Шығармашылық эссе «Мен таңдаған мамандық»



Дата14.10.2023
өлшемі14,4 Kb.
#114824

Шығармашылық эссе
«Мен таңдаған мамандық»
Мамандық – бұл әрбір адамның өзінің сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі азығы, болашағы болып табылады. Әр адам мамандығын өзі жүрек қалауымен таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді және адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі болып саналады.
Ал, мен қандай мамандық таңдадым? Мамандық таңдау ол біздің тағдырымызды шешеді десек те болады. Себебі, біздің өмірлік азығымыз болып табылады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, ол үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін еңбек. Кімде -кім өзінің мамандығын сүйіп, жүрек қалауымен қызмет етсе, өз басына да, қоғамға да үлкен пайда келтірмек. Барлық адам кішкентай кезінен бір мамандық иесі болуды армандайды және соған есейе келе мақсат қояды. Абай атамыздың «Сенде бір кірпіш дүниеге, тетігін тапта, бар қалан»,-деген қасиетті сөзі өз мақсатына жету үшін біздерге мотивация болып табылады. Мен де қазір өз қалауымды тауып жоғарғы оқу орнында білім алудамын. Мектеп кезіндегі қандай мамандықты қалаймын деген сұрақтың жауабын, сабақ берген ұстаздарыма қарап таптым. Сол кісілерден шабыт алдым. Мен таңдаған мамандық –биология пәні мұғалімі болу. Мектепте биология басқа пәндерден өзіме жақын болды. Оқушыларға қызықты ойындармен сабақ түсіндіріп, биологияны жеңіл түсіндіруді қызығып армандайтын едім. Мамандығым өзіме қатты ұнайды. Біріншіден — өз мамандығымды жақсы көрем, сол арқылы өз шәкірттерімнің жүрегіне жол тауып, оларды биология сабағына деген ынталарын аша алатын боламын. Менің ойымша, бұл мұғалім үшін зор бақыт, үлкен қуаныш. Екіншіден –мамандық таңдау үстінде жүрген оқушыға өзімнің тәжірибелі жұмыстарымды көрсете отырып, мұғалім болуға деген ынтасын ашып, жүрегіне ой сала аламын деген ойдамын. Яғни, ұстаз деген киелі мамандықтың сырын ашып, сан түрлі қырларын көрсететін боламын. Үшіншіден, балаға үнемі қолдау көрсете білу ұстаздың басты міндеттеріне кіреді. Солай оқушымен де тығыз қарым қатынас орната алады деп түсінемін. Осы мақсаттар мені мықты ұстаз болуға жетелейді.
Сөзімді ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген сөзімен аяқтағым келеді. Ұстаз ол оқушының айнасы деп білемін. Себебі, оқушының бойына зерделі де зерек болуды, парасатты, ұлттық және азаматтық құндылықтарды ұрпақ бойына дарыту ұстаздың міндеті. Сол себепті де ұстаз болу үшін бұл мамандықты жүрекпен таңдау керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет