Ерұлан ДАТКЕНОВ.
Талайлы тағдырлар, зуыл-
дап өтіп бара жатқан уақыт -
тар… Осы әңгімені жазып
кет кен Зәкім Жайлыбай ағамыз
да, оның анасы Бибайша апа-
мыз да арамыздан алыстады.
Зә кең нің кезінде аманаттап кет-
кен әңгіме бар еді. Бұл кейіннен
кітапта да жарық көрген бола-
тын. Жуырда осы мақала кейіп-
керлері Шиеліге келген еді,
мақа ланы жариялап, қолына
ұстатып жібергіміз келді.
Сол жолы Берікқара тауы ның
етегіндегі “Еңбекші” ауылы на бір
түнде оншақты от
ба сын күздің
қара суығында шулатып тастап
кетті. Өзіміз сияқты қара сирақ
балалары дірдек қағып, бейтаныс
адамдарға үрке қа райды. Бұлар
жер ауып келген шешен отбасы-
лары еді. Біздің жыртық киіз үйдің
іргесіне жа
қын орын тепкен
үйелмелі-сү йел мелі ұл-қызы бар
шал мен кемпірді үйге әкелген.
Олардың тілін түсінбесе де
нанды, шәйді ыммен көрсетіп,
ауғандарға жү
рек жалғатты.
Қыста жел үрле месін деп іргеге
қаусыра жапқан күріш сабанына
кейуаналар киімімен жата кетті.
Балалар мен үшеуміз қимайы
шыға бастаған көрпе астына
жайғастық. Ертеңіне босқындар
үй жағалап, қым
бат білезік,
сырғаларын ұсы нып нан сұрады.
Шешем болса, “бүлінген елден,
бүлдіргі ал ма” деген, нанды бы-
лайша-ақ бер. Ештеңесіне қол со-
зушы бол ма” деген-ді. – Біз ел
ортасындамыз ғой. Бір таба нан
екеумізге бірнеше күнге жетеді, -
деп тоқтам айтқан. Елуінші
жылдың ортасына дейін осылай
болды. Қыс қытымырынан өлім-
жітім де болмай қалған жоқ. Бі -
рақ, олар мойымады. Күн жылт
ете баспана соғып кіріп алды.
Олар осылайша ес жиды. Ал
-
ғашқы түнін біздің киіз үйде
өткізген Хұсайын шалдың ұлы
Рамзан екеуміз бірінші класс есігін
бірге аттадық. Олардың Ме
ди
деген мұғалімі біз оқитын мек-
тепте арифметикадан сабақ
берді. Қап тауында шеркестермен
көрші болған оған қазақ тілінде
сөйлеу қиынға соққан жоқ. Мен
шешенше, Рамзан қазақша білме-
генмен бала жүрек тез түсінісуге
жол ашты. Ол қазақ
шаны тез
үйренді. Жетіні бітіргенде
қыздарға қазақша хат жазған.
Оның Тамара атты әп
кесі 50
жылдың басында дүние салды.
Көз көріп, қатар өскесін бе, оның
қазасына бүкіл ауыл қайғырды.
Шешен досымның әп кесі, інісімен
мені қоса еркелетіп, ән салып бе-
руші еді. Бірде аш, бірде тоқ
жүрген біздерге он ың жүгері наны
керемет шырын татитын. Ән де
өшті. 60-шы жылдары олар Қап
тауына кері көшіп кетті. Жыңғыл
шы бықты ат қылып мініп, қылыш -
та сып өскен Рамзан болса есім -
нен кетпейтін.
...Түскі үзілісте үйде отыр ған -
мын. Телефон шар ете қалды.
Мен тұтқаны көтергенім сол, ар
жағынан қазақ тілінде: - Сәлем,
менің кім екенімді білесің бе? –
деген сауалды естідім. Дауысты
сана таразымнан сал мақ тап көріп
едім, ешкімге ұқ са та алмадым.
-
Мен Шәулімшелік Рам
-
зан мын ғой – деді ол тағы да.
Шәулімше біздің ауыл жанын дағы
Қаратаудың саяқ жота ларының
бірі-тін. Балалық са
нам ның
қатпарында қалған Рамзан есімі
жарқ ете қал ған дай болды:
-
Қайда тұрсың?
-
Аудан орталығында. Қа -
сым да, экономист, зауыт дирек-
торы Дуду да бар – деді ол тағы
да. Екеуміз де әйелімізбен. Қазір
анамызға сәлем беруге барамыз.
Үйде бол, барғасын әң
гі ме ле -
семіз.
Мен үй жанындағы автовокзал
алдында күтіп тұрғанмын. Теле-
фон соққан аймағына қара ғанда
келетін мезгілі болған. Та
-
ғатсыздана бастадым. Неге екенін
қайдам үй жаққа көз салсам,
солар болар, екі әйел, екі ер кісі
қақпадан ішке еніп барады екен.
Шешем оның екеуін де жақсы та-
нитынына дау жоқ. Бірақ, жұ
-
байыма олар бейтаныс. Ентіге
үйге жеттім. 20 жылдан астам
көрмеген дос та рым мен қауышып
амандастық. Әйелдерімен таны-
стырды, қа зақша олар да сайрап
тұр.
Екеуі де шешемнің хал-жағ -
дайын сұрап, өздері білетін ау ыл
ақсақалдары мен аза
мат тарын
түгендеп жатыр. Қос құр бымның
әйелдерінің бірі Сыр бойынан да,
екіншісі Қарағанды облысында
дүниеге келген қазақстандықтар
болып шықты. Қазақтың дар
-
хандығына, төзім ділігі мен көн -
бестігіне таңдайын қағады.
Көнтерлі, биязы мінезімен өздерін
баурап алғанын ризашылықпен
әңгімелейді. Осы нау жылдардағы
өмір соқ пақтарын айтқан Рамзан
қазір заңгер екенін, Дуду болса
экономист, Винзауыттың дирек-
торы екенін айтады. Қазақ жеріне,
ажал дан аман қалып, осындай
дәрежеге жетуіне тілеулес бол ған
қазақ еліне айтар алғысы мол
екенін де тәптіштеп жатыр. “Қонақ
келсе құт келер” деп жақсыға жо-
ритын қазақ жылы-жұмсағын
дастарханға салары белгілі ғой.
Рамзан осыған риза болғандай: -
Апа, біз босып бар ғанда, есіңізде
ме, менің әп кем нің қыста киер аяқ
киімі болмай далада балтыры
қып-қызыл, шыр т-шырт жарылып,
жылап жүр гені. Осындай сәтте сіз
жасаған ыстық атала көженің дәмі
әлі аузымнан кетпейді. Үлкен
тостаққа құйылған аталаны бес-
алтауымыз бір қасықпен ішетін
едік қой, - деген. Осы кезде әйелі
шешен тілінде құлағына сыбыр-
лады. Рам зан ның моп-момақан
қой көзі шатынап, қолын көтере
бер ді. Ұрмақ ойы барын сезген
мен қолын ұстай алдым.
-
Саған не болды? Жа ман
үйді қонағы билейді, - деп. Сен
менің көпжылдан жүз көр меген
досым, қонағым емессің бе?
Бұндай әдетті Сендер де
әдепсіздік санайтын едіңдер ғой.
Ұят емес пе?
Ол қолын тізесіне қойып; -
Апа, кешіріңіз, мына келініңіз Қа -
рағандыдағы заң қызмет кері нің
қызы. “Жаңа бір қасықпен тамақ
ішкенде жеркенбедіңдер ме?”
деген соң ашуым келіп, са лып жі-
бергім келгені рас. “Аш бала тоқ
баламен ойнамайды, тоқ бала аш
болам деп ойламайды” деген осы
ғой. Бір қа сықты кезек салысып
іш кен дер дің бір-біріне мейрімі оя-
нады, ол өшпейді дейтін едіңіз
ғой. Әркімнің тағдыры, оның өз
мектебі, өз өмір жолы. Айып етпе -
ңіз дер! Жұбайы сәл отырды да
жылап жіберді. Сөйтті де таза
қазақ тілінде тізерлеп отырып, да-
старханнан, барлығымыздан ке -
шірім сұрады. Біз көзімізге жас
алдық.
Бұл орыстың ұлы елі құра ған
КСРО-ның демі бітіп, ыдырауы-
нан екі жыл бұрынғы сәт еді. Қап
тауынан келген жігіттің онан ке-
йінгі тағдыры не болғаны
беймәлім. Бірақ, қыран далада
қазақтың туған тілінен нәр алған
таудың ұлы халқының қамқоры
да, қаһарманы болған шығар.
Қàï òàóûíàí
êåëãåí æіãіò
Жанымызда жүрген замандасымыздың бейнесін жазу туралы ойдың келгеніне,
естеліктің жазылғанына біраз уақыт болғанымен оны көпшілікке ұсыну туралы екі
ойдың жарысқанына да біршама уақыт болды. Бір ойым, “жақсының жақсылығын
айт нұры тассын” десе, екінші ойым, “көпшілік оны қалай қабылдайды, біреулер
мынау таза жарамсақтық”-дер деген оймен арпалысып, ақыры пікірімді көпшілікке
ұсынуды жөн көрдім. Азаматтың салиқалы тірлігін көре-тұра ол туралы пікір айтпау
өзіме де, оған да қиянат болатын сияқты. Әңгіменің арқауы болып отырған,
өзімізбен күнде араласып бірге жүрген елдің біртуар азаматтарының бірі, аудандық
мәслихаттың депутаты Архабаев Пердәлі ағамызды мен бала кезден білемін.
Өйткені, менің де кіндік қаным «Қызыл ту» колхозының «Жаңа жер» деп аталатын
жерінде тамған. Мен 1972 жылдан аудандық комсомол ұйымының хатшысы болған
кезімде колхоз жастарының жетекшісі Сұлтанбек Оразымбетов ауданда жастар
жиыны, іс-шаралар болса Қызыл ту колхозынан Архабаев Перденді ала келетін.
Ол кезде Архабаев Перден колхоз жастарының арасында беделі бар, өзі шебер-
ханада токарь болып істейтін. Ауданда ол кезде әр сала бойынша жастар біріншілігі
жиі өтіп тұратын. Ауданда токарьлар арасында біріншілік өткен кезде колхоздан
келген жастар арасында Архабаевтың шоқтығы биік тұратын. Аудан
орталығындағы «Казсельхозтехника» бірлестігінің білікті токары Г.Лисицынмен
үзенгі қағысатын. Өзінің ыждығаттылығымен, сабырлылығымен, білімділігімен ерек-
шеленетін. Сол еңбегінің арқасында талай жарыстарда үздік шығып, аудандық,
облыстық комсомол комитетінің мақтау қағаздарымен, бағалы сыйлықтарымен ма-
рапатталды. Осындай еңбектерінің арқасында еңбегі тез көзге көрініп колхоздың
бас инженері болды. Өткен дәуірді кейде отыра қалып жамандаймыз. Бірақ ком-
мунистік партияның кадр саясаты өте мықты еді. Ол кезде көзге көрінген кадрды
дереу қамқорлыққа алып, қызмет берудің, оны өсірудің жолдарын іздеп,
тәрбиелеп, қызметке қоятын еді. Әйтпесе Архабаев ағамыз да біз сияқты өмірдің
бар ауыртпалығын өз мойнымен көтерген азамат қой. Партияның әділ кадр
саясатының арқасында тез көзге көрініп, өсе бастады. Көп ұзамай, біздің, көп
замандастарының қолы жетпей, жете алмай жүрген, сол кездегі.партияның ең
сеніп тапсыратын жұмысы мекемеге, колхозға бастық болды. Әрине, қазақ болған
соң қанымызға сіңген қызғаныш деген бар ғой - бізден қай жері артық, әлде жолын
тауып кетті ме, - деген сан сауал сұрақтар сол кездегі замандастарының бәрінің
жүрегінде болғаны ақиқат. Ол кезде қызметке пара беріп өсу деген жаппай індетке
айналып үлгерген жоқ болатын, бірақ, ептеп болса да әр кезде қылаң беретін.
Сондықтан ғой, біздің күдіктеніп жүргеніміз. Бірақ, келе-келе, араласа Архабаевтың
бойында біздің бәрімізде бола бермейтін қасиеттердің бар екендігіне көзіміз жетті.
Әсіресе кейінгі кезде араласуымыз жиіледі. Себебі мен 10 жыл қалада қызмет ба-
бымен тұрып келгендіктен, кейінгі жылдары араласпағандықтан тосырқап
қалыппын. Мен қалаға жұмысқа ауысарда өзімнің бұрынғы атқарып жүрген
жұмысыма яғни ауыл әкіміне Қазақ ССР жоғарғы советінің депутаттығына канди-
дат Балтабек Сыздықов ағамызға сенімді өкіл боламын,-деп сол кездегі аудан әкімі
Ердешбаевқа ұнамай қалып, сайланбай қалғанмын. Жаңа әкімді сол кездегі аудан
әкімі орынбасары Архабаев ертіп келіп сайлап кеткендіктен жүрегімде Перденге
деген реніш болып жүретін. Бірақ, араласа келе ол ренішімнің пендешілік екендігіне
көзім жетті. Себебі, Архабаевтың бойындағы ең үлкен қасиеттің бірі - оның қызмет
бабындағы сақтығы, дауылға қарсы тұрмайтындығы, дауыл көтеріліп, жел тұрған
кезде пікір айтпайтыны оның қызмет бабындағы өзін бағалатқан, сыйлатқан,
тұрақтатқан қасиеттерінің бірі екен.
Екінші: - Ағамыздың бойында азаматтарды өзінен алыстатпайтын, өзіне тарта-
тын, аралассам, бірге жүрсем дегізетін бір үлкен қасиет бар. Келген басшылардың
да бірге жүрген елдің азаматтарының бәрі «Пеке»,-деп құрметтейтіні де сол
қасиетінен болуы керек.
Үшіншіден: - Пекеңнің ең үлкен қасиеті өз ағайындарына деген құрметі. Өз
ағайындарын “мынау тәуір, мынау нашар” - деп бөлмей тең ұстайтындығы,
олардың өміріндегі қызығына да, қиындығына да бірдей араласуы. Ағайындарын
аялау арқылы олардың абырой, айбар, байлық, берік қорған болатынын зерделе-
ген азамат. Оның еліне, ағайынға деген осы құрметі өзін де биіктете түскендей.
Төртіншіден: - Өте қанағатшылдығы. Осы қызметке кіріскенде штаттық кесте
бойынша парктің директорының айлығы 150000 теңге екен. “Бұл ақша мынау
көлемдегі жұмысқа көп, мен алмаймын, қысқартыңыздар”,- депті.
Ақшадан қашқан адамды өмірімде екінші көруім. 1978 жылы Боржоми санато-
риясына Ташкенттен ұшу керек болып кассаға барсам бір орыстың ажарлы әйелі
отыр екен. “Мынау жолдаманың уақыты өтіп бара жатыр, билет беріңіз, сыйым”,-
деп он сом бергенімде бес сомын қайтып берді. Бұл да ағай бойындағы асыл
қасиеттердің бірі болуы керек.
Бесіншіден: - Өте еңбекқор, ізденгіш, қарап жата алмайтын адам екен.
Құлмұхаммед Мұхтар облыста әкім болып тұрған кезде жолдың бойындағы өсіп
тұрған саябақты көріп, - мен осы адамды алып кетіп, облыс орталығындағы Пре-
зидент саябағына бастық жасаймын, - деп қоймай алып кеткені бәрімізге белгілі.
Кетіп бара жатқан кезде жас емес пайғамбар жасындағы адам, енді бармай-ақ
қойғанда болатын еді, шамасы келер ме екен? - деген күдіктің бәрімізде болғаны
айқын. Перден ағамыз өзінің ізденімпаздығы мен еңбекқорлығының арқасында ол
күдіктің бәрін сейілтіп, облыс орталығындағы саябақтың жұмысын дөңгелетіп
әкетті, облыс көлемінде үлкен абыройға бөленді.
Ауданда орталық саябақты ашу көптен бері әңгіме болып жүретін. Бірақ, оны
қай жерден ашу керек, кім еге болуы керек? – деген мәселе көптің көңілінде
жүретін. Ауданға Нұрлыбек Нәлібаев ініміз әкім болып келгеннен кейін осы идеяны
іске асыруға облыс көлемінде тәжірибе жинақтаған Перден ағамызға қолқа салып,
қоймай жүріп ауданға алып келді деген байламға тоқталды. Ал саябақтың аты-
жөнінде де әртүрлі пікірлер болды. Біреулер саябақты тұңғыш Президенттің аты-
мен атау керек деген кезде, Пекең: - Мен саябақтың атын Ыбекеңнің атымен
атауды ұсынамын, өйткені, мен қайда барсам да, қайда жүрсем де осы қара
шалдың аруағын арқалап, соған сүйеніп, пір тұтып жүрген адаммын. Қазақта қара
шалдың аруағынан асқан аруақ жоқ, оның “Ғайып ерен қырық шілтен шылауында
болсын”, - деген батасынан артық бата жоқ, - деп саябақ Ыбырай Жақаев
атамыздың атымен аталды. Саябақтың ашылу рәсімінде аудан әкімі де осы сөзді
қайталады. Міне, содан бері саябақта қызу еңбек қайнап жатыр. Былайынша
жүргенде оның жұмысына онша мән бермейді екенбіз. Жақында ағамыз өз
жұмысын таныстыру мақсатында онда қыруар тірліктің болып жатқанын аудан
әкіміне, активтерге, ардагерлерге көрсетейін, - деп үлкен сенбілік ұйымдастырды.
Сенбілікке бардық, ағаш ектік, үш жылыжай бар екен: - біреуінде гүл, екіншісінде
қызанақ, үшіншісінде қияр бар екен. Байқағаным, атқарылып жатқан жұмыстың
барлығы өте нәзік, асқан ыждағатты еңбекті керек ететін қыруар жұмыстар істеп
жатқан бір-екі ересек жігіттен басқасы өте жас жігіттер. Мен таң қалып Пекеңнің
өзінен сұрадым: - Пеке, мына заманда мынадай жас жігіттерді мына қол жұмысына
қалай пайдаланып, қалай тұрақтатып жұмыс істетіп жатырсың, әлде сиқырың бар
ма? – дедім. (кейде күйеу деп әзілдесетінім бар). Біреуі іні, біреуі жиен, ағайын,
айына 30 000 теңгеге зорға ұстап отырмын, - деді. Мына жұмысың шынында 70-ке
келген шал емес, қылшылдаған жігіттің қолынан келе бермейтін қыруар шаруа ғой,
- деп кеттім. Содан кейін мен де саябақ жаққа барғым келе беретін ауруға
ұшырадым. Жақында таңертең ерте барып, түске дейін ағаммен әңгімелесудің сәті
түсті. Сөйтсем, ағам мен барған күні саябаққа таңғы сағат бесте келіпті. - Соңғы
күндері қияр мен қызанақ өнім бере бастаған еді, бірақ, сабақтарының реңі маған
ұнамады. Осыдан бір күн бұрын Ташкентте осымен айналысатын өзбек досым бар
еді. Соған звондадым да жағдайды айттым. Ол кісі: - Перден әка, әйел босанарда
қаны азайып, түсі бозарып реңі қашады да, босанғаннан кейін жылы-жұмсақ жеп,
сорпа ішіп қайтадан ажарлана бастамай ма, бұлар да сол сияқты, өнім бере
бастаған соң өстіп азады. Сондықтан, оған мынадай-мынадай азық беру керек, -
деген соң, бүгін таңертең ерте келіп, сол өзбек досымның айтуымен дәрілерін
беріп, таңертең 7:30-да зорға болдым, - деді. Сол сәттен бастап Перден аға туралы
жазсам деген ойға қалдым. Өйткені, біз тірі кезінде ешкімнің жұмысын көрсетпейтін,
оның бойындағы қасиеттерін айтуға қимайтын, қызғанатын халықпыз ғой. Өлген
соң жігіттің жаманы жоқ, тірісінде қиянаттан, өсектен аманы жоқ, - деп С.Шауха-
манов ағамыз айтқандай, адам өз бойындағы қимастықтан, қызғаныштан арылып,
замандасының жақсы істерін дәріптеу, тірісінде айту қажет сияқты. Оған халқымыз
“жақсының жақсылығын айт нұры тассын”, - деп баға берген ғой. Сондықтан,
ағамыздың бойындағы қасиеттерін көре тұра айтпау, жарияламау қиянат болатын
іспетті. Сонымен бірге, ағамыздың осы үлкен абыройға, беделге ие болуы -
әруақты қадірлеуі. Әруақты қадірлесең әруақ та сені желеп-жебеп үлкен абыройға,
сенімге баспалдақ болатынын өмір де дәлелдегендей. Бұрын әруақты ауызға алу,
пір тұту, киесі бар дегенді айту мүмкін емес еді ғой. Ыбырай атамыздың киесінің
ақ жылан екенін біреу білсе, біреу білмейді. Менің әкемнің туған інісі Қазбек ағам
көп жылдар Ыбырайдың кетпеншісі болған, яғни, звено мүшесі. Сол кісі айтып от-
ыратын: - Көктемде егістікке шығып, жерді шауып, тегістеп жатқан кезімізде егістік
жерді ақ жыландар басып кетеді. Кейде топталып биік жерге шығып жататын.
Жыландардың жатқан жеріне су шықпайтын. Кейін жылан жатқан жердің
топырағын басқа жаққа лақтырып, тегістейтінбіз. Бірақ, бірде-бір жыланды шауып
өлтіре алмадық, кетпенге ілінбейтін, кетпенді сілтеген кезде жоқ болып кететін, -
деп айтып отыратын. Осындай киесі бар бүкіл қазақтың намысын қара нардай өрге
сүйреген Ыбырайдың әруағын қастерлеген, пір тұтқан, қайда барса да әруақты
өзімен бірге арқалап жүрген Перден ағамыз бүгінде ауданның елі, халқы
қастерлеген қара шалына айналды. 70-ті бағындырып, 80-нің сеңгіріне қадам
басып бара жатыр. Бірақ қадамы нық, жүрісі бала қаздай балпаңдап әлі де биік-
терге самғайтын, халқына, еліне берері көп.
Кейде хабарлассақ “атаңның басындамын” дейді - Пеке, атаңның басындамын
деген бір түрлі көрінеді екен, атаңның қасындамын десеңізші, - деп әзілдейміз.
Қара шалдың әруағын қастерлеп, қасында болып, қадірлеп, еліңізге, халқыңызға
қамқор болып жүре беріңіз, замандас аға.
Қазақта “жақсы іс жалғасын тапсын” деген, - қанатты сөз бар. Пекеңнің жасы
ұлғайса да еңбектеніп жасап жатқан салиқалы, келешек ұрпақтың өсіп-өнуіне,
жақсы тамақтануына қажетті таза өнім өндіру идеясын, тірлігін ауданда насихат-
тау, оны ілгері апару жетіспейтін сияқты. Жылыжайларды мектепте ашуды қолға
алу керек. Кейінгі кезде оқушыларға тегін тамақ беруді, оны ұйымдастыруды мек-
теп директорлары басқаратын қоғамдық ұйымдардың өкілдері араласқан
комиссияға жүктеу туралы Елбасымыздың нұсқауы бар, соған сәйкес әрбір мек-
тепте жылыжай ашуды қолға алудың мерзімі жеткен сияқты. Жақында облыс әкімі
жылыжайға келіп жоғары баға берді деп естідік. Тіпті, саябақты Швейцарияға теңеп
кетіпті. Қартайған шағында жігіттің жұмысын атқарып, еліне берерін аямай жатқан
Перден сияқты азаматтың еселі еңбегіне баға берілетін күн де алыс емес. Ел игілін
бірге көріп, ел бірлігін сақтап, бейнеттің зейнетін бірге көруді Алла бәрімізге бірге
жазсын ағайын!
Есіркеп Шәдібекұлы,
зейнеткер.
Пікір сайыс
Қазіргі ақпараттық
технологиялардың әсерлері
Аруақ қастерлеген
азамат
Ономастикалық комиссия назарына
Ескерусіз қалған есіл ер
Бұл мақаланың бұлай аталуының басты себебі- Шиелі ауданының бірнеше ауылдарының мек-
тептерінде директор және аудан орталығындағы Октябрьдің ХІV жылдығы атындағы №45 қазақ орта
мектебінде алғашқы кезде ұстаз болған , кейін мектеп директоры, одан да кейін аудандық оқу
бөлімінің меңгерушісі болған құрметті ұстаз Ертай Есенгелдиевтің аудан көлемінде, оның ішінде білім
саласына сіңірген еңбектерінің ескерілмеуі туралы болып отыр.
Біздің ол кезде заманның қиыншылығына қарамастан бірде тоқ, бірде аш-жалаңаш болсақ та
оқуға құштар кезіміз еді. 8- сыныпты «Жаңатұрмыс» жеті жылдық мектебінде бітіріп, Қызылту кол-
хозынан (қазіргі Ы.Жахаев ауылы) Шиелідегі жоғарыда аталған мектепке келіп қатынап оқуымызға
тура келді. Сол жылдары ұмытпасам, 1944 жыл болуы керек, тарих сабағынан Ұлы Отан соғысынан
ІІ топтағы мүгедек болып оралған ағамыз Есенгелдиев Ертай сабақ береді екен. Оқуға деген
құштарлығымыз болар немесе ұстаздың берген сабағына қызығушылықтан болар, біздің ол кісінің
сабағына деген ынтамыз арта түсті. Ағайдың оқушыларға қоятын талабы да күшті еді. Содан, 1946
жылы орта мектепті бітіргесін, 1947-1951 жылдары Совет Армиясының қатарынан оралып, 1951-
1952 жылдары «Стахановшы» газетінде тілші және аудандық пионерлер үйінің директоры болып
қызмет етіп, 1952-1956 жылдар аралығында Алматыдағы Қазақтың мемлекеттік физкультура инсти-
тутын оқып бітіріп, ауылға келіп, өз мектебіме ұстаздық қызметке тұрдым. Қанша жыл өткенде
бұрынғы ұстазым Ертай ағаймен тағы кездесуге тура келді. Бұған дейін ол кісі Ортақшыл, Қызылту,
Жаңатұрмыс, Қазақстанның ХХХ жылдығы (қазіргі Бала би ) ауылдарының мектептерінде директор
болып қызмет атқарып, Шиеліге қайта оралған кезі екен. Ол №45 қазақ орта мектебінде әуелі
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, кейіннен осы мектептің директоры болды.
Ертай ағай ұстаздардың ұстазы еді. Ол кісінің балаларға деген қарым – қатынасы, сабақты
үйрету, оқыту тәсілі ерекше болатын. Қандай қызмет атқарса да, үлкен беделге ие болатын ұстаз
еді. Біздер, ұстаздар қауымы, ол кісіден көп тәлім-тәрбие алдық. Ертай ағайды Шиелінің қай ұстазы
болса да өзіне үлгі тұтатын және одан алатын өнеге де көп еді. Ағайдың қоңыр дауысы, салмақты
мінезі, тарихтың терең қойнауынан небір қызықты мәліметтерді, оқиғаларды солардың ортасында
жүргендей етіп жеткізе білуі, оқушыларды өз пәніне қызықтыра жетелеуі оның асқан білімділігін біл-
діретін және білім саласында көрнекті ұстаз екенін дәлелдейтін. Жас ұстаздарға білгенін үйретуден
жалықпайтын. Ол кісінің шәкірттері Қазақстанның түкпір-түкпірінде, әр түрлі салаларда еңбек етуде.
Атап айтқанда, әлемге белгілі ғалым, математик, Еуропаның алдыңғы қатарлы университеттерінің
профессоры Асқар Жұмаділдаев, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, бел-
гілі жазушы Оразбек Сәрсенбаев, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Украинаның құрметті су-
ретшісі, Моңғолияның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мұхамеджан Әлімбаев, аудандық «Өскен
өңір» газетінің директор-редакторы Алтай Айып, генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов, аудандық
Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Сұлтанбек Оразымбетов, мемлекет және қоғам қайраткері Сейілбек
Шаухаманов, ақын Дәулетбек Байдрахманұлы және тағы да басқа көптеген белгілі азаматтар.
Ертай ағайдың ерен еңбектері ескеріліп, мемлекет тарапынан бірнеше медальдармен, Құрмет
Грамоталарымен марапатталды. Ол кісі «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» төс
белгісінің иегері. 1953 ж. Алматыда өткен оқытушылардың республикалық съезінің делегаты.
Осындай өнегелі ғұмыр кешкен ұстаздың есімін халықтың, шәкірттерінің жадында қалдыру
мақсатымен еңбектерін бағалай отырып, аудан басшылығы құрметті ұстаз, соғыс және еңбек ар-
дагері Ертай Есенгелдиевтің есімін Шиелі кентінің бір көшесіне берсе, сонымен қатар, аудан
орталығындағы «Құрметті азаматтар аллеясына» аты жазылып, суреті ілінсе тіптен жарасар еді деп
ойлаймын. Мұны әрине, аудандағы ономастикалық комиссия ескерер деген ойдамын.
Достарыңызбен бөлісу: |