Шығарма мазмұны бойынша сұРАҚтар берілген. Шығарманы мұҚият оқЫП, СҰРАҚтарға толық жауап жазыңЫЗ. «АҢыздың АҚыры»


ЖОҒАРЫДАҒЫ ҮЗІНДІ БОЙЫНША СҰРАҚТАР



бет2/4
Дата27.11.2023
өлшемі35 Kb.
#129722
1   2   3   4
Байланысты:
АҢЫЗДЫҢ АҚЫРЫ (МӘТІНМЕН ЖҰМЫС)

ЖОҒАРЫДАҒЫ ҮЗІНДІ БОЙЫНША СҰРАҚТАР:

  1. Диуананың үлкен ұлы: «Ол елдің мол алтынына ие болсақ, күллі әлемді біз билейміз», - деп құлшынса, әмірлері не деп тартыншақтаған-ды?

  2. Құранның сүресінде кімдерге соғыс аш делінген?

  3. «Күнгей елінің алтыны кейбір әмірлерінің қисайған ауыздарын қайта түзеткен-ді» дегенді қалай түсінеміз?

  4. Сарайға бастаған сумаң соқпақ жолындағы табиғат құбылыстарын баяндап бер:

  5. Миуаның, жемістің өмірі авторды қалай толғантады?

  6. «тырмыса-тырмыса биікке шыққан адамның өзі құлағаны – өлгені...» деген ой шығырмамен қалай байланысты?

  7. Автор қызметші әйелдің бейнесін қалай берген?

  8. Бұл қызыл алма мұнда қалай тап болған?

  9. Қызметші әйелдің ситуацияға қандай қатысы бар?

Екінші бөлім
Мұнара

Бәрі де мұның сол жөткірініп қалғанынан болды. Әйтпесе айналасын алыстан шолып келе жатқан қалың нөкер мұның қасына тоқтамайтын еді. Не шайтан түрткенін өзі де білмейді, аяқастынан тамағының жыбырлап қоя бергені.


Қайдағы аяқастынан болсын… «Әмірші бүгін намазға келеді» деген хабарды естігенде-ақ, бұның екі тізесі дірілдеп ала жөнелген-ді. Қорыққан баладай бірден сыр алдырып алғанына қысылып, қасындағыларға қарап еді, біразы қобалжып түрса керек, әдетте, түнеріңкі жүретін қабақтары жүмсарып, өңдеріне күлкі де емес, қорқыныш та емес, бір бейжай сезімнің табы қонақтапты. Іштеріндегі мосқалдары ғана сыр берген жоқ. «Келсе, келгені жақсы» дегендей, мүрттарын ширатып қояды, көздерінде бір қуақы ұшқын ояныпты. Мұндайда қуану керек екенін, қорқу керек екенін анық білмейтін жастау жағы жүздері қуқыл тартып, абыржыған қалып танытты. Бұрын анадайдағы медіресе үйіне әр таң сайын сары ала күйме кеп кіргенде, ол осылай абдырап сала беретін-ді. Ондайда сонау етектен төбеге дейінгі шым-шытырық, ағаш тордың ішіндегі жүздеген адам бәрі бірден сайрап қоя берген тордағы құстардай: «Әне, өзі келді», - деп күбір ете қалатын-ды.
Жүздеген кісінің аузынан бір сәтте бірдей шыққан үш сөз таңғы ауаны тесіп өтіп, күймеден түсіп жатқан ұлы әміршінің құлағына жетіп барғандай көрінетін оған. Күні бойы медіресе жақтан көз алмайтын. «Әнекей, өзі қарап отыр…» Сонау көк домалақ күмбездің төбесінде жыбырлап жүрген кішкене ноқаттардың аузынан шыққан осы сөз мұнараның ұшар басында тұрған мұның құлағына ап-анық естіледі. Әлдекім әмірші туралы бірдеңе айта қалса, тура көк желкесінен кеп жебе қадала кеткендей, тұла бойы дүр түршігіп, қара шашақты найзаларын көкке шаншып, сақшылар қоршап түрған медіресе жаққа жалт қарайтын. Бірақ самсап тұрған қарулы сақшылардың ешқайсысы елең етпегенін көріп, жүрегі орнына түсетін. Бірақ қашан күн еңкейіп, сары ала күйме қара ат мінген қалың нөкерді соңынан ертіп сарайға қайтқанша, медіресе жаққа елегізіп қайта-қайта қараумен болатын.
Рамазан айының төрті күні дәл осы арада әмірші мешіттің іргетасының қалай қаланып жатқанын өз көзімен көріп тұрды. Бірақ бұның анадайда көп нөкердің ішінде тұрған әміршіге бұрылып қарап алуға жігері жетпеді. Екі кісі алма-кезек алып беріп тұрған қыш кірпішті тұқшыңдап қалай берді. Олардың қиюының қалай келіп жатқанына да жөнді зер салған жоқ…
Содан бері төрт ай өтті. Бес жүз кісі тауда тас шығарып жатты. Екі жүз кісі оны сол арадан жыл-тыратып өңдеді. Арба жеккен тоқсан бес піл тасып тұрды… Төрт ай бойы таңертең күн көтеріле сары күйме медіресе ауласына келіп кіреді де, күн бата ат мінген қалың нөкердің ортасында сарай жаққа қайтып бара жатады. Төрт ай бойы естігені: «Әне, анда өзі қарап отыр!»
Мешіттің біткеніне үш күн болды. Ішінде әрқайсысының биіктігі жеті құлаштан асатын тастан қашалған төрт жүз сексен баған бар. Әміршінің денсаулығына дұға оқып, жорықтарына бата беретін бұл мешітте бәрі алтын, бәрі мәрмәр.
Мешіттің көк күмбезі тіпті сонау зеңгір аспанның өзіне көгілдір сәуле шашқандай, әншейінде шыжыған шілдедегі аптап ыстықтан отқа ұсталғандай, өңі тайып, ақ айранданып тұратын ол бүгін қайтадан ніл жүгіріп, мөлдірей қалыпты.
Үш күннен бері жұма намазды күтіп тұрған муәзіннен бүгін ғана байтақ шаһарды түгел жаңғырықтырып азаншының айқайы шыққан-ды. Жұма намазды осында кеп оқыған хан мешіттен шыққан соң, оның сырт ажарын қызықтады. Мешітті шыр айналдыра төрт мұнара салынған-ды, соларды барып көрді. Бір мүнараның түбінде о да тұрған-ды.
Әмірші өзіне жақындаған сайын құты қашты. Ту сыртындағы көк сида мұнара қақ төбесінен шаншыла құлап келе жатқандай, басын көтермейді. Тамағы құрғап, кеуіп қалды, дем жетпей, тынысы тарылып барады. Дымы ішінде боп, тыныш тұруға тырысқан ол бәріне де шыдап бақпақшы болды. Бірақ көмейі әлденеге қыж-қыж жыбырлап, тамағы қышып қоя берді. «Қап, қайдағы пәле қайдан тап болды», - деп ойлауы-ақ мұң екен, алқымға толып, қылғындырып тұрған пәлекет босанатын жер іздеп, абайсыз жөткірініп қалды… Ол аз деендей, тағы жөткірінді… Екі беті ду қызарып кетті.
Сол-ақ екен, мұның деңгейіне жетіп қалған сары ала нөкер кілт тоқтады. Тамағын буып тұрған жөтел де жым болды. Бұның жасаурап кеткен көзі қақ ортадағы аласа адамның басын әнтек шалқайтып мұнараға қарағанын шалып қалды. Әміршінің сол екенін іші бірден сезді. Бірақ тіктеп қарауға батылы жетпей, көзін төмен салып тұра берді
- Бұны салған қай шебер? - деп сұрады болмашы естілетін бәсең дауыс.
- Ортөбелік шебер, - деді бас ұстаның орнықты қоңыр дауысы. Сары ала нөкердің ылдырмақ-шылдырмағы біраз ұзаңқыраған соң, бұ да назарын тіктеп еді, хан нөкеріндегілердің көзі арттарына бұрылып, мұнараға емес, мұның өзіне қарап бара жатыр екен.
Ертеңіне таңертең маңдайына асыл тастардан шытыра салған абажа қақпаның алдына кеп тоқтаған алпыс еркектің ішінде ортөбелік шебер Жаппар да тұрды.
Хош иіс аңқып қоя берді. Әлдебір тұстан лып етіп самсап тұрған айбалталы сақшылар көрінді.
Самал леп көтерілгендей. Ол бақ ішіндегі сансыз хауыздарда шапшып жатқан салқын судың лебі-ді. Жолға төселген қызыл қиыршық та жаңа ғана жаңбыр жауып өткендей су-су.
Екі бетте ағаш сайын жеке-жеке қонақтаған әр алуан тотылардың күнге шағылысып қырық құлпырған жалтырақ қанаттарында да меруерт төгіп қойғандай мөлдір тамшылар жылтырайды…
Соның бәріне анадайдағы ағаш арасынан қызықтай қарап тұрған орғылт еліктер жол бойында саудырап көп адам көрінгенде, бет-беттеріне бытырап қаша жөнелді.
Олар әуелі бақ ішінде үлкен түт ағашының түбіндегі парсының масаты кілемі төселген көлеңке бастырманың астында монтиып-монтиып отырған үш кішкене баланың алдарына барып, тізелерін бүгіп, тағзым етті. Үш бала орындарынан тұрып, ту түпте, сарайдың алдындағы саяжайда зер төгіп тіккен шаршы бөстекте қос құсжастықты шынтақтап, қарсы алдындағы ішінде қан күрең қызыл алмалар жүзіп жүрген, жан-жағын тарғыл мәрмәрмен көмкерген хауыздан көкке шапшып шығып, орта жолда қайтадан омырыла құлап түсіп жатқан ақтүтек суға қарап, үн-түнсіз ойға шомып отырған ханға бастады. Таққа жиырма адымдай жер қалғанда олар кілт кідіріп, жер тізерлеп, қол қусырып, қайта-қайта иіліп тағзым етті.
Үстіне мол пішілген өрнексіз желең шапан жамыла салған хан шұбатылған мол жеңінен қолын зорға қылтитып, анадай жерде бір қапталда қырын орналасқан жеті уәзіріне әлдене деп белгі берді.
Төр жақтарында отырған бас уәзір екі қолын көкірегіне апарып, тағзым етіп, орнынан тұрды да, тусырттарындағы көлеңке бастырманың тасасына қарай кетіп қалды.
Көп үзамай қайта көрінді. Соңында - қолына жерге шұбатылған жібек сүлгінің үстіне салып кішкене табақша көтерген бір топ жігіт.
Бас уәзір жер тізерлеп отырғандардың алдарына келіп әлдене айтты. Оны соңғы қатарда жан-жағына алақтай қарап отырған мойыл көз қара жігіт Жаппар естіген де жоқ, түсінген де жоқ.
Қолдарына табақша көтерген жігіттер бұлардың әрқайсысының касына бір-бірден кеп тұра қалды да, бастарына алтын-күмісі аралас біруыс теңгені саудыратып төге салды. Сосын иіліп, алақандарындағы табақшадан аузын жібек шашақпен буған жұдырықтай кішкене қалтаны ұсынды.
Жер тізерлеп отырғандар бастарын жерге жеткенше үсті-үстіне иіп тағзым етті.
Хан олардың тағзымын қабыл алғанын білдіріп, иек қаққандай болып еді, басындағы қардай аппақ шошақ бөркінің маңдайындағы бармақтай оқшау лағыл біртүрлі аса суық ұшқын шашып, оқыс жалт ете қалды.
Бас уәзір ым қақты. Жер тізерлеп отырған, хан алыс жорықта жүргенде елде елеулі еңбектері сіңген бір топ еркек орындарынан көтерілді. Олар төменірек шегініп, жолдың бір қапталындағы айлапат түт ағашының көлеңкесіне барып түрды.
Хан енді шетелдерден келген елшілерді қабылдайтын болды. Олар да әуелі үш балаға, ханның үш сүйікті немересіне кеп тағзым етті. Сосын үш бала елшілердің қолындағы шиыршықтаулы қағазды алып, ханға беттеді. Оған үш адымдай қалғанда үш рет тізелерін бүгіп тағзым етті де, қолдарындағы қатырма қағазды ұсынды. Сосын тағы да үш рет тағзым етіп, орындарына оралды.
Әр елшіні екі қарынан екі сарай төресі қолтықтап ханға қарай алып жүрді. Олардың соңынан елшілер әкелген сыйлықтарды көтеріп келе жатқан сарай қызметшілерінің ұзын-шұбақ тізбегі көрінді.
Елшілер ханға он шақты адым қалғанда оң тізелерін бүгіп, қол қусырып, бастарын иіп тағзым етті. Оларды қолтықтап келген төрелер сол арада түрып қалды да, қапталда отырған уәзірлер орындарынан тұрып, шетелдік меймандарды қолтықтарынан демеп, ханға беттеді, төрт-бес аттаған соң, тағы да кідіріп тағзым етті.
Хан жақынырақ келіңдер дегендей ишарат білдірді.
Елшілер енді екі-үш аттады да, бастарын иіп, қол қусырған күйлері, салмақтарын екі өкшелеріне салып, жер тізерлеп отыра-отыра кетті.
Сосын олар хан қойған сұрақтарға жауап берді. Ол әңгіменің мән-жайын алысырақта, тұт ағашының түбінде тұрған бір топ адам естіген жоқ. Көбі хан бағына алғаш рет аттап отырған-ды. Көз алдарында болып жатқан мынау қызылды-жасыл қимыл-қыбырдың бірін де қалт жібермей, қадағалай қарап тұр.
Елшілер жолдың екінші бетіне, уәзірлер отырған сәкіге қарама-қарсы қойылған биік сәкіге барып жайғасты…


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет