Шығыс Қазақстан мәдениет басқармасы


Нәтижелерді тусіндіру (интерпетациялау)



бет9/25
Дата16.05.2023
өлшемі0,6 Mb.
#93713
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Байланысты:
user file 5eba931be0a27

Нәтижелерді тусіндіру (интерпетациялау).
Микротоптар. Микротоптардың болуы, олардың мүше саны топтағы жағдайды толық сипаттамайды. Дегенмен, егер микротоптар үлкен болса, олардың лидерлері мен лидерлердің әлеуметтік рөліне үлкен назар аудару керек. Идеалды нұсқа — абсолютті өзара таңдау. Микротоптың болуы байланыстың, ұйымшылдықтың дәлелі: неғұрлым өзара таңдау саны жоғары болса, соғұрлым топтың ұйымшылдығы жоғары деген сөз.
Лидер. Топтың басқа мүшелері жауапкершілікті талап ететін өз мүдделері және топтың іс-әрекетінің бағыты мен сипатын анықтайтын шешімдерді қабылдау құқығына иеленуге рұқсат берілетін тұлға. Сонымен, беделді тұлға бола тұрып, лидер топтағы біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру мен өзара қарым-катынасты реттеуде орталық жетекші рөлде болады. Лидердің негізгі сипаты топ мүшелерінің тандауына байланысты. Бұл тандаудың негізінде не жатыр? Бұл жағдайда барлығы топтың даму деңгейіне байланысты болатыны эксперименталды түрде дәлелденген.
Топтың даму деңгейі жоғары болған сайын және ондағы тұлғааралық қарым-қатынастар өзара іс-әрекеттердің мәні мен құндылықтарымен негізделген сайын топ лидерінің пайда болуы осы қарым-қатынастардың іске асуы арқылы жүреді. Лидер — топ іс-әрекетінің жемістілігіне әсер ететін, біріккен жұмыс тұрғысында топ үшін неғұрлым беделді.
Социометриялық статус. Адамның тұлғааралық қарым-қатынас жүйесіндегі орнын көрсетіп, топ мүшелерімен танылу дәрежесін, басқалардан алынған тандаулар санымен анықталатын жеке таңдау денгейін айқындайды. Жоғары статус (0, 55-тен жоғары) тұлғаның дамуы үшін қолайлы фактор, себебі қолайлы психологиялық жағдайларды туғызады: қоршаған адамдардың жақсы бағасы, ал ол өз кезегінде өзіңді бағалауға әсер етеді, жеке тұлғалық байланыстардың интенсивтілігі т.б. Төмен статус (0,3-тен төмен) тұлға дамуын тежейді, кайшылықтарға әкеледі, аландаушылық артып, өзіне-өзі сенімділік төмендейді, қоршаған адамдармен қарым-қатынаста оқшауланған стиль пайда болады.
Егер топта жоғары статустар саны көп болса, топтың көпшілік мүшелері тұлғалық даму үшін қолайлы жағдайда және оң әлеуметтік сезімде деген болжам жасауға болады. Егер де топта төмен статус көп болса — көпшілік мүшелерінің қолайсыз әлеуметтік сенімде және белсенді қарым-қатынас жетістіктерінен шалғайда екенін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет