Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу тілін дамытуға арналған жаттығулар.
Мақсаты: Сөйлеу тілін дамытуға арналған жаттығуларын жасауды үйрену.
Оқушыларды ойын мазмұнымен таныстырып, оны үйрету.Түрлі
логопедиялық мәтіндерді пайдалана отырып сергіту жаттығуларын
жасату арқылы тілдерін ширату, сөздік қорларын молайту.Кеңістікте,
жазықта, өзін-өзі бағдарлауға,қимыл- қозғалыстың үйлесімділігін
саусақтардың ұсақ қимылдарын қалыптастыру.Зейіні мен сөйлеу тілін
дамыту.Оқушылардың есту,есте сақтау, ойлау,көру, сөйлеу қабілет-
терін арттыру.Түрлі ойындар, сергіту сәттерін жасату. Оқушыларды
ептілікке, икемділікке, достыққа, сымбаттылыққа,әсемділікке,татулыққа,
тәртіптілікке, шапшаңдылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Үнтаспа, жалаушалар сылдырмақтар ,шеңбершелер,доптар.т.б
Сабақ барысы:
І. Сапқа тұру, сәлемдесу.
- оңға, солға бұрылу.
-Сапты бұзу, қайта сап құрау.
ІІ. Жүректен-жүрекке.
Бір-бірімізге гүл шоғын ұсына отырып жылы лебіздерімізді білдірейік.
Оқушылар бір-біріне тілектерін айтады.
Құрметті ұстаздарымызға зор денсаулық тілеймін.
Бірлігіміз жарасқан ел болайық.
Гүл шоғын сандықшаға салып қояйық
ІІІ. Шеңбер бойымен музыка көмегімен жүру.
Армысың досым,
Кел, маған қосыл.
Алақанға салып алақан,
Шеңберге бірге тұрайық.
Жер шарындай айналып
Әлемге жарық ұқсайық.
Қолымызды көтеріп
Күннің нұрын алайық.
Ортамызда күн нұры
Құшаққа оны алайық.
(музыка көмегімен іс-қимыл жасау).
ІV. Кеңістікті бағдарлауға арналған жаттығулар.(Түрлі логопедиялық мәтіндерді пайдалана отырып)
Аяқ ұшымен жүру,өкшемен жүру.
Пингвин жүріс
Мұз, мұз.
Тайғақ мұз.
Келе жатыр пингвин.
Қорықпайды ол мұздан
Жоғары, жоғары, жоғары.
Батып барады күн енді,
Төмен, төмен ,төмен. ( жүрелеп отыру)
Қолды белге қоямыз,
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Біз бақытты баламыз,
Гүлдей жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ
Жақсы сергіп қаламыз .
V.РГЖ- кешені.
Дене ,қол, аяқ ,бас қимыл үйлесімділігіне арналған жаттығулар кешені.
5 -10 минут. Қозғалыссыз өмір жоқ,
Би сүймейтін бала жоқ.
Қаражорға биін билету.
Достарыңызбен бөлісу: |