Шиелi ауданыныѓ ћоѕамдыћ саяси газетi №60 (8214 ) 20 тамыз cәрсенбі



жүктеу 314.53 Kb.

бет4/4
Дата01.01.2017
өлшемі314.53 Kb.
1   2   3   4

Г.СЫЗДЫҚОВА,

С.НҮРЕКЕЕВА,

ҚР ТҚҚА ОСЭСО Шиелі аудандық

филиалының 

бактериологиялық зертханасының 

лаборанттары.

Дизентерияның

алдын алу


№60(8214) 20.08.2014 жыл 

Газет редакцияныѓ компьютер

орталыѕында терiлiп, беттелiп, 

“Сыр медиа” ЖШС баспаханасында

басылды. Ћызылорда ћаласы, 

Сџлтан Бейбарыс к шесi н/ж.

Тел: 8(7242) 40-06-68.

Таралымы 5322

Тапсырыс №750

Газет Ћазаћстан Республикасы Аћпарат Министрлiгiнде 

30.12.2010 ж. тiркелiп, №11406-Г тiркеу куќлiгi берiлген.

Газет ќр аптаныѓ сќрсенбi, сенбi кљндерi шыѕады.

Ћолжазбалар  ѓделедi жќне керi ћайтарылмайды.

Жеке авторлардыѓ пiкiрi редакцияныѓ тљпкiлiктi к зћарасын бiлдiрмейдi. 

Телефондар: 

Бас директор -8(7242) 70-00-36

Бас редактор -44-6-22

Бас редактордыѓ орынбасары - 44-7-32

Жауапты хатшы, есепшi 

Факс -44-9-07.

Мекен-жайымыз: 120700, Ћызылорда облысы, Шиелi кентi, А.Яссауи к шесi №109. E-mail: osken_onir@mail.ru



Бас директор 

Аманжол ОЃЅАРБАЕВ

Шиелi аудандыћ 

“ скен  ѓiр” газетiнiѓ редакциясы

Бас редактор

Алтай АЙЫП

Меншiк иесi:

жауапкершiлiгi

шектеулi серiктестiгi

4

4

Ауданымыздың көптеген

жер леріне мен мұндалаған жар-

намаларын іліп, «өз мүм 

-

кіндігіңді жіберіп алма» деп,



таланттарды бағын сынап,

«Шиелі жұлдызы» атанулары

үшін бір арнаға тоғыстырған кон-

курс басталып та кетті. Иә,

«Өскен өңір» газетінің 75

жылдығына орай «Ситора» түнгі

клубының ұжымы ұйым 

дас -


тырып жатқан бұл конкурстың

«болғанынан боладысы қызық»

болғаны белгілі. Себебі, сексен

мың халқы бар бүтін ауданның

жұлдызы атану үшін көптеген

таланттардың төбе көрсететіні

аян еді. Конкурсанттар алғашқы

хабарлама газет бетіне жария-

ланып, кент ішіне аталмыш

байқау жайлы жарнамалар ілін-

ген күннен бастап, толассыз ха-

барласып жатты. Шынын айту

керек, алғашқыда ұйым 

дас -


тырушылар да мұншама көп та-

лапкер қатысады деп ойламаса

керек, себебі, кастингке келген

әншілерді көргенде таң 

да -

ныстарын жасыра алмады.



Аудан бойынша барлық ай 

-

мақтан, соның ішінде орталық



болып саналатын Шиелі кентінен

үміткерлер көп болды. Ана шеті

Сұлутөбе, мына шеті Ортақшыл

ауылдарынан да келіп жатты.

Әр ауылдан бір қатысушы деп

есептегенде, кент іші бар

барлығы шамамен отызға тарта

үміткер бағын сынады. Соның

ішінде «бабы мен бағы қатар

келген» жеті үміткер кастингтен

өтіп, келесі айналымға жолдама

алды.


Тамыз айының 15 жұл 

-

дызында Көкшоқыда орна 



-

ласқан «Ситора» түнгі клубында

болған кастинг өте тартысты

өтті. Күні бойғы қапырық

ыстықтан кейін кешкісін бой

жазуға жиналған жастар жағы

көп-ақ. Әрине, отызға жуық

қатысушылар болса, онымен

қоса олардың шашбауын

көтеріп жүрген қолдаушылар,

жанкүйерлер, достары сынды

көпшілікті қосқанда «Си 

-

тораның» іші кәдімгідей  толып



кетті. Оның үстіне «Ситораның»

келушілері де жеткілікті екен.

Түнгі клубтың іші заманауи

түстермен әрленіп, өзіне

лайықты суреттермен безендірі-

ліпті. Дизайны да ерекше. Нағыз

көңіл көтеріп, демалуға

арналған орын дерсің. 

Қатысушылардың барлығы

«сен тұр, мен атайын» деп да-

йындалып-ақ келген екен.

Қазылар алқасына осыншама

жанның ішінен жеті үміткерді ірік-

теу оңайға соқпады.  Қа 

зы -

лардың қатарында «Өскен өңір»



газетінің бас редакторы А.Айып,

аудандық әуез мек 

тебінің

мұғалімі Ө.Қа лым бетов, әуесқой



музыкант Т.Сыздықов, «Си-

тора» түнгі клубының мең 

-

герушісі А.Садибековтер бол ды.



Бұл күні қатысушылар әндерді

тек жанды дауыста, ешбір

музыкалық аспаптың сүйе мел -

деуінсіз орындады. Бірі шығып

шетелдің әндерін құй қылжыта

шырқаса, енді біреулері қазақ

эстрада жұлдыздарының ән де -

рін орындап жатты. Үміт 

-

керлердің басым көпшілігі



қазақтың халық әндерін орын-

дап, дәстүрлі музыкаға жол тар-

тып жатты. Көршілес қырғыз,

өзбек халықтарының да елге

белгілі әндері шырқалды бұл

күні. Қатысушылардың арасы-

нан қазылар алқасы келесі

айналымға тек жеті талапкерді

өткізді. Талап солай болған соң,

кіл мықтыдан бір мықтыны

шығару керек. Ал кастингтен ке-

лесі айналымға Шиелі кентінен

Дәурен Беркімбаев, Мөлдір

Құлахметова, Жалғас Шәмен,

Ғайни Нұрланқызы сынды төрт

үміткер өтті. Алғашқы жетіліктің

қатарын Жаңатұрмыс ауылдық

округінен Ұлданай Қуандықова,

Ортақшылдан Айбат Нұрманов,

Алғабас ауылынан келген Са мат

Төлегеновтер толық 

тыр ды.


Бұлардың барлығы тамыз

айының 23 жұлдызында өтетін

байқауда бағын сынайтын бо-

лады. Ал келесі айналымға

кімнің өтетінін уақыт көрсетеді,

бірақ, сенбі күнгі кеште «Си-

тора» түнгі клубында кон 

кур -


сант тар 3 қазақ әндерін шыр -

    қайтын болады. Бір ән ғана

емес, халықтық, эстарадалық

және патриоттық әндер бо-

йынша сынға түсетін үміт 

-

керлерге табыс тілейміз. Алдағы



күндерде де «Шиелі жұлдызы»

байқауынан репортаж беретін

боламыз.

Азиз БАТЫРБЕКОВ.

Суреттерді түсірген

Бақытжан БӘЙІМБЕТ. 

«Шиелі жұлдызы» байқауының іріктеу 

айналымы өтті

-репортаж-

Сәлем, Алла!

Бір құлың хат жазады оқимысың?

Күнәсін жіпке теріп тоқимысың?

Кей кезде пақырланып әлсіздерге,

Бой жазып ақияды қоқи құсың.

Сәлем, Алла!

Шығады әріптерден бір байғұс үн,

Шынымен жанашырлық 

қылмаймысың.

Есі кіріп, есеріп кеш түсінді,

Жұмақ пен тозақ барын бұл байғұсың.

Сәлем, Алла!

Білемін,


Озып кетсе байлықпен көш ілгері,

Жүрегінен иманды өшіргені.

Пенделер ағаттықпен шалыс басса,

Керегін тек құдайдың кешіргені.

Сәлем, Алла!

Тура жолды жаңылып көп іздедім,

Құраннан өзгеге қол тигізбедім.

Адалдықпен бойыма сіңіре гөр,

Ислам мен иманның негіздерін.

Сәлем, Алла!

Жаратылдым пайғамбар үмбетінен,

Сақтай гөр дәретсіздік індетінен.

Еске салып тұрғайсың жиі-жиі,

Мүкәлләфтық орындайтын міндетінен.

Сәлем, Алла!

Мұң көрмеген көкірек құлады шын,

Енді құлың құлшылық қылады шын.

Куәгерлік ететін паң беттерін,

Көшеге емес құбылаға бұрады шын!

Сәлем, Алла!

Білемін, хайызы бар қыз баламын,

Біткенде мешітке де жүз барамын.

Нұр беріп хадистерден,

Ерітші тас жүрегін, мұз балағын.



Ақкенже ҰЗАҚБАЙҚЫЗЫ.

“Денсаулық – бірінші бай -

лық”, “Дені сау адам – та 

-

биғаттың ең қымбат жемісі”,



т.б. сөздерді көп қолданамыз.

Бірақ, сол денсаулықты қа -

лыпты ұстап, денені ылғи да

шы нықтырып, ширақ жүру

үшін спортпен айналысып, са -

ла уаттылықты серік қылу ке -

рек екендігін білсек те көзді

жұ ма қарайтындарымыз бар.

Ал, керісінше, спорттың си 

-

қырын сезінгендер спортпен



құл шына айналысып, жеткен

жетістіктерімен өзі ғана емес,

өзін қоршағандарды да

қуантуда.

Та мыз айының 13-14 күн -

дері аудандық денешы 

нық -

тыру және спорт бөлімінің



ұйым дас ты руымен ҚР-ның кә -

сіби спорт мерекесіне орай

спорттың 6 түрінен спарта-

киада болып өтті. Атап айтар

болсақ, әйелдер мен ерлер

арасында өткізілген волейбол,

үстел теннисі, эстафе та, қол

күресі, гір көтеру, шағын фут-

болдан тартысты ойындар

жүрді. Ойын дар ға аудандағы

22 ауылдық округті қамти от-

ырып 850-ге тар 

та ауыл

спортшылары қа тыс тырылды.



Спарта киада ның ашылу сал-

танатында ау дан әкімінің ап-

парат басшы 

сы Берікбол

Ұзақұлы, ау 

ылдық округ

әкімдері Ғ.Жол дасов, Н.Жа қы -

пов, Ә.Сайлау, ардагер спорт -

шы Әбілда Ыбырайларға сөз

кезе гі беріліп, игі тілектер тың -

дал ды. Спортшылардың осы -

нау кәсіби мерекесімен

құт   тықтаған қонақтар барлы -

ғы на сәттілік тіледі де, әрі

қарай ойындар басталып кет -

ті. Бұл күні қол күресі, гір

спорты, шағын футболдан өт -

кен ойындар өзіндік қы 

-

зықтарға толы болды. Қол



күресінде коман далық бірінші

ор ынды Бала би, екінші ор -

ынды Жөлек, үшінші орынды

Шиелі кентінің командалары

бөлісті. Гірден тағы Бала би

ауылының жастары алға озса,

екінші орынды – Ботабай, үш -

інші орынды – Қарғалы ауы лы -

ның спортшылары қан  жығаға

байлады. Шағын футболдан

22 команда арасынан үздікті

анықтау оң айға соқпады. Ко -

мандалық бірінші орын – Жа -

қаев, екінші орын – Жиделі,

үшінші орын – кенттің жастар

командаларына бұйырды. Са -

й ыстың екінші күні эста 

-

феталық жарыс өтіп, бірінші



орынды – Бестам, екінші ор -

ынды – Ақтоған, үшінші

орынды тағы да кент жастары

өз ара бөлісті. Ал, үстел тенни-

сінен командалық есепте шие -

лі – бірінші, шиелінің жастары

– екінші, Тартоғай – үшінші

орындарға табан тіреді. Ше-

шуші сында шиелі кенті мен

Бес там ауылы жалпы ко 

-

мандалық бірінші орынға тала -



сып, соңғы ойын - әйелдер

волейболы бойынша Бестам –

бірінші, Жөлек – екінші, Шиелі

кенті командасы үш інші орын-

дарды алып, үз 

діктер қа 

-

тарынан көріне білді. Жалпы



командалық есепте 51

ұпаймен Шиелі кенті коман-

дасы бірінші, 30 ұпаймен Бес-

там – екінші, 20 ұпаймен Ба ла

би командалары үшінші ор -

ынды иемденді. Соңында

жеңімпаздарға естелік сый 

-

лықтар мен дипломдар табыс -



талды. 

Сөз соңында кәсіби мере -

кенің өз деңгейінде аталып

өтуі үшін басы-қасында жүрген

бөлім бастығы Н.Сапар 

бай -


дың еңбегін атамай өтсек бол-

мас. Осылайша, спортшы

жас   тар өзара сайысып, әр қай -

сысы өз ұжымдарының же тіс -

тікке жетуі үшін кү рескенімен

ортақ мақсат – салауаттылық

өмір салтын қалыптастыру,

денсаулық, мықтылық, дос 

-

тық қа даңғыл жол ашылды.



Сол себептен, бұл үрдіс тек

мереке күндері ғана емес,

одан әрі де өз жалғасымын та-

батын болады.



Дина ЖҮСІПОВА.

Азамат жаңадан алған автокөлігімен бір шаруасын тындырып

келмек болып сыртқа шықты. Бір кезде көлік тұрған жақтан тарс

еткен ащы дауыс естілді. “Не болып қалды?” деп қараса, 3 жасар

баласы қолына темір алып, көліктің алдын соққылап, майысты-

рып қойыпты. Ашуға ерік берген Азамат әлгі темірмен баласының

қолынан ұра бастайды.

Бір кезде баласының қолынан қан атқылағанда ғана есін жи-

найды. Қан тоқтамағандықтан, ауруханаға апаруға мәжбүр бо-

лады. Дәрігерлер баланың саусақтарының қатты жарақат

алғанын көріп, аман алып қалудың шарасын жасағанымен,

ештеңе істей алмайды. Амалсыз саусақтарын кесуге тура келеді.

Бала ауыр операциядан кейін есін жиғанда қолына аппақ мата

оралғанын көреді. Әкесіне жаутаңдап қарап:

-

Әке, көлігіңізді бүлдіргенім үшін кешіріңізші, енді олай іс-



темеймін, - деді де: - Саусақтарым қайта шыға ма? – деп жылам-

сырап сұрады. Мұны естіген әкесі өзін ұстай алмай жылап жіберді

де сыртқа шығып кетті. Ол өз қатесін түсініп, ақыры шыдай

алмай өз-өзіне қол жұмсайды...

Жақсы көретін адамға қарсы сабырыңыз таусылса ашуға бе-

рілмей тұрып, жақсылап ойланыңыз. Көліктер жөнделер, бірақ

саусақтар мен жаралы жүректер жазылмайды. Адамдар

қателеседі. Бірақ, ашу мен ызаға булығып істеген іс адамды

өмірінің соңына дейін қинауы мүмкін. Ойланып, әрекет етейік. Са-

бырлы болайық, ағайын!



Алмас ПАРМАНҚҰЛОВ,

Парманқұл Халфе мешітінің имамы.

Ш.Қодаманов атындағы ауыл.

Сабыр түбі – сары алтын

С а у с а қ

Иманымнан хат туады

"Балапан бағдарламасы"

Бөбектерге балғын күндер

сыйлаған бақша

Ұлтымыздың болашағы –бала. Оның тәрбиесі мен тағдыры ұрпақ келешегі. “Ел боламын десең –

бесігіңді түзе”- деген ұлы сөздің астарына терең үңілетін халқымыз бала тәрбиесіне атүсті қарамаған.

Елдің тірегі, ертеңі-жастар дейміз. Сондықтан да, олар заман талабына сай әдіс-тәсілдермен тәрбиеленуі

тиіс. Заманауи әдіс-тәсілдермен қоса ұлттық мүддені де сәби санасына сіңірген жөн. Миы тез қабылдағыш

ХХI ғасыр баласына ата-анадан өзге, сыртқы ортаның, үлкен-кішінің ролі зор болмақ. Бала қашан да

айналадағы құбылыстарды көруге асық болып тұрады емес пе? Осы тұрғыда бізге бала бақша мен

тәрбиешілердің көмегі орасан зор. Балалар бақшасы адам өмірінің алғашқы мектебі десек болғандай.

