Шығармашылық жұмыс Тақырыбы: «Ағылшын тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту арқылы оқыту» Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Атшибаева Гуляим Нуржаубаевна



бет2/3
Дата23.08.2022
өлшемі75,14 Kb.
#38227
1   2   3
Байланысты:
0011bdf3-7a85f422

2.Шығармашылық жұмыстың түрлері Шығармашылық оқушыға шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс.Жаңаны жасау, өзі жасаған тың дүниеден алған жан ләззаты оқушы үшін шабыт баспалдағы болмақ. Сабақ беру үрдісінде шәкірттерді шығармашылық жұмысқа баулудың маңызы зор.Жазба жұмыстар олардың танымдық белсенділіктерін, ойлау жүйесін арттыруға көмектеседі.Жазба жұмыстарынан әр баланың өзіндік көзқарасын, эстетикалық және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра білу тәрізді жекелік қасиеттері байқалып тұруы қажет деп ойлаймын. Жалпы білім беретін мектептерде 5 сыныптан бастап диктант түрлерін, жазба жұмыстарын өткізуге болады

  • 1. Шығармашылықты қалыптастыруда жазба жұмыстарының маңызы.
  • Әріп диктанты. 5 сыныптарда өткізіледі. Мақсаты- ағылшын тілінің дыбыстары мен әріптерін дұрыс меңгеріп, олардың бір- бірінен айырмашылықтарын, ұқсастықтарын білдіру. Бұл диктант түрі оқушылардың сауатын ашумен қатар олардың есте сақтау қабілетін дамытады әрі оқушы каллиграфиясының қалыптасуына әсерін тигізеді.
  • Мысалы:a,e,i,o,u,y,t,d,n,m,b,v әріптерінен келетін сөздерді жаздыру.
  • Сөздік диктант- барлық сыныптарда жүргізіледі. Диктанттың бұл түрі жаңа грамматикалық тақырып, мәтін, сурет,түрлі жаттығу жұмыстарынан кейін өтілген материалдарды пысықтаудың ең тиімді жолы болып есептеледі.
  • Мысалы:living room, bed room, study, dining room, ground floor, flat, house, window, door.

Шығармашылық диктант.Диктанттың бұл түріне сөйлем мүшелерінің орын тәртібі бұзылып,шашыранды сөз түрінде берілген сөйлемдер алынады.Бұл сөздердің әр тобынан оқушылар өздігінен сөйлем құрастырады. Usually , watch, I,TV, on Sunday. Always, she, piano, plays, at home, the. 1. He, sweets, cakes, jam, likes. 2. The shop, closes, at 5o’clock. 1. A lot, in, winter, here, it, rains. 2. Very, she, visits, her, it rains. Бақылау диктанты- барлық сынаптарда оқушылардың білімі мен сауаттылығын тексеру мақсатында өткізіледі.Диктанттың бұл түрі белгігі бір тақырып өтілгеннен кейін жүргізіледі. Бақылау диктантын жазуға төселудің шарты- оқылған сөйлемдерді , сөздерді, бірден ұғып алып, жадында сақтап жазуға үйрету. Жеміс пен көкеністі екі топқа бөлу. Fruit vegetable Bananas, apples, tomatoes, onions, carrots, cabbages, apricots, oranges.

  • 2. Дидактикалық тапсырмалар беру оқушы ойын кемелдендіру
  • Солардың бірі «What is this ?» «Ол не ?» ойыны. Оқушылар өздеріне ұнайтын заттарын, ойыншықтарын алып келеді. Бірақ оны ешкімге көрсетпеулері керек. Сабақта сол әкелген затына ауызша сипаттама береді. Қалған оқушылар айтылған белгілеріне қарап әңгіме не туралы екенін анықтаулары керек.
  • Мұғалім: "This is a boy. It is round. The color this of the toy can be different. It will be big and small. The children like this toy very much. They play different games with it". Бұл ойынды әртүрлі нұсқада ұжым болып та, топтарда да, қолдануға болады. Ең негізгісі – балаға дұрыс меңгерте отырып, сипаттама бере білуге үйрету. Жауаптарда айтылғанға сәйкес ұқсас заттардың табылып жатуы мүмкін. Ол ойынды одан әрі қызықтыра түседі. Ойынды бірнеше рет қайталауға болады.
  • Оқушының ерекше қызығушылығын туғызатын жұмыс түрі өмірде көп кездесетін,бір қарағанда жағымсыз болып көрінетін кейбір оқиғалардың пайдалы жағын көруге тырысу және айтып беру. Бұл тапсырма да күрделеніп отырады. Оған мысал ретінде «Жақсы-жаман» «Good-bad» ойыны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет