Шығыс ақындарынша



Pdf көрінісі
бет1/21
Дата03.03.2017
өлшемі465,07 Kb.
#6357
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

1855-1881
ШЫҒЫС АҚЫНДАРЫНША
Иузи — рəушан
1
, көзі — гəуһар
2
,
Лəғилдек

бет үші əхмəр
4
.
Тамағи қардан əм биһтар
5
,
Қашың құдрет
6
, қоли шигə
7
.
Өзəң гүзəллəра рəһбар
8
,
Сəңə ғишық болып кəмтар,
Сүлəйман, Ямшид, Искандəр,
Ала алмас барша мүлкигə.
Мүбəда

олса ол бір кəз,
Тамаша қылса йузмə-йуз.
Кетіп қуат, йұмылып көз,
Бойың сал-сал бола нигə?
* * *

ФЗУЛИ, ШƏМСИ, СƏЙХАЛИ
Фзули, Шəмси, Сəйхали,
Науаи, Сағди, Фирдауси,
Хожа Хафиз — бу һəммəси
Мəдəт бер я шағири
10 
фəрияд
11
.
* * *

(„ƏЛИФБИ" ӨЛЕҢІ)
Əлифдек ай йузіңе ғибрат
12 
еттім,
Би, бəлəи
13 
дəртіңа
14 
нисбəт
15 
еттім.
Ти, тілімнəн шығарып түрлі əбиат
16
,
Си, сəнаи
17 
мəдхия
18 
хұрмəт еттім.
Жем, жамалың
19 
қандай ақ рузи
20 
маған,
Ха, хəлиллик
21 
таппадым; жаным, сəнан.
Хи, халайық, мен емес, бəрі ынтизар,
Дəл, дариға ғишық оты бермес аман.
Зəл, зəлиллік
22 
көрген соң, сайрай бер, тіл,
Ре, риза қылмағынды, яр
23
, өзің біл.
Зи, зəһəрдай
24 
күйдірді ғишқың қатты,
Сын, сəлəмат қалмағым болды мүшкіл.
Шын шикəр лəб
25 
есіме түскен сайын,
Сат, сабырым қалмады, мен не əйлəйін.
Зат, зайғ
26 
өмірім өтті менің бекер,
Тай, талаптан əйтеуір құр қалмайын.
Зай, залым көп қылыш боп жанға оқталды,
Ғайін, ғақылымды басымнан тартып алды.
Ғайын, ғариблік басыма түскеннен соң,
Фи, файдаң тие ме деп жаза салды.
Қаф, қабыл болар ма екен жазған хатым,

Кəф, кəмил
27 
ақылың, асыл затым.
Лəм, лəбіңнен ем қылсаң мен дерттіге,
Мен, меһріңнен қалмас ед бар апатым.
Нон, налə ғып қайғыңмен күйдірдің көп,
Уау, уəйлана
28 
ғишқың уайым жеп,
Һи, һеш файдаң тимесе өлді ойлаңыз,
Лəм əлиф, лə илəһа илалла
29 
деп.
Я, ярым, қалай болар жауап сөзің,
Мəт — қасың, тəштит — кірпік, сəкін — көзің
30
.
Үтірмен асты-үстілі жазуда бар,
Болуға асты-үстілі көнсең өзің.

ШƏРІПКЕ
Түңлікбайдың қатыны, атың — Шəріп,
Байға жарып көрмеген сен бір кəріп.
Сен – шыққан жол үстінде жалғыз түп ши,
Көрінген ит кетеді бір-бір сарып.

АБЫРАЛЫҒА
Мен жасымнан көп көрдім
Мұсылманды, кəпірді.
Абыралыдай көрмедім
Намаз білмес пақырды.
Қираəтін
31 
оқытып
Көріп еді, шатылды.
Ниет қыла білмейді,
Не қылады нəпілді
32
.
Намазшамның
33 
артынан
Құржаң-құржаң етеді.
Жер ұшық
34 
берген кісідей
Тоңқаңдай ма, не етеді.
Нəпіл түгіл, намазы —
Бəрі желге кетеді.
„Еннатайына кəлкəусар"
35
,
Пашол дереу, күнəкар.
Аяғын ойлап айтқаны:
"Əні-шаны күлаптар".
Осы оқумен намаздың
Қай жерінде сауап бар?
Тегін ойлап байқасаң,
Мұнда ми жоқ, құлақ бар.

ЖАҚСЫЛЫҚҚА
Аяғыңды аңдап бас, ей, Жақсылық!
Өз басыңда жының бар бір бақсылық.
Борышқорлық — адамға қиын нəрсе,
Əрқайда өсіткізеді мал тапшылық.
* * *
(М. Ю. Лермонтовтан)

КЕҢ ЖАЙЛАУ — ЖАЛҒЫЗ БЕСІК
ЖАС БАЛАҒА
Кең жайлау — жалғыз бесік жас балаға,
Алла асыраған пендесі аш бола ма?
Ержеткен соң сыймайсың кең дүниеге,
Тыныштық пен зар боларсың баспанаға.
* * *

САП, САП, КӨҢІЛІМ, САП, КӨҢІЛІМ!
Сап, сап, көңілім, сап, көңілім!
Саяламай, сай таппай,
Не күн туды басыңа,
Күні-түні жай таппай?
Сен жайыңа жүргенмен,
Қыз өле ме бай таппай?
Түн кезгенің мақұл ма,
Жан-жағыңа жалтақтай?
Өлермін деп жүрмісің,
Мұнан басқа жан таппай?
Сап, сап, көңілім, сап, көңілім!
Сабыр түбі — сары алтын.
Сабыр қылсаң, жайыңды
Білер ме екен бекзатым?
Көңіл аулап, сөз айтар
Арадағы тілхатым,
Ағын судай екпіндеп,
Лайы жоқ суатым.
Ауру да емес, cay да емес,
Құрыды əл-қуатым.
Сап, сап, көңілім, сап, көңілім!
Сана қылма бекерге.

Сан қылғанмен пайда жоқ,
Дүние даяр өтерге,
Ажал даяр жетерге.
Қош, қыз алсын қойнына,
Бейнет көрмей, дəулет жоқ,
Əлі барып кетерге,
Оныменен бойыңа
Иман, дəулет бітер ме?
Адалды сатсаң арамға,
Құдай қабыл етер ме?
Қыз сүйеді мені деп,
Оған көңіл көтерме!
Сап, сап, көңілім, сап, көңілім!
Сарқа берме санасып.
Бəрін өзің білсең де,
Əлі-ақ өзің танасың,
Өртенесің, жанасың.
Өз-өзіңнен бейнетке
Өз басыңды саласың.
Қай мезгілде тойғыздың
Аюдайын ағасын,
Қатыны мен қалашын?
Қарсақ жортпас қара адыр,
Қарамай неге шабасың?

Сонда тəуір бола ма,
Ұстап aп біреу сабасын?
Киіміңді тонасын,
Елге де күлкі боласың.
Сап, сап, көңілім, сап, көңілім!
Сағынышқа сарғайма!
Жай жүрсең де қыз қумай,
Сені біреу қарғай ма?
Қыз іздесең, қалың бер,
Мұным ақыл болмай ма?
Көріп алсаң көріктіні,
Таңдап алсаң тектіні,
Сонда да көңіл толмай ма?!
1882-1883
* * *

ҚАНСОНАРДА БҮРКІТШІ ШЫҒАДЫ
АҢҒА
Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға.
Жақсы ат пен тату жолдас — бір ғанибет,
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.
Салаң етіп жолықса қайтқан ізі,
Сағадан сымпың қағып із шалғанда.
Бүркітші тау басында, қағушы ойда,
Іздің бетін түзетіп аңдағанда.
Томағасын тартқанда бір қырымнан,
Қыран құс көзі көріп самғағанда.
Төмен ұшсам, түлкі өрлеп құтылар деп,
Қандыкөз
36 
қайқаң қағып шықса аспанға,
Көре тұра қалады қашқан түлкі,
Құтылмасын білген соң құр қашқанға.
Аузын ашып, қоқақтап, тісін қайрап,
О да талас қылады шыбын жанға.
Қызық көрер, көңілді болса аңшылар,
Шабар жерін қарамай жығылғанға.
Қырық пышақпен қыржыңдап тұрған түлкі,
О дағы осал жау емес қыран паңға.
Сегіз найза қолында, көз аудармай,

Батыр да аял қылмайды ертең таңға.
Қанат, құйрық суылдап, ысқырады,
Көктен қыран сорғалап құйылғанда.
Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқасады,
Жеке батыр шыққандай қан майданға.
Біреуі — көк, біреуі — жер тағысы,
Адам үшін батысып қызыл қанға.
Қар — аппақ, бүркіт — қара, түлкі — қызыл,
Ұқсайды хасса
37 
сұлу шомылғанға.
Қаpa шашын көтеріп екі шынтақ,
О да бүлк-бүлк етпей ме сипанғанда,
Аппақ ет, қып-қызыл бет, жап-жалаңаш,
Қара шаш қызыл жүзді жасырғанда.
Күйеуі ер, қалыңдығы сұлу болып,
Жəне ұқсар тар төсекте жолғасқанға.
Арт жағынан жаурыны бүлкілдейді,
Қыран бүктеп астына дəл басқанда.
Құсы да иесіне қоразданар,
Алпыс екі айлалы түлкі алғанда.
"Үйірімен үш тоғыз" деп жымыңдап,
Жасы үлкені жанына байланғанда,
Сілке киіп тымақты, насыбайды
Бір атасың көңілің жайланғанда.
Таудан жиде тергендей ала берсе,

Бір жасайсың құмарың əр қанғанда.
Көкіректе жамандық еш ниет жоқ,
Аң болады кеңесің құс салғанда.
Ешкімге зияны жоқ, өзім көрген
Бір қызық ісім екен сұм жалғанда.
Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға
Бəрі де анық тұрмай ма ойланғанда.
Ұқпассың үстірт қарап бұлғақтасаң,
Суретін көре алмассың, көп бақпасаң.
Көлеңкесі түседі көкейіңе,
Əр сөзін бір ойланып салмақтасаң.
Мұны оқыса, жігіттер, аңшы оқысын,
Біле алмассың, құс салып дəм татпасаң.

БОРОДИНО
(М. Ю. Лермонтовтан)
— Айтшы, аға, неғып жеңілдік,
Мəскеуде емес тегіндік,
Болған білем соқтығыс,
Емес білем аз жұмыс.
Ұмытпайды еш орыс
Бородинде көргенді.
— Ондағы біздің адамдар
Сендердей емес, балаңдар.
Қиын тиді оларға,
Аз кісі-ақ қайтып санарға
Қол салмаққа кəртечке
38
Ол күн болды, күн кешке,
Қас қарайып, болды түн.
Штык, қылыш қайрасып,
Ширатып мұртын шайнасып,
Ашулы солдат қыстықты:
"Қойса екен бізді тыюын,
Айтса екен бізге қиынын,
Жыртпасақ жаудың киімін,
Біз не етеміз штыкті?!."
1884

ҚАҚТАҒАН АҚ КҮМІСТЕЙ КЕҢ
МАҢДАЙЛЫ
Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,
Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.
Жіңішке қара қасы сызып қойған,
Бір жаңа ұқсатамын туған айды.
Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын,
Ақша жүз, алқызыл бет тіл байлайды.
Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі,
Сықылды қолмен тізген, іш қайнайды.
Сөйлесе, сөзі əдепті əм мағыналы,
Күлкісі бейне бұлбұл құс сайрайды.
Жұп-жұмыр, ақторғындай мойыны бар,
Үлбіреген тамағын күн шалмайды.
Тақтайдай жаурыны бар, иығы тік,
Екі алма кеудесінде қисаймайды.
Сорақы ұзын да емес, қысқа да емес,
Нəзік бел тал шыбықтай бұраңдайды.
Етіндей жас баланың білегі бар,
Əжімсіз ақ саусағы іске ыңғайлы.
Қолаң қара шашы бар жібек талды,
Торғындай толқын ұрып, көз таңдайды.
Қандай қызда лəззат бар жан татпаған,

Сұлуы бұл заманның тек жатпаған.
Он сегіз, он тоғызға келгеннен соң,
Алмасы өкпе болар қол батпаған.
Бұлардың кейбірінің мінездері —
Еш нəрсе көрмегенсіп бұртақтаған.
Кейбірі жайдары, ашық боламын деп,
Орынсыз адамдармен жыртақтаған.
Əуелден сұлу жайы бізге мəлім,
Жігітті жұрт мақтаған қыз жақтаған.
Кей жігіт мактан үшін қылық қылмай,
Бойына майдалықпен сыр сақтаған.
Кей жігіт арсыздықпен, ұятсынбай,
Қолы жетпес нəрсеге тыртақтаған.
Орынды іске жүріп, ой таппаған,
Не болмаса жұмыс қып, мал бақпаған.
Қасиетті болмайды ондай жігіт,
Əншейін құр бекерге бұлғақтаған.
1885

ЖАСЫМДА ҒЫЛЫМ БАР ДЕП
ЕСКЕРМЕДІМ
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм
39 
қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?
Адамның бір қызығы — бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Өзім де басқа шауып, төске өрледім,
Қазақта қара сөзге дес бермедім.
Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.
* * *
(М. Ю. Лермонтовтан)

ƏМ ЖАБЫҚТЫМ, ƏМ ЖАЛЫҚТЫМ
Əм жабықтым, əм жалықтым,
Сүйеу болар қай жігіт,
Көңілден кеткен соң тыным?
Əм сүйіндім, əм түңілдім,
Үнемі неткен үміт,
Өткен соң бар жақсы жылым?
1886
* * *

ҚАРТАЙДЫҚ, ҚАЙҒЫ ОЙЛАДЫҚ,
ҰЙҚЫ СЕРГЕК
Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек,
Ашуың — ашыған у, ойың — кермек.
Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық,
Кім көңілді көтеріп, болады ермек?
Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,
Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.
Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,
Бір Құдайдан басқаның бəрі өзгермек.
Ер ісі — ақылға ермек, бойды жеңбек,
Өнерсіздің қылығы — өле көрмек.
Шыға ойламай, шығандап қылық қылмай,
Еріншек ездігінен көпке көнбек.
Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек,
Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек.
Арамдықтан жамандық көрмей қалмас,
Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек.
Адамзат тірілікті дəулет білмек,
Ақыл таппақ, мал таппақ, адал жүрмек.
Екеуінің бірі жоқ, ауыл кезіп,
Не қорлық құр қылжаңмен күн өткізбек?
Наданға арам — ақылды құлаққа ілмек,

Бұл сөзден ертегіні тез үйренбек.
Рас сөздің кім білер қасиетін,
Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек.
Қызыл арай
40
, ақкүміс, алтын бергек
Қызықты ертегіге көтерілмек.
Ақсақалдың, əкенің, білімдінің
Сөзінен сырдаң тартып, тез жиренбек.
Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,
Əр нəрсеге өзіндей баға бермек.
Таразы да, қазы да өз бойында,
Наданның сүйенгені — көппен дүрмек.
Алашқа іші жау боп, сырты күлмек,
Жақынын тіріде андып, өлсе өкірмек.
Бір-екі жолы болған кісі көрсе,
Құдай сүйіп жаратқан осы демек.
Ел бұзылса, құрады шайтан өрмек,
Періште төменшіктеп, қайғы жемек.
Өзімнің иттігімнен болды демей,
Жеңді ғой деп шайтанға болар көмек.
Сырттансынбақ, қусынбақ, өршілденбек,
Сыбырменен топ жасап бөлек-бөлек.
Арамдықпен бар ма екен жаннан аспақ,
Өзімен өзі бір күн болмай ма əлек?
Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек,

Адалдық, арамдықты кім теңгермек?
Мақтан үшін қайратсыз болыс болмақ,
Иттей қор боп, өзіне-сөз келтірмек.
* * *

ҚАРТАЙДЫҚ, ҚАЙРАТ ҚАЙТТЫ,
ҰЛҒАЙДЫ АРМАН
Қартайдық, қайрат қайтты, ұлғайды арман,
Шошимын кейінгі жас балалардан.
Терін сатпай, телміріп, көзін сатып,
Теп-тегіс жұрттың бəрі болды аларман.
Бай алады кезінде көп берем деп,
Жетпей тұрған жерінде тек берем деп.
Би мен болыс алады күшін сатып,
Мен қазақтан кегіңді əпперем деп.
Жарлы алады қызметпен өткерем деп,
Елубасы шар салып
41
, леп берем деп.
Жалаңқая жат мінез жау алады,
Бермей жүрсең, мен сені жек көрем деп.
Дос алады бермесең бұлт берем деп,
Жауыңа қосылуға сырт берем деп,
Бұзылған соң мен оңай табылмаспын,
Не қылып оңайлықпен ырық берем деп.
Сұм-сұрқия — сұмдықпен еп берем деп,
Сүйер жансып, сүйкімді бет берем деп,
Жүз қараға екі жүз аларман бар,
Бас қатар бас-аяғын тексерем деп.
Ел жиып, мал сойыңыз ет берем деп,

Ет берсем, сен мендік бол деп берем деп,
Қара қарға сықылды шуласар жұрт,
Кім көп берсе, мен соған серт берем деп.
Бұзыларда ойламас бет көрем деп,
Ант ішуді кім ойлар дерт көрем деп.
Қабаған итше өшігіп шыға келер,
Мен қапсам, бір жеріңді бөксерем деп.
Орыс айтты өзіңе ерік берем деп,
Кімді сүйіп сайласаң, бек көрем деп.
Бұзылмаса, оған ел түзелген жоқ,
Ұлық жүр бүл ісіңді кек көрем деп.
Жұрт жүр ғой арамдықты еп көрем деп,
Тоқтау айтқан кісіні шет көрем деп.
Бар ма екен жай жүрген жан қанағатпен,
Құдайдың өз бергенін жеп көрем деп?
Атаны бала аңдиды, ағаны — іні,
Ит қорлық немене екен сүйткен күні?
Арын сатқан мал үшін антұрғанның
Айтқан сөзі құрысын, шыққан үні.
Алыс-жақын қазақтың бəрі қаңғып,
Аямай, бірін-бірі жүр ғой аңдып.
Мал мен бақтың кеселі ұя бұзар,
Паруардигəр жаратқан несін жан қып?!
Ант ішіп күнде берген жаны құрсын,

Арын сатып тіленген малы құрсын.
Қысқа күнде қырық жерге қойма қойып,
Қу тілмен қулық сауған заңы құрсын.
Бір атқа жүз құбылған жүзі күйгір,
Өз үйінде шертиген паңы құрсын.
* * *

ҚЫРАН БҮРКІТ НЕ АЛМАЙДЫ,
САЛСА БАПТАП
Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап,
Жұрт жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап.
Қыран шықса қияға, жібереді
Олар да екі құсын екі жақтап.
Қарқылдап қарға қалмас арт жағынан,
Күйкентайы үстінде шықылықтап.
Өзі алмайды, қыранға алдырмайды,
Күні бойы шабады бос салақтап.
Тиіп-шығып, ыза қып, ұстатпаса,
Қуанар иелері сонда ыржақтап.
Не таптық мұныменен деген жан жоқ,
Түні бойы күпілдер құсын мақтап.
Басқа сая, жанға олжа дəнеме жоқ,
Қайран ел осынымен жүр далақтап.
* * *

ҚАЛЫҢ ЕЛІМ, ҚАЗАҒЫМ, ҚАЙРАН
ЖҰРТЫМ
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
Өзімдікі дей алмай өз малыңды,
Күндіз күлкің бұзылды, түнде — ұйқың.
Көрсеқызар келеді байлауы жоқ,
Бір күн тыртың етеді, бір күн — бұртың.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.
Ағайын жоқ нəрседен етер бұртың,
Оның да алған жоқ па Құдай құлқын?
Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ,
Сапырылды байлығың, баққан жылқың.
Баста ми, қолда малға талас қылған,

Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқын.
Оңалмай бойда жүрсе осы қыртың,
Əр жерде-ақ жазылмай ма, жаным, тырқың?
Қай жеріңнен көңілге қуат қылдық,
Қыр артылмас болған соң, мінсе қырқың?
Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпың,
Не түсер құр күлкіден жыртың-жыртың.
Ұғындырар кісіге кез келгенде,
Пыш-пыш демей қала ма ол да астыртын?
* * *

БАЙЛАР ЖҮР ЖИҒАН МАЛЫН
ҚОРҒАЛАТЫП
Байлар жүр жиған малын қорғалатып,
Өз жүзін, оның беріп, алар сатып.
Оның алып, тоқсаннан дəме қылып,
Бұл жұртты қойған жоқ па Құдай атып?
Барып келсе Ертістің суын татып,
Беріп келсе бір арыз бұтып-шатып,
Елді алып, Еділді алып есіреді,
Ісіп-кеуіп, қабарып келе жатып.
Əрі-бері айналса аты арықтап,
Шығынға белшесінен əбден батып.
Сұм-сұрқия, қу, білгіш атанбаққа.
Құдай құмар қылыпты қалжыратып.
Қорғаласа, қорықты деп қоймаған соң,
Шаптырады қалаға бай да аңдатып.
Күшті жықпақ, бай жеңбек əуел бастан,
Қолға түсер сілесі əбден қатып.
Жаны аяулы жақсыға қосамын деп,
Əркім бір ит сақтап жүр ырылдатып.
* * *

КӨҢІЛІМ ҚАЙТТЫ ДОСТАН ДА,
ДҰШПАННАН ДА
Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,
Алдамаған кім қалды тірі жанда?
Алыс-жақын қазақтың бəрін көрдім,
Жалғыз-жарым болмаса анда-санда.
Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда,
Ол тұрмас бастан жыға
42 
қисайғанда.
Мұнан менің қай жерім аяулы деп,
Бірге тұрып қалады кім майданда?
Ендігі жұрттың сөзі — ұрлық-қарлық,
Саналы жан көрмедім сөзді ұғарлық.
Осы күнде осы елде дəнеме жоқ
Мейір қанып, мəз болып қуанарлық.
Байлар да мал қызығын біле алмай жүр,
Жаз жіберіп, күз атын міне алмай жүр.
Сабылтып, күнде ұрлатып, із жоғалтып,
Ызаменен ыржиып күле алмай жүр.
Саудагер тыныштық сауда қыла алмай жүр,
Қолдан беріп, қор болып, ала алмай жүр.
Ел аулақта күш айтқан, топта танған,
Арсыз жұрттан көңілі тына алмай жүр.
Естілер де ісіне қуанбай жүр,

Ел азды деп надандар мұңаймай жүр.
Ала жылан, аш бақа күпілдектер,
Кісі екен деп ұлықтан ұялмай жүр.
Бектікте біреу бекіп тұра алмай жүр,
О дағы ұры-қарды тыя алмай жүр.
Қарсылық күнде қылған телі-тентек,
Жаза тартып ешбірі сұралмай жүр.
Қарындас қара жерге тыға алмай жүр,
Бірінің бірі сөзін құп алмай жүр.
Құда-тамыр, дос-жаран, қатын-балаң —
Олар да бір қалыпты бола алмай жүр.
Бір күшті көп тентекті жыға алмай жүр,
Іште жалын дерт болып, шыға алмай жүр.
Арақ ішкен, мас болған жұрттың бəрі,
Не пайда, не залалды біле алмай жүр.
Жетілтіп жаз жайлауға қона алмай жүр,
Күз күзеу де жанжалсыз бола алмай жүр.
Қыс қыстауың — қып-қызыл ол бір пəле,
Оралып ешбір шаруа оңалмай жүр.
Жасы кіші үлкеннен ұялмай жүр,
Сұрамсақтар нəпсісін тыя алмай жүр.
Сəлем — борыш, сөз — қулық болғаннан соң,
Қандай жан сырттан сөз боп, сыналмай жүр?
* * *

АДАСҚАННЫҢ АЛДЫ — ЖӨН, АРТЫ
— СОҚПАҚ
Адасқанның алды — жөн, арты — соқпақ,
Оларға жөн арамның сөзін ұқпақ.
Қас маңғаз, малға бөккен кісімсініп,
Əсте жоқ кеселді істен биттей қорықпақ.
Бір аршопке
43 
шапаны сондай шап-шақ,
Мүшесінен буынып, басады алшақ.
Қас алдына жымырып келтірем деп,
Ақ тымақтың құлағы салтақ-салтақ.
Жаздыгүні ақ бөркі бүктелмейді-ақ,
Қолында бір сабау бар, о дағы аппақ.
Керегеге сабауды шаншып қойып,
Бөркін іліп, қарайды жалтақ-жалтақ.
Қу шалбар қулығына болған айғақ,
Тізесін созғылайды қалталанса-ақ.
Ұстаудағы кісідей мезгілі бар,
Күні бойы шешініп, бір т...-ақ.
Тірі жанға құрбы боп жап-жасында-ақ,
Қалжыңдамақ, қасынбақ, ыржаңдамақ.
Бет-аузын сөз сөйлерде жүз құбылтып,
Қас кермек, мойын бұрмақ, қоразданбақ.
Осындай сидаң жігіт елде мол-ақ,

Бəрі де шаруаға келеді олақ.
Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,
Бар өнері — қу борбай, сымпыс шолақ.
Олардың жоқ ойында малын бақпақ,
Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ.
Жалғыз атын терлетіп, ел қыдырып,
Сəлемдеспей, алыстан ыржаң қақпақ.
* * *

БІР ДƏУРЕН КЕМДІ КҮНГЕ —
БОЗБАЛАЛЫҚ
Бір дəурен кемді күнге — бозбалалық,
Қартаймастай көрмелік, ойланалық.
Жастықта көкірек зор, уайым жоқ,
Дейміз бе еш нəрседен құр қалалық.
Бар ойы — өлең айтып, əн салалық,
Біреуді қалжың қылып қолға алалық.
Қызды ауылға қырындап үйір болса —
Көңіліне зор қуаныш бір бадалық
44
.
Демеңдер өнбес іске жұбаналық,
Ақыл тапсақ, мал тапсақ, қуаналық.
Қызды сүйсең, бірді-ақ сүй таңдап тауып,
Көрсе қызар, күнде асық — диуаналық.
Жастықта бір күлгенің — бір қаралық,
Күлкі баққан бір көрер бишаралық.
Əуелі өнер ізделік, қолдан келсе,
Ең болмаса еңбекпен мал табалық.
Той болса, тон киелік, жүр, баралық,
Бірімізді біріміз аударалық.
Ат арықтар, тон тозар, қадір кетер,
Күлкіні онша күйлеп, шуламалық.
Уайым — ер қорғаны, есі барлық,

Қиыны бұл дүниенің — қолы тарлық.
„Еһе-еһеге" елірме, бозбалалар,
Бұл бес күндік бір майдан ер сынарлық.
Салынба, қылсаң дағы сан құмарлық,
Алдында уайым көп шошынарлық:
Жарлылық, жалынышты жалтаң көздік,
Сүйкімі, икемі жоқ шалдуарлық.
Əсем салдық өлгенше кім қыларлық,
Оған да мезгіл болар тоқталарлық.
Ұрлық қылар, тентіреп тамақ асырар,
Болмаған соң жұмыс қып мал табарлық.
Басында əке айтпаса ақыл жарлық,
Ағайын табылмаса ой саларлық,
Қалжыңбассып өткізген қайран дəурен,
Түбінде тартқызбай ма ол бір зарлық?
Осы елде бозбала жоқ сөзді ұғарлық,
Үзілмес үмітпенен бос қуардық.
Əйтеуір, ақсақалдар айтпады деп
Жүрмесін деп, аз ғана сөз шығардық.
* * *


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет