1-ші модуль – «Негізгі Бейсызықтық автоматты басқару жүйелері»
1 – 2-ші апта – «Кешігуі бар жүйенің тұрақтылық анализі»
Автоматтық басқару (Автоматическое управление; automatic control) — қандай
да бір объектіні (машинаны, приборды, жүйені, процесті) берілген алгоритмге
сәйкес адамның тікелей қатысуынсыз басқару.
Автоматты басқару еңбек өнімділігін, басқарудың сапалылығы мен дәлдігін
арттыру үшін, қолайсыз жерлердегі немесе денсаулыққа залалды жұмыстарды
адамның қатысуынсыз атқару мақсатында қолданылады. Өзара әрекетке түсетін
басқару қондырғылары мен басқарылатын объектілер жиынтығы басқарудың
автоматтандырылған жүйесін құрайды.
Басқарудың автоматтандырылған жүйесін құру принциптерін және оларда өтетін
процестердің заңдылықтарын зерттейтін техникалық кибернетиканың бөлімі —