Бақшаға баратын бала еркін, қоғамда өз орнын біліп, сезініп, ойын ашық айтып өседі, ортамен араласа

алады. Бала бақша мен тәрбиешілердің жағдайы сонау тоқырау жылдары тығырыққа тіреліп, қиындай

түсті. Себебі, ол жылдары көптеген дүниелер жекеге өтіп кеткен болатын. Солардың қатарында бала

бақша да бар еді. Дегенмен, Тәуелсіз еліміздің тұғыры нықталған бұл күндері халықтың әл-ауқатын,

әлеуетін көтеру мақсатында  қабылданған бағдарламалар халық игілігіне қызмет көрсетуде. “Балапан”

бағдарламасы аясында еліміз бо-

йынша кезекте тұрған балалар еш

қиындықсыз бақшаға алына бас -

тады. Тіптен бақша санының

өсуіне байланысты балалары-

мызды үйден келіп, тіркеп, бізге

беріңіз деп те қолқа салады.

Өйткені, біздің ауданымызда да

көптеген бала бақша бой түзеп,

бүгінгі күндері бөбектерге ыңғайлы

жағдай жасалуда.  Бұл жақсы емес

пе? Олардың бірі-кентіміздегі сәні

мен салтанаты келіскен “Айару”

балабақшасы. Аталған мекеме

2013 жылдың 20 қыркүйегінде өз

жұмысын бастап кетті. Төрениязов

Серік Оралханұлының бас 

шы -

лығымен жұмыс жасап отырған



бақшада 4 топ, онда 100 бала

тәрбиеленуде. Сонымен қатар, өз кәсібі арқылы өзгені жұмыспен қамтып отырған Серік Оралханұлы

бүгінгі күні нәсібін көруде. Осы жерде 25 адам қызмет жасап, бал бөбектерді мейірім шуағына шомыл-

дыруда. Әрине, тәрбиешілердің барлығы дерлік өз жұмысының шеберлері, тәжірибелі мамандар екен.

Жұмысы алға басқан бақшада бүлдіршіндер үшін барлық жағдай жасалып та қойған. Арнайы шығарылған

көлік балаларды таңертең үйлерінен алып кетіп, кешке барлығын өз ата-аналарына тапсырады. Көп бала

бақшада кездесе бермейтін батутқа дейін әкелінген екен бұл жерге. Балалардың балғын күлкілеріне не

жетсін?! Барлығы айналадағы қарбалас тірліктен бейхабар жүзбенен асыр салуда. Иә, қамсыз күннің

көптік етпейтіні анық бізге. Балалардың әр күнін мерекеге айналдырған осы сынды мекемелерге жасаған

жұмыстарыңыз жемісті болсын демекпіз. “Баланы тәрбиелеу-бүтін бір ұлтты, тарихты тәрбиелеу ”-деген

екен ұлылар. Бүгінгі бөбекті тәрбиелеу арқылы тарих шежіремізді жасайтынымызды естен шағармасақ

екен. 


Дина ӘБІЛАСАНҚЫЗЫ.

Саланың  салтанаты

сән  құрған  күн

Көрікті аула

Гүлдермен мекемесін

көркейткен

Ауданымыздың жұмыссыз азаматтары бас сұғатын, табалдырығы

адам аяғынан үзілмейтін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі биыл ауласын гүлдендіріп,

көрікті аула қатарына қосылып отыр. Әр жерден неше түрлі құжат

жинап, шаршап келген адамдардың демалып отырғанын  көзіміз шалып

та қалады. Бұндай орын кімге ұнамасын. Таза ауа, қоңыр көлеңке осын-

дай ыстық күндерде кез келген адамға жағады емес пе? Таза ауаны



сақтау үшін ауламызды көркейтейік, ағайын!

«Өскен өңір» - ақпарат


1   2   3   4


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал