Қазақ жетім мағарифты172 қолданбаған, Бос қалып өзіне орын таба алмаған, Ілімсіз, мағарифсыз надан қалып Аяғын дұрыс басып жүре алмаған.
Намазды мешіт жетім оқылмаған, Дәрісті қайдан білсін отырмаған, Ер жетім көргенсізден қатын алған,
Отырып қаншық иттей тақымдаған.
Төртінші бұ дүниеде әйел жетім, Түсінде теңін тауып қосылмаған, Жас жетім жиырма бесте желікпесе, Дүниені қорғасындай ерітпесе.
Құс жетім еріттеліп салынбаса, Күйлейтін саятшысы келіспесе,
Ат жетім ұран жүйрік шабылмаса, Бойынан ащы тері алынбаса.
Кірер үйі таусылған кәрі жетім, Өзі теңдес құрбылары табылмаса, Сұрасаң тоғызыншы молда жетім, Құр босқа алтын сөзі тыңдалмаса.
Оныншы бұ дүниеде қалам жетім, Жазатұғын ерлері табылмаса,
171 ұлт
172 ағартушылық
Тағы да он бірінші қағаз жетім, Бетіне ғибратты сөз жазылмаса.
Бұл күнде халі нашар қазақ жетім, Әлидей қайраттанып ашынбаса.
Қаламға хитаб173
Пайда алған бір нәрседен барша ғалым, Сұрасаң, пайда алғаны жалғыз қалам, Қаламның неше түрлі қызметімен, Кітаптар, рисалалар174 заһир175 болған.
Хитап176 қып, саған айтам, әй, қаламым, Бірнеше саған болсын көп сәлемім!
Дүниеде сенің қылған қызметіңе,
Жоқ-ты менің айтатұғын еш кәләмім177.
Аямай қағазымды қаза еттің, Дүниені жарық қылып сен ағарттың, Дүниеге неше миллион кітаптарды,
Жазып-жазып жер жүзіне сен тараттың.
Сен болмасаң кітаптар келер ме еді, Адамдар кітап жөнін білер ме еді, Әй, қалам, жалғыз сенің саясатың, Хакімдер жер үстіне жүрер ме еді?
Машриққа178 адам бармас сөз кетеді, Тағы да ақша менен жол кетеді,
173 үндеу
174 трактаттар
175 пайда
176 үндеу
177 сөзім
178 Шығысқа
Жүз мың әскер қызметін жалғыз өзі, Бір минутта ужудке179 келтіреді.
Азырақ білгендерін айтты лисан180,
Көз салып, бағып қара жумлә181 инсан182, Қатесіз пенде болмас Хақтан өзге, Жамағат айып қылма, болса нұқсан!
Достарыңызбен бөлісу: |