Шыққан рисала



бет1/18
Дата01.05.2023
өлшемі0,78 Mb.
#88665
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Тұр қазақ (копия)





«Асыл Мұра» сериясы

СӨЗ БАСТАР




Әр халықтың ілгері басуына себеп болған осы күнгі жаңа шыққан рисала3, әдебиет, жәридә4, газеттер еді. Көзбенен көріп, ақылменен ойлап тұрсақ, бұ біздің сахарауи5 қазақ халқы күллі пайдалы нәрселерден бейхабар қараңғыда ұйық- тап жатқандығы себепті бос қалғандай көрінеді. Өнер және білімнің ең алды бұ милләтіміздің6 пайдасын ойлап, муһім7 рисала жазып тарту еді, өзіміздің бейхабар қараңғыда ұйық- тап жатуымыздан, екінші оқығандар аздығынан болар біздің сахарауи қазақ халқы арасында бек8 аз көрінеді.

тұралық!!!

Қой, жамағаттар, бұлай тұруға жарамас, «білегі жуан бір кісіні, білімі көп мың кісіні жығады» деген сөздің ретін- ше өнерлі, ілімді болып дінімізді танып, өзіміздің тіліміз- ше әр түрлі муһім рисалалар, романдар жазып, дүние ахи- реттік пайдамызды тауып, рахаттықпенен күнелтіп
Иттифақ9! Жақұт жақұтпенен сатып алынады; жақұт- пенен өтіп кеткен уақыт сатып алынбайды. Мінеки, қазір де жиырманшы ғасыр біздің жастық уақытымызда кез келіп тұр; мен пақыр да кішкене ғана аз ілімімнің арқасын- да сол қызғалдақтай қуарып, өтіп кеткен соң, заманды бос- қа өткізбеумен тырысқан сықылды бейшара халқымыздың мынадай аз уақытта болса да таршылықта қалып, жерінен, суынан айырылуына һәм нашар халіне қашар малына себеп болып тұрған білімсіздігіне, өнерсіздігіне қайғырып, Ибраһим ғалейхиссаламды Намруд залым отқа салғанда, сол жанып тұрған отты сөндіремін деп тұмсығыменен бір тамшы су әкелген қарлығаштай мен-дағы халқымызға пайда келтірмек ниетімменен осы бір рисаланы майданға салып, түзеп жаздым.
1910 жыл. 8 қыркүйек

Байбатыр Ержанұлы. «Петрапабыл Қызылжар»
3 трактат
4 газет
5 далалық
6 ұлтымыздың
7 қажет
8 тым
9 кенет оқиға!

Ояну


Байбатыр, қаламыңды қолыңа алшы, Осындай күн барында жазып қалшы. Халықтың табиғаты жек көрмейтін, Мақсатты бір рисала10 қалдырсаңшы!


«Жақсыны көрмек үшін» деген сөз бар, Бек әйбат көрерліктей болса нақышы. Сен-дағы сол секілді ғибратпенен, Сөзіңді қазағыңа ұсынсаңшы.


Қадірлі сөзің алтын болып тұрса, Қазағың көрмей-ақ та болар сақшы. Көзінің қиығымен де11 қарамайды, Жазуда болсаң егер шипухиятшы12.


Бұл жолда тастар мекен, құстар мекен, Майданға сап, шаһбаздарға13 бір сынатшы. Сондай бір сынатуға жомарттық қып, Тербетіп, қазағыңды бір оятсаңшы.


Осындай күн барында бір қимылдап, Байғұс-ау, қарап жатпай оянсаңшы. Зікір қыл, әуел баста Аллам атын, Иләһи14, берсін бізге рахметін!!!


Байғұс-ау, он сегізге жасың келді, Әр түр муһім15 істен пайда алатын.


Милләтке16 күн-түн демей пікірің шаш, Өткізбей қараңғылықта жастық уақытын.



10 трактат
11 мәтінде «құйрығымен де» деп қате кеткен
12 чепуха
13 қыран құс
14 Тәңірім
15 қажет
16 ұлтқа
Өзгеден қазақ сорлы артта қалып, Кезі екен дін, дүниесі тарылатын. Тарылған бұл қазақтың дін, дүниесін, Жігіттер, болыңыздар кеңітетін.

Сөзіңмен малың шығын болсын жігіт, Бекерге зая болмас ижтиһадың17, Ошақтың үш бұты да үш атшылық, Ашынып көрсетпесе бір қайратын.


Болыңыз, ер жігіттер, зәкауатлы18, Қысқанда тастан майды шығаратын. Айтамын халің келсе қағаз жаз деп, Жігіттікте жетпіс түрлі өнер аз деп!


Жылтырап сынық алтын жерде жатпас, Болады секілді алтын өнерпаз деп.


Милләт19ке өнеріңді аямасаң, Айтамыз сонсоң сізді шаһбаз20 деп.

Көрпені жамыла түсіп, бекер ұйықтап, Жатқанымен не пайда бар құр нанды жеп?!


Сахрауи21 қазақ халқының халі


Жазайын қаламымды қолыма алып, Мағрифат22 дос екен деп біліп анық, Қазақтың осы күнгі халі қандай, Айтайын өз халімше айтып парық.





17 талап
18 жігерлі
19 ұлт
20 қыран құс
21 далалық
22 ғылым, ілім
Қазақтың халі жаман бек аяныш, Ойласам оттай қаулап, жанады іш, Қармалап қараңғыны сорлы қазақ, Бойында еш жарақсыз қалмаған күш.

Сықылды жетім бала нашар халі, Түсі де сары екен ғой, жоқ жамалы, Өлуге енді болмаса жақындап кеп, Даяр тұр аяғынан құлағалы.


Оларға болыспаса Құдай Қадір23, Екінші өзі надан, өзі пақыр, Қазақтар осындайын халге түсіп, Ілімдіктің жағына аса тақыр.


Байқасаң, көзінде жас көрінеді, Өздері иттифақсыз24 бөлінеді, Дүниеде қарыс жүріп баспас қадам, Қайтіп енді қазақ алға жөнеледі.


Арасында жарық болған шам сөніпті, Аттауға алға таман жол жоқ тіпті, Жуда25 боп көзі шығып, белі сынған, Түстілер26 бұ халдерге не себепті?


Біздің қазақ әрқашан ұйқы-тұйқы, Біздің тоймас дүниеде ешбір ұйқы, Қазақтың майсыз жеккен арбасындай, Басылмас арамызда ешбір қиқу.


Жарайды ілімді боп, оқып жүрмек, Дүниеде жоқ қой бізде рахат көрмек, Дүниеде рахат көріп, күліп-ойнап, Қайда бізге кісілердей өмір сүрмек?!





23 Құдіретті
24 бірліксіз
25 бөліну
26 яғни, түсті олар
Жамағат қолымыздан кетті ыхтияр, Тағы да кең дүниеміз болды ғой тар, Бейшара, қайран елім, қайран жерім, Дүниеде рахатың жоқ, пейнетің бар.

Бірнеше дүние біткен бізге хилаф27, Болады арамызда зор ихтилаф28,


Зор ихтилаф бар демей мен не деймін, Ел ішінде көп кісіде жоқ-қой ынсап.

Құр босқа қала бердік біз осылай, Татудан мағарифтан29 нәсіп болмай, Дариға, бәрі осының ілімсіздік, Қарусыз міглан30 әскер бір кісідей.


Ешнәрсе ойланбадық жанды алса да, Ағызып денемізден қан алса да,


................................................................
..................................................................31

Сол себепті нашарланды біздің бұ хал, Жейтұғын кеткеннен соң ауыздан бал, Жамағат ол балымыз келер еді,


Жан-жақтан айламенен құрсақ амал.

Жүрміз ғой айламыз жоқ текке лағып, Қылатұғын айла жоқ жұртқа жағып, Хәл-қәдәри32 тірлікте кем болмасақ, Халықтар айтар еді не мін тағып?!


Біздің қазақ ақымақтығын білгізеді, Малым бар деп байлығын көргізеді,





27 қарсы
28 қайшылық
29 ағартушылықтан
30 мыңдаған
31 мұндағы екі жол қолжазбадан түсіп қалған сияқты
32 шама-шарқы
Халықтың пайдасы үшін деп айтса егер, Жұмыс жоқ кейін қарай шегінеді.

Мағарифты33 біздің қазақ қолданбаған, Қазақты бір Құдайым оңдамаған, Алдында күндей жарық көрінсе де, Жақұт пен меруертті көре алмаған.


Жатырмыз осы күнде біздер ұйықтап, Қалдық-қой кесе жарға біз тұйықтап, Пайдасын біздің қазақ ойламайды, Жүреді өз-өзіне мылтық оқтап.


Қазақтың ойлағаны бәрі тамақ, Мақсаты көңіліндегі бәрі сол-ақ, Дін ісіне біздің қазақ арандайды, Дау десе семіз атын етер тулақ.


Қалмады ел ішінде әдеп, ұят, Көңілі Хаққа болмас көп һидаят34, Халықтар екі ұдайлы болғанында, Жасырып бірін-бірі етер туят35.


Қалды-ғой халдеріміз мұндай болып, Күніміз қараңғылау түндей болып.


Қараңғыда қақпанға түсіп қалды, Мысалы тұтылып қалған қоян болып.

Жамағат, осы күні кеттік артқа, Семірдік болыстық пен құр атаққа. Болған соң болыс, билер арамыздан, Құтырып жаман құлдар мінді таққа.





33 ағартушылықты
34 тура жол
35 мақсат, мұрат


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет