Шиелі ауданы, №142 орта мектебі Тақырыбы: «Әлем таныған Әуезов» Орындаған: Шәкір Аружан Сыныбы: 7-сынып Жетекшісі: Надырбекова К. А



бет2/4
Дата07.02.2023
өлшемі1 Mb.
#65947
1   2   3   4
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).
Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.

«Әуезовтің әдеби мұрасы» М.Әуезов - ауыз әдебиеті мен классикалық әдебиеттің, батыс пен шығыс көркем сөз мұрасының озық дәстүрін жете меңгеріп, қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің реалистік сапасын артттыруға, әдеби тілді байытуға ересен еңбек сіңірген ұлы жазушы. Қаршадайынан қазақтың бай ауыз әдебиетiнiң iнжу-маржандарынан сусындап, әрiсi Асан қайғы, Ақтамбердi, Бұхар жырау, Дулат, Махамбет жырларынан тәлiм алған, бесiгiнде жатып, ұлы Абай өлеңдерiмен көкiрегiн тербеген бала Мұхтардың өсе келе Шығыс пен батыс мектептерiн бойына қатар сiңiрген дана Мұхтарға айналуы заңды құбылыс едi. Әуезов ұлттық таным-түсінік пен талғамға мүлдем жаңа леп әкелді. Оның «Қорғансыздың күні», «Қаралы сұлу», «Қилы заман», «Көксерек» сияқты алғашқы шығармаларының өзі қазақ сөз өнері мен көркем ойлау жүйесін жаңа сапалық биікке көтерді.
20 жылдардағы «Қараш-қараш» - Әуезов прозасының шоқтығы биік шығармасы. 1930-1940 жылдар аралығында өмірге келген прозалық шығармалары «Іздер»(1932ж), «Білекке білек» (1933ж), «Үш күн» (1934ж), «Шатқалаң» (1935ж.), «Асыл нәсілдер» (1947ж) - жаңа өмір шындығын суреттеген туындылар. Сонымен қатар «Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім кінәлі», «Заман еркесі» («Сөніп-жану»), «Кінәмшіл бойжеткен», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық», «Бүркітші», «Кешкі дөң басында», «Сыбанның моласында», «Текшенің бауырында» атты әңгімелері бар.
«Ұлылық үлгісі» «Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтің әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы әлемдік деңгейде:
«ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген жоғары баға алды. Сондай-ақ бұл роман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды.
Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «Абай» (1942, 1947), онан кейін мұның жалғасы болып табылатын «Абай жолы» (бұл да екі кітаптан тұратын; 1952, 1956) романын жазды. Онда қазақ халқының этнографиялық, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері - бәрі бар. Роман-эпопеяның танымдық мәнімен бірге ұлттық әдебиет пен мәдениетті, ана тілін өркендетудегі рөлі зор болды. Ол Абайды 17 жыл зерттеп, 12 жыл жазған. Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романы үшін жазушыға КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет