Нұржанға жіберген хатым
Мухтәрәм111, мухиббум112, садиқым113, әдіп114, фа- сих115, шайыр, шәһир116, насыр117, зуғақыл118, хәйрун- нас119, мейірбан ағамыз Нұржан әпенді Наушабаев
110 іштарлықты
111 құрметті
112 сүйіктім
113 шынайы
114 ақын
115 шешен
116 атақты, даңқты
117 жазушы
118 ақыл иесі, яғни данышпан
хәзіретлері жанапларына мәхсусән120 сәлем жазып те- берік айтып үшбу хатымды жолдадым. Бәғдәс-сәләм121, біздей пақыр шакірден122 хал білмек тілесеңіз, әл-хәм- ду лиллаһ уәл-миннә123, сәлеметлікпенен Петрапабыл шаһарында ілімменен мәшғул124 болып жатырмын.
Мухтәрәм125 ағамыз Нұржан әпенді хәзіретлерісіз милләт126 кісісінің біріншісі болып, заманыңызды бос- қа өткермей, әрбір мәшһүрлі «Орынбор, Торғай, Орал, Семей, Ақмола» уәләятларына127 қараған қазақ, ноғай- лардың өзінде «Нұржан, Нұржан» деп бек жақсы ақын- дықпенен, әрбір түрлі ғибратты, тәсірлі сөзді таратуы- ңызбенен алтын тағалы көз ішінде дүңкілдетіп өткен бір тұлпар орнында хисапландыңыз, осы күнде заман өтті деп, тоқталып тұрсыз білмеймін. Сонда да, зама- ныңыз өтсе де «жүйрік аттың шабысы қалса да, қыран- дауы қалмайды», дегендейін маған замананың тұруы- нан бір ғибратлы айтып екі хат жібердіңіз. Оныңызға жан-тәнімізбен қуанып, біздей пақыр-надан жұрттың да көз ашары бар екен деп, Аллаға шын көңілменен хәмділер128, шүкірлер айтып қалдым.
Сіздің маған соңғы келген хатыңызда молдалар хақында айтқан сөзіңіз бек ұнайды. Ұнаса усули қә- димді129 құттап сөйлеген екенсіз. Сіздің көңіліңізге кел- месін усули қәдим хусусында130 мен бір кеңес айтып өтейін.
Бұрынғы я болмаса қазіргі заманда бақырған, ша- қырған халықтың табиғатын бұзып, өтірікті, шынды
120 арнайы
121 сәлемнен соң
122 шүкіршілік етушіден
123 Аллаға шүкір
124 айналысу
125 құрметті
126 ұлт
127 аймақтарына
128 мадақ-мақтаулар
129 ескіше оқу жүйесін
Құдай ұрғандай қылып, афкар жәдидәден131 усул132 тәлімнен хабардар болмай, «тақсыр» деген хошеметке сүйеніп, «тақсыр» деген сөздің мағынасын да білмей, халықты тамам надан қылып, өз өзіне қаратып қой- ған ел ішінде қожа, молдалар көп. Халыққа афкар жә- дидәден усул тәлімнен бір шетін көрсетейін десең оған көнбей «бұрынғы ақшашаңды басында қара қазандай ақ сәлдесі бар һәм өздерінің үлкен-үлкен сандыққа сыймайтын кітаптары бар бұрынғы қожа, молда тақ- сыр хазіреттер өтірік айтқан ба екен деп дүрсе қоя бе- реді. «Тақсыр» деген сөздің мағынасын дұрыс білсе біз қожа, молданы ел ішінде өрнек шашушы, өнеге айту- шы, бірнеше мағрифатлы133 зат дер едік. Ол «тақсыр» деген сөздің мағынасы «кем, қысқа» деген сөзге келеді. Парсы халқы падишаһын «тәхт-е сәр», яғни, тақ басы деп тағзым қылады екен. Біздің қазақ сол парсының айтқанынша «ұлығымызды ұлықтаймыз!» деп, «тәхт-е сәр» деген сөздің мағынасына түсінбей һәм тілі кел- мей, «тақсыр» деп, қожа, молдаларды қошемет қылып кетіпті. Оны ана надан қожа, молдалар «тақсыр» деген сөздің мағынасын түсінбей, қошемет деп біліп, күннен- күнге семіріп, көңілінде аз-маз тоқыған оқуда соны- менен жуылып, біреу шариғаттан сөз сұраса, кітапқа қарамай, ойменен айта салып, я болмаса кітаптан кі- тап ақтарып таба алмай, «тақсыр» деген сөздің мағы- насына түсінбеген жарықтық ақырында тиянақсыз, дә- лелсіз, бір байлаусыз сөзді айта салады. Надан халықты да мағлұматсыз жұбанышпенен жұбандырып, «Тәйірі деген, біздің тақсыр жарықтық қазірет қате айтушы ма еді!» дегізіп өзін мақтатып қояды.
Және милләт134 баласының көзін соқыр, құлағын са- ңырау қылған сабақты әліппені екі ай, иманшартты үш ай, һәфтиекті алты ай ғұмырын сарып оқытып, не оқу- ды, не жазуды хабарсыз қылады.
131 жаңаша, яғни жаңаша ойлау
132 әдіс
133 ғылым, білім
Қазірде ол оқулар кілітін қалдырып тұр; мектептер тәртіпке қойылып, сыныппенен балалардың түсініп, оқуына лайықты, пайдалы түсімді жаңа кітаптар шы- ғарылды. Сол кітаптарды ретіменен оқытып, балалар- ды аз уақытта көп нәрседен хабардар қылады. Соның үшін шаһар ішінде усул жәдид135, қазақ ішінде төте оқу деп айтады. Усул жәдид оқуы бір жақтан я болма- са басқа мәзхабтан келген жоқ. Бұрынғы оқу жалғыз- ақ балаларға аз уақытта өмір оздырмай жазу жазды- рып, кітап, хат оқытып, әрнәрседен хабардар қылады. Усул жәдидіміз усул қадиміміз әрі барған соң қосылып та кетеді. Шариғатымызда тез көзін ашып мағрифат- лы136 болғанды жаратады. Бұрынғы заманымыз өтті. Ол замандарда неше миллион шақырым жерге атпе- нен барып, қайтып жүреді екен: хусусән137 Меккеге бұ- рынғы уақытта атпенен бір жылда әрең барып қайтып келеді екен. Осы уақытта олай емес. Алыс жерді жуық қылып қойған отарба-параход тағы бір ауадан ұшып жүретұғын машина шықты. Осыларменен тез уақытта неше миллион шақырым жерден тілеген мақсаттарын бітіріп, айланып келіп қалады. Сол сықылды қазірінде төтеленген: сәбилерді аз уақытта қағаз жазғызып та- ныттырып қоятұғын жаңа оқу шықты.
Ойласақ, енді ол аз уақытта ілімді, өнерлі болып кеткеніміз жарасса керек дейміз. Не үшін десеңіз, әрбір көзі өткір мәсләкдәс138 құрбыларым, көңілі бұлақ, мұ- хит дария сықылды мәсәрлі139 ағаларымыз қара суды теріс ағызып, қар үстінен өрт жандырса да бұ жерінен, суынан айрылған надан қазақ халқына аз болмас еді.
Біздің нашар қазақтың халі үстін болып, мәсләкдәс140 құрбыларым көңілі бұлақ дария сықылды мәсәрлі141 ағаларым ілімді, өнерлі болып, қолынан келгенше
135 жаңаша оқыту әдісі
136 ғылым, білім
137 әсіресе
138 пікірлес
139 ерлік, жақсылық
140 пікірлес
141 жігерлі
халыққа уағыз, насихаттар сөйлеп, өзінің халқының на- дан қалмауына сағи142, ижтиһад143, қайрат етіп, бір ха- лис144 қызмет етулеріне жан-тәнімізбен өтінеміз. Бил- ихтирам145 жолдаушы – Байбатыр Ержанұлы.
Мудәррис Зейн Әл-Әбидин әпенді хәзіретлеріне ойлаған бір мәктубім146
Ассалаумағалейкүм, асыл затым, Көп топырақтың ішінде меруертім. Асылыма амандасып алайын деп, Ойлаған мүбәраклы жазған хатым.
Осындай жақсыларға хабарлассам, Шығарма деп ойлаймын жәһлиятім147, Халыққа мен жатырмын хат таратып, Себеп боп, артпас па деп мағрифатым148.
Мінекей, сіздерге де көндірдім149 хат, Артсын деп күн сайын махаббатым. Не пайда оқығанмен әрбір фунун150, Ілімнің таттырмаса ләззатын.
Сіз абзал хадым151, милләт152 шығып тұрсыз, Халыққа жаныңыз ашып пайда ойлайтын.
142 тырысу
143 талпыну
144 шынайы
145 құрметпен
146 хатым
147 надандығым
148 ғылым, білімім
149 яғни, жібердім
150 пән, ғылым
151 қызметші
152 ұлт
Мінекей нашар милләт халін көріп, Жарайды осы қылған мәрхәметің.
Сіздің бір әдебиетіңізді оқыған соң, Бек жақсы артып кетті көңіл шадым,
Мен-дағы босқа ұйықтап жатпайын деп, Ойлаған ықыласпен шын ниетім.
Қарасам жан-жағыма көзім салып,
Пайда шығар деп ойлаймын осы уақытым, Көп емес, аз оқыған ілімім бар,
Сонда да қызмет қылу ыждағатым.
Қамаулы қараңғыда қалып тұрмыз, Иләһи153, бергей еді рахметін.
Құдайым рахметімен берсін құт, Жастары бұ ғасырдың оны ашатын.
Тәңірі асыраған тоқтыны бөрі жемес деп, Білмеді қазақ байғұс өз ғапілетін.
Қараңғы бір түкпірде қалдық қазақ, Жақсылықпен кісі бар ма оны алатын.
Асылда бір басшымыз сіз боларсыз, Алам деп батырлықпен жол салатын. Жиылып аз деп барып тауып алсақ, Жаудырар халық бізге рахметін.
Ерініп бостан-босқа бармай қалсақ, Сонан соң артар бізге зор ұятын.
Ұятқа тұрады жүріп қалмалықта, Онан да қабір артық біз жататын.
«Әд-дәл ´әләл-хәйр кәфәлә»154 бар емес пе, Бұ сөзді кезіміз ғой біз ұғатын,
153 Тәңірім
154 «Жөн сілтеу жақсылыққа кепіл болады»
Аяғын шәриф155 сөзбен тамам қылып Кез болды қаламымды тоқтатын.
Жазушыны сұрасаңыз ұстазымыз, Ержанұлы Байбатыр деген атым.
Достарыңызбен бөлісу: |