылдарындағы қалыптасқан жағдайға өзінің көзқарасын білдіріп, қаулына бірқатар нақты шаралармен толықтыру қажет деп есептеді, Т. Рысқұлов қазақ халқы трагедиясының көшпелі ауылдарды отырықшылдыққа күштеп көшіру болғанын сезіне отырып, КСРО мен РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесіне отырышылыққа көшірудің жоспарын қайта қарап, бекітуді тапсыруды, түрғындарды отырған жерлерінен көп қозғамай, оны аяқтаудың мерзімін белгілеуді, суарылатын жерлер мен көгалдарды, қүрылыстарды тиімді пайдалануды ұсынды.

Ауыр жылдарда әдебиетке қосылған жазушыларды түгелдей «буржуазиялық үлтшылдар» деп жариялап, өткеннен қалған бай мұрадан біржола аластап тастауға тырысты. Бүл шабуылға алғашқылардың бірі болып ұшырағандар Ә. Бөкейханов, М. Жұмабаев, М. Дулатов болды. Мысалы, осы аласапыран кезеңде ауылдағы тап күресін және идеологиядағы таптық принципті жоққа шығара отырып А. Байтүрсынов ашық түрде былай деп жазады: «Қазақтың қалам ұстаған отаншыл қайраткерлері әрі интернационалист болып, өз Отанына қарсы шығушылар қатарында қала алмайды. Олар сырттай өзгеруі мүмкін, бірак ішкі жан дүниесі өзгермейді. Олар қазақ халқын құрбандықка апаратын отаншыл рухтағы емес өкіметпен бірге бола алмайды».

1927 - 1930 жылдары Қазақстанда ПП ОГПУ - дын (Біріккен мемлекеттік саяси басқарманың өкілетті өкілдігінің) үштігімен қазақтың алғашқы интеллигентерінің 40 - тан астамы тұткындалды. Ол 42 - қазақ интеллигентіне «ұлтшылдар» деген айып тағып, «ұлтшыл - буржуазия өкілі» деп аталған қылмысты іс ашады. Бүл атауға жатқызылғандар -революциядан бүрынғы, алғашқы ағартушы-ғалымдардың барлығы десек те қателеспейміз. Олар алғашқы қазақ оқулықтарының авторлары, ғалымдары, ағартушы - ғалымдар, ақын - жазушылар, заңгерлер, дәрігерлер, саяси қайраткерлер, «Алашорда» үйымының мүшелері

Ел тағдыры, ұлт тағдыры аяққа басылған сталиндік нәубет жылдары Қазақстан халықтар түрмесіне айналып, Алжир, Карлаг сияқты лагерьлер салынды. Әкімшіл-әміршіл жүйе Қазақстанның өзін-өзі билеуіне бөгет қойды, ғасыр басындағы ұлт зиялыларының арманы XX ғасырдың аяғында Одақтың ыдырауы нәтижесінде ғана ақиқатқа айналды. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, егемендік алысымен тарихтың қатесін түзетуге күш салып келеді. Жаппай саяси қуғын-сүргінге үшыраған адамдарды ақтау жүмысы жүргізіліп, заңдылықты, әлеуметтік әділдікті, адам құқықтарын қорғауды мақсат етіп отыр.

Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы сәуірдің 14-інде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданады. Содан бері 20 мыңнан аса мұрағаттық қылмыстық іс зерттелінген көрінеді. Алайда, «саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұражайдың» жекешеленіп кетуінен аталмыш тарихи оқиғаға мемлекеттік деңгейде баға берілмей жүргенін білуге болады. Мұражай қызметкерлері болашақта төл ғимараттарының қайтадан өздеріне қайтарылатынына сенімдері мол. Себебі, – дейді мекеменің басшысы Н.Жақауова: «НКВД-ның бұрынғы ғимараты саяси қуғын-сүргін құрбандарының соңғы демі қалған жер, тіпті бөлмелерінде қанның ізі бар еді. Меніңше, бұл көрініс келген адамдарға қатты әсер беріп, өткен тарихымызды бағалауға мұрындық болар еді. Саяси қуғын-сүргін құрбандарының балалары 3-4 жастарында әке-шешелеріне тамақ тасыған жер. Мәселен, Томск қаласында НКВД-ның бұрынғы ғимараты сол қалпында сақталынып, саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайына айналып отыр.

31-мамыр күнін біз жыл сайын атап өтеміз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет