Күтілетін нəтижелер:
Мектеп алды даярлық (5 жастан 6 жасқа дейін)
І жартыжылдық
Сəндік аппликация.
1) түрлі пішіндегі қағазда таныс геометриялық элементтерден өрнек құрастыруды үйрету;
2) ұлттық кілемдерді, ас тақтайшаларын, сүлгілерді, қуыршақтарға арналған ыдыс-аяқтарды, ыдыс-аяқ сақтайтын сөмкелерді, қымыз құятын ыдыстарды (торсық), бұйымдарды, шырша əшекейлері мен ойыншықтарын, жаңа жылдық құттықтау ашық хаттарын, топ бөлмесін безендіруге, қыс тақырыбындағы ұжымдық панно жасауға үйрету.
Заттық аппликация.
Дағдыларды қалыптастыру:
1) екіге бүктелген қағаздан, түрлі қатпарлы бейнелерді қиюды;
2) қатпарланып бүктелген қағаздан бірдей бірнеше пішіндерді жəне екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндегі заттарды қиюды;
3) елестету бойынша бірнеше бөліктерден заттар жасауды;
Сюжеттік аппликация.
Балаларға қағазға заттарды орналастыру дағдыларын үйрету. Жапсыруларды құрастыру барысында объектілердің көлемі бойынша қатынасын, заттардың бөліктерінің пішінін, құрылымын, қатынастарын көре білу іскерліктерін меңгерту.
Дағдыларды қалыптастыру:
1) əлеуметтік жағдайлар мен балалар өміріндегі оқиғаларды бейнелеу;
2) үлгілер жəне трафареттермен, дайын киім үлгісімен жұмыс істеу;
3) өзінің жұмысын композиция, перспектива ережелеріне сəйкес құру;
4) қайшыны, желімді дұрыс қолдану;
5) екі бүктелген қағаздан симметриялық пішіндер қию;
6) геометриялық элементтерден (шеңберлер, шаршылар, сопақшалар) өрнектер құрастыру;
7) заттарды қазақ ою-өрнектерімен безендіру;
8) еңбек қауіпсіздігі жəне жеке гигиена ережелерін сақтау.
Күтілетін нəтижелер:
- жұмыс тəсілдерін таңдайды жəне негіздейді; қағаздан симметриялық пішіндерді қия алады; бірнеше бөліктерден өрнек құрастырады;
- дайын үлгілермен, шаблондармен, трафареттермен жұмыс жасайды; геометриялық элементтерден өрнек құрастырады, заттарды қазақ өрнектерімен безендіреді;
- еңбек қауіпсіздігі жəне жеке бас гигиенасы ережесін сақтайды.
Мектеп
Достарыңызбен бөлісу: |