Шығармашылық жұмыс Тақырыбы: «Ағылшын тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту арқылы оқыту» Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Атшибаева Гуляим Нуржаубаевна



бет3/3
Дата23.08.2022
өлшемі75,14 Kb.
#38227
1   2   3

Тестердің тиімділігі. Тест оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу әрекетін арттырады, оқытудың тиімділігіне қол жеткізеді, ойлау қабілетін, шығармашылық шабытын оятады. Оған қоса оқушылардың алған білімдеріндегі олқылықтарды анықтайды, уақытты тиімді пайдалануға мүм-кіндік береді. Тесттің мынадай түрлері бар: қосынды тест, сәйкестік тест,рет бірлігін анықтау тестісі, көптен таңдау тесті, баламалы тест,толықтыруды қажет ететін тест. Мысалы, «How he belongs to ages» шығармасын талдағанда баламалы тест (True-False Test) қолдандым.

Шығармашылық жұмыс өткізудегі күтілетін нәтиже:

Тіл байлығы, сөздік қоры молайып, сөйлеу мәдениеті қалыптасады; Жеке тұлға өз жұмісінің нәтижесін көре алады;

Танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастыруға жол ашады; Ой-өрісі дамиды; Шығармашылық жұмыспен шұғылдануға машықтанады.

Қортынды:

Шығармашылық тұлға басқалардан өз ісіне деген сенімділігін, әдемілікті сезіне білуімен, өзгеше шабытымен ерекшеленеді. Шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін неғұрлым ерте қолға алып, әр оқушының қол жеткен нәтижелері мен даму дәрежесіне үнемі қарайлап отырсақ, шығармашылыққа өз үлестерін қосары сөзсіз. Оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге деген ынтасын арттырамын. Эксперимент-зерттеудің алғашқы кезеңінде жоғары деңгейде болса, зерттеуден кейін бақылау топтарында айтарлықтай өзгерістер, оқушылардың логикалық ойлауға машықтануы, шығармашылық жұмыстармен айналысуы, пәнге деген қызығушылығы, берілген тапсырманың мақсаты мен мәнін анықтай білуі, өз бетімен жұмыс жасауға ынтасы осындай жұмыстардың нәтижесінде көтеріліп отырды.

«Болашақтың баласында, данасында, ғалымында ұстаз өсіреді» деген Б.Момышұлының қанатты сөзімен аяқтағым келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет