Шығарма мазмұны бойынша сұРАҚтар берілген. Шығарманы мұҚият оқЫП, СҰРАҚтарға толық жауап жазыңЫЗ. «АҢыздың АҚыры»


ЖОҒАРЫДАҒЫ ҮЗІНДІ БОЙЫНША СҰРАҚТАР



бет3/4
Дата27.11.2023
өлшемі35 Kb.
#129722
1   2   3   4
Байланысты:
АҢЫЗДЫҢ АҚЫРЫ (МӘТІНМЕН ЖҰМЫС)

ЖОҒАРЫДАҒЫ ҮЗІНДІ БОЙЫНША СҰРАҚТАР:

  1. Әлдекім әмірші туралы бірдеңе айта қалса неге медіресе жаққа жалт қарайтын?

  2. Рамазан айының төрті күні дәл осы арада әмірші мешіттің іргетасының қалай қаланып жатқанын тексерге құрылыс процесі қалай жүріп жатты?

  3. Мешіттің архитектурасы қандай болды?

  4. Мешітті шырт айналдырып нелер салынған?

  5. Әмірші өзіне жақындаған сайын құты неге қашты? Оқиғаны сипатта:

  6. Мұнараны салған қай шебер?

  7. Асыл тастардан шытыра салған абажа қақпаның алдын автор қалай суреттейді?

  8. Олар кімдерге тағзым етті?

  9. Ханның кейпі қандай еді?

  10. Ханның сөзінен кейін уәзірлер қандай әрекетке көшті?

  11. Бір топ ер адамның уыс теңгеге ие болуының сыры неде?

  12. Шет елден келген елшілерді қарсы алған тұсын баяндап жаз:

  13. Көбі көз алдарында болып жатқан мынау қызылды-жасыл қимыл-қыбырдың бірін де қалт жібермей, қадағалай қарап тұруының себебі неде?



Үшінші бөлім
Махаббат
Шебер, әрине, бұның көкейіндегі жорықта жүрген ұлы әміршіге деген өзінің қаяусыз махаббатын, тұңғиық сағынышын бейнелейтін мұнара тұрғызғысы келген ойын дәл түсінген. Алыстан аяныш шақыратындай қып мұнараны мұңға бөктіріп қойғаны да соның айғағы. Сонау жер түбінен қарағанда ол, бәлкім, «асыға көр, тезірек жете көр» деп жалынып-жалбарынып тұрғандай көрінетін шығар. Ал бірақ жақындаған сайын шалқақтай түсетіні несі? Шебер бұнысымен хан иенің ашуына тиіп алмас па екен? Қаншама сағынып
келген күнде де, өзіне арнап салдырған мұнараның әлгіндей шекелей қараған астамшылығы хан иеге ұнай қояр ма? Оның үстіне, ол сарайдың ішінен қарағанда ол неге осынша тұнжырап тұрады? Қайта мұнан қарағанда көк мұнара сағынышын басып, жорықтан оралған әміршімен аман-есен қауышқан ханшаның қуанышты көңіліндей жадырап тұруға тиісті емес пе?
Көктастан тамшылатып жас ағызбағаннан бас-қаның бәрі қолынан келген шебер мұны неғып аңғармаған? Әрине, шебердің мұнысында бір сыр бар. Шебердің сол бір бұқпантай сырын бұдан бұрын көлденең көз, былайғы жұрт біліп қойса қайтпекші?
Ханша күтуші кемпірге айтып, базардағы жұрт жаңа бітіп тұрған мұнара жайында не айтып жатыр екен, біліп келсінші деп астыртын адамдар жіберіп, тың тыңдатып еді; халық жорықтағы хан иенің алдынан мынадай мұнарра салдыртқан ханшаның кемел ақылы мен салған шебердің асқан өнеріне таңдайларын қаққаннан басқа әлі ештеңе аңғара қоймапты.
Ханша жансыздардың бұл хабарына көңілі біржола көншімегенмен де, қайдағы-жайдағыға мән беріп құр бекерге қуыстанғанына өз-өзінен ыңғайсызданып қалды.
Көлденең көзден қысылатындай ештеңе жоқ. Шаһардағы жұрт мұнарадан ханшаның жорықтағы жарына деген кіршіксіз сезімін көреді. Әмірші әуелі жарының өзіне деген шексіз сағынышын аңғарса, мұнараға жақын келгенде ханша махаббатының жарық жалғанды қабағына қаратқан хан иеден басқа ешкімді көзге ілмейтін асқақтығына көзі жетеді.
Жап-жас шебер бұның көңілін айтпай біліп, айнытпай бейнелеген; ұлы әмірші бұл салдырған мұнарадан еш мін таба алмайды. Тек тезірек келсе екен сол күн! Ол күні пейіштің ақ құсындай боп хан иенің асқар ала көңілінің ең шырқау биігіне аспандап бір шығар еді. Күндесі де қызғаныштан басқа айтар ештеңе таба алмай дымы құрыр еді. Ол неменің хан иемен бірге пәлен жыл жол жүрдім, пәлен жер көрдім, пәлен піл, пәлен түйеге қазына артып, ырғап-жырғап келемін деп аспандаған көңілі қарсы алдынан мынадай өңі түгілі, түсінде көрмеген көрікті мұнара көк тіреп шыға келгенде, аяқастынан қанаты қырқылып, жер болып қалар еді. Хан ие де қаншама бәйбіше деп дабырайтып, бас-тас санап, басын асырып жүрген ұлы ханшаның қанша жыл отасқанда, қанша жорықтан жеңіспен оралғанда онсыз да асқақ көңілін астанасына кіре бергенде дәл мынадай қып одан бетер аспандатып тастайтындай ақыл таба алмағаны сол арада бірден есіне түсер еді, оның қанша асыл текті болғанмен, алтын санап, асыл жиғаннан басқа ештеңені білмейтін дүниеқоңыз, жәй әншейін әйел екеніне біржолата көзі жетер еді.
Кісінің ішіндегісін айтқызбай біліп отыратын хан ие бұның адал махаббаты, ақ пейілімен қоса, жас та болса бас болуға жарап қалған кемел ақылына да риза болар еді. Бұ да «алдыңнан көрдің бе, қандай сый әзірлеп қойдым» деп кергімей-ақ, баяғы сол бір үлбіреген балапан қалпы қарсы алар еді…
Сол күн тезірек келсе екен тек, мынау аңылжыған үлкен сарайдың бұрыш-бұрышы бұның шат-шадымен қуанышының ағыл-тегіл ақ толқынына толар еді.
Сол арманына қолын мына көкшіл мұнара жеткізгелі тұр. Ханша арманындай әсем мүнараны салып жатқан шебердің әр саусағын сүюге әзір. Тек мұнараны тезірек бітірсе екен. Тек анау көзге сүйелдей қадалып тұрған кетікті тезірек бітесе екен. Шебер мұнараның ұшар басына барып, мұнша неге телміріп тұрып алды? Айтпақшы, Әмірші көк мұнараға сарайдан көз салғанда оның мынадай біртүрлі жазғыра қараған тұнжыраңқы кейпінен тіксінбес пе екен? Мүмкін, мұның басы жетпей жүрген жұмбаққа ол түсінер. Әрине, солай… Әлемнің төрт бұрышын тізесінің астына басқан билеушінің бұл дүниеде түсінбейтіні болады дейсің бе? Сонда оның өзі жоқта ханшаның терезесіне дәл мынадай боп жәудірей төніп тұрған сиқыр мұнараның сырын неге жоруы мүмкін? Әрине, анау тас мүнараға жан бітіруге аз-ақ қалған асқан шебердің өз аузынан айтса, тілі кесілетіндей бір тым құпия тылсым сырын өнерімен тұспалдап білдіргеніне жориды. Иә, оның анау күнгі мөлдіреген монтаны жанарындағы именшек наз махаббат екен ғой. Дәл солай. Оны хан иенің қырағы көзі түгілі, енді, міне, пәлен күннен бері бас қатырып жүрген бұның өзі де түсініп отыр…


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет