түрлі пішіндерді қию дағдыларын бекіту: симметриялық емес сұлбаларға салынған немесе қиялдағы сұлбалармен қию дағдыларын қалыптастыру;
күрделі жапсырмалар құрастыру біліктерін қалыптастыру, жырту тəсілімен ғажайып құс, алтын балық, алқызыл гүл бейнелерін жасауға үйрету;
алған біліктері мен дағдыларын ойында, үйшікті, мереке күндері үй-жайды жəне учаскелерді безендіру үшін жеке жəне ұжымдық жапсырмаларды жасау кезінде қолдану, ойлауы бойынша жапсыру дағдыларын бекіту.